5.1 Криминалогиялық талдауда қолданылатын нақты - әлеуметтік әдістер
Нақты-социологиялық әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында және олардың нақты көрініс табуында зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдістер кешені мыналарды қамтиды:
Қылмыстық істерді немесе өзге құжаттарды зерттеудің бағдарламасы жасалынады. Зерттеудің тиісті нәтижелері өңделеді және олардың негізінде қандай да бір заңдылықтың бар екендігі туралы тұжырым жасалады.
Ұсынылған жауаптар «тізбегінің» артында жауаптың ұсынылғаннан басқа нұсқасын таңдау керек болса және ол нұсқаны айқындауға өтініш болса, онда жауаптар «тізбегі» «ашық» болады. «Жабық тізбекте» жауап нұсқаларының барлығы түгел беріледі.
Анкетада бірін-бірі толықтыратын қосымша сұрақтар болады. Сол себепті кейде «ашық» және «жабық» сұрақтар жиынтығы пайдаланылады.
Әдетте, криминологиялық зерттеулерде сұралатын адамның аты-жөні мен мекен-жайы көрсетілмейтін анонимдік деп аталатын сұраулар да болады. Бұл анкетада «шағын төлқұжаттың» болуы қарастырылған, яғни онда жасы, жынысы, жұмысы туралы сұрақтардың және сұралғанды сипаттайтын басқа да мәліметтердің болуы мүмкін.
Анкетаны құрастырғанда оның артынан ЭЕМ-де өңделетінін ескеру керек. Сұқбаттасу дегеніміз – қылмыс жасаған адаммен, немесе оның туыстарымен, немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, сондай-ақ басқа адамдармен әңгімелесу.
Криминологиялық зерттеулерде сотталғанмен жеке сұқбаттасу, анкеталық сұрақтарға қарағанда, толығырақ нәтиже береді, қылмыстық іс-әрекеттің себептері мен мақсатын, оның тәрбиесі мен өмір салтын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сұралушы өзінің жеке ұстанымын жария еткісі келмесе, оны анкета арқылы білуге болады. «Ұжымдық сұқбат» деген де өзін жақсы жағынан көрсетті, мысалы, онда бірнеше, «әдетте, оннан көп емес» адаммен кездесу болады, оларға зерттеуші өздері байқап жүрген қылмыскерліктің жайы, ондағы өзгерістер, қабылданған шаралардың нәтижелілігі, қылмыскерліктің өсу немесе азаю себептері жайында айтуды өтінеді. Мысалы, мұндай сұқбат қандай да бір ұйымның бір топ қызметкерлерімен, немесе белгілі бір ауданның немесе үйдің бір топ тұрғындарымен, немесе колониядағы сотталғандармен, немесе прокуратураның, полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен жүргізіледі. Егер зерттеуші алдын ала сұрақтарды құрастырып, оларды қандай ретпен қою керектігін жоспарласа ғана ондай сұқбаттан жақсы нәтиже күтуге болады. Ол сұрақтар оқылмайды, еркін әңгімелесу арқылы беріледі. Сұқбат нәтижелері, әдетте, артынан жазылып алынады, сонан соң өңделеді.
Социологиялық зерттеулердегі байқауларға қарағанда криминологияда байқау өрісінің және оның нұсқаларының біршама ерекшеліктері бар.
Мысалы, байқаудың үш негізгі рөлін бөліп алуға болады: 1) байқаушы – қандай да бір қызметке қатысушы (қызметті және оған қатысушыларды байқап жүреді); 2) шындығында байқаушы (ол өзін қызметін байқауы тиіс субъектілермен қатынаста байқаушы ретінде сезінеді); 3) қамтылған байқаушы (жұмысқа орналасады не өзін бақылаушы ретінде көрсетпей бір жерлерде жүреді, бақылауы тиіс қызметке қатыспайды, бақылауды сырттай жүргізеді).
Қылмыстық қызметті алатын болсақ, онда қылмыстық топқа, ұйымға кірген криминологты көзге елестету керек. Бірақ мұндай топқа кіру қылмыс жасауға міндетті түрде қатысумен байланысты. Қатыспаған жағдайда зерттеуші әшкереленіп, одан ауыр зардап шегуі мүмкін. Заң криминолог-зерттеушіні қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды қарастырмайды. Зерттеу тиісті іс-әрекетті қылмыс деп танымау үшін де негіз бола алмайды, мысалы, аса қажеттілік және қажетті қорғаныс жағдайларында.
Жаза өтеу орындарында қамтылған байқау, көбіне, көрсетілген қиындықтармен, сондай-ақ сотталғанның мәртебесін жасырын алудағы қиындықтармен байланысты.
Қамтылған байқауда құқық қорғау органдарының оперативтік қызметкері, тергеуші, прокурор, судья, адвокат, еңбекпен түзеу мекемесінің қызметкері ретінде болған пайдалы. Бұл тұрғыдан алғанда криминолог үшін оның құқық қорғау органдарында, соттарда жұмыс істеп алған тәжірибесінің маңызы зор.
Байқаудың басқа да түрлері пайдаланылады. Мысалы, қалалардың бірінде кәмелетке толмағандар қылмыскерлігін зерттегенде оған қатысушылар ретінде заң оқу орындарының студенттері қамтылған. Олар зерттелетіндердің құрдастарындай еді. Дискотекаларға, басқа да сауықтыру орындарына барғанда олардың басқалардан айырмашылығы болмады, сондықтан құқық бұзушылардың демалу кезіндегі әрекеттерін, әртүрлі топтар арасындағы өзара байланысты, олардың жүріс-тұрысын байқауға мүмкіндік болды.
