Практикалық жұмыс №1Қарапайым HTML-бетін құру
Жұмыс мақсаты: HTML тілінде қарапайым Web-беттерді құрып үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар#
HTML тілі – web-бет мәтіндеріне кірістірілетін және абзацты, қаріп түрін түзетуді, сыртқы файлдарға деген сілтемелерді, басқа web-парақтар немесе сол web-беттің бөліктеріне деген сілтемелерді анықтайтын бұйрықтар (тегтер) жиынтығы.
Web-бет – экранда браузер арқылы көруге болатын мәтіні кірістірілген және дискіде жеке файл түрінде сақталатын, сонымен қатар қосымша жеке файлдарда сақталатын мультимедиа-иллюстрациялы (суреттер, видео, аудио және т.б.) сілтемелері бар ерекше құжат.
Тегтердің көбі ашылатын және жабылатын тегтерден тұратын контейнерді құрайды. Тегтерді бас әріптермен де, кішкентай әріптермен де теруге болады.
Web-бет <HTML>...</HTML> тегтерінде орналасып, екі бөліктен тұрады: атауы және браузерде бейнеленетін мазмұны.
Парақ тақырыбы <HEAD>...</HEAD> тегтерінде орналасады. Тақырып құрамына <TITLE>...</TITLE> тегтерінде орналасатын және браузер терезесінің жоғарғы жолында бейнеленетін беттің тақырыбы кіреді.
Сондай-ақ тақырып құрамына қарау кезінде бейнеленбейтін мета-тегтер кіреді, олар беттің браузерде дұрыс бейнеленуіне жауап беретін, сонымен қатар бетті сипаттайтын және іздеу жүйелерінің жұмысын қарастыратын кілттік сөздері болып табылады.
Браузерде бейнеленетін беттің мазмұны <BODY>...</BODY> тегтерінде орналасады.
Құжаттың жалпы құрылымы келесі тегтерден тұрады:
<HTML>
<HEAD> Құжат тақырыбы
<TITLE> Құжат атауы </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
Құжат денесі
</BODY>
</HTML>BODY тегі келесі атрибуттарға ие:
background – құжат мәтіні бейнелетін фонды анықтайды.
Мысалы:
<BODY background="bak.gif">HTML-құжаты мысалында фон ретінде "bak.gif" кішкентай графикалық бейнесі пайдаланылатын болады.
backcolor = #ffffff (yellow) – фонның түсін анықтайды (сары).
text = #0000ff (blue) – мәтін түсін анықтайды (көк).
Bgcolor – құжат мәтінінің түсін анықтайды. Парақша айналасының түсі өзгеруі мүмкін болғандықтан, мәтіннің сәйкес түсін таңдай білу қажет. Ол үшін келесі атрибуттар қолданылады:
text – құжат мәтінінің түсін анықтайды;
link – гипермәтіндік сілтеме бойынша өту жүзеге асырылатын мәтіннің белгіленген элементін басқан кездегі түсін анықтайды;
vlink – бұрын қаралған құжат сілтемесінің түсін анықтайды;
alink – тышқан курсоры бағытталып, оның оң жақ батырмасы басылған кездегі сілтеме түсін анықтайды, яғни тура сілтемеге өтер уақыт алдында.
Ескерту: HTML тіліндегі код Блокнот мәтіндік редакторында теріліп, .html кеңейтпесімен сақталуы керек. Сонда ол файл веб-бет түрінде сақталады. Оны кез-келген браузермен көруге болады (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox және т.б.).
Тапсырма-1. Негізгі тегтермен таныстыратын Web-бетті құрыңыз#
- Барлық файлдарды сақтау үшін өзіңіздің жеке бумаңызды құрыңыз.
- Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
- Бағдарлама терезесінде келесі Html кодын теріңіз:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші Web-бетім </TITLE>
</HEAD>
<BODY>
HTML тегтерімен танысу
</BODY>
</HTML>- Файлды web61.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.
Web-бетті көру үшін браузердің кез-келген программасын қолданыңыз (Internet Explorer, Opera, Mozilla Firefox және т.б.). Ол үшін, Блокнот программасын жаппай (терезені есептер тақтасына жинастырып қойыңыз), жеке бумаңызды ашып, web61.html файлын екі рет шертіп браузер терезесін ашыңыз. Сонда экранда келесі суреттегідей пайда болады:

Тапсырма-2. HTML-дің негізгі тегтерімен таныстыратын Web-бетті құрыңыз. Мәтіннің фоны мен түсін өзгертіңіз#
- Блокнот арқылы web61.html файлын ашыңыз. Келесі түрде құжаттың кодын өзгертіңіз:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Менің бірінші Web-бетім </TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor="yellow" text="green">
HTML тегтерімен танысу
</BODY>
</HTML>- Файлды web62.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.
- Жұмыстың нәтижесі экранда 1.2-суреттегідей көрсетіледі.

Құжат тақырыптарының деңгейлері (H1-H6 тегтері)#
Браузермен бейнеленген мәтін өлшемдерін басқарудың екі тәсілі бар:
- тақырып стильдерін пайдалану;
- негізгі құжат қаріпін өлшемін немесе ағымдағы қаріп өлшемін беру.
Тақырыптар құжат бөлімдерінің басын білдіреді. HTML-да 1-ден 6-ға дейінгі нөмірлі, тақырыптың алты деңгейі бар (бірінші деңгейлі тақырыбы жоғары деңгейлі тақырып болып табылады).
<H1>...</H1> тегтерінің арасындағы мәтін үлкен болып табылады – ол негізгі тақырып.
<H6>...</H6> тегтерінің арасындағы мәтін ең кіші болып табылады.
Егер мәтін <H2>...</H2> қоршалса, ол кішірек болып көрінеді (тақырыпша); <H3>...</H3> ішіндегі мәтін одан да кішірек және одан әрі қарай <H6>...</H6>-ға дейін.
Align атрибуты сол жақ және оң жақ, ортасы және ені бойынша мәтінді түзейді. Үндеу бойынша мәтін сол жақ бойынша түзеледі.
Аталған атрибутты сондай-ақ графиктер мен кестелерге де пайдалануға болады.
align = left – сол жақ бойынша түзейді;
align = right – оң жақ бойынша;
align = center – орталық бойынша;
align = justify – ені бойынша (яғни парақшаның екі жақ ені бойынша).
Тапсырма-3. Web-беттің символдарының деңгейін (өлшемін) белгілей керек#
- Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
- Программа терезесіне келесі кодты теріңіз:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>1-ден 6-ға дейінгі деңгейдегі тақырыптар мысалдары</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor="LightBlue" text="red">
<H1>Ең үлкен деңгейлі тақырып</H1>
<H2 align=right>Оң жақ бойынша түзетілген екінші деңгейлі тақырып</H2>
<H3 align=center>Ортасы бойынша түзетілген үшінші деңгейлі тақырып</H3>
<H4>Төртінші деңгейлі тақырып</H4>
<H5 align=left>Сол жақ бойынша түзетілген бесінші деңгейлі тақырып</H5>
<H6 align=justify>Ені бойынша түзетілген ең кіші деңгейлі тақырып</H6>
</BODY>
</HTML>- Файлды web63.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.
- Жұмыстың нәтижесі экранда 1.3-суреттегідей көрсетіледі.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#
«АПТА КҮНДЕРІ» жобасы.
Қарастырылған тегтер мен атрибуттарды қолданып, келесі суретте көрсетілген веб-бетті құрыңыз.
