10.1 Топтық және ұйымдасқан қылмыскерліктің негізгі көрсеткіштері.
Қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) – ұйымдасқан қылмыстылық, бұл:
1) Ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған ұйымдасқан топ немесе осындай мақсаттармен құрылған ұйымдасқан топтардың бірлестігі.
2) Ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды істеуге жоспарлар құру мен жағдайларды жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топтардың басшыларының немесе өзге өкілдерінің, ұйымдастырушыларының бірігуі.
10.2 Ұйымдасқан қылмыстың белгілері және құрылымы.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың төмендегідей белгілерін айтуға болады:
- Тұрақтылық;
- Жүйелілік;
- Көлемді;
- Мақсат;
- Тәсілдері;
- Өзіндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Тұрақтылық белгісі қылмыстық қызметтің ұзақ және тұрақты мақсаттардың болуы; оны жоспарлау мен дайындау; басқарушы орта мен қатысушылардың қатаң сатылы болуы; қатаң тәртіп сияқты сипаттармен жүзеге асырылады.
Жүйелілік белгісі тікелей байланыс және аймақ, экономика саласы, криминалдық бизнес (өзара байланыс, сатылы байланыс, қызмет салаларын келісімді бөлу, қарсы тұру және бәсекелестік байланысы және т.б.) көлемінде оның құрылымдарын мамандандыру. Осылайша, сызба бойынша жүйенің көп деңгейлігі көрінеді: ұйымдасқан қылмыстық топ – қылмыстық қауымдастық – аймақтардағы, мемлекетте толығымен, бірнеше мемлекетте бірбіріне бағынышты өзара байланысты қылмыстық қауымдастықтардың (қылмыстық құрылымдардың ассоциациясы) жиынтығы.
Масштабтылығы – ұйымдасқан қылмыстылықтың аймақтық, аймақаралық, мемлекет, халықаралық қызметін білдіретін белгілерінің бірі. Ұйымдасқан қылмыстық қауымдастықтың мақсаты қылмыстық жолмен кірістерді табуға, ірі және аса ірі мөлшерде баюға негізделген.
Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдардың қатысушыларының қылмыс жасау тәсілдері кәсибилігімен ерекшеленеді. Қылмыстарға техникалық дайындықтың жан-жақтылығы, жоспарлау және рөлдерді бөлу, қажетті жағдайларды жасау әртүрлі, бірақ өзара байланысты адамдар мен топтардың бірге қызмет етуін ұйымдастыру тән.
Қылмыстық құрылымдар ұйымдастырылу деңгейіне байланысты топтастырылады:
Қызметінің аймақтық көлемі бойынша топтастырылуы:
- Аймақтық;
- Аймақаралық;
- Мемлекет көлемінде әрекет ететін;
- Халықаралық (ұлтаралық).
Қызметінің бағыты бойынша қылмыстық қауымдастықтарды мына салаларға бөлуге болады:
- Криминалдық бизнес – психотроптық заттар мен есірткі құралдарының, қарулардың, тарих және мәдени заттардың заңсыз айналымы;
- стратегиялық материалдар мен зиянды қалдықтардың контрабандасы;
- адам ағзасы мен тіндерінің заңсыз айналымы;
- автокөліктерді ұрлау;
- жезөкшелік пен құмар ойындарын ұйымдастыру және т.б.
Көлеңкелі экономика – пайданың бөлігін алып қою не бақылау, көлеңкелі кәсіпорындарды бөлу және т.б. Заңды экономика – қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды заңдастыру; жоғары пайда әкелетін кәсіпорындарға ақша салу және т.б.
10.3 Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алудың криминалогиялық сипаттама.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың алдын алу профилактикалық жұмыстың бір бағыты ретінде қарастырады:
Ұйымдасқан қылмыстылықпен күрес туралы заңнамада және тәжірибеде оның ірі көлемді ұжымдық қылмыстық қызметпен және қылмыстық жолмен табылған көп ақшамен байланысты мамандануын есепке алу қажет. Сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақшалардың заңдастыруына жол бермейтін заңдық және басқарушылық шаралар, заңсыз кірістерді анықтау мен сатып алынған мүліктерді алып қою мүмкіндігін кеңейтуге арналған шаралар мыңызды. Ұйымдасқан қылмыстылықты алдын алудың жалпы әлеуметтік негізі және оның қызмет ету мүмкіндігін барынша шектеу мемлекеттегі, экономикадағы, саясаттағы, қоғамдық идеология мен психологиядағы, әлеуметтік саладағы, құқық қорғау қызметіндегі дағдарыстық құбылысарды бағындыру болып табылады.
Ұйымдасқан қылмыстық топтар дайындағын экономикалық база мен қауіпсіздік жүйесін төмендету үшін мүмкіндіктерді кеңейтетін сыбайлас жемқорлық туралы, қылмыстық пайданы заңдастырудың жауапкершілігі туралы, мемлекеттік қаржылық бақылау туралы заңдарды жетілдіру қажет.
Осы мақсатқа қол жеткізуге мына шаралар бағытталған:
- Шаруашылық субьектілеріне қатысты сыбайлас жемқорлық пен озбырлыққа жол беретін жеңілдіктер мен өзге де жағдайларды жою (ликвидация);
- Мемлекеттік тапсырыстарды қойылатын талаптармен жариялай отырып, ашық конкурс негізінде бөлуге көшу;
- Бухгатерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу.
Қылмыстылықпен күресті күшейту туралы бағдарлама төмендегідей ұйымдасқан қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қамтиды:
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан.- Алматы: Ғылым, 1999.
2 Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы, 2005.- 480 б.
3 Алауханов Е. О. Криминология : учебник / Алауханов Е. О. – Алматы : Жетi жарғы, 2008. – 660 б.
4 Кудрявцев В.Н. Криминология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. «Юриспруденция» / Кудрявцев В. Н.; под ред. Эминова, В. Е. – М. : Юристъ, 2007. – 734 б.
5 Кузнецова Н. Ф. Криминология : учеб. пособие / Н. Ф. Кузнецова. – М. : Проспект, 2007. – 327 б.
6 Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.
7 Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцва, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.
8 Основы борьбы с организованной преступностью / под ред. А. И. Долговой. – М. 1996. – 353 б.