Дәрістің мақсаты: Қазақ тілінің лексикографиясы жөнінде түсінік беру. Қазақ тіл білімінде лексикографияның зерттелуі. Қазіргі лексикографияның негізгі бағыттарымен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1. Қазақ тілінің лексикографиясы;
2. Қазақ тіл білімінде лексикографияның зерттелуі.
3. Қазіргі лексикографияның негізгі бағыттары.
Тілдегі сөздер мен фразеологиялық тіркестерді жинап-теріп, оларды жүйеге келтіру жұмыстарын тексеретін тіл білімінің саласын лексикография дейді. Яғни бұл сөздік жасаудың методикасы мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарымқатынаста болатын егіз ғылым. Сөздіктердың сапасы осы ғылымдардың қаншалықты және қандай дәрежеде зерттеуліне байланысты. Зерттеу жұмыстары неғұрлым жоғары әрі жемісті болса, шығарылған сөздіктер де сщғұрлым сапалы болмак. Бүгінгі таңда сөздіктің практикалық мәнімен қоса, оның ғылыми сапасына де ерекше назар аударылады. Сондықтан сөздік кез келген мекемеде емес, осы мамандықты жете меңгерген ғылыми маман кадрлардың шоғырланған жерінде жасалады. Біздер орыс сөздіктерінен лексикографиялық еңбектердің тек методикасы мен құрылысын ғана үйреніп отырғанымыз жоқ. Октябрь революциясы тудырған барлық жаңа ұғымдарды осы тілден кейде сөзбе-сөз тікелей қабылдасақ, кейде өз сөзімізбен аударып алудамыз. Сол арқылы қазақ тілінің сөз байлығын шексіз молайтып, жан-жақты кемелдендірудеміз. Қазіргі кезде өз ана тілімізде қандайлық мәдени-рухани тілектерді, пікірлерді білдіру керек болса, соның бәрін де ңактылы, әрі емін-еркін дәл жүзеге асыруға болатындай дәрежеге жеттік. Соның нәтижесінде тіліміздегі сөз байлағын жиып-теріп, хатқа түсіріп, іштей саралап, алуан түрлі сөздіктер жасауға мүмкіндіктер туып отыр. Қазіргі кезде орыс тілі білімінде қандай сөздіктер шықса, өзге ұлт республикалары да осы үлгіні творчестволық жолмен пайдаланып, өз тәжірибелеріне ендіріп келеді. Советтік түркологиялық лексикографияның құранды бір саласы-қазақ лексикографиясы да қазыр даму, жетілу дәуірінде. Біздер сөздіктердің құрылым-құрылысы мен методикасын жылдан-жылға жетілдірумен келеміз. Тіліміздегі сөздерді стильдік арақатынасына қарай іштей саралай отырып, оларды белгілі бір нормаға келтіру бірінші орынға қойыла бастады. Бұған дейінгі басылып шыққан сөздіктерде әртүрлі алалықтарға жол беріліп келді. Ең алдымен, сөздердың жазылуында бір ізділік жөнді сақталмады. Бұл әсіресе біріккен сөздер мен күрделі сөздердің, сөз тіркестерінің арақатынысы жөнінде біркелкі көзқарастың жоқтығынан туғандығы рас. Лұғат (словник) жасалмай тұрып, сөздік құрастыруға болмайтындығын ескерсек, бір сөздің кейде бірге, кейде бөлек жазылуы сөздік жасауға үлкен қиындықтар келтіретіндігін түсіну қиын емес. Көркем шығармаларда кездескен диалектизмдер мен вариант сөздерді кез келген сөздікке орынды-орынсыз ендіруге жол берілді. Әдеби тілдің сөздігіне алынатын грамматикалық формалар мен тұлғалар да күні бүгінге дейін сараланып болды деуге келмейді. Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп-бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздерді қолданудағы арақатынасын айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету – сөздік жұмысына үлкен жауапкершілікті арттырып, қиындата түседі.
