Қазақстан Республикасының тұрақты даму қонцепциясы


Мақсаты: Қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын дамуын, ҚР тұрақты дамуға өту кезеңдері туралы концепциясының міндеттерін, тұжырымдамасын, мақсатын қарастырып түсіндіру.

12.1 ҚР тұрақты дамуға өту кезеңдері мен міндеттері, тұжырымдамасы мен мақсаты

14 қарашада 2006 ж. ҚР президентінің жарлығымен еліміз үшін аса маңызды саяси құжат дайындалды. Ол ҚР 2007–24 ж. ж. арасында тұрақты дамуға өту жөніндегі концепциясы. Тұрақты даму концепциясы ұзақ жылдар бойында жинақталған мәліметтерді талдау, математикалық модельдеу, бекітілген қолайлы параметрлерді есептеу арқылы ғылыми-методологиялық негізде дайындалады. ҚР тұрақты дамуға өтуі бірнеше кезеңдері бойынша жүргізіледі: Дайындық кезеңі(2007–2009  ж. ж.) – қоғамдық, саяси өмірдің барлық салаларына тұрақты даму принциптерін енгізу, экономиканы диверсификациялау, технологиялық өрлеу үшін қажетті жағдайларды дайындау. Бірінші кезең (2010–2012 ж. ж.) – ҚР дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз ету. Екінші кезең (2013–2018 ж. ж.) – ҚР адамдарының өмір сүруінің сапалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарынан орын алуы, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға байланысты шығындарды барынша азайту және елдің экономикалық тұрақтылық деңгейін көтеру. Үшінші кезең (2019–2024 ж. ж.) – тұрақты даму концепциясының БҰҰ қабылдаған халықаралық критерийлеріне қол жеткізу. Концепция міндеттері:

1) пайдаланған ресурстарды пайдалану тиімділігін 2012 ж. қарай – 37 %, 2018 ж. – 43 %, 2024 ж. – 58 % арттыру. Ең алдымен жоғары технологияларын өңдеу саласын дамыту, өндіріс пен тұтынудың жаңа технологиялық моделін енгізу.

2) демографиялық салада қазіргі кездегі туу көрсеткішін сақтай отырып, халықтың өмір сүру көрсеткішінің деңгейін жоғарылату. 2011 ж. – 68 жасқа, 2018 ж. – 70 жасқа, 2024 ж. – 73 жасқа дейін. Ең алдымен қауіпсіздік деңгейін көтеру. Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін енгізу, халқының сапалы ауыз-сумен қамтамасыз ету, жол-көлік, тұрмыстық және тромбатизмді азайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізу және тамақтанудың денсаулыққа пайдалы стандарттарын жүзеге асыру.

3) экологиялық тұрақтылықтың көрсеткіштерін жоғарылату. 2012ж. –10 %, 2018ж. –15 %, 2024ж. –25 %. Бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен, аймақтық даму процесіне экожүйелік әдістерді енгізу, барлық өндірістік және энергетикалық нышандардың тұрақты дамуы үшін арнайы критилерийлерді белгілеу, шөлдену, қоршаған ортаны қорғаудың барынша тиімді экономикалық механизмін енгізу.

4) саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл міндетті шешу үшін ең алдымен тұрақты даму идеяларын қолдаушы күштерді бір ортаға біріктіру, Қазақстанның халықаралық ұйымдарға толық және белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету қажет.

Тұжырымдамасы: 1) адамның экономикалық қамтамасыз ету және табиғи ортаның қажеттілігін ескере отырып сақтау. 2) тұрақты дамудың негізі – ғаламдық ресурстарды және экономикалық патенцияға ұқыпты қарау. 3) кедейшілікке қарсы күрес, кедей топтардың материалдық экономикалық қажеттіліктерін негде шешу. 4) табиғатты пайдалану қаржы жұмсау технологиялық даму, қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттілігіне сәйкес жүргізілуі керек. Мақсаттары: 1) саяси-құқықтық – демократтық құндылықтар, парасатты заңдар мен салықтар жатады. 2) экономикалық – меншік түрлерінің дұрыс үйлесімдігі, тауар өндірушілер мен сатушылардың еркін бәсекелестігі, материалдық және мәдени құндылықтарының жеткілікті болуы. 3) экологиялық – табиғат пен қоғамның қатар үйлесімді дамуын. Азаматтардың экологиялық қауіпсіздігін қамту, табиғи ресурстарды өндіру жаңа инновациялық технологияларды өндіру, табиғатты қорғаудың әкімшілік экономикалық құқық негіздерін жетілдіру. 4) әлеуметтік – аштық пен кедейшілікті жою, мектепке дейінгі тәрбие, орта, кәсіптік білім беру жүйелерін дамыту, қарттарға, мүгедектерге қамқорлық жасау. 5) халықаралық – бейбітшілік үшін күрес, дүниежүзілік қауымдастыққа халықаралық, демократиялық құқықтық прицип негізінде қызмет ету. 6) ақпараттық-ғылыми мен технологиялардың жоғары даму жетістіктерін халық ағарту және бұқарааралық арқылы ақпарат тарату және халық шаруашылығының барлық салалары мен мәдениетін ақпараттандыру, жаңа инновациялық технологияларды қолданып кеңейтіп дамыту. 

Бақылау сұрақтары:

1. ҚР тұрақты дамуының міндеттері, тұжырымдамасы мен мақсатын ата?

Әдебиеттер [3, 5, 7, 10, 14, 17, 19, 21, 28, 29, 34]