Негізгі мазмұнға өту

Практикалық жұмыс №8Web - беттегі мультимедиа

Жұмыс мақсаты: Веб-бетке дыбыстық фон, жүгіртпе жол, аудио және бейне файлдарды орналастыруды үйрену.

Қысқаша теориялық мағлұматтар#

1) Дыбыстық фон (элемент BGSOUND)#

Фондық режимде дыбыстық жазбаны қосу – бетті дыбыстандырудың ең қарапайым жолы. Әдетте бұл тәсілді сәлемдесу немесе музыкалық сүйемелдеу үшін пайдаланады. Пайдаланушы сіздің веб бетіңізді жүктеген сәтте фондық дыбыс автоматты түрде қосылады.

Дыбыстық файлды фондық режимде қосу үшін BGSOUND элементі және оның атрибуттары қолданылады:

  • src – дыбыстық файл адресін белгілейді. Мысалы, <BGSOUND src="duet.mid"> тегі duet.mid файлының бір реттік жүргізілуін белгілейді.
  • loop – файл неше рет ойнатылатынын анықтайды. Мысалы, <BGSOUND src="duet.mid" loop=5> тегі duet.mid файлы 5 рет ойнатылатынын білдіреді. Егер loop="infinite" болса, дыбыс пайдаланушы веб бетте болған бүкіл уақыт бойы ойнайды.

2) Жүгіртпе жол (<MARQUEE> элементі)#

Оның негізгі атрибуттары:

АтрибуттарыМәні
bgcolorБұл атрибут жүгіртпе жолдың фонының түсін белгілейді. <MARQUEE bgcolor="түс">
heightБұл атрибут жүгіртпе жолдың биіктігін пиксельдермен немесе терезе пайызымен белгілейді. <MARQUEE height=сан>
alignБұл атрибут жүгіртпе жолдың жоғарғы жағы top бойынша, ортасы middle бойынша немесе төменгі шеті bottom бойынша түзеледі. <MARQUEE align=...>
directionБұл атрибут жүгіртпе жолдың бағытын белгілейді: left солға, right оңға, up жоғарыға, down төменге. <MARQUEE direction="...">
behaviorБұл атрибут жүгіртпе жолдың қалпын реттейді, немесе scroll айналым, немесе аялдамалы slide айналым, немесе бір шетінен екінші шетіне қарай alternate жылжу. <MARQUEE behavior="...">
hspaceБұл атрибут жүгіртпе жолдың пиксельдерін оң жаққа қарай ауыстырады. <MARQUEE hspace=сан>
vspaceБұл атрибут жүгіртпе жолдың үсті мен астында бос кеңістік жасайды. <MARQUEE vspace=сан>
loopБұл атрибут жүгіртпе жолдың өту санын реттейді. <MARQUEE loop=сан>
scrollamountБұл атрибут жүгіртпе жолдың қозғалыс жылдамдығын белгілейді, егер оның мәні 1-ге тең болса, онда ол өте әрең жылжитын болады, ал егер оның мәні 10-нан артық болса, ол өте жылдам қозғалатын болады. <MARQUEE scrollamount=сан>
scrolldelayБұл атрибут жүгіртпе жолдың қадамдарының арасындағы уақыттық интервал туғызады, оның көмегімен жолды жұлқындырып қозғалтуға болады. <MARQUEE scrolldelay=сан>

3) Аудио мен бейнені (video) енгізу (EMBED элементі)#

Браузерлер AU, MID/.MIDI және .WAV форматтарындағы дыбыстық файлдардың ойналуын қолдайды.

HTML
<a href="аудио файл URL"> сипаттама </a>

Фондық режимдегі дыбыстық сүйемел веб бет қонағына дыбысты басқаруға мүмкіндік бермейді. Мысалы, ол фонды сөндіріп тастай алмайды. Егер Web-бетке аудиоплейер орнатылған болса ғана дыбысты басқаруға болады. Ол беттің кез келген жерінде BODY элементінің ішінде орналасқан <EMBED> тегінің көмегімен жасалады. Көптеген браузерлер .MPG/.MPEG, .QT және .AVI жалпы пайдаланылатын форматтарда бейне файлдарды көруге мүмкіндік береді, ол үшін арнайы гиперсілтемелер жасалады:

HTML
<a href="бейнефайл URL"> сипаттама </a>

Сондай-ақ Web-беттегі бейнені орнатудың ең қарапайым тәсілі, бейнефайлды <EMBED> тегінің көмегімен орналастыру болып табылады. Оның жазылу түрі, атрибуттары және атрибуттардың мүмкін мәндері аудио файлдарды енгізу жағдайындағы тәрізді.

