10 Орталық банктің валюталық саясаты


10.1 Валюталық саясат түсінігі

Валюта нарығында валюталардың сұранысы мен ұсынысы, олардың бағамдық қатынасы қалыптасады. Экономикалық заңдардың күші валюта айырбасының баламалылығын, әлемдік қаржы ағындарының әлемдік экономиканың қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Алайда, мемлекет валюталық қатынастарға ұзақ уақыттан бері араласып келеді. Валюта бағамдарының күрт елеулі ауытқуы мен валюталық дағдарыстар ұлттық, әлемдік экономикаға теріс әсер етеді.

Валюталық қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеу бір-бірін толықтырады. Біріншісі – бәсекелестік негізінде дамуға ынталандырады. Екіншісі – валюталық қатынастарды нарықтық реттеудің салдарын жоюға бағытталған. Осы екі бөліктің арақатынасы үнемі өзгеріп отырады. Дағдарыстық күйзелістер, соғыстар салдарынан күйреулер жағдайында мемлекеттік реттеу басым, кейде өте қатал да болады.Ақша-экономикалық жағдайдың жақсаруы нарықтық бәсекелестікті ынталандырады. Бірақ, мемлекет әрқашан валюталық қатынастарды реттеу және қадағалау мақсатында валюталық бақылауды жүргізеді. Сондықтан, олар мемлекеттің валюталық саясаты туралы – мемлекет белгілеген мақсаттарға негізделген валюта-қаржы жүйесін дамытуға белгілі бір бағыт беру туралы уәждейді.

Валюталық саясат – бұл дамыған саяси және экономикалық нұсқаулықтарға сәйкес мемлекет жүзеге асыратын валюталық қатынастар саласындағы шаралар жүйесі. Ол экономикалық саясаттың тұрақты экономикалық өсу, жұмыссыздық пен инфляцияны төмендету, төлем балансын қолдау секілді негізгі мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталады.

Әр түрлі тарихи кезеңдерде валюталық дағдарысты еңсеру және валюталық тұрақтандыруды қамтамасыз ету, валютаның конвертациялығына көшу, валюталық операцияларды ырықтандыру және т.б. секілді алға қойылған мақсаттарға жету үшін валюталық саясаттың нақты міндеттері алдыңғы орынға шығады.

Валюталық саясаттың мақсаттары мен міндеттері валюта нарығының қол жеткізілген және болжамды параметрлері бағасын қамтыған жыл сайын жарияланатын «Бірыңғай мемлекеттік ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында» тұжырымдалады.

Валюталық саясат кең мағынада:

- валюталық реттеу және бақылау;

- халықаралық валюта-қаржылық ынтымақтастық, оның ішінде халықаралық ұйымдарға мүшелік, орталық банктердің өзара әрекеттестігі.

Валюталық саясат заңды түрде рәсімделеді:

- валюталық заңнамамен – елде және шетелде валюталық құндылықтармен операциялар жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық ережелер жиынтығымен;

- жекелеген мемлекеттер немесе мемлекеттер тобы арасындағы валюталық келісімдермен.

Валюталық саясат ағымдағы дәне ұзақмерзімді болып бөлінеді.

Ұзақмерзімді (құрылымдық) валюталық саясат – қазіргі қалыптасқан ахуалды қолдауды немесе валюта жүйесін, жалпы валюта нарығын түрлендіруді, мысалы валюталық реформаларды жүргізуді көздейтін шаралар жүйесі.

Ағымдағы валюталық саясат – валюта нарығының белгілі бір параметрлерін (валюта бағамын, валюталық операцияларды және т.б.) реттейтін шаралар жүйесі.

 

10.2 Валюталық саясат формалары

Валюталық саясаттың нақты бағыты мен формалары елдің ақша-экономикалық жағдайымен, әлемдік шаруашылықтың эволюциясымен, әлемдік аренададан тыс күштердің орналасуымен анықталады.

Валюталық саясатта келесі негізгі формалары қолданылады:

- дисконттық (есептік);

- девиздік (валюталық интервенция);

- валюталық резервтерді әртараптандыру;

- валюталық шектеу;

- валюта бағамы және паритеті тәртібін орнату;

- қосарланған валюталық нарық;

- девальвация және ревальвация.

