Практикалық жұмыс №5Тізімдер
Жұмыс мақсаты: HTML құжатына нөмірленген, нөмірленбеген тізімдерді және анықтау тізімін енгізуді үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар#
Тізімдер мәтінді құрудың маңызды құралы болып табылады және барлық тілдік таңбаларда пайдаланылады. HTML – тізімдерінің келесі түрлері бар:
- нөмірленбеген тізім (реттелмеген, маркерленген);
- нөмірленген тізім (реттелген);
- анықтау тізімі;
- енгізілген (ішкі) тізім.
Тізім тақырыбы міндетті элемент болып табылмайды, ол <LH> жұп тегінің көмегімен жасалады:
<LH>Тізім тақырыбы</LH>Тізім мазмұны жеке жолдардан тұрады. Әрбір жол бір реттік тегпен белгіленеді <LI> (List Item – тізім элементі), мысалы:
<LI> Тізім жолының мазмұны.
1. <UL>...</UL> – маркерленген тізім#
UL қысқартуы аталған элементтің басқа атауынан туындайды:
Unordered List – реттелмеген тізім.
Үндеу бойынша маркерлер кішкентай қара дөңгелектер түрінде беріледі. Маркерлердің басқа түрлерін type атрибутының көмегімен орнатуға болады. Ол келесі мәндерге ие болуы мүмкін:
<LI type = disk> - қарайтылған дөңгелек нүкте;<LI type = circle> - шеңбер;<LI type = square> - кішкентай қара шаршы.
Тапсырма-1. <UL> элементін қолданып әртүрлі типті маркерленген тізімді құрыңыз#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Маркерленген тізім</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=#33ff99 text=navy>
<UL>
<Font color=#cc0066><LH>Алгоритмдер құрылымы:</LH></font>
<LI type = circle>Сызықтық құрылым.
<LI type = disk>Тармақталған құрылым.
<LI type = square>Циклдік құрылым.
</UL>
</BODY>
</HTML>Файлды web651.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Сонда сізде келесі 5.1-суретіндегідей шығуы керек.

2. <OL>...</OL> – нөмірленген тізім#
OL қысқартуы Ordered List – реттелген тізім дегенді білдіреді.
Type атрибутының көмегімен нөмірленудің басқа түрін қолдануға болады.
<LI TYPE = A> - маркерді бас әріптер түрінде орналады (A, B, C ...);
<LI TYPE = a> - маркерді кішкентай әріптер түрінде орналады (a, b, c ...);
<LI TYPE = I> - маркерді үлкен рим сандары түрінде орналады (I, II, III ...);
<LI TYPE = i> - маркерді кішкентай рим сандары түрінде орналады (i, ii, iii ...);
<LI TYPE = 1> - маркерді араб сандары түрінде орналады (1, 2, 3 ...).Тапсырма-2. <OL> элементін қолданып, әртүрлі нөмірленген типті нөмірленген тізімді құрыңыз#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Пример нумерованного списка</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=3333ff text=ffff33>
<P align=center>
<font color=#33ff99 face="courier new" size=+3>
Алгоритмдер құрылымы
</font>
</P>
<OL type=1>
<LI> Сызықтық құрылым.
<LI> Тармақталған құрылым.
<LI> Циклдік құрылым.
</OL>
<OL>
<Font color=#ff66ff><LH><B>Тізімдер түрлері</B></LH></font>
<LI type=a start=2>нөмірленген.
<LI type=A>маркерленген.
<LI type=i>анықтау.
</OL>
</BODY>
</HTML>Файлды web652.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Файлды кез келген браузермен ашыңыз, сонда сізде келесі 5.2-суретіндегідей шығуы керек.

3. <DL>...</DL> – анықтау тізімі#
(Definition List-тан қысқартылып алынған).
<DT> – анықталатын терминді белгілейтін тег (DT – Definition Term-нен қысқартылып алынған);
<DD> – термин анықтамасы берілетін тег.
<DT> және <DD> тегтерінің арасында орналасқан мәтінді браузер термин ретінде қабылдайды. Ал, <DD> тегінен кейін жүретін мәтін термин анықтамасы болып саналып, беттің сол жақ абзацынан шегініспен бейнеленеді.
Тапсырма-3. <DL> элементін қолданып, анықтау тізімін құрыңыз#
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Анықтау тізімі</TITLE>
</HEAD>
<BODY bgcolor=orange text=3300cc>
<font color=azure face="monotype cursiva" size=+2>
<DL>ДК бағдарламалық қамтамасыздандырылуы:</font>
<DT><i>Жүйелік БҚ:</i>
<DD>Операциялық жүйелер
<DD>Антивирустық бағдарламалар
<DT><i>Қолданбалы БҚ:</i>
<DD>Мәтіндік процессорлар
<DD>Кестелік процессорлар
</DT>
</DL>
</BODY>
</HTML>Файлды web653.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Файлды кез келген браузермен ашыңыз, сонда сізде келесі 5.3-суретіндегідей шығуы керек.

Ішкі тізімдерде тізімдерді бірінің ішіне бірін кірістіріп жазуға болады.
Тапсырма-4. Тізімдерді құру элементтерін қолданып, ішкі тізімді құрыңыз#
<head>
<title>Ішкі тізімдер</title>
</head>
<body bgcolor=lightblue text=brown>
<H2>HTML-де тізімдердің бірнеше түрлері бар </H2>
<DL>
<DT><u><b>Нөмірленбеген (маркерленген) тізімдер </u></b>
<UL>
<LI>Элемент 1
<LI>Элемент 2
<LI>Элемент 3
</UL>
<p>
<DT><u><b>Нөмірленген тізімдер</u></b>
<OL START=4>
<LI>Элемент 4;
<LI>Элемент 5;
<DD>Элемент 5.5;
<DD>Элемент 5.6;
<LI>Элемент 6;
</OL>
</p>
<p>
<DT><u><b>Анықтау тізімдері</u></b>
<DD>Элемент 7;
<DD>Элемент 8.
</DL>
</p>
</body>
</html>Файлды web654.html атауымен өз бумаңызда сақтаңыз. Файлды кез келген браузермен ашыңыз, сонда сізде келесі 5.4-суретіндегідей шығуы керек.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма#
«АС МӘЗІРІ» жобасы.
Қарастырылған тегтер мен атрибуттарды қолданып, келесі суреттегідей бір күннің ас мәзірін құрыңыз. Құжатты өз бетіңізше безендіріңіз.
