9 Tақырып. Экономикалық қылмыстардың криминалогиялық сипаттамасы


9.1 Экономикалық қызмет саласындағы  қылмыскерліктің түсінігі, негізгі сипаттамалары және әлеуметтік бағасы.

 

Экономикалық қылмыстылық – бұл ойластырылған, жоспарланған пайдакүнемдік криминалдық әрекеттің көрініс табуы, мұны көпшілік жағдайда экономикалық, шаруашылық қызметінің субьектілері ұжымдық негізде және әртүрлі субьектілердің тиісті қызметіндегі жағдайларды, олардың арасындағы байланыстарды пайдалана отырып іске асырады. Ол көлеңкелі экономикамен тығыз байланысты, оның қылмыстық секторын құрады, сондай-ақ ол сыбайлас жемқорлықпен де байланыста болады. Соңғыға қатысты алатын болсақ – көптеген экономикалық қылмыскерлер мемлекеттік және басқа органдардың қызметін өз мүддесі үшін өзгертуге, мемлекеттің экономикалық саясатын өз қалауынша белгілеуге тырысуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Экономика саласындағы қылмыстар» тарауында криминологиялық тұрғыдан алынған жалпы қылмыстық та (ұрлық, тонау, алаяқтық және т.б.), әдеттегі «экономикалық» та (заңсыз кәсіпкерлік, тауар белгісін заңсыз пайдалану және т.б.), тіптен сыбайлас жемқорлық та (әртүрлі жарыстар, конкурстар ұйымдастырушыларды және оған қатысушыларды сатып алу) іс-әрекеттер қарастырылған. Экономикалық қылмыстылықтың еркеше түріне салық және кеден қылмыстары да жатады, олармен күресті тиісінше салық полициясы және кеден органдары жүргізеді.

Экономикалық қылмыстылықтың себептілігін және детерминациясын талдағанда ол үшін ерекше болып келетін мына тұстарға:

а) материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге;

ә) есеп жүргізу мен бақылаудың жайына;

б) нақты экономикалық-шаруашылық қатынастардың заңда белгіленетін сипатына;

в) адамның жеке басы сипаттамасының сол экономикалық салада, шаруашылық байланыстарда ұстанатын әлеуметтік позициясына сәйкес екендігіне назар аудару керек. Мемлекеттік қылмыстылыққа «мемлекеттік және қоғамдық құрылысына қастандық жасаушы қылмыстардың жиынтығы» деп анықтама берілген. Бұл, бәрінен бұрын, мемлекеттің конституциялық негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, бірақ мұның қатарына «саяси терроризм» деп аталатын фактілер мен жаппай тәртіпсіздіктің кейбір түрлері жатқызылуы мүмкін. Әрине, бұл лажсыздан аштық жариялау емес, негізінде мақсатты сепаратизм, мемлекетті бөлшектеу және т.б. қылмыстар. Қылмыстылықтың бұл түрінің себебін және оны қалыптастырған жағдайларды талдағанда тек саяси, идеологиялық ұғымдар ғана емес, пайдакүнемдік те, жауапкершіліктен құтылумен байланысты басқа да қылмыстар да, мемлекеттің нақты өкілдеріне, қызметкерлеріне өкпе де байқалады. Сонымен қатар қылмыстылықтың тек осы түрінде «сыртқы» деп аталатын ерекше фактор, атап айтқанда шетелдік барлау қызметінің мақсатты әрекеттері көрініс табады.

Қылмыстылықтың осы түрлерімен күрес, бұл:

а) сыртқы дұшпанмен;

ә) өз азаматтарының және сол мемлекетттің аумағында тұрып жатқан басқа да адамдардың тиісті іс-қимылымен күрес. Бұл екі жағдайдағы әрекеттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, әшкереленген «өз» қылмыскерлерінің бәрі осында қалады, сондықтан адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, заң шегінде оған қатысты қолданылатын тәрбиелеу шараларының маңызы зор.