Дисконттық валюталық саясат (есептік) – қысқа мерзімді капиталдың қозғалысына және ішкі несиелер серпініне (ақша массасы, баға, жиынтық сұраныс) әсер ету арқылы айырбастау бағамын және төлем балансын реттеуге бағытталған Орталық банктің есептік мөлшерлемелерін өзгерту шаралары.

Есептік мөлшерлеменің өсуі пайыздық мөлшерлеме әлде қайда төмен елдерден капиталдың ағынын (құйылуын) ынталандырады және ұлттық капиталдың кетуін тежейді, бұл төлем балансын жақсартуға және айырбастау бағамын арттыруға көмектеседі.

Есептік мөлшерлемені төмендету арқылы орталық банк төлем балансының активті сальдосын азайтуға және өз валютасының бағамын төмендету үшін ұлттық және шетелдік капиталды тартуға сүйенеді.

Дисконттық саясат қысқа мерзімділігімен және салыстырмалы түрде төмен тиімділігімен сипатталады. Мұның үш себебі бар:

1) оның ішкі және сыртқы мақсаттарының қайшылығы. Егер нарықтық жағдаяттарды қалпына келтіру мақсатында пайыздық мөлшерлемелер төмендетілсе, онда бұл төлем балансына теріс әсер ете отырып капиталдың кетуін тудырады. Төлем балансын жақсарту және айырбастау бағамын арттыру мақсатында есептік мөлшерлемені көтеру нарықтық жағдаятты төмендетіп, экономикаға теріс әсер етеді.

2) Дисконттау саясатының нәтижелілігі елге шетелдік капиталдың келуіне байланысты болады, бірақ тұрақсыздық жағдайында пайыздық мөлшерлемелер әрқашан капитал қозғалысын анықтай бермейді.

3) Валюталық реттеу және бақылау капиталдың еркін қозғалысын және сәйкесінше есеп саясатының әсерін әлсіретеді.

Девиздік валюталық саясат (валюталық интервенциялар) – бұл шетел валютасын (девиздерді) сатып алу және сату арқылы ұлттық валютаның бағамына әсер ету. Девиздік саясат валюталық интервенция, яғни орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы түрінде жүзеге асырылады. Ұлттық валюта бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал ұлттық валютаны бағамын төмендету үшін сатып алады.

Девиздік саясат келесі мақсаттармен жүзеге асырылады:

- бағамды белгілі бір деңгейде (аралықта) сақтау;

- өткір тербелістерді тегістеу;

- бағамның қажетті динамикасын орнату;

- валюталық резервтерді толықтыру.

Валюталық интервенциялар ресми алтын-валюталық резервтер немесе орталық банктердің қысқа мерзімді өзара несиелері арқылы жүзеге асырылады.

Девиздік саясат салыстырмалы түрде үлкен ауқыммен және қолданудың қысқа мерзімімен сипатталады.

Валюталық резервтерді әртараптандыру – халықаралық есеп айырысуды, валюталық интервенцияны жүргізу және валюталық жоғалтулардан қорғануды қамтамасыз ету мақсатында олардың құрамына әртүрлі валюталарды енгізу арқылы валюта резервтерінің құрылымын реттеу.

Валюталық бағамдар және паритеті режимі – ресми айырбастау бағамын және олардың ауытқу шектерін анықтау тәртібін белгілеу.

Қосарланған валюталық нарық – валюта нарығын екіге бөлікке бөлу: коммерциялық операциялар бойынша ресми валюталық бағамдар қолданылады, ал қаржылық бойынша (капиталдың, несиелердің қозғалысы және т.б.) – нарықтық бағам қолданылады.

Девальвация және ревальвация. Девальвация – ұлттық валютаның шетел валюталарына (халықаралық ақша бірліктері, алтын) қатысты бекітілген бағамын төмендетілуі. Ревальвация – ұлттық валютаның шетел валюталарына (халықаралық ақша бірліктері, алтын) қатысты бекітілген бағамын көтерілуі.

Уақыт өте келе девальвация мен ревальвация ұғымдары біршама өзгерістерге ұшырады:

- алтын стандарты кезінде, девальвация (ревальвация) туралы ақша бірлігінің алтын құрамының азаюымен (артуымен) байланысты;

- содан кейін белгіленген валюта бағамдары кезінде девальвация (ревальвация) тек алтын құрамындағы ғана емес, сонымен бірге ұлттық валюталардың шетел валюталарына қатысты бағамының өзгеруін;

- қазіргі қалқымалы айырбастау бағамы заманында девальвация (ревальвация) терминдері нарықтық бағамның салыстырмалы түрде ұзақ және айтарлықтай төмендеуін (жоғарлауын) білдіреді.

