Карипжанова Г.Т., Есембеков Т.У, Қадыров Ж.Т.,

Токсанов С.Н., Даутова А.З.

Носов А.А.

Абенов Е.М.

  1. Алпысбаев Қ. Көркем мәтінді талдау әдістері. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  2. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты. – Алматы: Ғылым, 2002.
  3. Ахундов М. Концепция пространства и времени. – М., 1982.
  4. Ананьева С.В. Время – пространство – автор. – Алматы, 2003.
  5. Атымов М. Идея және композиция. – Алматы., 1970.
  6. Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. – Алматы, 2005.
  7. Ахметов К.К. Әдебиеттануға кіріспе. – Қарағанды, 2004
  8. Атымов М. Қазақ романдарының поэтикасы. – Алматы, 1975
  9. Барт Р. Избранные работы. Семиотика. Поэтика. М., 1988.
  10. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1988.
  11. Бодрияр Ж. Система вещей. - М., 1995.
  12. Бахтин М. М. Эстеика словесного творчества. - М., 1986.
  13. Бауэр В., Дюмотц И., Головин С. Энциклопедия символов. - М., 2000.
  14. Белих А.А. Психологическая антропология. История и геория. - М., 1993.
  15. Вайман С.Г. Бальзаковский парадокс. - М., 1981.
  16. Введение в литературоведение. - М„ 1999.
  17. Введение в литературоведение. Под. ред. Л.В. чернец. – М., 1999.
  18. Винокур Г.О. Введение в изучение филологических наук. - М., 2000.
  19. Восточная поэтика. Специфика художественного образа. - М., 1983.
  20. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. - М., 1996.
  21. Генон Р. Символы священной науки. М., 2002.
  22. Гадамер Х.Г. Истина и метод. Основы философской герменевтики. - М., 1988.
  23. Гаманов Б. Живопись словом. Портрет. Пейзаж. Вещь. - М., 1974.
  24. Гачев Г. Русский Эрос. - М., 1994.
  25. Дадебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. - Алматы, 1991.
  26. Дүйсенов М. Әдебиеттегі мазмұн мен форманың бірлігі. — Алматы, 1997.
  27. Джон Фоли. Энциклопедия знаков и символов. М., 1997.
  28. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1964.
  29. Жұмағали 3. Шындық және коркем әдебиет. - Қарағанды, 1993.
  30. Жирмунский В.М. Введение в литературоведение. - СПБ., 1996.
  31. Ермаков И. Д. Психоанализ литературы. - М., 1999.
  32. Есембеков Т.У. Әдеби талдауға кіріспе. - Қарағанды, 1990.
  33. Западное литературоведение XX века. Энциклопедия. - М., 2004.
  34. Карасев Л. В. Вещество литературы. - М., 2001.
  35. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
  36. Котков Г.К. От структурализма к поструктурализму. - М., 1998.
  37. Керлот X. Словарь символов. - М., 1994.
  38. Кулумбетова А. Система малой и средней этической формы. - Шымкент, 2006.
  39. Литературный энциклопедический словарь. - М., 1987.
  40. Лотман М.Ю. Анализ поэтического текста. – Л., 1972.
  41. Ланче Н.Н. Психический мир. - М., 1996,
  42. Леви-Стросс К. Структурная антропология. - М., 2001.
  43. Литературные архетипы и универсами. - М., 2001.
  44. Лулудова Е.М. Архетипы в художественном тексте. - Алматы, 2000.
  45. Лихачев Д.С. О филологии.-М., 1989.
  46. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. - Алматы, 1996.
  47. Майтанов Б. Монолог құрылысы. - Алматы, 2006.
  48. Майтанов Б. Портрет поэтикасы. - Алматы, 2006.
  49. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. - Алматы., 1991.
  50. Нұрғалиев Р. Сырлы сөз. - Алматы., 2000.
  51. Нұрғалиев Р. Айдын. - Алматы., 1985.
  52. Нұрқатов А. Идея жэне образ. - Алматы, 1992.
  53. Нұртазин Г. Шеберлік туралы ойлар. - Алматы., 1968.
  54. Мучник Г.М. Проблемы коммуникативной поэтики. - Алматы, 1995.
  55. Подорога В. Выражение и смысл. - М., 1995.
  56. Потебня Слово и миф. - М, 1989.
  57. Рождественский Ю.В. Общая филология. - М., 1996.
  58. Руднев В.ГІ. Словарь культуры XX века. Ключевые понятия и тексты. – М., 1999.
  59. Савельева В.В. Художественная антропология. - Алматы, 199.
  60. Томашевский В.В. Теория литературы. поэтика. - М., 1996.
  61. Топоров В.Н. Миф. Ритуал. Символ. - М., 1995.
  62. Тураева З.Я. Категория времени. - М., 1979.
  63. Темирболат А.Б. Проблемы хронотопа в современной прозе. - Алматы, 2003,
  64. Уэллек Р., Уоррен О. Теория литературы. - М., 1978.
  65. Хамзина К. М. Авторлық концепция жэне көркемдік ізденіс. - Қарағанды, 2006.
  66. Хализев В. Е. Теория литературы. - М., 2000.
  67. Фрейд 3. Введение в психоанализ. Лекций. - М., 2002.
  68. Швейбельман Н.Ф. Опыт интерпретации сюрреалистического текста. - Тюмень, 1996.
  69. Шейнина М. Энциклопедия символов. - М., 2002.
  70. Шмид В. Нарратология. - М., 1991.
  71. Эко У. Роль читателя. Исследования по семиотике текста. - СПб., 2005.
  72. Юнг К.Г. Архстип и символ. ~М., 1978.
  73. Юдин Э.Г. Системный подход и принцип деятельности. -М., 1978.
  74. Якобсон Роман. Избранные работы. - М, 1985.