Криминологияда эксперимент аясы екі қатынаспен шектелген. Бір жағынан, қылмысты арандатуға жол берілмейді. Зерттеуші қылмысқа арандатушы, көмектесуші ретінде немесе басқадай рөлде қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Екінші жағынан, қылмыскерлікпен күрес жөніндегі шаралар заңға, моральдің көпшілік қабылдаған нормаларына негізделуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, ұлттық және діни сезімдерді бұзуға тиіс емес.
Болжау әдістерін де бөліп алуға болмайды. Әдебиетте олар фондық және профильдік болып бөлінеді. Фондық әдістер осы тарауда айтылған әдістер кешенін пайдалана отырып қажетті ақпараттық база құрады. Профильдік әдістер дегеніміз – экстраполяция, модельдеу, эксперттік бағалау әдістері. И.В.Бестужев-Ладаның орынды көрсеткеніндей, болжаулау, ол – «болашақ жайында айтпау, қандай да бір құбылыстың және процестің даму перспективасын қазіргі ғылым құралдарының көмегімен ұдайы зерттеу».
Мысалы, жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы нақты жасалған қылмыстар туралы мәліметтерді ресми қылмыстық статистика қаншалықты толық көрсететіндігін зерттегенде әдістердің мынадай жиынтығы пайдаланылады: статистикалық мәліметтерді зерттеу; сот-медициналық сараптаманың Республикалық орталығының тірі адамдарды куәлендіру және мәйіттер сараптамасының нәтижелері туралы материалдарын зерттеу; азаматтарға сауал қою; ауруханалардың, травматология пунктерінің материалдарын зерттеу; денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен сұрау; сақтандыру компанияларының материалдарын зерттеу және олардың қызметкерлерінен сұрау.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың жеке басының ерекшеліктерін зерттегенде және олардың көзқарастары мен нанымдары өз құрбыларының көзқарастары мен нанымдарынан өзгеше ме деген мәселені анықтағанда анкетамен сұрау әдісі, ал олардың нәтижелерін өңдегенде – бейнелерді тану әдісі пайдаланылады. Атап айтқанда, ЭЕМ жадына сұралғандардың қандай да бір құқықтық жағдайды қалай бағалайтындығы, өмірде жетістік деп нені санайтындығы, ол жетістікке жетудің қандай маңызды жолдары бар екендігі туралы мәліметтер енгізілген болатын. Анкетадағы сұрақтарға берілген жауаптар негізінде ғана ЭЕМ жібі түзу құрбылары арасынан кәмелетке толмаған қылмыскерлерді 80% жағдайда дұрыс анықтады. Сонан соң зорлық-зомбылық қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардан 86% жағдайда бас пайдасы үшін қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарды дұрыс ажыратты.
«Жасөспірімге теріс ықпал жасаған не?» деген сұрағына мынадай жауап алынған: туыстарымның жасаған қылмысы - 7,5%, отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуы - 14,1%, үйдегі жанжал, көзге шөпсалу - 2,3%, көшенің ықпалы - 73,6%. Сұралғандардың үштен бірі ғана әке-шешесінің беделін сыйлаған. Мұғалімнің, ұстаздың беделін - 2,3%, жаттықтырушының, үйірме жетекшісінің беделін - 4,0%, жұмыс істеген не оқыған ұжымның беделін 3,7% сыйлаған. Ата-аналардың - 37,5%-і жасөспірімдер ең алдымен құрбыларының беделін сыйлайды деп, ал 7,5%-і қылмысты ұйымдастырушы немесе оған әзәзіл болған ересек адамдардың беделін сыйлайды деп пайымдайды.
Әлі қалыптасып жетілмеген жасөспірім өз әке-шешесінің мінез-құлқындағы жақсы-жаман қасиеттерді тез қабылдап алады. Әсіресе, теріс өнеге тезірек қабылданады[i].
Криминологияда бақылау тобы әдісі қолданылады.
Қылмыс жасамаған, өзін тиянақты ұстайтын адамдар зерттеледі. Бұл қылмыскерлер сипаттамасының басқа адамдар сипаттамасынан айырмашылығын білу үшін жасалады. Санадағы немесес «періште» адамның емес, нақты, сол ортада қалыптасқан және әрекет етуші адамдардың сипаттамасынан.
Көмегі арқасында мәлімет алынатын әдістемелер ғана емес, қорытып жинақтау, сондай мәліметтерге баға беру әдістемесі де маңызды.
Жинақтап қорыту, әдетте, мына схема бойынша жүзеге асырылады:
Эмпириялық факт - кез келген хабар емес, ол сол ғылымның немесе терияның контексімен үйлесетін факт.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы, 2005.- 480 б.
2 Алауханов Е. О. Криминология : учебник / Алауханов Е. О. – Алматы : Жетi жарғы, 2008. – 660 б.
3 Кудрявцев В.Н. Криминология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. «Юриспруденция» / Кудрявцев В. Н.; под ред. Эминова, В. Е. – М. : Юристъ, 2007. – 734 б.
4 Кузнецова Н. Ф. Криминология : учеб. пособие / Н. Ф. Кузнецова. – М. : Проспект, 2007. – 327 б.
5 Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.
6 Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцва, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.