6 Жеткіншек кезеңі


Жеткіншек кезеңінің шекаралары айтарлықтай анықталмаған (9-11 жастан 14-15 жасқа дейін). Кейбір балалар жеткішек кезеңге ертерек кіреді, ал басқалары кейінірек.

Дамудың әлеуметтік жағдайы

Жеткіншектік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен сапалық тұрғыдан өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады. өмірлік іс-әрекетінің күрделене түсуімен бірге жастарда әлеуметтік рольдер мен мүдделер диапазонының сандық ұлғаюы ғана болып қана қоймайды, сапалық тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді, осыдан келіп дербестік пен жауапкершілік өлшемі шығады. 14 жаста оны комсомолға қабылдайды, 16 жаста паспорт алады. 18 жасында сайлау правосы мен некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмыстық істер үшін жауап беретін болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастады, бәріде мамандық таңдау туралы және т.б. ойлайды. Алайда жас өспірімде ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады.

Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси  қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын құруға даярлану. өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатынжеткіншектердей емес 15-17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер бұған қоса кәсіптік-техникалық училишелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының оқушылары болуы мүмкін. Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл айырмашылықтар психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.

Сыртқы алғышарттар: білім беру қызметінің сипатындағы өзгеріс: көп бейінділік, оқу материалының мазмұны

ғылымның теориялық негіздерін білдіреді, білімге сапалы жаңа когнитивті көзқарасты тудырады; талаптардың бірлігі жоқ: қанша мұғалім, айналадағы шындыққа, баланың мінез-құлқына, оның қызметіне, көзқарасына, көзқарасына, жеке қасиеттеріне әртүрлі бағалаулар. Жасөспірім өзін әлеуметтік және еңбек қызметіне қатысушы ретінде сезінеді; отбасында жаңа талаптар жасалады (үй жұмысына көмектесу, жасөспіріммен кеңесу басталады); жасөспірім қарқынды түрде өзін көрсете бастайды.

Ішкі алғышарттар: бұл кезеңде қарқындды физикалық өсу мен жыныстық даму жүзеге асады (қанда жаңа гормондар пайда болып, орталық жүйке жүйеге әсер етеді, тіндердің және дене жүйелерінің тез өсуі байқалады). Бұл кезеңде әртүрлі органикалық жүйелердің біркелкі жетілмегендігі әлсіздік, қозғыштық, шиеленісуішілікті арттырады.

Ішкі психологиялық алғышарттар тұрғысынан, кілтті мәселе қызығушылық мәселесі және олардың өтпелі кезеңде дамуы болып табылады (Л. С. Выготский).

Л. С.  Выготский жасөпірімдердің бірнеше қызығушылық топтарын доминанттар бойынша анықтаған:

  • «эгоцентрлік» - жеке тұлғаға деген қызығушылық;
  • «қашықтықтың доминанты»  - үлкен масштабтарға мақсат;
  • «күш-жігердің доминанты»  - күшті кернеу, төзімділікке ұмтылу (қыңырлық, наразылық);
  • «романтика доминанты»  - қауіптілікке, белгісіздікке, ерлікке деген ұмтылыс [18, 293 бет].

Бұл жас кезеңінде ең өзекті мәселе өмір жолын таңдау болып табылады. Л. И. Божович өтпелі дағдарыс кезеңінің аяқталуы «өзіндік анықталу» ұғымын білдіретін жеке тұлғалық құрылымының пайда болуымен ұласатындығын көрсетеді. Өзіндік анықталу процесінде өзіндік бағалау айрықша мәнге ие.

Психологтардың айтуы бойынша адам кез-келген жас кезеңінде басқа адамдарды өзіне қарағанда объективті бағалайды. Балалар өзінің мінез-құлықтарын басқа адамдардың әрекеттерін салыстыруынан бастап өзіне баға қою басталады. Біз бұған неғұрлым көбірек мүмкіндік берген сайын олар өзін солғұрлым нақтырақ көре бастайды. Өзіндік бағалау үшін өзін-өзі тануға үйретуіміз қажет.

Қазіргі кездегі психологияда жеткіншектердің өзіндік бағалау мазмұнын екі бағытты көрсетеді. Оның бірінші өзіндік бағалаудың жалпы сипаттамасы, оның қалыптасу жағдайларын іздестіру мен байланысты болса, екіншісі микроанализбен байланысты, яғни өзіндік бағалауының құрылымдық элементтерін бөлшектеу және олардың өзара байланысын қарастырады. Біздің ойымызша, өзіндік бағалаудың микроанализі және оның құрылымының болашағы зор, өзіндік бағалауды зерттеуде негізгі міндетіне құрылымдық динамикалық элементтерді санайды.