Лингвистикалық сөздіктердің түрлері тіл-тілде өте-мөте көп. Олар әралуан мақсат-мүддеге лайықталып жасалады. Лингвистикалық сөздіктер бір тілдік, екі тілдік және көп тілдік болып бөлінеді. Түсіндірме сөздік бір тілдің өз сөзімен түсіндіріледі. Ал, екі немесе көп тілдік сөздіктер өзге тілдердің сөздерімен түсіндіріледі. Бір тілдік лингвистикалық сөздіктер академиялық нормативті сөздік және анықтағыш сөздік болып іштей екі салаға жіктеледі.
Қазіргі қазақ тілі лексикасын менгеру үшін қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді зерттеп, олардың стилъдік айырмашылықтарын білу керек.сондықтан ең алдымен сөздік деген не екенін, олардың қандай-қандай түрлері болатынын ашу керек.
Сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Мұндай сөздіктердің жинақты аты – лексикаграфия деп аталады.
Лексикаграфия грекше – leksikon (лексикон) – сөздік, grapho (графхо) – жазамын деген екі сөзден жасалған. Мұның мағанасы бір тілдегі сөздерді жинап, құрастырып, жүйеге ( систамаға) келтіріп, сөздік етіп шығару деген болады. Қазіргі күнде бұл термин бір тілдің түрлі сөздіктерінің жалпы жинағы деген ұғымда қолданылады. Ерте кездегі әдебиетте мұны кейде глос – сари деп атаған. ( тарихи-ғылыми әдебиеттерде кездеседі).
Глоссари деген сөздің мәні – қиын сөздердің коментариилы тізімі деген мағананы білдіреді. Сондықтан оны – көнеріп, сирек кездесетін сөздердің түсіндірмесі деген дұрыс, өйткені оған жалпы халықтық сөздердің көбі енбейді, көлемі шағын, сан жағынан аз, көбінесе көнеленген текстерді түсіндіруге ғана арналған шолақ көмекші құрал болған. Бертін келе толық сөздіктер шыға бастайды.
I.Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі – Махмуд Хусаин ұлы Қашғаридың 1068 жылы жазылып біткен “Диуани лұғат түркі тілдері сөздігі” деген шығармасы. Бұл сөздік өз заманында аса жоғары баға алған. Ол заманда мұан басқа онан бұрын жазылған сөздіктер болғаны туралы Махмуд Қашғари ешнәрсе айтпаған. Егер оған дейін сөздіктер болса, Махмуд Қашғари бір кітаптың кіріспесінде: Бұл еңбекте кездесетін мысалдарды түркі тіліндегі өлеңдерден, халыққа кең таралған отты сөздерден, мақалдардан алдым диді. Сол жерде ол болған кітаптың атын да атар еді. Ондайды атамауы – онан бұрын сөздіук кітаптар болмағанын көрсетеді.
(Махмуд Қашғаридың туған жері - Ыстықкөлдің Қордай жақ бетінде болған Баласағұн шахары еді. Ол қаланың осы күнде тек қана орны бар, біздің жыл санауымыздың 654-664 жылдары орталық Қытайдың Үйсін мемлекетіне жасаған шабуылы тұсында әлсіреп, XIII ғасырдың басында моңғол шабуылында күйреп, XIII ғасырдың аяғында Орта Азия хандары сойқаншыларының тарапынан мүлде құрып біткен. Бұл қала өз заманында үлкен керуен жолының үстіндегі базарлы, мәдениеті жоғары қала болған. Сондықтан осы бір шаһардың өзінен аттары әлемге әйгілі, кесек екі тұлға-Махмуд Қашғари, Юсуф Баласағұн-шыққан. Махмудтың Қашғари болып аталуы қағар қаласында тұрғандығынан емес еді. Мұны Махмуд Қашғаридың еңбегінен хабарсыз кейбіреулер Махмуд Қашғариды ұйғыр, түрікпен т.