В қосымшасы


В қосымшасы

(ақпараттық)

 

Бастауыш мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестер:

- балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз;

- балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз;

- жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер;

- балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз;

- баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік жасаңыз (жасамаған жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі);

- балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді;

- сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барған кезде бала мектепке бейімделе бастайды. жалпы бейімделу баланың жеке ерекшеліктеріне байланысты 2 айдан 6 айға дейін созылады.

Бұл мәселені шешу үшін келесі әрекеттерді жасау керек:

Өз балаңызбен жиі сөйлесіңіз;

- балаға сіздің онымен қарым-қатынастан ләззат алып тұрғаныңызды көруі қажет;

- өз балалық шағыңызды еске түсіріңіз. қиын жағдайларда қалай шешу жолдары туралы онымен өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз;

- баланың үй жұмысын орындауына жайлы жағдай жасаңыз;

- баланы белгілі уақытта үй тапысырмасын орындауға үйретіңіз; бұл болашақта тез бейімделуіне және денсаулығын сақтауға көмектеседі;

- бірінші сынып оқушысына үй тапсырмасын орындауда көмек көрсетіңіз;

- балаңыздың еңбегін құрметтеңіз;

- егер сізді баланың тәртібінде, оқу үлгерімінде бір нәрсе мазаласа, сіз әрқашан кеңесті мұғалімнен немесе мектеп психологынан сұрай аласыз.