Практикалық жұмыс №4Мәтінді форматтау
Жұмыс мақсаты: HTML тілінде физикалық және логикалық стильдердің элементтерін пайдалана отырып, мәтінді форматтауды үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар#
1) Мәтін үзінділерін физикалық стиль элементтерімен безендіру#
Мәтіннің жеке бөліктерін ерекшелеу үшін келесі физикалық стильдерді пайдалануға болады:
<B> – қарайтылған (Bold); ------ мысал
<I> – курсив (Italic); ------- мысал
<U> – асты сызылған (Underline); ------- мысал
<S> – сызылып тасталған (STRIKE); -------
<EM> – типографиялық еселеу;
<TT> – моноширинды мәтін (моноширинный текст) </TT>;
<BIG> – үлкен өлшемді әріптер </BIG>;
<SMALL> – кіші өлшемді әріптер </SMALL>.
Жоғарғы және төменгі индекстер:
<SUB> және </SUB> – жоласты индекс, мысалы, H₂SO₄.
<SUP> және </SUP> – жолүсті индекс, мысалы, (a² - b²).
Тапсырма-1. Физикалық стиль элементтерін қолданып, мәтінді безендіру#
<html>
<head>
<title>Қаріп стилі</title>
</head>
<body bgcolor="pink">
<p align=justify>
Мәтіннің бөліктерін белгілеу үшін келесі физикалық стильдерді қолдануға болады:
</p>
<p>
<b>Қарайтылған мәтін</b><br>
<i>Қиғаш мәтін(курсив)</i><br>
<tt>Моноширинды қаріп - бұл ені бірдей бекітілген символдары бар қаріп,
ол баспа машинкасының қаріпі сияқты.</tt><br>
</p>
<p>
<u>Асты сызылған мәтін</u><br>
strike және s тегтері қаріптің үстінен сызады, екеуінің бірін қолдануға болады.
<strike>Үсті сызылған.</strike> немесе <s>Үсті сызылған.</s><br>
</p>
<p>
Big тегі негізгі мәтінге қатысты қаріп өлшемін үлкейтеді, ал small - кішірейтеді.
<small>Кіші</small>, кәдімгі, <big>үлкен</big>.
</p>
<p>
<tt><b><i>Мәтіннің бір үзіндісіне бірнеше тегтерді қолдануға болады.</i></b></tt>
</p>
</body>
</html>Файлды web641.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде келесідей шығуы керек:

Тапсырма-2. Жоғарғы және төменгі индекс элементтерін қолданып, мәтінді безендіру#
<html>
<head>
<title>Жоғарғы және төменгі индекс</title>
</head>
<body>
<p>
<b>SUP</b> тегі мәтінді жоғарғы индекс түрінде кішірейтіп бейнелейді.
Мысалы:
</p>
<pre>
Microsoft <sup>TM</sup>
x<sup>4</sup> = x<sup>2</sup> * x<sup>2</sup>
</pre>
<p>
<b>SUB</b> тегі мәтінді төменгі индекс түрінде кішірейтіп бейнелейді.
Мысалы:
</p>
<pre>
C<sub>i</sub> = A<sub>i</sub> + B<sub>i</sub>
2H<sub>2</sub> + O<sub>2</sub> = 2H<sub>2</sub>O
</pre>
</body>
</html>Файлды web642.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде 4.2-суреттегідей шығуы керек.

2) Мәтін үзінділерін логикалық стиль элементтерімен безендіру#
Логикалық стильдер <B>, <I>, <U> тегтері сияқты сөздерді ерекшелеп көрсетеді, олар программа мәтінін жазғанда немесе цитат (дәйектеме) келтірген кезде қолданылады. Логикалық стильдерді пайдалану кезінде браузер экранға не шығаратынын алдын ала айту қиын. Әртүрлі браузерлер экранға логикалық стильмен берілген символдарды әртүрлі етіп шығаруы мүмкін. Бұрынғы браузерлер логикалық стильде берілген қаріптерді ерекшелемей, жай қаріп түрінде бейнелей беруі де ықтимал. Ең көп таралған логикалық стильдер:
<EM>...</EM> – Ағылшынның emphasis – акцент сөзінен шыққан, яғни курсив түрінде берілетін мәтін бөлігін қоршап тұратын белгілер болып табылады.
<STRONG>...</STRONG> – Ағылшынның strong emphasis – күшті акцент дегені, мәтін ішінде қарайтылған қаріп болып көрсетіледі. B және STRONG элементтері бір-біріне ұқсас болып келеді.
<CODE>...</CODE> – Программа мәтінін көрсету үшін қолданылатын стиль түрі.
<SAMP>...</SAMP> – Ағылшынның sample – мысал, үлгі деген сөзі, программа жұмысы нәтижелерін ендері бірдей моношрифт түрінде экранға шығарғанда пайдаланылады.
<KBD>...</KBD> – Ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) қысқаша сөзі. Пернелерден енгізілген сөз тіркестерін көрсету мақсатында қолданылады.
<VAR>...</VAR> – Ағылшынның variable – айнымалы сөзі, программадағы айнымалы атауларын жазу үшін енгізілген стиль түрі, қисайтылған курсивке ұқсас қаріп түрі.
<CITE>...</CITE> – мәтінді цитата немесе сілтеме түрінде безендіреді. Бейнеленген мәтін курсив түрінде көрсетіледі. Атрибуты: TITLE – пайда болатын көмек (всплывающая подсказка).
Тапсырма-3. Логикалық стиль элементтерін қолданып, мәтінді безендіру#
<HTML>
<head><title>Логикалық стильдер</title>
</head>
<body bgcolor=ccffff text=ff3333>
<EM>Мәтін курсив түрінде бейнеленеді</EM> <BR>
<STRONG>Мәтін қарайтылған қаріп түрінде бейнеленеді</STRONG> <BR>
<CODE>Тегтерге ұқсас функцияларды орындайды</CODE> <BR>
<SAMP>Бекітілген ені бар қаріппен бірнеше символдарды белгілеу үшін қолданылады</SAMP> <BR>
<var title="бұл мәтін стилі">VAR</var> - пайда болатын көмек арқылы бейнеленетін,
айнымалылар атауын жазу үшін қолданылады<br>
<br>
<CITE>мәтінді цитата немесе сілтеме түрінде безендіреді.</CITE> <br>Файлды web643.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде келесідей шығуы керек:

