7.1 Ескерту түсінігі және қылмыскерлікті ескерту жүйесі.
Қылмыстылықтың алдын алудың түсінігі. Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдеқайда тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға
Бағытталған әрекеттерді де,тіпті, онымен жанама қатысты құбылыстарға да бағыттлаған шараларды қамтиды. Мысалға, осы таяу арада ғана мектеп бағдарламаасына салауатты өмір салтын үйрететін «Валиология» пәні енгізілді, осы пән оны игерген мектеп оқушыларының соз ауруларымен байланысты қылмыстарды жасамауы мен оларды жасаушылармен күресуге жәрдем көрсететіні анық. Не болмаса, бір әкімшілік аумақтық бірліктегі ашылған зауыттан жұмыссыздардың саны азаяды да қылмыстылықтың азаюына да сеп болады, бірақ ол шара қылмыстылық азайсын деп емес, халықтың әл-ауқаты жақсарсын деп жасалады, дегенмен ол да қылмыстылықтың алдын алушы шаралардың қатарына енеді.
Кеңес криминологиясы курсының авторлары кең көлемді анықтама береді:
а) қылмыстылықпен күрес процесінде сендіру мен көндіруді
үйлестіретін экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени- тәрбиелік, құқықтық заңшығарушылық сипаттағы жалпы мемлекеттік шаралар.
б) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың. Қылмыс жасалуының себептері мен жағдайларын анықтауға, оларды жоюға бағытталған шараларды қолдануға, қылмыстарды ашуға, тергеуге және сотта қарауға, қылмыскерлерді жазалауға, оларды түзеу мен қайта тәрбиелеуге, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдардың мінез-құлқының заңдылығын қадағалауға, сондай-ақ бас бостандығымен байланысты емес жазаларға сотталған тұлғаларды немесе әлі қылмыс жасамаған, бірақ қоғамға қарсы не моральға жат қылық жасап жүрген тұрақсыз тұлғаларды тәрбиелеуге бағытталған қызметі.
в) нақты жағдай қажет еткен басқа да шараларды жүзеге асыру.
Криминологияда, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық циклдегі пәндерде қылмыстылықтың алдын алумен қоса, қылмыстың алдын орағыту, бұлтартпау, профилактика терминдері қатар қолданылады. Олардың арақатынасына байланысты авторлардың әр түрлі пікірталастары да жоқ емес.
7.2 Профилактикалық шаралар жіктелуі.
Олар кең көлемді болғандықтан да әр түрлі критерий бойынша топтастыруға болады. Ең алдымен тілге оралатыны – ол деңгейіне қарай топтастырылуы.
а) Деңгейіне қарай
Алғашқысы оның тікелей қылмыстылықтың алдын алу үшін емес, басқа жалпыәлеуметтік мақсаттарда, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін жүргізіледі (жұмыссыздықты, кедейшілікті жою, қараусыз балалардың санын азайту т.б.). Ал арнайы алдын алу болса, тікелей қылмыстылықпен күресуге бағытталады. Жалпы әлеуметтік шаралардың белгілері:
- масштабтылығы;
- кеңқамтылатындығы мен жан жақты сипатқа иелілігі;
- өзара тәуелділігі;
- тоқтаусыздығы;
- түбірлілігі.
Арнайы алдын алу неғұрлым нақты мақсатқа бағытталған, кеңістік пен уақыт бойынша жинақталған.
ә) қолданылу масштабына қарай:
1) жалпымемлекеттік шаралар;
2) ірі-ірі әлеуметтік топтарға қатысты шаралар (нақты ұйымдарда, кәсіпорындарда немесе өзге әлеуметтік инститтар мен топтарда жүргізілетін шаралар кешені);
3) жеке-дара шаралар (нақты тұлғалар мен олардың жақын ортасына алдын алу сипатындағы шараларды қолдану).
б) мазмұнына қарай:
1) экономикалық;
2) саяси;
3) әлеуметтік;
4) ұйымдастырушылық-басқарушылық;
5) мәдени-тәрбиелік;
6) құқықтық және өзге де.
