9.1 Дарвиннің адамның пайда болуы туралы теориясы
«Адам нәсілі» ұғымы. Адам нәсілдері (франц., жекеше түрде race) - Саналы адам (Homo sapiens) түрінің ішіндегі жүйелік бөлімі. «Нәсіл» ұғымының түп мағынасында, ең алдымен, адамдардың физикалық ұқсастықтары және олардың бұрынғы кезде немесе қазіргі уақытта қоныстанған аймақтың (ареалы) жалпылылығы жатыр. Нәсіл мұра болып қалатын белгілердің жиынтығымен сипатталады, оған шашының, көзінің, терісінің түсі, шаш үлгісі, бетінің, бас сүйегінің жұмсақ бөліктері, кейде бойы, дене пропорциясы және т.б. жатады. Бірақ бұл белгілердің көбі өзгерушілікке бейім, ал нәсілдер арасында араласу (метисация) болған және әлі де болып келеді, сондықтан нақты жеке тұлғаның бойында типтік нәсілдік белгілердің барлық жиынтығының болуы сирек кездеседі.
Адамның пайда болуының биологиялық теориясын Ч. Дарвин жасаған. «Происхождение человека и половой отбор», «О выражении эмоций у человека и животных» (1871–1872 ж.ж.) кітаптарында ол, адам – тірі табиғаттың ажырамас бөлігі және оның пайда болуы органикалық әлемнің дамуының жалпы заңдылықтарынан ерекше емес деген қорытындыға келді. Ч. Дарвин адамға эволюциялық теорияның негізгі күйін үлестіріп, адамның пайда болу мәселесін табиғи ғылыми зерттеулер арнасына енгізді. Ең алдымен ол адамның «төменгі санаттағы жануарлар түрінен» пайда болатынын дәлелдеді. Сонымен адам жүздеген миллион жыл бойы Жерде болған тірі табиғаттағы эволюциялық өзгерістердің жалпы тізбегіне енгізілді. Адам мен адам тәрізді маймылдардың зор ұқсастығын көрсететін салыстырмалы-анатомиялық, эмбриологиялық мәліметтер негізінде ол олардың туыстық идеясын негіздеді, ал демек, олардың ертедегі арғы аталарының шығу тектерінің жалпылығын да негіздеді. Осылай антропогенездің симиалды (маймылдық) теориясы туындады. Осы теорияға сәйкес, адам мен заманауи антропоидтар неоген заманында өмір сүрген және Ч. Дарвиннің ойынша маймыл тәрізді қазба затты білдіретін бір арғы тектен шыққан. Неміс ғалымы Эрнст Геккель жетіспейтін өтпелі үлгіні питекантроп (маймыл адам) деп атады. 1891 ж. голландиялық антрополог Эжен Дюбуа Ява аралында адам қаңқасына ұқсас тірі ағзаны тауып, оны тік жүретін питекантроп деп атады. ХХ ғ. жаңалық ашулар болды, оның нәтижесінде маймылдардың тегі мен қазіргі адамның арғы тектерінің арасында қазынды тірі ағзалар сүйектерінің көптеген қалдықтары табылды. Осыған орай, Ч. Дарвиннің антропогенезінің симиалды теориясының ақиқаттығы тікелей (палентологиялық) дәлелдермен расталды.
