Әлеуметтік ағзаның қызмет етуіне кедергі жасайтын қылмыстылық мемлекеттік билік және тұтастай алғанда қоғам үшін күрделі және ауқымды проблема болып табылады. Қылмыстылық адамзат тарихында болған, бар және болады, кез келген мемлекет қылмыстылықпен күресуге мүдделі болады. Қазіргі кезде қылмыстылық адам өмірінің және қызметінің әр саласында тұрақты түрде көрінеді. Қылмыстылыққа деген қорқыныштың адам өмірінде қатар жүруі - өмір шындығы.
Сондықтан да әр заңгер үшін қылмыстылықтың мәні, қайнар көзі және заңдылығы, сондай-ақ оны алдын алу мен оған қарсы күрес жүргізу шаралары туралы түсініктер болуы қажет. Дәл осы сұрақтарды «қылмыснама» (латынның «crimen» – қылмыс және гректің «logos» – ілім деген сөзінен шыққан, яғни, қылмыс туралы ілімді білдіреді) ғылымы зерттейді.
Осы құрал студенттердің өздігінен дайындалуына арналған. Ұсынылған кестеде қылмыснаманың теориялық сұрақтары және қылмыстылық пен оның жекелеген түрлерін алдын алудың ұйымдастырушылық-тактикалық негіздері баяндалған.
Қылмыснама ғылымының нақты тақырыптарына қатысты әр кестемен танысу, ұсынылған оқу әдебиеттерін оқу пәннің негізгі теориялық ережелерін терең меңгеруге көмектеседі, қандай да бір проблема бойынша өзіндік көзқарасты қылыптастырады. Сондай-ақ оған арнайы және мерзімдік басылымдарда басылатын қылмыстылықпен күресу мәселелері бойынша заңнамаларды, қылмыснамалық статистикаға, қылмыстық істер бойынша сот практикасына талдау жасауда көмектеседі.