Практикалық жұмыс №7Гиперсілтемелерді жасау
Жұмыс мақсаты: Мәтін мен суретке гиперсілтемелер жасауды үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар#
1. Гипермәтіндік сілтемелер#
Сілтеме бұл құжаттың бір үзіндісінің (элементінің) сол құжаттың немесе басқа құжаттың үзіндісімен логикалық байланысын білдіреді.
Егер сілтемені тышқанмен шерткенде, аталған байланыс бойынша өтілім орындалады.
Сілтемені жасау үшін (сыртқы да, ішкі де) байланыс элементі, немесе басқаша айтқанда якорлық элемент (anchor element терминінің тура аудармасы) деп аталатын <A> элементі пайдаланылады. <A> элементінің атауы anchor сөзінің алғашқы әрпінен туындаған.
<A> байланыс элементі қарапайым міндетті атқарады: экрандағы сілтемелердің мазмұнын бейнелеу және браузерге сілтемені басқан кезде қай ресурсқа бару керек екендігін көрсету. Ол үшін <A> тегінің ішінде href міндетті атрибуты жазылады, оның көмегімен мақсаттық ресурс анықталады (соңғы бөлігі), ал <A> контейнерінің ішінде сілтеме мазмұны бейнеленеді. <A> элементінің құрамында кез келген мәтіндік белгілер немесе графикалық элементтер болуы мүмкін. Құжаттағы сілтеменің орналасу орны (алдыңғы бөлігі) <A> элементінің HTML-кодында орналасу орнымен анықталады.
Қарапайым сілтеме келесі сызба бойынша жасалады:
<A href="өтілім_адресі"> Сілтеме мәтіні </A>Аталған жағдайдағы сілтеме құрамы – ерекшеленген «сілтеме мәтіні», оны басқан кезде өтілім жүзеге асырылады. Жалпы <A> және </A> тегтерінің арасындағы код мәтін болып табылса, <A> элементі байланысты мәтіндік элементі деп аталады.
<A> элементінің негізгі параметрлері:
| Параметр | Мәні |
|---|---|
| HREF | HTML құжатының файл адресі (URL). Егер адресте жол көрсетілмесе, онда ізденіс ағымдағы құжат орналасқан каталогтан басталады. Мысалы: <A HREF="Doc1.html">Құжатты ашу</A> |
| NAME | Ішкі (жергілікті) сілтеме атауы, ол ..... табылады. <A NAME=өріс1></A> <A HREF="#өріс1">Бөлім 1</A> |
| TARGET | Құжат жүктелетін терезе атауы (.....) беріледі. Мынандай мәндері бар: -blank – құжат жаңа терезеге жүктеледі; -parent – құжат сілтеме орналасқан терезеге жүктеледі; -top – құжат навигатордың бүкіл терезесінде орналасады. |
| TITLE | Сілтемені терген кезде навигатор терезінде пайда болатын атау. (Сілтемені көрсеткен кезде пайда болатын көмек). Атауы жоқ нысандарға сілтеме жасаған кезде ыңғайлы. |
Ішкі (жергілікті) сілтеме 2 бөліктен тұрады: хабарландыру және адрес. Хабарландыру да, адрес те <A> тегімен енгізіледі.
Хабарландыру арқылы NAME="Белгі мәтіні" параметрі арқылы терілетін белгі жасалады.
Белгінің адрестік сілтемесі (адрес) HREF="#<файл атауы .HTML>#Белгі мәтіні" параметрімен беріледі.
Ішкі (жергілікті) сілтемелерді пайдаланғанда абай болған жөн, себебі олар бүкіл құжаттың жүктелгенінен кейін ғана жұмыс істейді. HTML құжатын бірнеше файлға бөліп, оларды ішкі сілтемелермен байланыстырып ыңғайлы болып табылады.
2. Суреттерді сілтеме ретінде пайдалану#
Суреттерді гипермәтіндік байланыс ретінде пайдалану <IMG> белгісі ішінде орналасқан <A>...</A> операторының (белгі, тег) көмегімен жүзеге асырылады.
<A HREF="URL"><IMG SRC="файл атауы" [BORDER=0]></A>
<A HREF="Веб1.html"><IMG src="A1.jpg"></A>Үндеу бойынша суреттер шекаралармен белгіленеді. BORDER=0 – шекараның (жиектеменің) шығып кетпеуін қадағалайды. Суреттің жанына гипермәтіндік сілтемені пайдалану бойынша нұсқау берген жөн.
