Негізгі мазмұнға өту

Практикалық жұмыс №2Мәтінді форматтаудың негізгі элементтері

Жұмыс мақсаты: HTML тілінде жолды ауыстыру, абзацтарды түзету мен көлденең жолақтарды жасап үйрену.

Қысқаша теориялық мағлұматтар#

HTML-де мәтінді форматтаудың негізгі элементтеріне келесілер жатады:

<P>, </P> – жолдарды ажыратады, сонымен қатар абзацты ерекшелеп көрсететін бос жолды қосады (абзац тегі). Оның негізгі атрибуттары:

  • align, left, center, right, justify шегіністерін білдіреді.
HTML
<P align=шегініс> Абзац мәтіні </P>
  • style – мәтін стилі.
HTML
<P style="font-size:20; font-style:italic; color:red">

<BR> – жолды ауыстыру үшін пайдаланылады (жолды үзіп, жаңа жолға көшу тегі). Clear атрибуты – <BR> тегінде сіз белгіленген нүктеде объектіні мәтінмен қоршалуын тоқтату үшін және мәтінді объектінің сыртындағы бос жерде жалғастыру үшін пайдаланылады. Объектіден кейін жалғасатын мәтін clear = атрибутының left, right немесе all мәндерімен түзеледі:

<BR clear = left> – мәтін жақын сол жақ бұрыштан бастап жалғастырылатын болады.

<BR clear = right> – мәтін жақын оң жақ бұрыштан бастап жалғастырылатын болады.

<BR clear = all> – сол жақ та, оң жақ та аудандар босаған уақытта мәтін жалғастырылатын болады.

<NOBR> – (No Break, жолды үзбеу) браузерге мәтінді бір жолда, оны тоқтатпай бейнелеуге бұйрық береді.

<DIV>, </DIV> – қазіргі заманғы беттің құруда беттің html кодының блоктарына арналған ыңғайлы контейнер ретінде пайдаланылады, оны динамикалық тұрғыда басқару оңай – ауыстыру, шегіністерді реттеу, жасыру және т.б. (<P> элементіне ұқсас). Оның кіріктірілген атрибуты бар:

  • align, left, center, right, justify шегіністерін бағыттайды.
HTML
<DIV align=шегініс> Бөлім мәтіні </DIV>

<HR> – көлденең сызықты (жолақты) құру үшін пайдаланылады. Егер сызық барлық жолға емес, оның қандай да бір бөлігіне, мысалы, 40% бөлігіне құру керек болса, онда команда былай беріледі:

HTML
<HR width=40%>

Кең сызықты құру үшін оның енін белгілеу керек (қалып бойынша – пиксельдермен беріледі):

HTML
<HR size=10>

Оның келесідей атрибуттары бар:

align – түзету (мәндері: left, center, right);

color – жолақ түсі;

size – пиксель бойынша биіктігі;

width – экранның енінен пиксель бойынша немесе пайыз бойынша ені;

noshade – «жазық» жолақшаны шығару (себебі қалып бойынша браузер жолақтарды «көлемді» етіп салады).

Мысалы:

HTML
<HR align="шегініс" size=n width=n color="түс" noshade>

Тапсырма-1. <P>, <BR> тегтерін қолданып, келесі тақпақты теріңіз:

  1. Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
  2. Программа терезесіне келесі кодты теріңіз:
HTML
<HTML>
<HEAD>
<title>Құттықтау</title>
</head>
<body bgcolor="lightyellow" text="darkviolet">
<h1 align=center>Құрметті студенттер!</h1>
<h3><p align=left>
Студент болу – арманға жол бастау,<br>
Білім алып, биікке самғау.<br>
Еңбекпенен мақсатқа жетеміз,<br>
Жарқын болсын әрдайым болашағымыз!</p>
</h3>
</BODY>
</HTML>
  1. Файлды web621.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.
  2. Жұмыстың нәтижесі экранда 2.1-суреттегідей көрсетіледі.
Сурет: Қысқаша теориялық мағлұматтар

Тапсырма-2. <P>, <BR>, <DIV>, <NOBR> тегтерін қолданып, келесі мәтінді суретте көрсетілгендей етіп теріңіз:

HTML
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Компьютерлік графика </TITLE>
</HEAD>

<BODY bgcolor="fuchsia" text="black">

<H2 align="center">Компьютерлік графика түсінігі.</H2>

<P align="right">
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,
мультфильмдерді) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
</P>

<BR>

<P align="center">
Компьютерлік графиканың растрлық және векторлық деген түрлері бар.
</P>

<BR>

<P>
<DIV align="justify">
Растрлық графика – суретті компьютерде нүктелер (пиксельдер) жиыны ретінде көрсету форматы.
Осындай суреттерге мысалға, сканерленген суреттер және сызбалар жатады.
</DIV>
</P>

<BR>

<NOBR>
Векторлық графика – сурет қарапайым геометриялық фигураларға жіктеледі-квадрат,
дөңгелек, эллипс, түзу, және қисық сызық т.б.
</NOBR>

</BODY>
</HTML>

Файлды web622.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.

Жұмыстың нәтижесі экранда 2.2-суреттегідей көрсетіледі.

Сурет: Қысқаша теориялық мағлұматтар

Тапсырма-3. Әртүрлі атрибуттарды қолданып, көлденең сызықтарды салу керек#

  1. Блокнот мәтіндік редакторын іске қосыңыз.
  2. Программа терезесіне келесі кодты теріңіз:
HTML
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Сызықтар</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=cyan>
    <h1 align=center>Көлденең сызықтар</h1>

    Бірінші көлденең сызық
    <HR color=blue size=2 width=100%><BR>

    Екінші көлденең сызық
    <HR color=yellow size=4 width=50% align=right><BR>

    Үшінші көлденең сызық
    <HR color=lime size=8 width=25% align=center><BR>

    Төртінші көлденең сызық
    <HR color=red size=14 width=12% align=left noshade><BR>

</BODY>
</HTML>

3. Файлды web623.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз.

Жұмыстың нәтижесі экранда 2.3-суреттегідей көрсетіледі.

Сурет: Тапсырма-3. Әртүрлі атрибуттарды қолданып, көлденең сызықтарды салу керек

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» жобасы.

Қарастырылған тегтер мен атрибуттарды қолданып, ақпараттық технологияларға арналған веб-бетті құрыңыз.

Сурет: Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма