8 Жастық шақ


Жастық шақ – маңызды шешімдер қатарын қабылдайтын ересектікке өтудің аяқталуы, өмірлік циклдің айналымы болып табылады. Олар кәсіп таңдау, отбасын құру, жалпы өмір стилін және болашаққа нақты тапсырмаларды орындау, жаңа ересектік статуста және жаңа өмірлік жоспарда құндылық бағдардың коррекциялануы үлкен әсер етеді. Осы уақыт кезеңінде жоғары оқу орнында оқу, еңбек іс-әрекетіне араласу, неке құру, бала сүю уақыты. Тұлғалық дамудың басты міндеті ересектер әлеміне беку, өмірден өз орнын іздеу, жастар үшін дағдарыстық сипатқа ие. Бір жағынан осы кезеңде дағдарыстан қашу адамның дамуын тежейді. Жастар осы уақыт кезеңін, нақтырақ айтқанда дағдарысты өтпелі кезең ретінде қабылдап, қуаттана бастайды және өз тағдырын басқаруға қабілеттенеді.

Ерте жастық шақтың негізгі міндетін Э. Эриксон интимділіктің қалыптасуы деп санайды. Мұнда тек қана сексуалды интимділік ғана емес, сондай-ақ достық қатынастар, эротикалық байланыстар, бірлескен ұмтылыстар жатады. Интимділік сезімінің басқа полюсі оқшаулану сезімі болып табылады, ол сезім адам қанша көп нәрсеге өмірде қол жеткізсе де және игілікті іске жақсы көзқарас қалтырса да адамның бүкіл өмірін жетелеп жүруі мүмкін.

Осы кезеңнің дағдарыстық сәті К. Юнгтің пікірі бойынша адамның шынайы өмірмен тайталасуы, ал осы тайталасу үнемі өзінің елестетулеріне сәйкес келе бермейді. Егер онда шынайылықты бұрмалаушы иллюзия болса, бірден мәселелер пайда болады. Көбінесе бұл үлкен күтулермен, сыртқы қиындықтарды бағаламаумен, негізделмеген оптимизммен немесе керісінше негативизммен байланысты. Жас тұлға біртіндеп әлемнің тек қана бақыт пен қанағаттанудан тұрмайтынын түсіне бастайды. Оның оптимизмі мен балалық сезімі түсе бастайды. Бірақ жастар балалық позицияға байлануды (бәрі қалағанынша өзінен өзі келе бере береді) ұзақ уақыт жалғастыра береді. К. Юнг айтқандай «ештене істемей-ақ қойғым келеді, ал егер бір нәрсе жасау керек болса өз қанағаттануың үшін деген». Осы балалық деңгейде тұрған шешімі жоқ мәселені адам сыртқы өмірге қатынасы позициясында өзгертуі керек: «мен қалаймын, маған беріңдер» ұғымын «мен беремін, мен істей аламынға» айырбастау керек.

Жас тұлғаның дамуындағы дағдарыстық нүктеге екпін түсірген немесе қарастырған Б. Ливехуд. Жеткіншектен жастық шақтағы тұлғаның айырмашылығы өз санасына ересектік өмірді сіңіріп қана қоймайды, сонымен қатар оған шынайы қатысады. «Мен кіммін?, Мен нені қалаймын?, Мен не істей аламын?» жастық шақта шешілуі керек маңызды сұрақтар болып табылады. Жастық шақта өзіңді қабылдап үйренуің керексің, өз шешімің мен таңдауыңа жауапкершілік ала білуің керек. Бірақ осының жолына тәжірибе жинақтауың керек, және әр адам өз ақымақтығын өзі жасауы керек. Егер адам жастық шақта өзінің алдына басты мәселелерді қоймаса, және қойылған мәселеден шығу жолын таппаса, өмір бойы жеткіншектік шақта қалып қояды және өзіндік бағалауы қоғамдық пікірмен сипатталады немесе бүкіл әлемге қарсы тұрады.

Рөлдер теориясымен келісетін болсақ, ішкі дифференциациаланған рөлдер және жаңаны құру қарама-қайшылықты туындатуы мүмкін, осыдан барып жас тұлға бұрынғы және жаңа рөлдер арасындағы шекараны көрмей қалады. Осымен байланысты өзіне деген сенімділіктің болмауы ересектенудің классикалық сұрақтарын қоюға мәжбүрлейді: «Мен кіммін?, Мен қандаймын?, Мені кім деп санайды?». Анықталмаған рөлдер мен статустың күшеюі қоғам ортасында жастар үшін нақты айқындалған күтулер жоқтығымен сипатталады.

Жоғары оқу орындарында білім алу жастар мәселесін шешуге әсер етеді. Бір жағынан бәрібір ересек өміріне кіруді қиындатады. Б. Ливехуд пікірі бойынша «университеттерде оқу және жоғары оқу орынының басқа да формалары жастық шақты табиғи жағдайда ұзартып жібереді, нәтижесінде жеке жауапкершіліктің белгілі бір деңгейіне жетудегі ересектік тұрмыстың алғашқы фазасының дамуы бұзылады» деп жазады. Бір жағынан жас тұлғаның мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін бірден жоғарғы оқу орнына келуі жастық шақтың негізгі маңызды сұрақтарын мәнділеуге, өзіндік жеке көзқарастың дамуына, өз жауапкершілігін саналауға, өмір жолында жауапкершілікті сезінуге уақыт бермейді.

