Тарихи функционалдық тұрғыдан зерттеу барысында жеке шығарманың бір автордың шығармашылығының нақты кезеңде, ортада, уақытта қалайша бағаланғаны, жеке шығарманың қоғамдық-әлеуметтік тағдырын оның мән-мазмұнын оқырман қауым қай дәрежеде қабылдағаны туралы сөз болады. Мысалы, көне грек аңызы бойынша жазылған Софоклдың «Прометой» пьесасында құдайларға берген антын бұзып барып адамдарға от ұрлап әперген, сол үшін жан түршігерлік азап көріп жатқан кұдай Прометейдің бейнебір жағымсыз, сатқын, күнәһар түрінде көрсетілген еді. Уақыт өте келе Прометей керемет ерліктің иесі атанып, қаһармандық, символдық мәнге ие болды, автор жасаған бейне мен халык қиялынан туған образдың арасындағы айырмашылық қабылдау, түсіну, бағалауға байланысты екен. Осындай мысалдар арқылы адамзат санасының даму барысын, оның қоғамдық, эстетикалық көзкарасы мен идеяларының өзгеріп, жаңғыруын аңғаруға болады.