Әдеби герменевтикалық әдіс

Әдеби герменевтика – көркем мәтіндерді талқылау, түсіндіру жайындағы арнайы ғылыми сала, мұндай зерттеулер көбінесе «шығарма - оқырман - дәстүр» атты жүйеге сәйкес жүргізіледі.

Бұл ұғымның негізінде ертеде адамдарға басқалардың түсініксіз сөздерін түсіндіріп беретін көне грек құдайы Гермес образы жатыр деп есептеледі. Әулие мәтіндерді талқылаудан басталған герменевтикалық әдіс өз ережелерін дамыта отырып XX ғасырда өз алдына бөлек филологиялық мәнге айналды, ол XIX ғасырдағы түсіну өнері, талдау өнері мен қолдану өнерінің бірлігіне негізделген әмбебап герменевтикадағы көптеген қағидаларды қабылдамады. Жаңа замандағы көзқарастар герменевтиканың өнер екендігіне біржақты қарамай, енді оны ғылымға айналдыруға көп күш салды, көркем мәтінді интерпретациялаудың тың жолдары іздестіріле бастады.

Көркем мәтінді терең түсінудің алғашқы әмбебап теориясын неміс профессоры Ф.Шлейермахер (1768-1834) ұсынды. Ғалымның әдеби мәтінді оқу барысындағы сұрақтарға жауап іздеуді негізгі үдеріске айналдыру қажет деп түсінген ол герменевтиика арқылы осыны шешудің жолдарын қарастырды.

Ф.Шлейермахер көркем мәтінде автордың қалыптасқан ережелер мен дәстүрлерге бағынуы және оны кейбіреулердің саналы түрде бұзуы сияқты бір-біріне кереғар екі құбылысқа назар аударған. Дана қаламгер әдебиетте өз образын жасайтынын және оның өзі орнатқан тәртіпке ғана бағынатынын байқаған ол көркем мәтінді түсінуге тек ережені білу аздық ететінін айта отырып, осы тығырықтан шығудың өз жолын ұсынған. Ұлы автордың көркем шешімін түсіну үшін оқырман өзін автордың орнына қойып көруі керек, салыстырудың осыдан кейін жүргені орынды, осындай «дивинациялық» интерпретация, яғни көкейкөзі ашылу арқылы оқырманның авторға айналуы ғана көркем мәтінді түсінуге жәрдемдеседі деген ғалымның пікірі дами түсті. Сонымен бірге Шлейермахер түсіну деген бір ғана актіден тұрмауы керек, дивинация әр түрлі деңгейде жүргізілсе «герменевтикалық шеңбер» пайда болатынын, ол шеңберді айнала жүру құбылысты жан-жақты тануға септігін тигізетінін көп айтқан. Нәтижесінде Шлейермахер «автор - шығарма - дәстүр» деген жүйе мәтінді түсінудің тиімді жолы екеніне тоқтаған.

В.Дильтей (1833-1911) көркем мәтінді түсінудің өзіндік іргелі теориясын ұсына отырып, Шлейермахердің көзқарастарының осал тұстарын «түсіну методынан» тапты. ВДильтей көркем мәтінді тусіну үшін интроспекция (өзін-өзі бақылау) арқылы өзгенің әлеміне, сезіміне енудің, ортақтасудың қажет екендігіне баса назар аударды. Ол да «герменевтикалық шеңберді» термин ретінде қабылдап, оны өзінше «түсіну шеңбері» деп атаған. Ғалым мәтіннің бір бөлігін түсіну арқылы жалпы мағынаны танып алып, бөлікке қайта оралуға кеңес берді, сөйтіп осындай әрі-бері ізденіс арқылы түсіну шеңберін кеңейтуге негіз бар деп есептеді.