в) қолданылу сатысына қарай:
1) тікелей алдын алу, яғни тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін туындауы мүмкін жағымсыз жағдайларды жою, микроортаны сауықтыру т.б.;
2) қылмыс рецидивінің алдын алу, яғни бұған дейін қылмыс жасап, қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаларға ықпал ету.
г) сатысына қарай (практиткалық көзқарас бойынша):
1) профилактика, әлі қылмыс жасалу қаупі жоқ сәтінде шаралар қолдану. «Тұлғаның қылмыс жасау мүмкіндігін жою» деп келетін Г.А.Аванесовтың анықтамасымен келісуге болады;
2) қылмыстың алдын орағыту, яғни дайындалып жатқан немесе жоспары жасалып жатқан қылмыстың ары қарай дамуына кедергі жасау;
3) бұлтартпау, яғни басталып кеткен қылмысты аяғына шейін жеткізбеу.
Жалпы профилактика – қылмыстылықтың алдын орғыту мақсатында жасалған әлеуметтік өмірдің әр түрлі саласындағы қылмыстылықтың себептерін, жағдайларын және
Өзге де детерминанттарын анықтауға бағытталған, оларды жою (бейтараптандыру, тосқауылдау) үшін шараларды өңдеу мен қолдануға бағытталған қызмет.
Жеке-дара профилактика-олардың мінез-құлқына барлау жасай отырып қылмыстың ажсалуын күтуге болатын тұлғаларды анықтауға, оларға және олардың қоршаған ортасына қылмыстылықтың алдын орағыту мақсатында ықпал ету.
Виктимологиялық профилактика – қылмыс жасауға сеп болатын виктимдік мінез-құлықты
Қалыптастыратын факторларды, мән - жайларды, ситуацияларды анықтауға, жоюға
Немесе бейтараптандыруға, жоғары деңгейдегі виктимділігі бар тұлғаларды анықтауға және олардың қорғану қасиетін арттыру мақсатында ықпал етуге, сондай-ақ қылмыстан және одан кейінгі виктимизациядан қорғану амалдарын өңдеу мен бұған дейін жасалған құралдарды жетілдіруге бағытталған әлеуметтік институттардың ерекше қызметі.
д) түбірлілік деңгейіне қарай:
- бөлімшелерін, филиалдарын ашу, күшейту);
2) оларды бейтараптандыратын, тосқауыл қоятын, минималдандыратын (мысалға,
Өмірде орын алып отырған жұмыссыздықтың қылмыстылықтың өсуіне ықпал етпеуін қамтамасыз ету: оларды өзге қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту);
3) оларды толығымен жоятын (мысалға, жұмыссыздықты сол аумақта толығымен жою: жабылып қалған жұмыс орнын қайта ашу).
7.3 Профилактиканың субъектілері,олардың мәселелері және функциясы.
Жалпы әлеуметтік алдын алуды барлық қоғам болып, мемлекет болып жүзеге асыруға болады. Ал арнайы алдын алуды да арнайыландырылған немесе арнайы маманданбаған органдар мен ұйымдар жүзеге асыра алады. Арнайыланбаған субъектілер дегеніміз – өзге міндеттерді жүзеге асру үшін құрылған, бірақ қоғамдағы келеңсіз құбылыстармен, қылмысты қоса алғанда, күресуге қабілетті органдар мен институттар.