Девальвацияның салдары елде бағаның өсуіне және өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Алайда, экспорттың өсуі есебіне төлем балансының жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Ревальвация арзан импорттық тауарлардың пайда болуымен байланысты өмір сүру деңгейін жақсартады. Ревальвация арзан тауарлардың келуіне байланысты шетел инвестициясының молынан келуін және инфляцияның төмендеуін әкеледі. Алайда арзан шетелдік тауарлармен бәсекелестікке төтеп бере алмайтын салаларда өндіріс көлемінің қысқаруы және жұмыссыздықтың ұлғаюы болуы мүмкін.

Валюталық саясат сипатталады: ашықтығы, айқындығы және экономиканың бейтараптылығы бойынша.

Экономиканың ашықтығы экспорт пен импорт көлемінің ЖІӨ-ге қатынасы арқылы анықталады. Экономикалық саясатты толығырақ институционалды ашықтық сипаттайды. Институционалдық көзқарасқа сәйкес, резиденттер сыртқы нарыққа шығу кезінде неғұрлым аз шектеулерге тап болса, экономика әлде қайда ашық саналады. Резидент еместерге ұлттық нарыққа кірген кезде.

Экономика, егер ол валюталық бақылау органдарының нұсқамаларымен емес, кеңінен танымал заңнама ережелерімен (соның ішінде шетел валютасымен) реттелсе айқын (мөлдір) болып саналады. Айқындықтың бағасын заңдар мен заң актілердің санын валюталық бақылау агенттері жұмыс істейтін нұсқамалар, жеделхаттар, түсіндірмелердің санына қатынасы арқылы анықтауға болады.

Экономиканың бейтараптылығы бір жағынан тауарлардың экспорты мен капитал импортын шектеу көлемінің, екінші жағынан тауарлардың импорты мен капитал экспорты көлемдерінің арақатынасымен анықталады.

 

10.3 Валюталық операцияларды реттеу және бақылау

Валюта саясатын жүргізудің кең таралған құралы – валюталық шектеулер енгізу. Валюталық шектеулер – валюталық операцияларды жүргізудің шарттары мен шектері сипаттамалары. Оларға валютаны басқарудың жалпы мүмкіндігіне немесе оны нақты пайдалануға қатысты шектеулер кіреді.

Валюталық шектеулер негізінен елге «кіретін» немесе елден «шығатын» капиталға орнатылады. Олар төлем балансының ағымдағы және қаржылық операцияларына, резиденттер мен резидент еместердің операцияларына енгізілуі мүмкін. Шектеулер операцияларға толық тыйым салу түрінде (мысалы, ұлттық тауарларды сатып алуға, сатуға тыйым салу, шетел валютасында қызмет көрсету) немесе операциялардың саны мен уақыты бойынша енгізілуі мүмкі. Кейбір операциялар қатаң түрде реттелуі мүмкін, мысалы, белгілі бір құжаттарды орындау кезінде немесе салық органдарынан анықтама ұсынған кезінде ғана.

Валюталық шектеулер келесі нысандарда енгізіледі: регламенттеу, шектеу немесе тыйым салу.

Регламенттеу – «шектеусіз», бірақ белгілі шарттармен операцияны жүргізу тәртібін белгілеу. Мұндай шарттар кедендік шекараны кесіп өтуге арналған мәміле паспорты, валюталық операциялар туралы есеп беру, аударымдар көлемін және мерзімін белгілеу, шетел валютасын сатып алу-сату, валюталық шоттарды саралау белгіленеді.

Шектеу – бұл операцияларды жүргізудің рұқсаттамалық рәсімін белгілеу. Бұл жағдайда операцияны жүргізу үшін рұқсат (белгілі бір операцияға) немесе лицензия (сомаға не мерзімге) алу қажет. Мысалы, шетел валютасын сатып алу, оны аудару, шетелде есепшот ашу, көп сатылы схемаларды жүргізу кезіндегі талаптарды есепке алу және т.б.