б еді дейді. Махмуд Қашғаридың өзіэ''мен түрік руынанмын’’(‘’Диуани лұғати түркі'' I-кітаптың Стамбул баспасы, 1903жыл, 3-бетін қара) дейді. Оның айтып отырған түркі, біздің түсініміздегі түркі халықтары емес, өйткені ол: ''Мен түрік, түрікпен, оғыз, чығыл, яғма қырқыз елдерін көп жылдар бойы кезіп шықтым'' дейді (МКӨ, 1-т., 44-бет, бұдан былай - Махмуд Қфшғаридың'' Диуани лұғати түркі'' кітабының өзбекше аудармасын МКӨ деп, қысқартып береміз). Түркі тілі деп МҚ: қырғыз, оғұз, қыпшақ, тұхси, яғма, чығыл, ығрақ жарық тілдерін санаған (сонда, 66-бет)’’ тілдің жеңілі-оғузша, ең турасы, жақсысы яғма, тухси тілдері (сонда, 118-бет). Іле-түрік шаһарларының жойқыны - Амудариясы’’ (сонда) деген. Бұл Іле өзенінің бойы түгелдей ертедегі Үйсін (Усунъ-қытайша) мемлекетіне қарасты болып, ертеректе ол мемлекеттің орталығы Ыстықкөлдің терістік шығыс жағындағы Чығу қаласында болып, бүкіл Шығыс Түркістан, соның ішінде Қашғар қаласына дейін Үйсіндер қол астына қараған. Кейде орталықты Қашғарға көшіріп,онда ордасын орналастырған кездері де жиі ұшырайды,Қашғар хандығы VIII ғасырдан Буграхан тусынан бастап күшейіп, бүкіл Мауреннәһірді өзіне қаратып, ирандықтардың Самонид династиясын құртқан.
Бұл айтылған өңірде ұйғырлар, оғұздар болмаған, бүкіл түркі халықтары тілін Махмуд Қашғари екі ірі тілге:түркі тілі, оғұз тілі деп бөліп қараған. Сөздікке енген сөздің қай тілден алынғаны мәлімсіз болса, ол «екі тілдің бірінде-не түркі, не оғұз тілінде» дейді.
Тухси, яғма, чығыл тілдерінің ерекшілігінайта келіп, бұл тілде дз дыбысын қолданбайды, оның орнына и (й) дыбысы айтылады, мысалы: қайың – басқаларды қадзың. Бұл аталған елдердің тілінде д, дз, й дыбысына, д – дыбысы т болып, г – айналады дейді. Түркілер ауға барған – оғұздар ауға баран түрінде айтады деп, оғыз тілдерінде есімшенің ғ жұрнағы түсіп қалып, -ан болатынан ескертеді. Ендеше, Махмұд Қашғари оғыздар тобынан емес.
Сонымен қатар ол ұйғыр да емес, оған өзінің мына сөздері дәлел.
1. Ұйғырдың тілі түрікше, бірақ өздері сөйлесетін тағы бір тілі бар, бұлар қытаймен шектес бес қаланың (бешбалық, жанбалық, Янибалық, Суми, Коча) бойында тұрады, дейді (МКС, I, 102 бет:Өзб,Iт., 136 бет)
2. Махмуд Қашғари еке деген сөздің тарихын Александр Македонскиймен байланыстырады. Александр Шығыс Түркістанға жақындағанда түркі ханы жас азаматтарды жауға қарсы аттандыруға қам қылғанда бас уәзірі: тақсыр хан, тәжірибесіз жастар, бүкіл әлемді ойрандап, беті қайтпай келе жатқан асқақ жауға төтеп бере алмайды. Ол жастарды “екелер бастасын” депті. Ескедірдің әскерін талқандаған түркі әскері ертеңіне қанға бойалған алтын тауып алыпты. Бұл жер сонан былай қарай Алтын қан атаныпты. Сонан: - Ұйғырлар жанындағы бұл тау атырауында көптеген сахрауи түркілер тұрады, дейді
3. Махмуд Қашғари: “Ұйғыр Шахар – Түнке ханның баласы Исрапл Туғантегін аталары туралы маған мынаны айтты”, - деп, ұйғыр деген сөздің этималогиясын айта келіп, “ біздің бабаларымыз соманиттер династиясын құүртқан кезде”..., деп, өз аталары ұйғырдан аулақ екенін атап келеді.