Бірінші курс студенттерінің байқалмаған эйфориясы қарым -қатынастағы қызығушылықтардың жоғалуына қарай ауысады. Кейіннен ішкі дүниенің бостығы, белгісіз апатия, бір нәрсені жасауға ниеттің жоғалуы, ақпарат алу мен оқуға деген ниеттің жоғалуы пайда болады. Жастар өзінің тұлғасында не болып жатқанын білмейді.

Оған көбінесе депрессивті жағдай тән («Ештеңеге ниетім жоқ; оқуға, жақсы көруге, сабаққа»), спецификалық емес қорқыныш, мазасыздық («Өзімді жоғалтып алудан қорқам», «Жанама болудан қорқам немесе мен ешкім емеспін»), өз тәжірибесінің уникалдылығын сезіну («Мүмкін мен өзімді осылай сезінетін шығармын»).

Осы кезеңде жалғыздық сезімі қалыптасады. Жастардың ортасында мүмкін көп достары болуы мүмкін, бірақ бәрібір өзін қоршаған ортадан тыс қалғандай сезінеді. Бір жағынан ол жалғыздықтан қатты жапа шегеді, екінші жағына керісінше жалғыздыққа ұмтылады. Жалғыздық сезімі керексіздік сезімімен жетеленеді. Жастар осы негізде өздеріне келесі сұрақтарды қояды: «Мен бүгін, ертең, бүрсігүні біреуге керекпінбе?».

Дағдарыстың ең маңызды аспектісі өзі туралы елестетулердің бұрмалануы, өзін талдау мүмкін еместігі, өз мүмкіндіктері мен ниеттерін бағалай алмау болып табылады. («Айналадағыларға бәрі түсінікті, ал ішкіге ештене түсінікті емес»). Кейбір реніштер өзіңе білініп қалуы мүмкін. («Мен не істей аламын? Мен кіммін?») Осы негізде мамандық таңдауда үлкен қателіктер пайда болады. Таңдау тақырыбы өте маңызды болып табылады. Өз таңдауыңа жеке жауапкершілік таныту маңызды. Кейде осының нәтижесінде қайтадан кішкентай болу ниеті туындайды, барлық мәселелерден алшақтау, барлық міндетті басқа адамның мойнына аудару. Ал кейде жастар ересектің мінез-құлқының бетпердесін жасап алады.

Қорқыныш пен уайым өз өмірінің мәні туралы ойлауға жинақталады. Уақыт өте келе көптеген жастар дағдарысты шешеді. Позитивті нұсқада ол өз өміріне жауапкершілікті қабылдаумен аяқталады. Бұл өзіне қанағаттану, өмірге деген қызығушылығының артуы, өмірден алғанына қанағаттану сезімін білдіру, қорқыныштан қашу сияқты субьективті алаңдау.

Қоршаған ортамен қазір қайта жасауға келмейтін қарым-қатынас реттеледі.

Осы кезеңде жалғыздыққа деген қатынас өзгереді, ауырлауды жойып, өзіңмен қарым-қатынас жасау үшін, керісінше қажеттілік ретінде қаралады. Көптеген адамдар өздері үшін жаңа байлық ашады.

Осы кезеңде өзінің қайталанбастығы мен жеке даралығын қабылдау өтеді: тұлғалық, кәсіптік, әлеуметтік, үміттенулер мен ұмтылулар. Өткен оқиғаны талдай білуге дағдыланады. Өмірге қатынасы өзгереді. «Ересектікпен кездесу» дағдарыстың динамикасын қарастыру нәтижесінде келесідей нәтижеге келуге болады: дағдарыстың негізгі мазмұны - өзін іздеу, өмірде орнын табу.

Бір жағынан жастар дағдарысты өзбетімен игілікті, сәтті шешуге қабілетсіз болады. Терең психологиялық мәселелер психологиялық көмекті керек ететін экстремальды жағдайға дейін әкеледі. Дағдарыс тұлғалық ерекшеліктердің бұзылуының және психосоматикалық аурулардың себепшісі болып табылады.

Жастық шақ жасөспірімдік кезеңнің аяқталуынан (20-23 бастап) 30 жасқа дейін аралықты қамтиды.

Жастық шақ – бұл ең алдымен, отбасының құрылуы, таңдаған мамандықтың, қоғамдық өмірге деген қарым-қатынасының анықталу кезеңі.

Жастық шақ кезеңіндегі негізгі қызмет – кәсіби. Бұл кезеңде таңдалған мамандықтың игерілуі жүзеге асады.

Бұл кезеңнің орталық жаңа түйіндері ретінде отбасылық қарым-қатынас және кәсібі құзыреттілікті санауға болады.

Жастардың кез-келген кезеңінде қоғамдық өмірдің барлық түрлеріне ену және әртүрлі әлеуметтік рөлдерді игеру, кәсіптік өзін-өзі тану жалғасуда, және өзін-өзі кәсіби бағалау ретінде бағалау критерийлері күрделене түседі.

Жастарда интеллектуалдық даму жалғасуда, жаңалықты игеру мүмкіндігі (ғылымдағы жаңалықтарды негізінен жастар жасайды).

Ойлауды дамытуға келетін болсақ, психологияда бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, интеллектуалды даму балалық кезеңде аяқталады, ал басқалары ересек өмір кезеңінде сапалы өзгерістер орын алады.

Жастарда жалпы даму аяқталады, физикалық және жыныстық жетілу оңтайлы деңгейге жетеді.