15 Tақырып. Экологиялиқ қылмыстар және оның алдын алу шаралары


15.1 Экологиялық қылмыстардың түсінігі және оларға криминалогиялық мінездеме беру.

 

Экологиялық қылмыстылық – бұл табиғи ортаға, оны қорғау және ұдайы жаңғырту жөніндегі әртүрлі қатынастарға қол сұғатын, қылмыстық қайталанатын іс-әрекет. Қылмыстық кодексте қылмыстың бұл түріне көптеген баптар арналған, олар суды, атмосфераны, теңіз айдынын ластағандық, жерді бүлдіру, жер қойнауын, балық қорларын қорғау және пайдалану ережелерін бұзғандық, орманды жойғандық немесе бүлдіргендік, заңсыз аң аулағандық үшін жауапкершілік қарастырылған.

Тіркелген экологиялық қылмыстардың 60%-ына жуығын адамдар топтасып істеген. Мысалы, броконьерлікпен айналысатын ұйымдасқан топтарда шапшаң жүретін көлік, жаңа техника, байланыс құралдары бар, жақсы қаруланған, сыбайластық байланысты да пайдаланады.

Экологиялық қылмыстылықтылықтың себептері:

  • Елдегі қолайсыз экономикалық жағдай;
  • Қоршаған ортаны қорғаудың және тазартудың техникалық құралдарының жоқтығы немесе тиімсіздігі;
  • Халықта экологиялық мәдениеттің төмендігі, азаматтарға экологиялық тәрбие беру және олардың сауатын ашу жұмысының тиімсіздігі;
  • Табиғат қорғау қызметін қаржыландыру, техникалық жабдықтау, кадрлармен және басқа да ресурстармен қамтамасыз ету жағы алда тұрған күрделі мәселеге барабар емес.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

 

1 Кудрявцев В.Н. Криминология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. «Юриспруденция» / Кудрявцев В. Н.; под ред.  Эминова, В. Е. – М. : Юристъ, 2007. – 734 б.

2 Кузнецова Н. Ф. Криминология : учеб. пособие / Н. Ф. Кузнецова. – М. : Проспект, 2007. – 327 б.

3 Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.

4 Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцева, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.

5 Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы. 2005ж

6 Дубовик О. Л., Жалинский А. Э. Причины экологических преступлений.- М 1988

7 Вольфман Д.И. Ответственность за преступление в области охраны природы: квалификация и наказания.- Саратов., 1984.