Адамның жалпы тұлға болып қалыптасу процесінде жеткіншектік кезең дамудағы өзгерістермен ерекше орын алады. Жаңа арнайы тәжірибе жинағы, жаңа қоғамдық қатынастар мен байланыстарға түсетін орташа жас шамасы 11-14 жастағы балаларға кез келеді. Бұл жастың негізгі жаңа қалыптасуы қарым-қатынастың кеңеюі салдарынан өзіндік сананың өсуі ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарының күрделене түсуі болып табылады.

Л.С. Выготский жастық кезеңнің дамуын қарастыра отырып, «дағдарыс жасы» деген ұғымды бөліп шығарады. Оның пікірінше дағдарыс жас дамудағы бұрылыстар, өзгерістер болып табылады, даму диалектикалық процесс және дамудың бір сатысынан екінші сатысына көшу революциялық жолмен жасалынады деп тұжырымдайды. Сондықтан, бұл жасты қиын, өтпелі дағдарыс жасқа жатқызады. Бұл жас кезеңіндегі дамудың қозғаушы күші жаңа қажеттіліктердің орындалу арасындағы мүмкіншіліктер мен қарама-қайшылықтарды балаға жеңу қажет.

Мінез-құлықтылық тәсілі процесінде қандай өзіндік бағалау пайда болатындығы және мұнымен байланысты қандай мінез-құлықтылық іс-әрекет тудыратындығы сияқты мәселелер оның тұлғалық құрылымынан тәуелді болады. Жеткіншек тұлғасы өмір барысында пайда болатын және қоршаған ортамен өзара қатынаста белгілі бір қызмет атқаратын тұтас психологиялық құрылымға ие болады. Жеткіншектің тұлғалық дамуының көтеріңкі қозғаушысы қажеттіліктер мен мотивтер болып табылады. Қажеттіліктер тек тұлғаның дамуын анықтайтын себеп қана емес, сонымен қатар мінез-құлықтың да себебі болып табылады. Адам қабілеттілігінің сипатына тұлғаның маңызын құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесі бейнеленеді. Қажеттіліктер мен тырысу жеткіншектерде жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуына байланысты өзінің қанағаттану жолында көптеген кедергілерге кездеседі. Мұндай дағдарыс кезеңде жеткіншектердің қажеттіліктерінің өзгеруі сыртқы кедергілермен және ішкі фактормен байланысты болады.

Т. В. Драгунова жасөспірімдердің ересектер дамуының келесі көріністерін атап өтеді:

  • ересектердің сыртқы көріністерін имитациялау (сырттан еске түсіру, олардың сипаттамаларын, дағдыларын және жеңілдіктерін алуға ұмтылу);
  • ересектердің сапасына бағдарлану (ересектердің сапасына, мысалы, ұлдарға - «шынайы еркектерге» - күш, ерлік, ерік және т.б.);
  • ересек адам іс-әрекеттің үлгісі ретінде (ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасында әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, жауапкершілікті сезіну, басқа адамдарға қамқорлық көрсету);
  • интеллектуалды ересек болу (қазіргі заманғы жасөспірімдердің өзін-өзі тану үшін жағдайлар жасауға қабілетті әлеуметтік маңызы бар қызметтің жаңа түрлері мен формаларын іздестіру) [9, 302 бет].

Ойлау

Теориялық ойлау элементтері қалыптасады. Талқылаулар жалпыдан жекеге көшеді. Жасөспірім интеллектуалдық проблемаларды шешуде гипотезамен жұмыс істейді. Бұл шындықты талдаудағы ең маңызды іс-әрекет. Жіктеу, талдау, жалпылау сияқты операциялар дамиды. Рефлексиялық ойлау дамиды. Жасөспірімнің назарын аудару және оның бағалануы оның интеллектуалды әрекеті болып табылады. Жасөспірім ересек ойлау логикасына ие болады.

Есте сақтау интеллектуализация жолында дамиды. Жадтың көлемі көбінесе материалды логикалық түсіндірумен байланысты ұлғаяды. Мағыналық емес, механикалық  есте сақтау қолданылады. 13 жасында ақпараттың едәуір артқандығына байланысты еске түсіру проблемалары орын алады, есте сақтау қабілеті төмендейді.

Сөйлеу

Жасөспірімдерде сөйлеудің дамуы, бір жағынан, сөздік байлығын кеңейтудің арқасында, екінші жағынан - ана тілінің сөздігін кодтайтын мағыналық жиынтығын меңгеру арқылы.

