Практикалық жұмыс №3Түстерді және мәтінді форматтаудың кейбір элементтерін анықтау
Жұмыс мақсаты: Мәтінді форматтаусыз бейнелеуді, әр түрлі стильдерді белгілеп үйренуді, яғни HTML тілінде мәтін өлшемі мен түсін басқаруды үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар#
Мәтінді форматтаудың кейбір элементтері:
<SPAN>...</SPAN> – ақпарат бөлігін ерекшелеу және оған әр түрлі стиль беру үшін пайдаланылады.
<span style="color: red;"> мәтін </span>SPAN элементінің көмегімен мәтіндегі әрбір әріпке әр түрлі стиль қолдануға болады (түс, өлшем, және т.б.). Атрибуттары:
- title – пайда болатын көмек (всплывающая подсказка);
- unselectable – аталған элементте мәтінді ерекшелеуге мүмкіндік береді немесе бермейді (on – мүмкіндік береді, off – мүмкіндік бермейді);
- style – мәтін стилі (font-size: 20pt; font-style: italic; color: red).
<SPAN TITLE="көмек" UNSELECTABLE=off> Мәтін </SPAN><PRE> – тег мәтінді форматтаусыз бейнелеуге мүмкіндік береді.
<PRE> мен </PRE> тегтерінде берілген бүкіл мәтін сіз тергендей дәлдікте бейнеленетін болады, сонымен қатар мәтін моноендік (моноширинный) қаріппен берілетін болады, ол мәтінді бағандарға реттеу мәселесін жеңілдетеді. Элемент барлық браузерлерде жұмыс істемейді, ол width атрибутына ие болуы мүмкін. Бұл атрибут мәтінге берілетін бос кеңістіктің енін белгілейді.
<PRE width=символдар саны >...мәтін...</PRE><BLOCKQUOTE> – тег негізгі мәтіннен цитаталарды ерекшелеу үшін пайдаланылады. Ол контейнер болып табылады және форматтаудың кез келген тегтерінен тұруы мүмкін. <BLOCKQUOTE> – белгілі бір атрибуттарды көрсеткен жағдайда мәтіннің сол және оң жағынан өрістерді қосады. Атрибуттары (n – пиксельдер саны):
- leftmargin=n – барлық бет үшін сол жақ өрісті анықтайды;
- topmargin=n – жоғарғы өрісті анықтайды.
<BLOCKQUOTE> Мәтін </BLOCKQUOTE><ADDRESS> – құжат авторының идентификациясы мен автор адресін көрсету үшін қолданылады. Осында авторлық құқықтар туралы мәліметтер енгізіледі. Бұл элемент құжаттың не басында, не аяғында орналасады. Бұл элементте жиі құжаттың құрылуы және жаңалану күні көрсетіледі. Бұл оқырмандарға өздері қарастырып жатқан нұсқаны бұрындары қарастырған-қарастырмағанын білуге көмектеседі. Тегтердің арасында орналасқан мәтін әдетте браузермен курсив түрінде көрсетіледі.
<ADDRESS>байланыс ақпараты</ADDRESS>Құжаттағы түстерді анықтау#
Түсті анықтау үшін қажетті атрибутты пайдаланғаннан кейін не түс атауын (тырнақша ішінде), не оның он алты сандық мәнін қою керек.
Түсті он алты сандық санмен белгілеу үшін ол түсті үш құраушыға бөліп белгілеуге болады: қызыл (R), жасыл (G), көк (B); оның әрқайсысы 0-ден бастап FF-ке дейінгі мәнге ие.
RGB форматындағы түсті жазу мысалдары кестеде берілген:
| Түс | Қазақша | RGB | Түс | Қазақша | RGB |
|---|---|---|---|---|---|
| black | қара | 000000 | purple | күлгін | FF00FF |
| white | ақ | FFFFFF | yellow | сары | FFFF00 |
| red | қызыл | FF0000 | brown | қоңыр | 996633 |
| green | жасыл | 00FF00 | orange | қызғылт сары | FF8000 |
| azure | бирюзовый | 00FFFF | violet | лиловый | 8000FF |
| blue | көк | 0000FF | gray | сұр | A0A0A0 |
| Silver | Күміс түсті | C0C0C0 | Fuchsia | Ашық күлгін | FF00FF |
| maroon | Қанық қызыл | 800000 | lime | Ашық жасыл | 00FF00 |
| Olive | Оливковый | 808000 | Teal | Көк жасыл | 008080 |
| navy | Қанық көк | 000080 | aqua | Ашық көк | 00FFFF |
Аталған түстерден басқа қосымша түстер де бар. Олардың барлық саны 216 түс. Түсті белгілеу үшін аталған терминдердің орнына RGB-кодтарын пайдалануға болады, мысалы: #FF0000 – қызыл.
RGB-кодтарды ауыстыра отырып, мәтін мен фонның қажетті түстерін таңдап алуға болады. RGB-кодтары барлық түстер 3.1-суретте берілген.

Тапсырма-1. <SPAN>, <BLOCKQUOTE> тегтерін қолданып, келесі мәтінді теріңіз#
<html>
<head>
<title>Санау жүйелері</title>
</head>
<body bgcolor="#ffcc00" text="teal">
<h2 align="center">САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ</h2>
<p align="justify">
<span style="font-style:italic; color:maroon; font-size:25" title="Бұл санау жүйесінің анықтамасы" unselectable="on">
Санау жүйесі
</span>
сандық мәліметтерді көрсету тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.
Санау жүйелерінің екі түрі бар: позициялық және позициялық емес (бейпозициялық).
Позициялық емес санау жүйелерінде беру және жазу ережелері күрделі болып табылады.
Позициялық санау жүйелерінде санның мәні тек қана оның құрамына кіретін цифрлармен ғана емес, сонымен қатар цифрлардың тізбектегі орнымен анықталады.
</p>
<span style="color:#330066; font-size:18pt">
Санау жүйесінің негізгі 4 түрі бар:
</span>
<blockquote>
екілік <br>
ондық <br>
сегіздік <br>
оналтылық.
</blockquote>
</body>
</html>Файлды web631.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде келесідей шығуы керек:

Тапсырма-2. <PRE> және <ADDRESS> тегтерін қолданып, келесі мәтінді теріңіз#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Жемістер және көкөністер</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor="silver" text="#cc0033">
<PRE>
ЖЕМІСТЕР КӨКӨНІСТЕР
Банан Бұрыш
Апельсин Картоп
Алма Қызылша
Өрік Сәбіз
</PRE>
Электрондық поштаның атауы:
<ADDRESS>Жемістер_көкөністер@google.kz</ADDRESS>
</BODY>
</HTML>Файлды web632.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде келесідей шығуы керек:

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#
«САБАҚ КЕСТЕСІ» жобасы.
Қарастырылған тегтер мен атрибуттарды қолданып, бір аптаның сабақ кестесін құрыңыз. «Сабақ кестесі» атауы ортада, қызыл түсті болсын. Апта күндері мен сабақ атауларын бағандарға бөліп жазыңыз. Оларға әртүрлі түстер мен өлшемдер беріңіз.