Әдебиеттанудың басты методологиялық қағидиларының қазіргі өнерінің туындыларын белгілі бір жүйеге келтіру жатады. Күнделікті өмірде, оқып-үйренуде, өнерде жиі кездесетін бұл «жүйе» деген сөздің қолданылу аясы, нақты тіркестегі мән мазмұны әрқалай. Әдебиетші ғалымдар пікірі соңғы кезде мынадай ортақ ойға ойысқандай: жүйе (система) - тегі әр түрлі немесе әр сипаттағы элементтердің белгілі бір қарым – қатынасы арқылы орныққан бірлігі мен тұтастығы. Жүйелі зерттеуге структуралық талдау қызмет етеді, өйткені структура – жүйені ұйымдастырудың, оның элементтерінің арасындағы ретті қарым-қатынасты үйлестірудің түрі деп түсіндіріліп келеді. Структуралық талдауды көркем мәтіннің мазмұнын танудың бірден-бір оңтайлы жолы деп қарау кейде ой қолаңдығына апарып соқтыруы мүмкін, сондықтан оны туындыны тұтастыра талдаудың бір түрі ретінде ғана пайдаланудың қисыны бар.
Көркем мәтінді жүйелі қарастыру қағидаларын жеке шығарманы зерттеуде тиімді қолданудың тиімділігі мол, бұл жағдайда пішіндік тұтастықты қамтамасыз етіп тұрған бөлшектердің өзара үндестік тауып, ортақ бір мазмұнды діттеуі үшін автордың суреткерлік таланты мен шығармашылық ізденістерінің қызметіне назар аудару керек.
Жеке мәтін жазушы шығармашылығының жүйелі құрамына кіретін болғандықтан, алдымен оның осы жүйе арнасындағы орнын анықтап алу керек. Ал жазушы шығармашылдығы тұтас жүйе ретінде ұлттың әдебиеттің жүйесінің құрамына енетіндіктен, енді әрі қарай әдеби бағыттар жүйесі, ұлттың әдебиеттер жүйесі туралы келелі, жан-жақты ой түюге негіз жасалады.
Әдеби жүйе деген ұғым көркем әдебиеттің ұлттық мәдениеттің басқа салалары дін мен ғылымға, қоғамдық сана мен ауыз әдебиетіне деген қарым-қатынасын да қамтиды. Сонымен қатар, бір ұлттық әдебиетті басқа елдердің мәдениеті мен сөз өнеріне қатысты жүйелеу арқылы да зерттеуге болады. Ең бастысы - әдебиеттің жүйелілігін зерттеуде оның тарихи болмыспен байланысын жан-жақты анықтап алған дұрыс.