Мысалы, егер құжатқа video.avi атты бейнені енгізу керек болса, онда:

HTML
<EMBED src="video.avi">

тегін жазу қажет. Бейнефайл енгізілген жағдайда браузер терезесінде бейнеклиптің ойналуы жүзеге асады.

<EMBED> элементі келесі атрибуттармен жұмыс істей алады:

АтрибутМәні
SRC=name.aviДыбыстық, бейне клиптің атауы.
WIDTH=XЕнгізілетін объектінің енін (X) пиксельмен белгілейді.
HEIGHT=YЕнгізілетін объектінің биіктігін (Y) пиксельмен белгілейді.
AUTOSTART=trueЕгер AUTOSTART=true қасиетін белгілемесе, онда бейнеклип құжаттың жүктелген кезінде автоматтық түрде ойналмайды, және оны басқару батырмаларының көмегімен ойнатуға болады. (TRUE | FALSE).
REPEAT=TRUEДыбыстық/бейне клиптің қайталануына рұқсат етеді немесе рұқсат етпейді (TRUE | FALSE).
LOOPҚайталау санын белгілейді, true немесе false мәндерін қабылдайды.
PLAY_LOOP=ZЕгер сіз REPEAT=TRUE мәндерін белгілесеңіз, мұнда Z орнына қайталау санын белгілеңіз.
HIDDENБасқару тақтасын жасыруға мүмкіндік береді, true немесе false мәндерін қабылдайды.
BGCOLORОрнатылатын объекті фонын белгілейді.
ALTБалама (альтернативті) мазмұн береді.
TYPEМультимедиа файлының түрін көрсетеді.
QUALITYМультимедиа файлының сапасын көрсетеді.
PLUGINSPAGEМультимедиа файлының ойналуы үшін плагин URL көрсетеді.

Тапсырма-1#

Қажетті атрибуттарды қолданып, веб-бетте оңға және солға қарай жылжитын жүгіртпе жолды құрыңыз.

HTML
<html>
<head>
    <title>Жүгіртпе жол</title>
</head>

<body background="color.jpg">
    <H2 align=center>Жүгіртпе жолдар</H2>
    <hr>

    <MARQUEE bgcolor=pink direction=right scrollamount="10"
        scrolldelay="100" height=30 align="BOTTOM">

        <h1><i><Font color=blue><h2><font face="Comic Sans MS">
        <img src="8496.jpg" width=70 height=50 BORDER=3 ALIGN=MIDDLE>
        Бұл бірінші жүгіртпе жол
        </i></Font></h1>
        </font></h2>

    </MARQUEE>

    <p>
    <MARQUEE bgcolor=lime direction=left scrollamount="8"
        scrolldelay="150" height=30 width="90%">
        Бұл екінші жүгіртпе жол
    </MARQUEE>
    </hr>

</body>
</html>

Құжатты veb81.html атауымен сақтаңыз.

Сурет: Тапсырма-1

Тапсырма-2. Веб-бетке дыбысты, аудио және бейне клипті кірістіру#

Ол үшін дыбыстық файлды, аудио және бейне клип файлдарын алдын-ала өз бумаңызға сақтап алыңыз.

HTML
<html>
<head>
<title>Дыбыстық және бейне файлдарды кірістіру</title>
</head>

<body bgcolor=gold>

<H2 align=center>Дыбыстық және бейне файлдарды кірістіру</H2>

<I>Дыбыстық файлға сілтеме:</I>
<A href="kalimba.mp3">дыбыс</A>

<p><I>Бетті жүктегенде аудио файлды ойнату:</I></p>
<BGSOUND SRC="1.mp3" LOOP=INFINITE></p>

<p><I>Стандартты түрде басқару арқылы бейне клипті ойнату:</I></p>
<p align=center>
    <EMBED SRC="wildlife.wmv" WIDTH=300 HEIGHT=200>
</p>

</body>
</html>

Құжатты veb82.html атауымен сақтаңыз.

Сурет: Тапсырма-2. Веб-бетке дыбысты, аудио және бейне клипті кірістіру

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#

«ТУҒАН КҮНІҢІЗБЕН!» жобасы.

Қарастырылған тегтер мен атрибуттарды қолданып, туған күн мерекесіне арналған веб-бетті құрыңыз. Қажетті ән мен бейнеклипті кірістіріңіз. Веб-бетті өз бетіңізше безендіріңіз.