Мемлекеттік қылмыстылықтың себептік кешенінде: адамға сырттан ақпараттық-идеологиялық ықпал ету; адамның қалыптасқан өз өміріне қанағаттанбауы; мелекеттің ресми жүргізіп отырған саясатына толықтай немесе оның кейбір тұстарына келіспеу; басқару органдарына өкпе, кейбір кемшіліктерді басқаша түсіну және қате талқылау; басқа да факторлар орын алады. Әртүрлі қоғамдық қатынастарға қарсы абайсызда жасалатын қылмыстар түрі өте көп. Олардың жасалу формалары әртүрлі болғанмен, негіздері ортақ – алаңғасарлық немесе ұқыпсыздық. Жасалатын саласына қарай олар былайша бөлінеді: тұрмыстық абайламау; техникалық абайламай; лауазымдық абайламау.

Қылмыстардың мұндай түрінің криминологиялық сипаттамасы субьектінің іс-әрекетінің мәніне баса назар аударады, жаза қарастырылғанда алдымен қандай да бір ережені бұзу сипатына, айыптының ол бұзушылыққа қандай қатынаста екендігіне, оның одан кейінгі іс-әрекетіне және субьектінің жеке басын сипаттайтын басқа да мән-жайларға мән беріледі.

Абайсызда жасалатын қылмыстардың себептері мен жағдайлары:

  • Жалпы қоғам деңгейінде алсақ, бұл- әлеуметтік тәртіпсіздік, бетімен кеткендік;
  • Абайсызда жасалған қылмыстардың субьективтік детерминанттары адамның мынадай құлықтылық-психологиялық қасиеттерімен: ішкі тәртіпсіздігімен, ұқыпсыздығымен, қамсыздығымен, өзіне өте сенушілігімен, менмендігімен, басқаның пікірімен санаспаушылығымен байланысты.

 

  1. 2 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыскерліктің ескертулерінің негізгі бағыттары.

 

Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығы түсінігіне барлық сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың жиынтығы кіреді. Сыбайлас жемқорлық бұл - мемлекеттік функцияларды орындауға міндетті тұлғалардың өз мәртебесін және онымен байланысты мүмкіндіктерін заңмен көзделмеген материалдық өзге де құндылықтар мен артықшылықтарды алуы, сондай-ақ бұл құндылықтар мен артықшылықтардың заңды және жеке тұлғалармен заңға қайшы берілуі.

Сыбайлас жемқорлықтың механизмі – бұл:

- Мемлекеттік қызметтегі тұлға заңсыз өзінің қызметтік өкілеттігін не қызметін сататын, ал сатып алушы өз мақсаты үшін мемлекеттік не өзге де құрылымды пайдалануға мүмкіндік алатын екі жақты келісім;

- Қызметкерлерге бір мезгілде күшті психикалық әсер ету арқылы оларды сатып алу (ұйымдасқан қылмыстылыққа тән);

Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының себептері мен жағдайларын қарастырған кезде мыналарды атап өткен жөн:

- Қызметтік ортаның сипаттамасын;

- Қызметкерлердің мінездемесін;

- Әлеуметтік бақылаудың жағдайын;

Қызметтік ортада сыбайлас жемқорлық қылмыстарын туындататын жағдайларға төмендегілер жатады: Қызметкерлердің не олардың отбасылары жеткілікті өмір сүруі үшін еңбек ақының қажетті мөлшері туралы ережелердің жеткіліксіздігі мен орындамауы; Басқарудың түрі. Жағдайға байланысты басқаруда мәселелер жекелеген қызметкерлердің қалауы бойынша шешіледі. Құқықтық реттеу тек жалпы тәртіпте жүзеге асырылады. Нормативті басқару кезінде белгілі бір жағдайларда оларды жан-жақты реттейтін құқықтық нормаларды қолданудан тұрады. Бұл жағдайда да парақорлық болады, бірақ пара қызметкер орнатылған ережелерді бұзу үшін беріледі.

Әлеуметтік-психологиялық жағдай. Сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы құптарлық құбылыс ретінде тану криминалдық ниеттің қалыптасуының бір факторы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасайтын қызметкерлердің мінездемесіне олардың құндылықтарының сатылылығы (иерархия) тән, соның ішінде материалдық пайда үшін моралдық нормалар мен заңдарды, кәсіби абыройды құрбандыққа әкеледі. Көрсеқызар, көре алмаушылық, пайдақорлық сияқты мінездер болады.

Жеке тұлғаны қоршаған әлеуметтік орта туралы айтқанда: Ол ортада сыбайлас жемқорлық не өзге де криминалдық қызмет есебінен қол жеткізген жоғары материалдық қамтылған тұлғалардың болуы; Жеке тұлғаның өмірінің материалдық қамтылуы және алдағы уақытта тез төмендеп кетуі; Қымбат тұратын мүдделері мен әдеттерінің болуы және т.б. Әлеуметтік бақылау алдын алушы сипатта болуы керек. Қызметкерлердің кірістері мен шығыстарын, қызметтік міндеттерін орындауын бақылаудың болмауы, сыбайлас жемқорлық фактілерін елемеу, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының болуын жеңілдететін жағдайлар болып табылады. Жалпы алдын алу бойынша сыбайлас жемқорлықты жаңа қоғамдық қатынастардың дамуының құралы ретінде қолдануға жол бермеу, сондай-ақ криминалдық капиталдардың көбеюі мен жылыстауын болдырмау қажет.

Сыбайлас жемқорлықтың арнаулы алдын алуда төмендегі шараларды жүргізу маңызды:

- Қызметкерлердің не олардың отбасылары жеткілікті өмір сүруі үшін материалдық қамтамасыз ету;

- Кадрлық саясатқа, мемлекеттік және өзге де қызметкерлер санатының кірістері мен шығыстарына бақылау жасау (декларация тапсырту);

- Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылықпен күрес жүргізетін тұлғалардың (сондай-ақ олардың отбасыларының) қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік қызмет істеуіне байланысты берілетін мелекеттік пәтерлерді қызметтік қолдану режимін енгізу;

- Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінен барлық төлемдерді тек заң жүзінде жүргізу және т.б.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының алдын алуды ұйымдастыру мынаған негізделуі керек:

- Сыбайлас жемқорлық пен оның себептерінің өзгерісін тұрақты талдау;

- Шынайы әлеуметтік-экономикалық, саяси, қоғамдық сананың жағдайын, құқық қорғау жүйесін есепке ала отырып, онымен күрестің тактикасы мен стратегиясын анықтау;

- Заңға бағынышты актілер емес, заң негізінде жүргізу;

- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің мақсатты бағдарламаларын әзірлеу;

- Кадрларды мамандандыру және құқық қоғау органдарында мамандандырылған құрылмдарды құру;

 - Азаматтық қоғамның, халықтың, заңды тұлғалардың көмегін пайдалану;

Жұмыс нәтижелерін жүйелі түрде бағалау және шарларды түзетіп отыру және т.б.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Мауленов Г.С. Основные характеристики преступности в Республике Казахстан.- Алматы: Ғылым, 1999.

2 Алауханов Е.О. Криминология. Алматы Жеті жарғы, 2005.- 480 б.

3 Алауханов  Е. О. Криминология : учебник / Алауханов Е. О. – Алматы : Жетi жарғы, 2008. – 660 б.

4 Кудрявцев В.Н. Криминология : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. «Юриспруденция» / Кудрявцев В. Н.; под ред.  Эминова, В. Е. – М. : Юристъ, 2007. – 734 б.

5 Кузнецова Н. Ф. Криминология : учеб. пособие / Н. Ф. Кузнецова. – М. : Проспект, 2007. – 327 б.

6 Козаченко И. Я Криминология : учебник для вузов по спец. «Юриспруденция» / И. Я. Козаченко, К. В. Корсаков. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 303 б.

7 Криминология : учебник для вузов / под ред. : В. Н. Кудрявцва, В. Е. Эминова. – 4-е изд., перераб. и доп. – М. : НОРМА : ИНФРА-М, 2012. – 799 б.