9.2 Шағын нәсілдер және олардың географиялық қоныстануы
Әрбір үлкен нәсіл шағын нәсілдерге, немесе антропологиялық типтерге бөлінеді. Европеоидты нәсілдің ішінде атлантты-балтықтық, беломор-балтықтық, орталық европейлік, балканды-кавказдық және үнді-жерорта теңіздік шағын нәсілдерін ажыратады. Бүгінде европеоидтер барлық елді мекен құрлықтарында қоныстанған, бірақ ұлы географиялық ашылулардың басы болып саналатын 15 ғасырдың ортасына дейін олардың негізгі ареалына Европа, Солтүстік Африка, Бергі және Орта Азия мен Үндістан енді. Қазіргі Европада барлық шағын нәсілдер кездеседі, бірақ сандық жағынан орта европейлік нұсқасы басым болады (австралиялықтарда, немістерде, чехтарда, словактарда, поляктарда, орыстарда, украиналықтарда жиі кездеседі); жалпы алғанда оның халқы өте аралас, әсіресе қалалық жерлерде, бұл Жердің басқа аймақтардың мигранттардың ағылу, көшіп-қону және будандасу салдарынан болады. Монголоидты нәсілдің ішінде әдетте қиыр шығыстық, оңтүстік азиаттық, арктикалық және американдық шағын нәсілдерді ажыратады, әрі ақырғысы кейде жеке үлкен нәсіл ретінде қарастырылады. Монголоидтар барлық климатты географиялық аймақтарға қоныстанған (Солтүстік, Орта, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхиттың аралдары, Мадагаскар, Солтүстік және Оңтүстік Америка). Қазіргі Азия үшін антропологиялық типтердің үлкен алуантүрлілігі тән, бірақ санына қарай әр түрлі монголоидтық және европеоидтық топтар басым. Монголоидтар арасында ең кең таралғандары қиыр шығыстық (қытайлықтар, жапондықтар, корейліктер) және оңтүстік азиаттық (малайлықтар, явалықтар, зондықтар) шағын нәсілдері, европеоидтер арасында – үнді-жерорта теңіздіктер. Америкада әр түрлі европоидтық антропологиялық типтермен және барлық үлкен үш нәсіл өкілдерінің топтарымен салыстырғанда байырғы тұрғындарының (үндістер) саны аз. Әлем халықтарының антропологиялық құрамының сызбасы (үлкен нәсілдердің арасында бөлінетін шағын нәсілдер бір-бірінен соншалықты маңызды белгілермен ерекшеленбейді). Экваториалды немесе негро-автралоидты нәсіл құрамына африкалық негроидтардың (негрлік, немесе негроидтық, бушмендік және негриллдік) үш шағын нәсілдері және сонша мұхиттық австролоидтар (австралиялық, немесе кейбір жіктеулерде үлкен нәсіл ретінде бөлінетін австралоидтық нәсіл, сондай-ақ меланезийлік және веддоидты) кіреді. Экваториалды нәсілдің ареалы тұтас емес: ол Африканың, Австралияның, Меланезияның, Жаңа Гвинеяның көп бөлігін, аздап Индонезияның бөлігін алып жатыр. Африкада сандық жағынан негрлік шағын нәсіл басым, құрлықтың солтүстік және оңтүстік бөлігінде европеоидтық халықтың салыстырмалы салмағы едәуір. Австралияда байырғы тұрғындары Европадан және Үндістаннан келген мигранттар қатынасы бойынша шамалы бөлігін ғана құрайды, сондай-ақ қиыр шығыс нәсілдерінің өкілдері (жапондықтар, қытайлықтар) де көп кездеседі. Индонезияда оңтүстік азиаттық нәсіл басымырақ.
Жоғарыда аталғандардың қатарында жеке өңірдің халықтарының ұзақ уақыт араласуының нәтижесінде пайда болған нәсілдерде бар, мысалы, европеоидтер мен монголоидтардың белгілерін үйлестіретін лапаноидты және оралдық нәсілдер, немесе экваториалды және европеоидтық, монголоидтық нәсілдердің аралығындағы эфиопты нәсіл.