Жасөспірім жас ерекшеліктеріне байланысты (теңдікке, конформизмге және т.б.) сөйлеу тілінің қарым-қатынас стиліне және әңгімелесушінің тұлғасына қарай өзгеруі мүмкін.

Жасөспірім субкультурасы үшін ерекше мән - бұл сленг. Жасөспірімдер қауымдастығында сабақ - тілдік ойын; маскалық, «екінші өмір» - бұл әлеуметтік бақылаудан қашып кетудің қажеттілігін және мүмкіндігін білдіреді, оларды біріктіруге ерекше мән береді. Мұнда сөйлейтін адамдар арасындағы жекелеген қашықтықты жойып қана қоймай, қысқа түрде өмірдің философиясын білдіретін арнайы сөйлеу формалары әзірленді.

Сана-сезім

Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер  ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менің» ұғынуды, үшіншіден , өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік – адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір- бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде боған түсініктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеуесімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. өзінің психикилық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компонанттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.

Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқада беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе батылдық, ерік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдіқ-психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылын немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады).

Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің қандай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру. Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көз-қарасыман қарағанда қиынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлар, даңғойлық – көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттінін т.б. сынап көргісі келуден болады. Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдердің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Кластастары ерлік деп бағалаған әрекетті  мұғалім жалған жолдастық деп айтады. Осдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.

Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан «мендер» де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім өзн-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балаң жас өспірімдік кезге жалпы алғанда рефлексиялық өсуі, өзіне барынша ден қою тән. мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуына да (жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне «өлшеп көруден» де (егер жеткіншек кейіпкердің қылықтарына ден қойса, жас өспірімдер мотивтер мен толғаныстарға ден қояды), басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.

Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексияның өзін-өзі оқшаулау шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне берілін кету қауіпі бар деп есептеп, оған теріс көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептәуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлыры аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айрылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін басқалар түсінбейтіндей көру және т.с. ретінде уайымдалады.

Алайда бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шақтың қиыншылықтары бұларға бәрі де душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде міндетті түрде соншалық қиын болмайтынын айтпағанының өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жас өспірімдік - өте бақытты шақ Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жас өспірімде ғана немесе бұған дейінгі дамудын ерекшеліктерімен байланысты (өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы) оған бейім жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай балаларды қарым-қатнастың олар үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада, үйымшыл комсомол коллективі жағдайында тәрбиеленген жас өспірім жігіттер мен қыздардың көпшілігенде психолгиялық оқшаулыну мен рефлексия қарым-қатнасқа кедергі болғанымен қоймай, қарым-қатнастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жас өспірімдік рефлексия, бір жағынан, өзінің «менің» ұғыну («мен кіммін? Мен қандаймын? Менің қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыилай аламын?»), ал, екінші жағынан, дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну («менің өмірлік мұратым қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім үшін мен не істеуге тиіспін?») болмақ. Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы сұрақтар қояды. Екінші, неғұрлым жалпы, дүниетанымдық смұрақтарды жас өспірім адам қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне айналады. Жас өспірімдік өмірлік жоспарлары көбіне қиялдағы сипатта болатын сияқты бұл өзін-өзі талдау да көбіне қиялдағы сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдаудықажетсінудің өзі дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты. Н. А. Добролюбовтың жас кезіндегі күнделігін оқығанда немесе Л. Н. Толстойдың «Жас өспірімін» өзінің күнделіктерімен салыстырғанда үнемі өзіне-өзі қанағаттанбайтын, өздері алдарынақойған кейде анғал болғанымен, шамадан тыс міндеттерді орындай алмай жүрген авторлардың ішкі драматизіміне жаның ашиды. Алайда бұл өзін-өзі талдаудың тереңдігі адамның күрделігін бейнелейтін, ал өзіне биік талаптар қою – болашақтағы жетістіктердің бір екенін көрмеуге болмайды.

Жас өспірімдік рефлексияның теренділігімен интенсивтілігі көптеген әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық (интроверсияның, экстраверсиның дәрежесі) және өмірбаяндық (семьяда тәрбие алу жағдайлыры, құрдастарымен қарым-қатынас, оқыған кітаптардыңсипаты) факторларға байлынысты, бұлардың арақатынасы әлі жете зерттелмеген. Жас өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше, одан үрейлене қорқады, аз ғана уақыттың өзіне жалғыз қала алмайды, рефлексивтілігінің жетіспеушілігінен өздері ұғына алмайтын өз проблемаларынан қашқақтау үшін қарым-қатынаста болғысы келмей ме екен (әрине, мұны өзі де ұғынбайды) деген күдік туады.