Мен – түркімін, олар – қйғыр деп отырса, оның аталары бес шахардың бойында, біздің аталарымыз моуреннахырден қытайға дейін Қытайдан Румға дейін деп отырса оны Ұйғыр деуге болмайтыны айқын. Бірақ Радловтан бастап, пров. Жузе, Маловтар Махмуд Қашғаридің “Лұғатын” – ұйғыр ескертіші деп атауына не себеп болғанын айта кету керек. Ең алдымен МҚ еңбегін аттары аталған ғалымдар және сол сияқтылар жете түсіне алған жоқ: Өйткені академик В.В Радлов бұл “ Лұғаттың” баспасын көре отырып пров. Жузенің жете түсіне алмай, тілдік ерекшеліктерге тісі батпай кетті, оны өзіде мойындаған. Марқұм С.Е: моловқа мен: - Сіз “ Лұғатты” – ұйғыр ескерткіші дегенде – осындағы фактілермен есептестіңізбе? – дегенімде, ол “Қазақтар ат – тонын ала қашқасын, ұйғырға аудара салдым”, - деген болатын.
Өзбек тіліне, түрік тіліне аударылған Махмуд Қашғаридың “ Диуани лұғати түркі” сөздігі енді ешкімге де жұмбақ емес осы ескерткіштегі сөз ерекшеліктері түсініктерін бақыласақ, МҚ кім екенін өзі түсіндіреді “Балық ерте кезде түркі және ұйғыр тілінде қала деген мағанадағы сөз еді ” деп түсіндіргенде ұйғырды түркіге қоспайды және өзі мен – түркімін дейді, сондықтан мұны ұйғыр деуге болмайды.
Бұл сөздік туралы бұрынды-соңды айтылған пікірлер мен берілген бағаларды бір арнаға сарыққанда: сөздіктің құрылуы, системасы, сөздерді жүйелеу тәртібі қиын болғанымен, оларды салыстыра түсіндіру жағынан күні бүгінге дейін көне түркі тілдері тарихы жөнінде аса құнды еңбек делініп бағаланды. Бұл сөздік үш томдық еңбек болып XX ғасырдың басында ғана басылып тарады.
Сөздікте автор түркі тілдері сөздерін ғана беріп қоймайды, ол тілдегі сөздердің кейде тарихын айтып,граматикалық өзгешеліктерінен де мәлімет беріп отырады. Сонымен бірге өз маңындағы ру-тайпалардың, халықтардың топонимикасымен байланысты тарихи мәліметтерді, этногенезін де айта отырады.
Махмуд Қашғари сөздігі алфавиттік тәртіпті қатал қолданбаған. Ол сөздікте мына сияқты болып: 1) сөз басында әліп келген есімдер бөлімі, мысалы: ат, ет, от; 2) төрт әріпті сөздер, мысалы, уа, оқа (бұлар араб әрпімен жазылғанда төрт әріп болады. Өйткені олардың асты-үстіне қойылатын диакриттік белгілері қоса саналады); 3) үш әріпті бөлім, мысалы: алп\алып. 4) ортада әр түрлі әріп қолданылатын сөздер, мысалы: ағыр (ауыр). 5)созыңқы аа бөлімі: мысалы, аат (есім).
Махмуд Қашғари сөздігіндегі лексика граматикалық материалдарға қарағанда, бұл сөздікті түркі тілдерінің біріне тән, басқаларына алыс деп айтуға болмайды. Өйткені мұнда көп ру-тайпалардың, халықтардың тілі жиналып, салыстырылып, берілген және күні бүгіннің өзінде қазіргі түркі халықтарының тілдерінің көпшілігіне тарихи дерек бола алады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Лексикография дегеніміз не?
2. Лексикография мен лексикологияның бір-бірімен қарым-қатынасы қандай?
3. Лексикографияның негізгі бағыттарына нені жатқызамыз?