3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде өзгерістер байқалады.
Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесінің күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандыра қоймаса айқалап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш болама соған да байланысты яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен да жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап қайғыруынан байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез ауысуы еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді.Кейбір балаларды ашуланшақ күйгелек шыдамсыз десек енді біреулердің қуанғаны да ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді епті десек оған қарама – қарсы ебедейсіз олақ бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланы сыртқа әрекеттердің оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар, «ойын олар үшін оқу, еңбек және тәрбиенің нақты формасы» деді.
Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін қоршаған ортаны танып білу формасы. Ойынның әлеуметтік сипаты белгілі бір қоғамда өмір сүретіндігіне байланысты және ойын қарым-қатынас құралы.
Баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соны ашып алау қажет. Өткен ғасырдағы кейбір оқымысты ғалымдардың айтуынша Шиллер «Бала қозғалмай, әр нәрсемен айналыспай көп отырса, соның салдарынан жұмсалмай қалған қуат жиналады да соны жұмсау қажеттілігі баланы ойнауға итермелейді». Бірақ бұл пікірге көптеген психологтар қарсы болған. Тек жұмсалмай қалған қуат күші жиналған балаларға ғана емес, кейбір шаршап отырған балалар да ойнайсың ба сұрағанда ойнаймын деп жауап береді. Соны есепке алып Австрия психологы К.Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы баланың не себепті ойнайтынын дәледей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып рахаттануымен ұштастырылмаса, екінші рет ойнағысы келмес еді.
Көрнекті орыс марксистерінің бірі Г. В. Плеханов «Бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан ойын еңбектің інісі» деген. Бірақта баланың ойнауына не себеп болатыны әлі анықталмаған. Себебі тек бала емес, жануарлардың төлдері, тіпті балапандар да ойнайды. Ойын тек адам баласына емес жаунарларға да тән болғандықтан жалпы айтқанда тіршілік репетициясы сияқты әрекет. Олар үлкендердің әрекетін нақты қайталай алмайды, бірақ өзін-өзі соған даярлау керек.
Бірақ ұзақ тарихи дамуда баланың ойыны үлкендердің ісін үйренуге арналған. Ерте кезде ойын баланың негізгі әрекеті болып есептелмеді, жұмыстан қолы босаған кезде ғана бала ойнайтын болды.
Ойын кезінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара қарым-қатынастарын және басқа әрекеттерін бейнелейді және неғұрлым белсенді әрекет етуге мүмкіндігі болса, соғұрлым ойын қызықты болады. Осындай жағдайда бала үлкендердің еңбегін қайталау үшін ойыншықты сол зат етіп пайдаланады.
Бала ойынының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп
А. С. Макаренко былай деген: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор. Ересек адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
Ойынға ерекше мән беріп А. П. Усова «Ойын басқа тәрбие формаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады. Өйткені ол барлық тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттырып, өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік береді» деген.
Ойында тек жекелеген қимыл қозғалыстар емес, біріккен әрекеттер жүзеге асады. Бұл әрекетте бір-бірімен тілдесу арқылы қарым-қатынас негізінде жүзеге асады.
Адамның басқа әрекеттері сияқты бала ойынының да әлеуметтік сипаты болады. Сондықтан ойынның мазмұны адамның өмірі мен тарихи өзгешеліктеріне байланысты ауысып отырады. Баланың ойынының өзгеруі де өзгерген өмір бейнесін көрсетеді. Мысалы, 1941 жылы балалар ойынының мазмұны өз жауына қарсы күресу, тамақты карточкамен алу болса, қазіргі бала ойыны мүлде басқа.
Бала өз ойынында шығармашылық шындықты бейнелейді. Кейде өз қиялы бойынша фантазиясы мен ойынның мазмұнын өзгертеді.
Бала ойында өзінің басында бар біліміне сүйенеді және ойынды өз танымы мен адамгершілігіне, қабілетіне байланысты дамытып отырады. Мысалы, дүкен, сатушы, дәрігер ойындарын ойнау үшін балада олар туралы түсінік мағлұмат болуы керек. Сондықтан бала ойыны үлкендердің еңбегін бақылаудың негізі болып есептеледі.
Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады.
Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский, П. Г. Саморукова, психолог–ғалымдар Д. Б. Эльконин, А. В. Черков, Р. М. Римбург, А. В. Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді.
«Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, өз ойын білдіру әрекетін көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген болатын.
Я. А. Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.
Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда да ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ш. Уәлиханов, ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин, қазақ зиялылары. А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М. Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға, жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған.
Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол.
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргеңдей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, мектепалды даярлық тобында балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:
Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.
Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді.
Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды.
Құрылыс материалдарының пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең-тар), биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Ұлттық қимылды ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.
Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Ойында ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік
Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан алуан, әрі қызғылықты. Олар: «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы» т.б. Мәселен «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты үғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтанып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің бала үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. Олар:
-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
-дидактикалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет;
-ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек:
-дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
-дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды.
Дидактикалық ойындарға «Жемістер», «Жануарлар», «Қуыршақты киіңдір», т.б., ал арнайы таңдалып алынған ойындарға («Не жоқ?», Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы саңдық», «Ғажайып қоржын» т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады. Ойындарда викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, ойлан таптар «Кім не істеді?», «Не қалай дыбыстайды?», «Қай дыбыстан басталады?» болады. Осыңдай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді.
Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысық пен тышқан», «Сыңарыңды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек», т.б.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері. Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп дамыту үшін оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен танысады.
Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды.
Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін қарау негізінде түсінік алады.
Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері. Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет емес. Бала сурет салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады, әшекейлер ояды, қашайды. Бала іс-әрекетінің барлық түріне ортақ нәрсе - олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Олар қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді.
Бейнелеу іс-әрекеті. Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шақтан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз.
Балалар бейнелейтін заттық графикалық формасы алдымен үш сәт ке: баланың қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау үдерісінен игерілетін қимылдық-сезімдік тәжірибеге байланысты. Оның үстіне бала өзі салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай түсінетінін, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді. Мысалы, әйел адамның тұлғасын анасының суретке қалай салғанын бақылаған бала әуелі аяқтың, содан кейін барып көйлектің суретін салу керек екенін талап етті.