ДӘРІС 13. СӨЗДІКТІҢ ТҮРЛЕРІ


Дәрістің мақсаты: Сөздік түрлерімен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Қазақ тілі түсіндірме сөздігін жасау тәжірибесі;

2. Диалектологиялық сөздіктер;

3. Этимологиялық сөздік.

Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдарды академик В.В.Радловтың «Түрік тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе» (1893-1911) атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н.И.Ильминскийдің «Қазақ тілін зерттеудегі материалдар» (1861) деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Революциядан бұрын барлығы отызға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қазақшорысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың азды-көпті тәжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердің бел алып еркін дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді.

Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми тұрғыдан тексеріліп, етек алып жан-жақты дамуы советтік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды. Лениндік ұлт саясатының арқасында Совет Одағы халықтарының өз ана тілін емін-еркін дамытуға қолы жетті. Бұрынғы кенжелеп артта қалған көптеген ұсақ ұлттар хат танып, білім алып, социалистік мәдениеттің биік шыңына көтерілді.

Орыс тілі – озық мәдиниет пен ғылымның, прогресшіл пікірдің тілі. Сондықтан да біздің елдердегі халықтар орыс тілін үйрену өсу мен дамудың аса қуатты қаруы деп білді. Ұлан-байтақ Отанымыздағы ортақ экономикалық-мәдени мүдде мен қоғамдық жалпы мақсат баршамызға бірдей ортақ бір тілдің болуын қажет етті. Социалистік біртұтас семьядағы мүдделес әр түрлі халықтар бір-бірімен бүгінде орыс тілі арқылы пікірлесіп, өзара тіл табысады. Орыс тілі интернациональдық қарым-қатынастың ұлтаралық құралына айналды. Демек, орыс тіліне деген құштарлықты күнделікті өмірдің өзі тудырды, халқымыздың өскелең талабы мен талғамы қажет етті. Совет Одағындағы үлкенді-кішілі барлық халық революциядан кейінгі жылдардың өзінде-ақ, орыс тілін үйрену, білу мақсатымен ең әуелі орысша-ұлт тілдерінің сөздігін, соңынан ұлт тілдері мен орысша сөздіктерді жасауға жаппай жұмылды. Қазақстанда екі тілді сөздік жасау мәселесі кең жолға қойылды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том «Орысша-қазақша сөздік», 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақшасөздік», ал 1978, 1981 жылдары «Орысша-қазақша сөздіктің» толықтырылған екі томы Ғ.Мұсабаевтың жетекшелігімен жарық көрді.

Аталған сөздіктер туысқан екі халық (орыс пен қазақ) бірінің тілін бірі оқып үйренуі, біріндегі сөз байлығы мен сөз шеберлігін меңгеріп алуы үшін баға жетпес үлкен құрал. Орыс мәдениеті, әсіресе оның бай сөздіктері біздің еліміздегі халықтардың жалпы дамуына, ең алдымен, рухани-мәдени жағынан жетілуіне үнемі мінсіз қызмет атқарып келеді.

Жалпы біздің республикаларымызда ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде екі тілді аударма сөздіктер шығаруда қыруар жұмыстар істелді. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы, мәселен, 1965 жылы шыққан профессор К.К.Юдахиннің «Қырғызша-орысша сөздігі» 1968 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Біз мұны үкімет пен партияның еліміздегі ұлт тілдерін мейлінше еркін түрде дамытуға ерекше қамқорлық жасап отырғандығының айғағы деп білеміз.

Қазақ тілінің сөз байлығы өзге тілдермен де салыстырып аударылды. Мәселен, шағын түрде болса да «Ағылшын-қазақ сөздігі» (1960), «Монғолша-қазақша сөздік», (Монғолия,1954), «Арабша-қазақша түсіңдірме сөздік» (1969), «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» (1974), «Қазақша-ағылшынша сөйлесу» (1966), «Қазақша-немісше сөйлесу» (1968) шықты. Қазақ тілінің басқадай сөздіктерін мол тәжірибелері бірден-бір негіз болды.

ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника саласындағы арнаулы атаулар сөздігін терминологиялық сөздік деп атайды. Бұлар бәрі топталып бір сөздік түріне де, әр ғылым саласының терминдері бойынша жеке-жеке кітап болып та шыға береді. Мәселен, «Аталар сөздігі» деген атпен 1931 жылы, «Қазақ тілінің терминдері» 1936 жылы, «Терминология сөздігі» деген атпен 1948 және 1950 жылдары екі кітап болып басылып шықты. Мұнда революциядан бергі кезеңде тілімізге енген термин сөздерді баранша жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделді.

Елуінші жылдардан бергі кезеңде экономика мен мәдениеттің, техника мен ғылымның шарықтап, кең қанат жайып дамуымен байланысты, орыс және интернациональдық терминдердің есебінен, сонымен қатар өз ана тіліміздің жаңа сөз жасаудағы қабілеттілігі арқасында да, қазақ тілінің сөздік құрамы барынша байыды. Ендігі жерде әрбір ғылым саласының теминдерін әрқайсысын өз алдына жеке кітап етіп басып шығару мәселесін күн тәртібіне қойыла бастады. Осындай ұлы мақсаттын жаршысы ретінде 1952 жылы (1955 жылы екінші рет) С.Арзымбетовтың «Орысша-қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің сөздігі» жарық көрді. Содан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының терминдері де кезекпе-кезек басылып шыға бастады. Қазыр елуден астам осындай үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көріп отыр. Бұған мынадай ғылыми терминдер ендірілген: лингвистикалық терминдер, әдебиет тану терминдері, музықалық сөздік, металлургия өнеркәсібі,тау-кен ісі, физикалық, география, математика, физика, астрономия, геология, юрисприденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт, физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, теміржол қатынасы, биология, географиялық атаулар, химия, археология, механизм мен машиналардың терминдері, мал дәрігерлік терминдер, әлеуметтік-экономикалық терминдер, экономика терминдері, анатомиялық терминдер, өсімдіктер фразеологиясы мен биохимиясы терминдері, қоғамдық-саяси терминдер, т.б.

Қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға республикамыздағы ең таңдаулы, өз ісіне жетік деген маман кадрлар қатыстырылды. Алайда жарық көрген ірілі-ұсақты терминологиялық сөздіктерге ана тілінің өзіне тән сөз тудыру тәсілдерін әрдайым сарқа пайдаланып келе жатыр деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Аудармашылар кей жағдайларда буквализмге бой ұрып жүрсе, енді бір реттерде трафаретке түсіп алғандығы жиі байқалды. Аудармашылар екі тілдің әрқайсысына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді мұқият тексеріп, осыған дейінгі орын алып келген олқылықтар мен ала-құлалықтардан арылу жолын іздестіруде. Бұл салада олардың қол жеткен табыстары да аз емес.

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Орфография (емле) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат – ойды жазба түрде айкын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін орфографиялық ережелер де жалпыға бірде олай, бірде былай екі түрліжазылып жүруінен көп зиян келеді. Сондықтан емле ережелерді тұрақтандыру-сауатты жазудың бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің орфографиялық ережелері революциядан бергі кезеңде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде ірілі-уақты «орфографиялық сөздіктер» жарық көріп отырды. Алғашқы сөздіктер негізінен мектеп көлемінен аса алмады. Соңғы еен Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1957 жылғы 5 июньде «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін» бекітті. Осының негізінде 1963 жылы үлкен «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» жарық көрді. Бұл сөздікте сөздердің жазылуы морфографиялық және фонетиқалық деп аталатын екі түрлі принципке негізделді. Сөздіктің соңында қосымша ретінде кісі аттары мен жер-су атаулары да ендірілді. Бұлардың берілуіндегі мақсат есім мен атауларды жазуда да бір ізділік сақтау еді.

Бұл сөздікті 1978 жылы сәл өңдеп екінші рет басып шығарды. Содан бергі өмір талабы мұны да місе тұтпай, ескірте бастады. Тіл білімі институты қазырғы кезде жаңа сөздікті баспаға дайындау әзірлігінде. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты мен Қазақ ССР Оқу министерлігі 1957 жылдан қолданылып келе жатқан орфографиялық ережелерге біраз толықтырулар мен түзетулер енгізіп, Қазақ емле ережелерінің жаңа редакциясын ұсынған еді. Оны Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1983 жылдың 25 авгусындағы Указымен бекітіп берді. Емле ережелері кодексі жазу мәдениетімізді әрі қарай жетілдіріп, жазуымыздың сауаттылығын недәуір арттыра түсетіндігі сөзсіз.

