Практикалық жұмыс №6Web - беттегі графика
Жұмыс мақсаты: веб-бетке графикалық суреттерді кірістіруді, сурет айналасындағы шекараның өлшемі мен қалыңдығын беруді, фондық сурет орнатуды, суреттің асты мен үсті, оң жағы мен сол жағындағы бос орынның өлшемін анықтауды үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар#
Суретті орнату. (Элемент <IMG>)#
Бұл элемент құжат денесіне графикалық сурет орнату үшін пайдаланылады. Графикалық сурет дегеніміз: кішкентай пиктограммалар, суреттер, графикалық объектілері мен сурет карталары. Олар браузер терезесінің үлкен орнын алуы мүмкін. Web-беттегі суретті орнату жолы өте қарапайым және <IMG> тегінің көмегімен орнатылады, ол BODY элементінің кез келген жерінде орналасуы мүмкін.
Сонымен қатар, сурет адресі src атрибутының мәнімен беріледі (атауы source – көзі (источник) сөзінен шыққан). Аталған атрибут <IMG> тегіндегі міндетті атрибуттардың қатарына жатады.
<IMG SRC="picture.gif">Графикалық файлдар бетті сипаттайтын HTML файлының орналасқан бумасында орналасуы тиіс екендігін естен шығармау керек. Web-тегі графика, әдетте үш форматта таралады: GIF, JPG, PNG.
| Сурет атрибуттары | Форматы | Сипаттамасы |
|---|---|---|
| ALT | <IMG SRC="Сурет.JPG" ALT="Сурет"> | Егер сурет көрсетілмесе, онда оның орнына сурет атауының жазылуы, не сол сурет жөнінде мәлімет беріледі. |
| BORDER | <IMG SRC="Сурет.JPG" BORDER="3"> | Суретті қоршап тұрған жақтау сызығының (шекарасының) қалыңдығы пиксельмен беріледі. |
| ALIGN | <IMG SRC="Сурет.JPG" ALIGN="TOP"> | Мәтінге байланысты суреттің орналасуы көрсетіледі: TOP – жоғары, BOTTOM – төмен, MIDDLE – ортада, LEFT – сол жақта, RIGHT – оң жақта түзетілген. |
| HEIGHT | <IMG SRC="Сурет.JPG" HEIGHT="111"> | Браузер терезесінің ішіндегі суреттің биіктігін (тігінен өлшемін) пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді. |
| WIDTH | <IMG SRC="Сурет.JPG" WIDTH="210"> | Суреттің енін (көлденең өлшемін) пиксельмен немесе терезе енінің пайызымен береді. |
| VSPACE | <IMG SRC="Сурет.JPG" VSPACE="8"> | Суреттің жоғарғы және төменгі жақтарындағы бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді. |
| HSPACE | <IMG SRC="Сурет.JPG" HSPACE="8"> | Суреттің жоғарғы және төменгі жақтарындағы бос аймақ мөлшерін пиксельмен береді. |
Тапсырма-1. HTML құжатына суретті кірістіру#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Сурет кірістіру</TITLE>
</HEAD>
<BODY>
<CENTER><H3>IMG тегі- суретті кірістіру үшін қолданылады</H3>
<IMG src="134.jpg">
</BODY>
</HTML>Құжатты veb61.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.

Тапсырма-2. Түзету параметрлерін қолданып, HTML құжатына суретті кірістіру#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Суретті кірістіру</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor="#ccff33">
<basefont color="#990000">
<font color="blue">
<h2 align="center">
ALIGN атрибуты - суретті мәтінге қатысты түзетеді:
</h2>
</font>
<br>
Мәтінге қатысты суреттің <img src="134.jpg" align="top"> жоғарғы бөлігі түзетілген <br><br>
Мәтінге қатысты суреттің <img src="134.jpg" align=middle> ортаңғы бөлігі түзетілген <br><br>
Мәтінге қатысты суреттің <img src="134.jpg" align=bottom> төменгі бөлігі түзетілген
</BODY>
</HTML>Құжатты web62.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.

Тапсырма-3#
Сәйкесінше атрибуттарды қолданып, суреттің өлшемі мен шекарасының қалыңдығын беру қажет. Үндеу бойынша суреттің өлшемі – 200×150. Жоғарғы суреттердің – өлшемдері, ал төменгі суреттердің – шекараларының қалыңдығы орнатылады.
Жоғарғы суреттерде – ені (width) орнатылса, биіктігі автоматты түрде масштабталады, ал биіктігі height=20% (20% от размеров отображаемого браузера) орнатылса, ені автоматты түрде масштабталады.
Бірінші суретке төменгі шекара бойынша түзету атрибуты берілген. Ол суреттер бір жолдың бойымен бейнеленуі үшін керек.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Суреттің өлшемі мен шекарасы</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=aqua>
<font color=red>
<h3 align=center>Суреттің өлшемдері:</h3>
</font><br>
<img src="134.jpg" align=bottom>
<img src="134.jpg" width=160>
<img src="134.jpg" height=20%>
<br>
<font color=blue>
<h3 align=center>Сурет шекарасының қалыңдығы:</h3>
</font>
<br>
<img src="134.jpg" align=bottom>
<img src="134.jpg" border=15>
<img src="134.jpg" border=40>
</BODY>
</HTML>Құжатты web63.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.

Web-бетке фондық суретті орнату#
Фондық сурет – браузер терезесінің оның өлшеміне қатыссыз толтыратын, бірнеше рет қайталанатын кішкентай суреті бар графикалық файл. Фондық сурет ретінде пайдаланылатын графика Background атрибутын жазу нәтижесінде пайда болады және <BODY> тегінде беріледі.
Тапсырма-4#
Сәйкесінше атрибуттарды қолданып, фондық сурет орнату керек, суреттің жоғарғы және төменгі, оң және сол жақтарындағы бос орындарының өлшемін анықтау керек.
Құжатқа кірістіретін фондық суретті және шегіністерді анықтау үшін арналған суретті алдын ала дайындап, өз бумаңызға сақтап қойыңыз.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Фондық сурет орнату</TITLE>
</HEAD>
<BODY BACKGROUND="134.jpg">
<P ALIGN=justify>
<FONT COLOR=red SIZE="6">
<B>Компьютерлік графика - </B></FONT>
<FONT SIZE="5"><I>
әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,
<img src="134.jpg" hspace=25>
мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың
<img src="134.jpg" vspace=25>
маңызды саласы.</I>
</FONT>
</P>
</BODY>
</HTML>Сонда экранда сіз 1.6.4-суреттегідей бейнені көресіз.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#
«ЗООБАҚ» жобасы.
Қажетті тегтерді, сәйкесінше атрибуттарды және қажетті суреттерді қолданып, зообақтың аңдары туралы веб бетті құрыңыз. Аңдардың суреттерін кірістіріп, олар туралы қысқаша мағлұматтар беріңіз. Құжатты өз бетіңізше безендіріңіз.