«Герменевтикалық әдіс» ұғымына деген көзқарас Г.Гадамердің «Ақиқат және метод. Философиялық герменевтика негіздері» деген еңбегінен кейін түбегейлі өзгеріске ұшырады, өйткені бұл ғалым шеңбердің не обьективті, не субьективті екендігіне назар аудармай, оны бір-біріне байланысты екі әрекеттің дәстүрді түсіну және оны талқылаудың ортақ нәтижесі деп есептеді. Оған қоса түсіну шеңберінің онтологиялық сипаты барлығын анықтаған. Гадамер түсінудің мынадай басқа жүйесін ұсынды: «шығарма - оқырман - дәстүр». Бұл жүйенің элементтері арасында ілгерілі-кейінді байланыстар көп екендігі көрініп тұр. Гадамер жалпы мен жекенің арасындағы байланыстар негізінде мәтінді алдын ала түсінудің кейінгі түсінумен тығыз қарым-қатынаста екендігіне баса назар аударудың қажеттілігін, бөлікті түсіну арқылы бүтінді ұғудың тиімді жолдарын көрсеткенімен тарихта қалған. XX ғасырдың соңғы жылдары Г.Яусс пен В.Изердің зерттеулерінде «рецептивтік эстетиканың» негізгі теориялық тұжырымдары айқындалған, оның басты зерттеу нысаны «шығарма - оқырман» атты жүйе болатын. Көркем ақпарат бағытталған адресаттың, яғни оқырман қауымның енжар еместігіне сүйенген Г.Яусс әдеби шығарманың «мазмұны мен пішіні» оқырманның «түсінуі» арқылы анықталады деген пікірді ұстанды. Бұл ойын ғалым жазушылардың өз шығармаларын сапалы түрде кәсіби филологтарға арнап жазбайтындығы арқылы дәлелдеуге күш салды.

Рецептивтік эстетика ең алдымен оқырманның алдыңғы «әдеби тәжірибесін» есепке алу керек дейді. Көркем мәтіннің «рецепциясын» оның оқырманға әсерін бағалау үшін оқырманның «сұранысы», жанрдың танымалдығы, мәтінінің дәстүрге қатысы сияқты мәселелер есепке алынуы керек екен. Оған қоса мәтіннің поэтикалық тілі мен сол кезеңдегі «практикалық» тіл арасындағы байланыстарға назар аударылғанына мән берген Г.Яусс рецептивтік эстетика әдебиеттің кезеңдік дамуының синхрондық сипаттамасы бола алатындығын қадап айтқан. Оқырманның симпатиясы мен антипатиясын да арнайы зерттеу обьектісі етіп алуға болады екен.

В.Изер автор мен оқырманның арасындағы диалогтардың түріне, мазмұнына ерекше мән бере зерттеген еңбегінің нәтижесінде оқырманның «эксплициттік» және «имплициттік» деп атаған екі типін бөліп көрсеткен. Авторға жақын, оның шығармашылық тұлғасымен етене таныс, бірақ саны аз «эксплициттік» оқырман классикалық герменевтиканы көп қызыктыра бермейді, өйткені ол биографиялық автор сияқты мәтіннің ішіне еніп кетеді екен. «Имплициттік» оқырман - автор үшін оқырманның рөлін ғана ойнайтын тұлға. Мәтіндегі авторлық көзқарас көп ретте осы оқырман деңгейіне, сұранысына байланысты екендігіне көз жеткізген В.Изер әрі қарай осы құбылыстың оқырман санасына көшірілуіне назар аударды да, имплициттік оқырман «көркем әлемнің» ажырамас бөлігі деген қорытындыға келді.

Г.Шпет деген ғалымның имплициттік формалар экспликация жасауға негіз болады деген пікіріне де ойлана қарау керек.

Әдеби герменевтика осылай бірте-бірте өнерден ғылымға айнала бастаған. Қазіргі кезде герменевтика арнайы әдістермен және интерпретациялық жаңа модельдермен толыға бастады. Көп зерттеулер әдебисттану мен лингвистикаға сүйене жүргізілуде.

Мәтінді «алдын-ала ұғу» немесе «түсінбеу» деген құбылыстардың өзі әдеби шығарманы түсінудің логикалық сатылары екенін қайта-қайта еске салып, герменевтиканың негізгі қағидаларын білген жөн.