11.1 Қылмыстық рецидивтің түсінігі және оның әлеуметтік криминалогиялық мінездемесі.
Қылмыс рецидиві (қайталану, қайта келу) – қылмыстардың көптігінің түрі. Қылмыстар рецидивінің әртүрлі ұғымдары бар – қылмыстық-құқықтық, криминологиялық немесе іс жүзіндегі және пенитенциарлық рецидив. Қылмыстық Кодексте қылмыстар рецидиві деп бұрындары қасақана жасаған қылмыстары үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауын айтады.
Қылмыстар рецидиві мына жағдайларда қауіпті деп танылады:
Қылмыстар рецедиві мына жағдайларда аса қауіпті деп танылады:
Пенитенциарлық рецидив – бұрындары бас бостандығынан айыру түрінде жаза өтеген адамның қылмыс жасауы.
Криминологиялық рецидив – іс жүзіндегі рецидив ұғымымен сәйкес келеді – қылмыстың әйтеуір қайталануы, яғни кез келген қайталану. Қылмыс рецедиві қылмыстық әрекеттің ең қауіпті формасы.
Қоғамдық қауіптілігі бойынша рецидивистердің типтері:
- Жағдайға байланысты, ара-тұра;
- Кәнігі;
- Арнаулы кәнігі, кәсіби;
- Аса қауіпті.
Қайталанған қылмыстылыққа тән криминогендік факторларды үш детерминанттық топтарға топтасыруға болады:
11.2 Қайталанған қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары
Қайталанған қылмыстылықтың себептері мен жағдайларының ішінде бас бостандығын айыру түріндегі жазаны атқару кезіндегі заңдылықтардың бұзылуы салмақты мәселе болып табылады.
Жалпы алғанда түзеу мекемелеріндегі криминогендік жағдай жақсы емес – бостандықтағы адамдардың (рецидивистер, ұйымдасқан қылмыстық топтардың көшбасшылары) сотталғандарды қолдауы өседі. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқаратын мекемелердің материалдық базасы көңілді түңілтеді. Осы мекемелердің қызметкерлерімен жіберілетін сотталғандар арасындағы қылмыстық төбелестерге араласпау; күштеу әрекеттері; сотталғандарға қатысты жеңілдіктер мен жазаларға олқы қарау; сотталған адамдардың туыстары мен жақын адамдары арасындағы құқыққа қайшы қарым-қатынас; нәтижесінде түзеу мекемесіне тыйым салынған заттар кіргізіледі; қылмыстық «басшылардың» қолымен тәртіпке келтіруге пайдалану сияқты заңдылықтарды бұзушылықтар қауіпті болып табылады. Криминалдық рецидивизмнің себептері мен жағдайларының келесі бір тобы – жазаны өтеп шыққаннан кейінгі кезеңге тән. Қайталанған қылмыстарды жасауға түзеу мекемесінен шыққаннан кейінгі алғашқы жылында сот пен түзеу мекемесінің әкімшілігінің жіберген қателіктері әсер етеді, оларды оңалту және бейімдету жүйесінің төмендігі, әкімшілік бақылаудың әлсіздігі, жергілікті атқарушы органдардың бақылаушы комиссияларының, бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылғандарды еңбекке орналастырудың болмауы және т.б.
11.3 Қайталанған қылмыстылықтың алдын алу
Қайталанған қылмыстардың себептері мен жағдайларын топтастыруға сәйкес төмендегімен байланысты арнаулы алдын алу шараларын бөлуге болады:
Қылмыстарды анықтау, тергеу және сот талқылауына қатысты мыналарды қамтамасыз ету міндеті тұр:
- Қылмыскерлер үшін жазаның жоғары мөлшерінің мүмкіндігін;
- Кінәлінің жеке тұлғасына, қылмыстың ниетіне барынша сәйкес келетін шараны таңдау үшін бастапқы мәліметтер;
- Қылмыстық қызметті жалғастыруға тойтарыс беретін жолын кесу шараларын таңдау;
- Іс құжаттары бойынша притондарды анықтау, құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларды әшкерелеуге бағытталған алдын алу шараларын ұйымдастырудағы әрекетсіздігі нәтижесінде қылмыстардың қайталануы орын алған тұлғаларды заңда көзделген жауаптылыққа тарту қажет.
Жазаларды тағайындауға байланысты қолданылатын жазаларды жеке-дараландыруды (индивидуализация) жүзеге асыру қажет. Рецидив кезінде сот алдыңғы жазаның әсері жеткіліксіз болған жағдайларды есепке алуы керек. Жазаны атқару сатысына қатысты аса қауіпті детерминанттарды (себеп-жағдайды) жою және бейтараптандыру мақсатында қайталанған қылмыстылықтың алдын алу жұмысы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде реттелген. ҚАК-де сотталғандардың құқықтық жағдайы реттелген, түзеу мекемелерінің қызметкерлері сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Бұндай заңдағы нормалар түзеу мекемелеріндегі күш қолдануды болдырмау, қылмыстық ортаның беделділерінің өктемдігі, белсенділігі өсе бастаған ресми емес ережелер мен дәстүрлерді бейтараптандыруға бағытталған.
Постпенитенциарлық алдын алудың тиімділігі жазасын өтеп шыққан тұлғалардың тәуелсіз өмір жағдайына бейімделуі мен әлеуметтенуіне байланысты жүргізілген түзеу мекемелері қызметінің нәтижелігімен анықталады.
Рецидивті арнайы постпенитенциарлық алдын алудың негізгі субьектілері:
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан.- Алматы: Ғылым, 1999.
2 Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы, 2005.- 480 б.
3 Алауханов Е. О. Криминология : учебник / Алауханов Е. О. – Алматы : Жетi жарғы, 2008. – 660 б.
4 Кудрявцев В.Н. Криминология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. «Юриспруденция» / Кудрявцев В. Н.; под ред. Эминова, В. Е. – М. : Юристъ, 2007. – 734 б.
5 Кузнецова Н. Ф. Криминология : учеб. пособие / Н. Ф. Кузнецова. – М. : Проспект, 2007. – 327 б.
6 Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.
7 Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцва, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.