Ал арнайыландырылған субъектілер – олар бірден бір немесе негізгі міндеттернің бірі қылмыстылықпен күресу табылатын субъектілер. Алдын алу субъектісіне қатысты да мынандай көзқарастар бар:
а) тек қана мемлекет пен қоғамдық ұйымдар (А.А.Герцензон, Н.Р.Миронов);
ә) тек қана мемлекет;
б) тек қана жеке тұлғалар (А.Э.Жалинский). Бұрынғы қылмыстық заңға қарағанда жаңа Қылмыстық кодекс (1997ж.) әрекеттің қылмыстылығы мен қоғамға қауіптілігін жоютын мән-жайлардың қатарын толықтырды. Бұрнағы жылдары тек қана қажетті қорғану мен мәжбүрлі қажеттілік болса, қазір олармен қоса, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу және қол сұғушылық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру мен жедел –іздестіру қызметін жүзеге асыру қосылды (2002ж.). Соңғы екеуі қылмыстылықпен күрестегі азаматтардың рөліне де арқа сүйейді. Аталған инститтуарға сәйкес қылмыс жасаған тұлғаларды зиян келтіре отырып ұстауға арнайы мемлекеттік органдардың ғана емес, қарапайым аматтардың да құқығы бар не болмаса, жедел – іздестіру қызметін жүзеге асыру кезінде құқық қорғау органдарының арнайы тапсырмасымен азаматтар де осы іске тартылуы мүмкін. Яғни қылмыстық заң азаматтардың қылмыстылықпен күрестегі, соның ішінде қажет кезінде зиян келтіре отырып күресудің құқықтық негізін жасады. Осы сияқты зиян келтірмей –ақ қылмысылықпен күресуге ықпал ету жолдарын ашатын марапаттаушы нормалар әуелден-ақ бар болатын (қару-жарақ, есірткі заттарды өз еркімен тапсырғанда, ұрланған адамды өз еркімен босатқанда қылмыстық жауаптылыққа тартпау туралы т.б.). Демек, қылмыстылықтың алдын алу субъектілерін де былайша топтастыруға болады:
1) мемлекеттік органдар;
2) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
3) жеке тұлғалар.
Мемлекеттік органдардың арнайы қылмыстылықпен күресуге маманданбағандарына Қазақстан Республикасының Президенті, заң шығарушылық және атқарушы билік органдары жатады. Олар күрестің заңдық базасын жасап, арнайы күрес субъектілеріне құзырет береді, құқытары мен міндеттерін бекітеді, қаржыландарады және олардың қызметін бақылайды. Немесе одан басқа да арнайланбаған, бірақ қылмыстылықпен күресте үлес қосатын органдар бар: мысалға балалар үйлері, облыстық, аудандық мәслихаттар, әкімдер, Арнайланған мемлекеттік органдар қылмыстылықпен немесе онымен тығыз байланысты құбылыстармен нақты күреседі. Олар:
- Ішкі істер минитстрлігі және оның облыстық, аудандық бөлімшелері мен арнайланған бөлімшелері (жол полициясы, жылжымалы полиция бекеттері, төлқұжаттық – визилық қызмет т.б.);
- Соттар;
- Ұлттық қауіпсіздік органдары;
- Қаржы полициясы органдары;
- Шекаралық қызмет органдары (шекара тәртібін бұзумен байланысты қылмыстар);
- Әділет органдары т.б. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер де өз кезегінде арнайланған немесе арнайыланбаған бола алады. Олардың арнайы маманданғандары: Адвокатура, қоғамдық тәртіпті қорғаудың қоғамдық бекеттері, халық дружиналары, прокурарлардың, тергеушілердің қоғамдық көмекшілері т.б.
Арнайланбағандары:
- саяси партиялар,
- қозғалыстар,
- діни бірлестіктер;
- ауылдық ақсақалдар кеңесі, билер кеңесі, көшелік, квартлдық, үй комитеттері,
- мектептердегі ата-аналар кеңесі, қайрымдылық қорлары, медициналық-психологилық орталықтар т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы, 2005.- 480 б.
2 Алауханов Е. О. Криминология : учебник / Алауханов Е. О. – Алматы : Жетi жарғы, 2008. – 660 б.
3 Кудрявцев В.Н. Криминология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. «Юриспруденция» / Кудрявцев В. Н.; под ред. Эминова, В. Е. – М. : Юристъ, 2007. – 734 б.
4 Кузнецова Н. Ф. Криминология : учеб. пособие / Н. Ф. Кузнецова. – М. : Проспект, 2007. – 327 б.
5 Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.
6 Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцва, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.