3. Сілтемені безендендіру. Сілтеме түсі#
Үндеу бойынша браузер сілтемелердің белгілі бір түстік безендірілуін орнатады. Өңдеуші өз қалауы бойынша ол түстерді өзгерте алады. Сілтемелер бүкіл құжатқа бірыңғай безендірілетін болғандықтан, сілтеме түсінің атрибуттары BODY құжатының дене элементіне енгізіледі. Түстің келесі атрибуттары бар:
link – белсендендірілмеген сілтемелердің, яғни әлі қаралмаған сілтемелер түстерін белгілейді;
vlink – қаралған сілтемелер түсін белгілейді;
alink – белсенді сілтеменің, яғни тышқан көрсетіп тұрған сілтеме түсін анықтайды.
Осы атрибуттардың әрқайсысының мәні ретінде не түс атауы, немесе #RRGGBB форматындағы оналтылық сан болуы мүмкін. Бір, екі немесе барлық үш атрибутты белгілеуге болады, сонымен қатар белгісіз емес атрибуттар үшін қалып бойынша мәндерді қолдануға болады.
<body bgcolor="#669900" text="#333333"
link="#669900"
vlink="#666666"
alink="#000000">Тапсырма-1#
Қарапайым гипермәтіндік сілтеме жасаңыз. Ол үшін алдын ала "Мысал1.html" құжатын құрып алыңыз, соның ішінде артқа гиперсілтемесі орналасуы керек.
<html>
<head>
<title>Мысал1</title>
</head>
<body>
Мысал1 <br>
<A HREF="veb71.html">артқа</A>
</body>
</html>Содан соң, жаңа құжатты құрып, келесі кодты теріңіз:
<html>
<head>
<title>Гипермәтіндік сілтемелер.</title>
</head>
<body bgcolor=lime>
<p align=center>Қарапайым гиперсілтемелерді құру</p>
<A HREF="Мысал1.html">Мысал1 бетіне өту</A>
</body>
</html>Құжатты veb71.html атауымен сақтаңыз.

Тапсырма-2#
Суретке гиперсілтеме құрыңыз. veb71.html файлын ашып, кез келген суретті кірістіріңіз (суретті алдын ала дайындап, өз бумаңызға сақтап қойыңыз). Келесі кодты теріңіз:
<html>
<head>
<title>Сілтемелер.</title>
</head>
<body bgcolor=azure>
<h2><p align=center>
Гипермәтіндік және графикалық сілтемелерді құру
</h2></p>
<A HREF="Мысал1.html">Мысал1 бетіне өту</A>
<br>
<CENTER><i>Суретті шертіңіз:</i><br>
<A HREF="Мысал2.html">
<IMG src="84123.jpg">
</A>
</CENTER>
</body>
</html>Құжатты veb72.html атауымен сақтаңыз.

Тапсырма-3#
Қарапайым гипермәтіндік сілтеме құрыңыз. Мәтіндік сілтемеге курсорды апарғанда және оны шерткенде түстері өзгеруі қажет, сонымен қатар, көмекші сөз пайда болуы керек.
<html>
<head>
<title>Көмек</title>
</head>
<body bgcolor="pink" vlink="green" alink="blue">
<H2 align=center>
Мәтіндік сілтемеге курсорды апарғанда және оны шерткенде түстері өзгереді
</H2>
<a href="мысал1.html">Сілтеме 1</a>
<br>
<H3 align=center>
Мәтіндік сілтемеге курсорды апарғанда көмекші сөз пайда болады
</H3>
<a href="мысал1.html" title="Пайда болатын көмек">Сілтеме 2</a>
</body>
</html>Құжатты veb73.html атауымен сақтаңыз. Сонда сізде келесі суреттегідей пайда болуы керек.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#
«ТЕЛЕФОНДЫҚ АНЫҚТАМА» жобасы.
Бес web-беттен тұратын және бірнеше әртүрлі гиперсілтемелерді қамтитын телефондық анықтама құрайық.
Телефондық анықтама келесі түрде болсын:
- 1 бет – алғашқы бет, онда әліпби әріптері орналасуы керек.
- 2–5 бет – ішкі беттер, онда әліпбидің сәйкесінше әріптері бойынша ақпараттар орналасуы керек.
Жұмысты орындау бойынша нұсқау:
- Мысал бойынша алғашқы бетті құрыңыз.
- Төрт ішкі беттерді құрыңыз.
- Әрбір ішкі бетке суретті кірістіріңіз, оны шерткенде алғашқы бетке өту гиперсілтемесін қосу керек.
- Алғашқы беттегі әр әріпке гиперсілтеме кірістіріңіз.
- Бүкіл сілтемелердің жұмыс істеуін тексеріңіз.
Әрбір ішкі беттегі суретті шерткенде алғашқы бетке өту керек.