2 Нәрестелік кезең


Нәрестелік кезеі бала туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі кезеңді қамтиды.

Нәрестелік шақ (туғаннан бастап 2 айға дейін)

Нәрестелік шақ – бұл нәрестелік жастың басталуы.

Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.

Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.

«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы, көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты.

Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.

Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі.

Бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.

Нәрестенің эмоциялық сезімі.

Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.

2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады.

Нәрестелік кезеңінің танымдық процестері:

  • қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан арқылы беріледі;
  • балалардың көзі алдымен горизонтальды жатқан затқа түседі. Одан кейін бала вертикальды затқа қарады.
  • 2-3 айында балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды.
  • ассоциациалық ес 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады.
  • бағдарлай зерттеу әрекеті жүзеге асырылады. Сөйлеуге келетін болсақ бірінші дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда болады, 9-10 айда алғашқы сөз пайда болады.

Заттармен қарым-қатынас 7-10 айында пайда болады. Мысалы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кезеңдегі негізгі ерекшеліктер:

  • адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады;
  • ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада;
  • тілдің дамуы 1 жаста жеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып айтады, 3 жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды;
  • фанемадан кейнгі кезеңде фанемді сөзге ауысады;
  • экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады.

Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда болады, ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды.

3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады.

Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады. 

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 жастан 3 жасқа дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде өлшеу керек.

Бас пен кеуде шеңбері. Бұл өлшеулер организимнің үйлесімді дамуы туралы түсінік  береді.  Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас үстінің иніні арқылы тығыз орап алады, кеуде  клеткасын өлшеу кезінде  лентаны алдынан  емшек тұсынан, артынан жауырын  сүйектің төменгі жағынан өткізеді. Жаңа туған баланың  бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері  бірдей болады.

Бұлшық ет жүйесі. Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның салмағы ұлғайған сайын  бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі.

Емшек жасында бүлдіргіш бұлшық ет тонусы, жазылдырғыш бұлщық еттер тонусынан басым болады . бұлшық еттің төменгі тонусы рахит  кезінде кездеседі. 

Бұлшық еттің дұрыс дамуы үшін бала қозғалымын жетілдіретін бұлшық еттірдің үлкен маңызы бар. Белсенді  қимыл тыныстың тереңдеуіне, қан айналымынын жақсаруына және т. б. Мүмкіндік  жасайды.

Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы тұрғыда едәуір үлкен ол дөңгелек  формада болады. Бас сүйектің бет жақ  бөлігі кішкене келеді.

Төбе мен  маңдай сүйегінің  түйіскен  жерінде ромба түріндегі  сүйексіз аралық болады, ол улкен еңбек деп аталад; төбе сүйегінің желкемен қосылған  жерінде үшбұрыш түріндегі кішкене еңбекті сипайп білуге болады. Бұл жерлерге біртіндеп сүйек біте бастайды. Кіші еңбек жабылып қалады  немесе былайша айтқанда , 3 айға  қарай бітеледі, үлкен еңбек 12-15 айға қарай бітілеп қалады. Егер кальцийдің құрамы  көп болса, баланың еңбегі ерте жабылып ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, тамақтың құрамын озгертіп  отыру керек.

Кеуде клеткасы.   Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус тәрізді немесе цилиндр формалары болады. Қабырға  көлденең орналысып кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді. Қабырғалардың осындай  кеуде клеткасының қозғалмалығын (экусурсиясын) шектейді, бұл дем алған кезде ұлғаюына кедергі келтіреді.

Жамбас сүйгі. Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен  ерешеленіп, формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен кеуде клеткасының дұрыс жетілуі  үшін қажетті жағдайлар жасаудың жамбас сүйегін  қалаптастыру үшін де маңызды болады.

0-ден 2 айға дейін  нәрестелік  кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бола әлі де болса әлеуметтік пнеде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

  • ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу,қанайналым);
  • тамақтану (сору, жұту);
  • қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);
  • бағдарланушы (басын кушті тітіркендіргіш бұру);
  • қозғалыстық (қамту, жүзу, адамдау, еңбектеу).

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым  мазмұнды, белсенді сипат алады.

Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сойлеу қабілетінің дамуы да басталады.

Алғашқы жартьы жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен  қарам-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен карқынды қимылдар жасай бастайды, да ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың  алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемелары  көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір создерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік  аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауды бастайды.

Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім   мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен  түйсіну балалада жеткілікті  түрде даму қажет екені түсінікті.

Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5–6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.

Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады.

Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.

Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әректердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?»деген қызығушылықтар таныта бастайды.

Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі  көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудыры бастайды.

Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді.

Нәрестенің зейіннің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық  түстен қашады.  1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде  болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола бастайды.  Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз.

Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.

Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба  алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.

Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.

Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.

Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үрдістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты  қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын  сезімі де қиындап күрделене түседі.

2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық сазды музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдарды анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап-тілектерін орындау негізінде де байқалады.