Б қосымшасы


Б қосымшасы

(ақпараттық)

 

Өзара іс-қимыл жасау үшін темпераменттің басым түрін ескере отырып, кейбір педагогикалық нұсқаулар

 

ХОЛЕРИКТЕР

Жағымды жағы

Энергиясы мол, ынта-жігері бар, қызығушылық, жұмысқа қабілеттілік, мақсатқа жету, басқаларға ықпал ету қабілеті, әрекетсіздікте тұрмайды, шамадан тыс жұмыстан қорықпайды

Күрделі жағы

Ұстамсыз, күйгелек қызба, шыдамсыз, даулы, адамдармен қарым-қатынаста тік, жұмысты шалт істейді, кемшілікке төзбейді, көңіл-күйі тез өзгереді

Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар

Шамадан тыс энергияны жұмсаудан шегеру, өзінің шешімдері мен қызығушылықтарын өзгерткенде бейімділікті  ескеру, жаңа адамдармен қарым-қатынас құруға бейімділікті ескеру, сабаққа деген қызығушылықты қолдау, уәде етілген мақсаттарды қоюға көмектесу, эмоцияларды «шығару» үшін мүмкіндік беретін жие әңгімелесулер.

 

 

САНГВИНИКТЕР

 

Жағымды жағы

Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, сангвиник — әсершіл адам, көңілі көтеріңкі келеді, ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді, бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек келеді. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика, қимылы көп. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді. 

Күрделі жағы

Тұрақсыз, көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді, ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам, төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденіп, басқа әсерге ауысып кетуі де тез. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады.

Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар

Көшбасшылыққа, жетекшілікке бейімділікті қолдану, жоғары назар аударуды бейімдеуге сүйену.

МЕЛАНХОЛИКТЕР

 

Жағымды жағы

Өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді.

Күрделі жағы

Меланхолик сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады.

Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар

 Жұмсақ, сыпайы, сезімтал
қатынас, қолдау көрсету, көңілді көңіл-күйді қолдау,  жауапты шешімдерді қабылдауда және орындауға көмек көрсету, сәтсіздік кезде қолдау, ынталандыру, жаңа адамдармен шектеулі қарым-қатынасқа бейімділікті ескере отырып, жолдастарын таңдау арқылы ұжымның өміріне қосылу, спорттық шараларға қатыстыру, бұл батылсыздықты жеңуге көмектеседі

ФЛЕГМАТИКТЕР

 

Жағымды жағы

Өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты, сабырлы.

Күрделі жағы

Адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде-интроверт. Осы темпераменттің бір осал жері -қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оң тайлықтың жоқтығы.

Психологиялық-педагогикалық нұсқаулар

 Тапсырмаларды орындау үшін талаптарды күшейту, өзін-өзі көрсету мен белсенділікті ынталандыру, «қызба» ортада тыныштық пен ұтымды әрекеттерге бейімділікке сүйену, талаптардың дереу орындалуына қажет етпеу, уақыт беру және істі жүзеге асыру қажеттілігімен татусуға мүмкіндік беру, жоғары жүктемемен жаттығуларды жүргізу.