Кіріспе


Қазіргі таңдағы негізгі мәселелердің бірі бұл адамзат қоғамы мен табиғат арасында қарым-қатынасы болып табылады. Жер бетінде адамдардың пайда болуынан бастап биосфераға кері әсер тие бастады, себебі индустриалдық қоғам дамып және адамдар саны артып, өндірістің жетілуіне, сонымен қатар, демографиялық жарылысқа әкеп соқты. Осыдан қоршаған орта ластанып, табиғат (минералды және жанғыш) ресурстары азайя бастады. Белгілі антропогендік іс-әрекеттердің нәтижесінде әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер түрлері жойылудың қауіптеріне төніп тұр. Қоршаған ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің және ауыз судың сапасының төмендеуі және т. б. барлығынан жалпы тұрғындардың денсаулығы нашарлады. Сонымен бірге, бірнеше экологиялық мәселелер пайда болды, олар: жылыжай эффект құбылысы, озон қабатының жұқаруы, Әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену және т.б. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы жалпы экономиканың дамуымен де нашарлап кетті, оған мысалы, Арал теңізінің тартылуы, Каспий маңы мен Шығыс Қазақстанның, Семей ядролық полигонының территориясында экологиялық қолайсыз жағдайларына, топырақ деградациясына әкеп соқты. Қазіргі кезде антропогендік өзгерістер барлық Жер экожүйесіне ықпалын тигізуде. Бұл атмосфераның газдық құрамын, Жердің энергетикалық балансын, жалпы климатты өзгертуде. Міне сондықтан да қазіргі кездегі биосфераның жағдайы төмен, жалпы қоршаған орта ластанған және жануарлар мен өсімдіктерге жойылуға қауіп төніп тұр деп айтуға болады.

Қазіргі кезде экология бастапқы пәнаралық қалыптасқан ғылым болып кетті. Экологияның адамзатты қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі маңызы өте жоғары. Ғылыми-техникалық үрдістердің экологиялық керіс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Табиғат пен қоғамның ара-қатынасын гармониялық түрде шешу жауаптылығы жоғары білімді эколог мамандарға байланысты. Қоғам мүшелерінің қоршаған орта саласында интеллектуалды деңгейі жоғары болған сайын қазіргі кезеңнің экологиялық мәселелерін шешіп, оны болдырмау жеңілге түспейді.

Экологияның көптеген қолданбалы аспектілері (адам экологиясы, биологиялық экология, әлемдік экология, өндірістік экология, әлеуметтік экология, өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар экологиясы және т.б.) болғанымен, қазіргі экологияның барлық бағыттары – тірі ағзалар мен мекен ету ортасымен қарым-қатынасы іргелі биологиялық идеяларға негізделген. Сонымен қатар, экология, биологиялық пәндерден басқа, химия, математика, физика, география сияқты жаратылыстану ғылымдары мен философия, экономика, тарих, құқықтану, саясаттану, мәдениеттану және тағы басқа гуманитарлық ғылымдармен тығыз байланысты.

Барлық адамзат тарихында болған философиялық мектептер адамның табиғатпен қатынасын ондағы адамның орнын түсінуге тырысты. Адамның табиғатпен экологиялық дұрыс қатынасы, барлық тірі ағзалардың адам сияқты тең планетада өмір сүруге құқығы бар екенін түсінуі, экологиялық этиканың өзекті философиялық элементі болып табылады

Осы оқу құралы барлық мамандықтарда оқитын студенттерге арналып, олардың экология негіздерін және ой-саналарын экологияландыру, табиғатты аялап, табиғатқа деген жауапты сезімдерін тәрбиелеу жолдарына негізделген.

Биосфераның компоненттерінің бір-бірімен әрекеттер заңдылықтарын, адамның іс-әрекетінің салдарын, әсіресе табиғатты пайдалануды үнемдеу жағдайын да білу, қоғам мен биосфераның ара-қатынасындағы практикалық меселелерді, сонымен қатар, қазіргі таңдағы бүкіл әлемдік және Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін, сонымен биосфераның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті мәліметтер алатын оқу құралына болатынына сенімдіміз.