Тыйым салу – белгілі бір операцияларды жүргізуге толық тыйым. Мысалы, шетел валютасымен есеп айырысу, банктерді айналып өту арқылы шетел валютасы саудасы, мемлекет өкілеттілік берілген институттарды қоспағанда, нарыққа қатысушыларға валюталық операциялар жүргізуге толық тыйым салады.

Валюталық реттеу құралдары үш негізгі бағытта қолданылады:

- жеке тұлғалардың шетел валютасымен операцияларын реттеу (шетел валютасын сатып алу/сату, әкелу/әкету, аудару және тіркелген төлем құжаттары мен шетел валютасындағы қаражаттарды жеке тұлғалардың жіберу тәртібі);

- кәсіпорындар мен ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларын реттеу. Осы мақсатта жүзеге асырылады:

а) сыртқы экономикалық қызметті лицензиялау;

б) валюталық шоттарды саралау (дифференциациялау);

в) ішкі және шетелдік бағалы қағаздарды сатып алу / сату тәртібін белгілеу – резиденттерге шетел валютасында және резидент еместерге ұлттық валютада);

г) тауарлар, жұмыстар (қызметтер) үшін фирмалар арасындағы есеп айырысуларға шектеулер немесе арнайы рәсімдер, мысалы, сыртқы экономикалық операциялар бойынша алдын-ала төлемдерге тыйым салу;

д) шетел валютасында несиелерді өтеуге (мөлшерін шектеу) тыйым салу;

- банктер мен валюта биржаларының валюталық операцияларын реттеу. Банктік және биржалық қызмет лицензияланады, ашық валюта позициясына лимиттер енгізіледі.

Валюталық бақылауды жүзеге асыру шарттары:

- валюта нарығында валюталық шектеулердің болуы;

- валюталық операциялар бойынша есепті пен есеп берушілікті заңнамалық реттеу.

Валюталық бақылау – валюталық операцияларды жүргізудің нақты үрдісінің заңмен белгіленген валюталық шектеулерге сәйкестігін (сәйкессіздігін) анықтау. Валюталық бақылаудың мақсаты – валюталық операцияларды жүргізу кезінде валюталық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету.

Ғылыми әдебиеттерде «валюталық бақылау» экономикалық категориясы кең және тар мағынада қолданылады.

Валюталық бақылау тар мағынада control of foreign exchange (currency) transaction түсініктемесіне сәйкес келеді, немесе валюталық бақылау – бұл үздіксіз бақылау, валюталық операцияларды әзірленген нормалар мен қойылған талаптарға сәйкес келтіру мақсатында оларды тексеру.

Валюталық бақылау кең мағынада foreign exchange (currency) control түсініктемесіне сәйкес келеді – бұл мемлекеттің валюталық саясатының мақсаттары мен жоспарларында қарастырылған және қолданыстағы заңнама негізінде жүзеге асырылатын валюталық шектеулерді енгізу.

Валюталық бақылау әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама әдістер – бұл шетел валютасындағы төлемдердің бағасы деңгейін, көлемін және бағытын бақылау. Тікелей әдістер валюталық операциялардың дұрыстығын бақылаудан тұрады.

Валюта саясатын толығымен ырықтандыру валюталық бақылауды жоюға бағытталған, өйткені, орталықтандырылған басқару идеясы мүлдем ақылға қонымсыз идея.

Сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылар валюталық шектеулерді келесі заңсыз жолдардың көмегімен айналып өтуге тырысады:

- шот-фактуралардағы бағаны манипуляциялау (нақты экспортты төмендету немесе шетелден шоттарға аударым жасау арқылы импорттық бағаны көтеру);

- валюталары валюталық шектеулерге ұшырамайтын елдерге тауарларды сату;

- экспорттық түсімдердің өзара есебі;

- параберушілік (құнды сыйлықтар, қызметтер).

 

Тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар

 

  1. Орталық банктің валюталық саясат түсінігін қалай түсінесіз?
  2. Валюталық қатынастарды нарықтық реттеудің және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктерін атаңыз.
  3. Валюталық саясаттың мақсаттары қандай және қандай міндеттерді атқарады?
  4. Орталық банктің валюталық саясатының қандай формаларын білесіз және олардың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
  5. Валюталық операцияларды реттеуді қалай түсіндіресіз?
  6. Валюталық реттеу құралдары қандай бағыттарда қолданылады?
  7. Валюталық шектеулер қалай жүзеге асырылады?

Валюталық операцияларды бақылау қалай жүзеге асырылады?