9.3 Адам нәсілдерінің пайда болуы
Адам нәсілі кейін ғана пайда болған. Молекулярлы биология мәліметтеріне негізделген сызбалардың біріне сәйкес негроидты және еврпеоидты-монголоидты деп екі үлкен нәсілдік салаға бөлу 100 мың жыл бұрын болған, ал еврпеоидтар мен монголоидтардың дифференциациясы жуықтап алғанда 45–60 мың жыл бұрын болған. Үлкен нәсілдер көбінесе табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсерінен, кейінгі палеолитте және мезолитте, түп негізінде неолит дәуірінен бастап жетілген саналы адамның түрішілік дифференциациясы барысында қалыптасқан. Европеоидты тип неолитте табылған, алайда оның жеке белгілері кейінгі, тіпті орта палеолитте байқалады. Неолитке дейінгі дәуірде Шығыс Азияда монголоидтардың болғаны жөнінде нақты анық дәлелдер жоқ, алайда Солтүстік Азияда олар мүмкін кейінгі палеолитте өмір сүрген. Америкада үндістердің арғы аталары монголоидтар болмаған. Сонымен қатар, Австралия да нәсілдік қатынаста «бейтарап» болып саналатын неоантроптармен қоныстандырылған. Адам нәсілінің пайда болуының негізгі екі гипотезасы бар, олар полицентризм және моноцентризм. Полицентризм теориясына сәйкес адамның қазіргі нәсілдері әр аудан материктегі бірнеше филетикалық сызықтардың ұзақ мерзімді параллельді эволюциясының нәтижесінде пайда болған: европеоидты Европада, негроидты Африкада, монголоидты Орта және Шығыс Азияда, австралоидты Австралияда. Алайда егер нәсілді кешендердің эволюциясы әр алуан құрлықта параллельді жүрсе де, ол толығымен тәуелсіз бола алмады, себебі көне нәсілдер өздерінің ареалдарының шегінде будандастырылып, генетикалық ақпараттарымен алмасуы қажет. Облыстар қатарында әр түрлі үлкен нәсілдердің белгілерінің будандасуымен сипатталатын аралық шағын нәсілдер қалыптасты. Демек, европеоидты және монголоидты нәсілдер арасында аралық орында оңтүстік сібірлік және оралдық шағын нәсілдер, европеоидты және негроидтылар арасында эфиоптық және т.б. нәсілдер алды. Моноцентризм ұстанымымен қазіргі адам нәсілдері кеш қалыптасты, 25–30 мың жыл бұрын, неантроптарды олардың пайда болған аумақтарынан қоныс аудару барысында қалыптасқан. Мұндай да неантроптарды өктемдік жүргізу кезінде палеоантроптардың (интрогрессивті түраралық гибридизация үрдісі ретінде) ығыстырылған популяциясымен будандастыру (шектеулі болса да) мүмкіндігі рұқсат етіледі, бұл неантроптардың соңғы генофонды популяциясын енгізумен жасалады. Бұл дәл солай нәсілдік дифференциацияға және нәсілдің пайда болу орталықтарында кейбір фенотиптік белгілердің (монголоидтардың күрек тәрізді кескіндеріне ұқсас) тұрақты болуына мүмкіндік туғызады. Моно және полицентризм арасында филетикалық сызықтардың таралуын жіберуші ымыралы тұжырымдамалар бар, бұл антропогенездің әр алуан деңгейінде (сатысында) әр түрлі үлкен нәсілдерге апарады: мысалы, бір-біріне өте жақын негроидтар мен бір-біріне едәуір жақын европеоидтардың. Адамның үлкен нәсілдері, бір-бірінен экономикалық даму деңгейі, мәдениеті, тілі бойынша ерекшеленетін халықты қармайтын кең аймақты алып жатыр. «Нәсіл» мен «этнос» (халық, ұлт, ұлттық) ұғымдарының нақты сәйкестіктері жоқ. Сондай-ақ бір немесе бірнеше жақын этностарға сәйкес келетін антропологиялық типтердің (шағын, ал кей жағдайда үлкен нәсілдер) мысалдары да бар, мысалы, лапаноидты нәсілдер мен саамдар. Жиі, алайда, теріс байқалатыны: бір антроплогиялық тип көптеген этностардың арасында кең таралған, мысалы, Американың байырғы тұрғындарында немесе Солтүстік Европа халықтарында. Негізінен барлық ірі халықтар антропологиялық тұрғыдан біртекті емес. Сондай-ақ нәсілдер мен тіл топтары арасында да сәйкестіктер жоқ, соңғысы нәсілдерге қарағанда кейін пайда болды. Сонымен, түркі тілдес халықтарының арасында европеоидтардың өкілдері де (әзірбайжандықтар), монголоидтардың өкілдері де (якуттар) кездеседі. «Нәсіл» термині тілдік жанұяларға қолданбайды, мысалы, «славяндық нәсіл» туралы емес, славян тілінде сөйлейтін туыстас халықтардың тобы туралы айту керек.