3) Ағымдағы қаріптің өлшемін, түсі мен түрін белгілеу#
<FONT> – Ашылушы <font> және жабылушы </font> тегтер арасында орналасқан мәтін қаріпінің түсін, өлшемі мен түрін өзгертуге мүмкіндік береді. Атрибуттары:
- SIZE – қаріп өлшемін анықтайды.
<FONT size = + i > ... </FONT>мұндағы i әріптің алғашқы өлшеміне қатысты 1 мен 7 аралығында;
- COLOR – мәтін түсін анықтауға мүмкіндік береді. Не он алты сандық жүйенің RGB-мәнімен, не 16 базалық түстердің бірімен беріледі.
<FONT color=red></FONT>- FACE – қолданыстағы қаріпті анықтайды. Times New Roman, Arial, Tahoma, Courier, Courier New пайдаланыңыз. Олар барлығында орнатылған.
<FONT FACE="ARIAL"><BASEFONT> – құжат мәтіні бейнелейтін негізгі қаріпті анықтайды.
<BASEFONT> тегінің аяқтаушы (жұп) тегі жоқ. Сіз болашақта құжаттың кез келген бөлігінің қаріпін оңай өзгерте аласыз, ол үшін <Font> тегін пайдаланыңыз. </Font> жабушы тегінен кейін <BASEFONT> тегінің іс-әрекеті қайта жанданады. Қалып бойынша қолданылатын қаріп мәндері құжатта бірнеше рет өзгеруі мүмкін, яғни <BASEFONT> тегі құжатта кез келген рет пайда болуы мүмкін.
Атрибуттары:
- size – барлық құжат бойынша негізгі өлшемді белгілеуге мүмкіндік береді. Мүмкін мәндері: 1-ден 7 дейінгі бүтін сандар, қалып бойынша оның мәні 3-ке тең болып беріледі.
<BASEFONT size=n>- face – қаріп гарнитурын анықтайды. (face параметрін әзірше пайдаланбау кеңесі беріледі, себебі оны браузерлердің барлық түрлері қолдана алмайды).
Тапсырма-4. <BASEFONT> және <FONT> тегтерін қолданып, келесі мәтінді теріңіз#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Информатика </TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor="lightyellow">
<DIV align=center><U><I><B> АҚПАРАТ және ИНФОРМАТИКА </B></I></U></DIV>
<BASEFONT COLOR=violet SIZE=5>
<p align=justify>
<EM><U>Ақпарат</EM></U> – бұл қоршаған ортаның объектілері мен жағдайларының,
олардың қасиеттері мен қалып-күйінің мәліметтер жинағы. Ақпарат түрлері: мәтін,
сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналы, магниттік жазба және т.б.
болып келуі мүмкін.
</p>
<p align=justify>
Ақпаратты алуды, сақтауды, өңдеуді, беруді ЭЕМ арқылы жүзеге асыруды зерттейтін
ғылыми <FONT COLOR=green FACE="ARIAL" SIZE=+3> информатика ғылымы </FONT> деп
атайды.
</p>
<p align=justify>
<FONT COLOR="#000099" FACE="Courier New" SIZE="7"> Информатика </FONT>
– ақпараттың қасиеттерін және оның көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеуді
зерттейтін комплексті ғылым.
</p>
</BODY>
</HTML>Файлды web644.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде келесі суреттегідей шығуы керек.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#
«МЕНІҢ ОҚУ ОРНЫМ» жобасы.
Қарастырылған тегтер мен атрибуттарды қолданып, өз оқу орныңыз туралы веб-бетті құрыңыз. Құжатты өз бетіңізше безендіріңіз.