Жас ерекшелік психологиясы оқу құралының жариялаудың өзектілігі жас дамуының психологиялық білімдері және жалпы психологиялық мәдениетті игеру қажеттілігімен алдын-ала анықталады.
Ұсынылған оқу құралында жастың даму психологиясының теориялық негіздері анықталған. Әрбір жас кезеңінің қысқаша сипаттамасы келтірілген:
1) дамудың әлеуметтік жағдайы;
2) қызметтің жетекші түрінің сипаттамалары;
3) танымдық процестердің даму ерекшеліктері (қабылдау, есте сақтау, көңіл бөлу, ойлау, сөйлеу, қиял);
4) жеке тұлғаның өзін-өзі тану, эмоционалдық, мотивациялық салаларының даму ерекшеліктері;
5) сипатталған жастағы дағдарыстың сипаттамасы.
Оқу құралындағы ақпарат ата-аналарға, студенттерге – жастың дамуына қызығушылық танытатындардың барлығына пайдалы болуы мүмкін. Қосымшада ересек адамның баламен өзара әрекеттесуі бойынша кеңестер, ұсынымдар берілген.
Автор оқу құралын жазу барысында қолданған ғалымдардың идеялары мен еңбектері үшін алғысын білдіреді.