10 Қартаю кезеңі (қарттық)


Дәстүрлі түрде қарттық кезеңді егде жас (60-75 жас), кәрілік (75-90 жас) және ұзақ өмір (90 жылдан астам) деп бөледі.

Кәрілік шақ әлеуметтік тұрғыдан да, хронологиялық тұрғыдан да адамның зейнеткерлікке шығуымен сәйкес келеді. Адам белсенді еңбек іс-әрекетін тоқтатады, «істерден алыстайды», «отставка алады». Зейнеткерлікке кету кәрілік шақ кезеңіндегі даму жағдайының орталық мезетін құрайды. Психологияда «отставкамен естен тандыру» туралы айтылады. Отставка (немесе зейнеткерлікке шығу) адамның оған референтті топтан, ұзақ жылдар бойы өзін бағыштаған істен алыстауын білдіреді. Адам қоғамдағы маңызды әлеуметтік рөлінен және маңызды орнынан айырылады. Қоғамдық және әлеуметтік маңызды орнын жоғалту әлеуметтік-психологиялық ынталандыру көздерін жоғалтумен, қалыптасқан кәсіби және тұлғааралық қатынастардың үзілуімен түйіндеседі. Адамның қарым-қатынас шеңбері тарылады, бұл, өз кезегінде, оның тұлғасындағы өзгерістерге алып келеді.

Зейнеткерлікке шығу көптеген адамдар үшін материалды жағдайларының едәуір нашарлауымен қатарласа жүреді. Бұл оларды бұрын өздеріне ешқашан шек қоймаған нәрселерінде өздерін шектеулеріне мәжбүрлейді. Материалдық шектелгендік немесе өз балаларына тәуелділік бірқатар жағымсыз психологиялық жан құбылыстарын тудырады. Белсенді кәсіби іс-әрекетін тоқтату психологиялық үдерістердің (ойлау, ес, зейін және т.б.) толыққанды жүктеме алмауына, олардың жұмыс істеу деңгейінің төмендеуіне алып келеді. Кәсіби білімдерін өзгелерге жеткізу жағдайы болмағанда, кәсіби хабардарлық та төмендейді.

Г. Томэ егде жастағы адамның психикалық жай-күйінің денсаулық жағдайына және оның әлеуметтік ортасына байланысты болатындығынкөрсеткен. Жалпы денсаулық жағдайының нашарлауы ең алдымен туысының өлімі немесе балалардан бөлек тұру себебінен отбасы кішірейіп, сол арқылы тұлғалық байланыстар үшін мүмкіндіктері азайған ерлер мен әйелдерде анықталған. Сондай-ақ, жалпы денсаулық жағдайы мен жағдайдың Нашарлауы қабылданған нысандар мен тәсілдердің арасындағы байланысты бақылаудың да сәті түсті: жай-күйлері табысты деп бағаланған адамдар жұмыстағы, шаруашылық немесе тұрмыстық саладағы қиындықтарға белсенді және сындарлы төтеп берген, ал денсаулықтары айтарлықтай нашарлаған адамдар, керісінше, өз проблемаларының шешімін сырттан, әсіресе өз отбасы мүшелерінің тарапынан күткен.Егде жастағы адамдардың психикалық және соматикалық денсаулықтары мен аман-саулықтары болашаққа деген қатынастарына байланысты болады. Кемел жастағы тұлғаның индикаторы болып табылатын өмірлік жоспарлардың ауқымы дәрігерлер белгілеген денсаулық деңгейімен өзара байланысты болады. Егер қоршаған ортасы адамға түрткі болуы мен ынталандыруын жалғастыратын болса және әсіресе егер болашақ әлі де оның алдында белгілі мүмкіндіктер ашатын болса, кемел шақтан егде жасқа өту кезінде мінез-құлық тұрақтылығының жоғары дәрежесін күтуге болады. Қарт адамдар өмір тіршілігінің айрықша жағдайын олардың Қарттар үйлеріне қоныс аударулары қалыптастырады.

Психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеулер егде жастағы адамдардың өздерінің қарттарға арналған интернаттарға орналастырылуларын ауыр қабылдайтындықтарын көрсетеді, әсіресе жаңа тұрғылықты орынға ауысулары олардың еріктерінен тыс болған жағдайда. Бұл– қарт адам үшін өзіндік тәуекел факторы. Интернат қаншалықтыжайлы болғанымен де, адамдар онда оқиғаларды бақылау, шешімдер қабылдау, жалпы өмірге қатысу мүмкіндігінен айырылады. Олар енді өз жоспарларын құрып, оларды жүзеге асыра алмайды. Қарт адамдардың дүниеден ерте өту себептерінің қатарында бұл қоныс аудару зейнеткерлікке шығу және зайыбының өлімі факторларымен бір қатарда тұрады. Ұзақ уақыт бірге өмір сүрген зайыбының өлімі қарт адам үшін қауіпті психологиялық сын болып табылады. Достары мен қызметтестерінің өлімін де осы қатарда қарастыру қажет. Берілген қоғамда қалыптасқан кәрілік шақтың әлеуметтік тап туралы ерекше атап өткен жөн.

Бірнеше онжылдықтар бұрын заманауи қоғамда пайдасыз және қоғамға ауыртпалық түсіретін адамдар ретіндегі қарттар бейнесі кеңінен таралды. Мұндай таптаурындар егде жастағы адамдардың көңіл-күйіне теріс ықпалын тигізеді. Өздерін керексіз адам ретінде, өз балаларына масыл деп сезіну – зейнеткерлердің қоғамдық және кәсіби енжарлықтарының психологиялық негізі. Зейнеткерліктен кейінгі ерте кезеңдегі адамдардан байқалатын жылдам инволюциялық үдерістер – олардың әлеуметтік таптаурындардың күшті әсеріне қарсы тұруға қабілетсіздіктерінің нәтижесі. Олардың әсері жақында ғана белсенді және дендері сау болған адамдардың жағымсыз жаққа өзгерулеріне алып келеді.Мұндай таптаурындар егде жастағы адамдардың объективті Медициналық және психологиялық мәртебесімен қарама- қайшылықта болады.

Психологиялық зерттеулер зейнеткерлік жастағы адамдардың көпшілігі жұмысқа қабілеттіліктерін, хабардарлықтарын, интеллектуалдық әлеуеттерін сақтап қалатындығын көрсетеді. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан адамдар қоғамда белсенді өмір сүруге деген өз құқықтарын қорғайды, жаңа мамандықтарды меңгерулері, өз үйреншікті істерінің саласында жетілулері де мүмкін. Олардың кейбіреулері өз мамандығы немесе шектес мамандық саласындағы ең жаңа білімдерді алуды қалайды. Зейнеткерлікке кеткеннен кейін егде жастағы адамда мүлдем жаңа талант, мысалы, суретші немесе жазушы таланты байқалуы мүмкін. Бұл жасырын мүмкіндіктерінің іске асырылуы оны қанаттандырады, күш-қуаты мен денсаулығын арттырады, шығармашылығын өрістетуге мүмкіндік береді.

Ульянов қаласындағы әлеуметтанушы А.Качкин егде жастағы адамдарды мүдделерге байланысты түрлерге бөледі:

  • отбасылық тип – тек отбасына, оның әл-ауқатына бағытталған;
  • жалғыз басты тип – өмірдің толыққандығы өзімен-өзі қарым-қатынасына, өткен күндерді еске түсіруге байланысты;
  • шығармашылық тип – бұл жерде көркем шығармашылық айналысуға міндетті емес, өзін бау-бақша аймағында да жүзеге асыруға;
  • әлеуметтік тип - әлеуметтік пайдалы заттармен және қызметпен айналысатын әдеттегі отставкадағы қоғамдық қызметкер;
  • саяси тип – өз өмірін саяси өмірге (белсенді немесе пассивті) қатысуымен толтыратын адам;
  • діни тип;
  • сөніп бара жатқан тип – өзіне ешбір жұмыста таппаған, толыққанды болған өмірін қайтара алмаған тип. Бұл типке туғанн-туысқандары және әлеуметтік жұмыскер арнайы назар аударуы тиіс;
  • науқасты тип – бұл адамдардың мақсаты денсаулықты сақтау емес, аурудың қалай өтіп жатқандығын бақылау. Сау адамдар туралы.