12 Tақырып. Әйелдер қылмыскерллігі және алдын алу шаралары


12.1 Әйелдер қылмыскерлігінің криминалогиялық мінездемесі. Әйелдер қылмыскерлігіның жай-қүйы, динамикасы (серпіні) және құқылымы

 

Әйелдер қылмыстылығы еркектер қылмыстылығына қарағанда өзінің сипатымен және салдарымен, қылмыс жасау тәсілі мен құралдарымен, құрбанды таңдау түрімен және отбасылық-тұрмыстық мән-жайлар жағдайымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, әйелдер жасаған қылмыстылықта сезімге берілу, ойланбай істеу жағы басым болады. Соңғы кездерде қылмыс жасайтын әйелдер саны еркектерге қарағанда жылдам қарқын алуда.

 

12.2 Әйел қылмыстылығының көп таралған себептері мен жағдайлары

Әйелдер арасында жиі кездесетін қылмыстар: ұрлық, есірткі заттарын не психотроптық заттарды заңсыз даярлау, иелену, сақтау, тасымалдау не сату, алаяқтық, иемдену не жаратып қою. Жүргізілген криминологиялық зерттеулер әйел ұрлықтарының сапалық сипатының өзгергендігін көрсетіп отыр. Қылмыстық қол сұғушылық жасалатын затқа еркін барып, оны жасырын ұрлап кетудің орнына, кейбір әйелдер, еркектер сияқты, құрал қолданып бұзып алуды шығарды, тонау, қарақшылықтар да жиі кездеседі. Иеленіп алу немесе жаратып қою сияқты қылмыс түрлері әйелдерге бұрыннан тән қылмыстар. Бұл қылмыстар қоғамдық тамақтандыру, тұтыну тауарларын шығаратын өнеркәсіп салаларында жиі орын алады, ал онда істейтіндердің басым көпшілігі әйелдер екенін ескерсек, қылмыстың бұл түрінің әйелдер арасында кең таралуы айтпаса да түсінікті.

Экономикалық қызмет саласындағы әйелдер қылмыстылығының мынадай ерекшеліктері бар: тұтынушылар құқықтарын, кәсіпкерлік және банк қызметін жүзеге асырудың белгіленген тәртібін бұзу, монополизммен және әділетсіз бәсекелестікпен байланысты үйреншікті емес қылмыстар сияқты құқық бұзушылық әйелдерге тән.

Әйелдердің экономикалық сипаттағы қылмыстары олардың басқа қылмыстарына қарағанда жиі кездеседі. Оның басты себебі – экономиканың сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, банк және т.б. сияқты салаларында әйелдер саны еркектерден басым. Қылмыс жасайтын әйелдер арасында ұрлықпен ұдайы айналысатындары да кездеседі, олар негізінен, қайыршылар, қаңғыбастар, тұрақты мекені жоқтар. Мұндай адамдар қылмыстылықтың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыруда аса қиындық тудырады. Статистикалық мәліметтер күш көрсетіп қылмыс жасайтын әйелдер санының ұдайы өсіп келе жатқандығын көрсетіп отыр. Мысалы, 2010 жылмен салыстырғанда 2017 жылы адам өлтірген қылмыскерелер арасындағы әйелдер санының өзіндік үлесі 9,9%- дан 12,5%-ға, қасақана денеге ауыр жарақат салғандар арасында 7,2%-ден 12,1%-ға, ұрлықта 9,2-ден 9,6%-ға, тонауда 6,7-ден 8,6%-ға, қарақшылық жасауда 4,1-ден 6,2%-ға өскен. Сонымен қатар әйелдердің зорлық көрсететін қылмыстары еркектердің сондай қылмыстарымен салыстырғанда бар болғаны 7-10%-дай ғана, мұны еркектер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдерінің әртүрлі екендігімен түсіндіруге болады. Қылмыстың бұл түрлерін әйелдердің жасау себептері де өзгеше, көбіне оларды қызғаныш, өш алу, біреуден құтылу сезімдері басқарады. Көптеген қылмыстарды әйелдер сол жәбірленушінің заңға қайшы әрекетіне қарсылық ретінде жасайды.

 

12.3 Әйелдер қылмыстарының түрлері

 

Соңғы кездері әйелдер арасында бұзақылық немесе пайдақорлық ниетпен адам өлтіру, қарақшылықпен тонау, аса қатыгездік көрсету сияқты қылмыстар етек алып барады, мұны әйелдердің әлеуметтік рөлінің өзгеруімен, отбасы институтының күйреуімен, әйелдердің психологиялық сенімсіздігімен, бала тәрбиелеуге құқығының жоқтығымен, әртүрлі келеңсіз мәнжайлардың ықпалымен түсіндіруге болады.

Әйелдер қылмыстылығының ең көп таралған себептері:

- Саяси және экономикалық тұрақсыздық, ертеңгі күнге сенімнің жоқтығы;

- Қоғамдағы шиеленісті жағдай, жаппай дәрменсіздік, ашу, өмір қиындығына бейімделе алмаушылық;

- Балаға қамқорлық, отбасын жалғыз өзі асырап отырғандықтан, қалайда табыс табу;

- Нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, қайыршылық және қаңғыбастық сияқты қоғамға жат құбылыстардың етек алу

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.

  1. Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцва, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.
  2. Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы. 2005ж., 96,196-201 б
  3. Шестаков Д.А. Супружеское убийство как общественная проблема. СПб, 1992
  4. Тарабрин А. Женщины и преступность. - М., 1998.
  5. Антонян Ю.М. Преступность среди женщин. - М.,
  6. Ломброзо ч. Ферреро г. Женщина преступница и проститутка. - М., 1991.
  7. Серебрякова В.А., Зырянов В.Н. Корыстные преступления, совершаемые женщинами. - М., 1990.