Орфографиялық сөздік – тіл мәдениеттілігінің басты бір белгісі деп қарасақ, мұны тек сөздерді белгілі ережелерге сай үйлестіріп, сауатты жазумен ғана шектеуге болмайды. Ең алдымен, бұл сөздік еен тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, әсіресе оның өзіне ғана тән бейнелі сөздерін (қос сөздер мен күрделі сөздерін) барынша камтып, көрсетуге тиісті. Тілдегі сөз байлығының қыр-сырын жан-жақты ашып беретін бірден-бір көрсеткіш – қолдан түспес сөздік құралын шығару екендігі ескерілуі керек. Сонымен қатар бұл құралмен алты жасар баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шұгылданатын ұмытпау керек. Сонымен қатар бұл құралмен алты жасар баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шұғылданатын ұмытпау керек. Сондықтан орфографиялықсөздіктің құрылым-құрылысына үлкен мән беріп, оны әлі де жетілдіре түсу шараларын шұғыл қолға алу қажет. Қазіргі орын алып, отырған сөздіктердің түгелдей жойып, сапасын неғұрлым арттыра түсуде ойластырмасқа болмайды. 1960 жылы Г.Жаркешеваның «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» басылып шықты. Бұл еңбектің кіріспе бөлімінде бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздердің емле ережелері берілген. Кейбір кіріккен сөздердің түп-төркіні ашылған. Мұнда 5000-ға жуық біріккен және күрделі сөздердің тізімі көрсетілген. Тізімнің ішінде қазақтың төл сөздерімен қатар авиабаза, автоқалам, автомашина, автошана, агротехника тәрізді терминдер де қамтылған. Сонымен бірге екі сөзден құралған кейбір ән аттары ( Ақ бидай, Ақ бақай, Ақдариға, Ақерке, Ақ қайың т.б.) да алынған. Азын-аулақ болса да ойын аттары (алтын сақа, әңгір таяқ, балтам тап т.б.), күй аты (Ақсақ киік, Боз шолақ, Сары арқа, Көкей кесті т.б. берілген. Р.Ссыздықованың «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағышы» 1960 және 1974 жылдары екі рет басылды. Бұл еңбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды . Демек , қазақ тіл мамандары орфографиялық сөздіктер шығарудан кенде емес. Алайда, мәселе сөздіктің санында емес; сапасында деп білсек, бұл салада істелуге тиісті қыруар жұмыстар бар екендігін авторлар коллективі әрдайым ұмытпағаның қалар едік.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІКТЕР

Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты бір тілде, белгілі дәуірде, жалпы халақтық сипат алған сөздерге мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жағынан сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму сатысындағы сөздік құрамының сан мөлшерін біршама анықтау. Солардың мағыналық нормаларын, стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету міндеті жүктеледі. Сонымен қатар сөздердың жазылуы мен айтылуы нормаларының ең дұрыс деген қалпын айкындай отырып, соган нақтылы түсінік беруді қарастырады. Сондықтан түсіндірме сөздік кейде нормативті сөздік деп те аталады. Нормативті түсіндірме сөздік бір томдық және көп томдық болып та, жасала береді. Көлемнің үлкендігіне қарай көп томдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп те айтады. Орыс тілінде үш түрлі (17 том үлкен сөздік, төрт том орташа сөздік, бір том кіші сөздік) түсіндірме сөздік басылып шықты. Академик В.В.Виноградов: «Ұлт тілінің түсіндірме сөздіктері сойлеу мәдениетінің ең күшті қүралы ғана емес, сонымен бірге сол мәдениетінің жемісі» - деп бағалайды. В.И.Ленин орыс әдеби тілінің жаңа түсіндірме сөздігін жасаудың соншалықты қажет екендігін айтып, оны жеделдетіп шығаруға улкен күш жұмсап, әкелік қамқорлық көрсеткен болатын. Демек, әрбір тілдің түсіндірме сөздігі әсіресе ғылым мен техниканың кемелденіп жетілген кезінде соншалықты қажет екендігін аңғарамыз. Бұл кезеңде бүкіл баспасөз, мектеп, радио, телевизияның барлығы да жүйеленген нормативті сөздіктермен ғана жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі біздің еліміздегі әрбір ұлт республикалары өз тілінің түсіндірме сөздігін жасауға жаппай кірісті деуге болады. Бұл салада қазақ тіл мамандары да жемісті еңбек етіп келеді. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» ең алғаш рет екі том болып, 1959 және 1961 жылдары басылып шықты. Cодан бері жұртшылықтың күнделікті кәдесіне жарап, азды-көпті мәнді қызмет атқаруда. Бұған небары жиырма мыңдай ғана ең жиі қолданылатын сөздер енген еді. Содан бергі өьір талабы бұл сөздікті місе тұтпай толықтырып, жаңартып қайта жасауды талап етті. Қай елдің даму тарихын алып қарасақ та, әдеби тілдің нормативті сөздігі бір мәртебе емес, әлденеше рет жасалған. Олар бірден-бірге кемелденіп толығады, сараланып өңделеді. Ешбір елде жүйелі толық сөздік бірден жасалмаған. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институті 1967 жылдан бастап «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» көп (қн том) етіп шығару жұмысына бел шешіп, қайыра кіріскен еді. «Сабақты жіп сәтімен» дегендейін, сол игілікті еңбекті шығару 1974 жылы басталып, соңғы томы (10-том) 1986жылы басылып шықты. Бұл сөздіктің алға қойған мақсаты қазақ тілінің сөз қорындағы сөздерді мүмкін болғанынша түгел қамтып, хатқа түсіру, есебін алу. Тіліміздегі сөздердің мән-мағыналарын дәл анықтай отырып, олардың әдеби нормаларын белгілеу. Реестерге алынған сөздерге қай сөз табына қатысты екендігін көрсететін грамматикалық белгілер қойылған. Сөздікте сөздердің қолдану аясы мен шегін, тарихи және территориялық таралу әдісін, сондай-ақ, эмоциялы-экспрессивті реңін сипаттайтын да белгілер көрсетілген. Стильдік белгілер негізінен мынадай төрт топқа жіктеледі. 1. Әдеби тіл шеңберінен тыс қолданылуы шегін көрсететін белгілер: қарапайым сөз (қарап.), тұрпайы сөз (тұрп.), сөйлеу тіліне тән сөз (сөйл.), диалектілік лексика (диал.). 2. Әдеби тілдің белгілі бір саласында ғана жұмсалатынын көрсететін стильдік белгілер: кәсіби лексика (кәсіб.), кітаби лексика (кітап.), діни сөз (діни), мифологиялық сөз (миф.), көнерген сөз (көне.), тарихи сөз (тар.), жаңа сөз (жаңа), поэтикалық сөз (поэт.) т.б. 3. Ғылымның белгілі бір саласында ғана арнайы жұмсалатындығын көрсететін белгілер: биология (биол.), химия (хим.), музыка (муз.), медицина (мед.), спорт (спорт), авиация (авиац.), т.б. 4. Сөздердің әр түрлі стильдік бояуын көрсететін белгілер : экспрессивті (экспр.), эммоциональді сөз (эммоц.), сыпайы сөз (сып.), т.б. Соныменг бірге сөздікте азын-аулақ болса да қай тілден келгендігін көрсететін этимологиялық белгілер де қойылған. Мысалы: араб сөзі (ар.). иран (парсы) сөзі (ир.) монғол сөзі (монғ.), орыс сөзі (ор.) т.б.

Аталған неше алуан белгілер (пометы) бұрынды-соңды шыққан түрік халықтары сөздіктерінің бәрінен де өте-мөте бай екендігін ескерсек, бұл сөздіктің бағасы мен құнын арттыра түспек. Әрбір сөздің мағыналарына қысқа түрде тұжырымды анықтама беруге тырысқан. Сөздің негізгі заттық мағынасы алдымен беріледі де, онан соң қосымша және ауыспалы мағыналары келтіріледі. Сөз мағыналарының бәрі де белгілі цитаталармен документацияланып, келтірілген мысалдар кімнен және оның қай шығармасынан алынғандығы, автордың фамилиялары, кейде өз есімі (Абай, Жамбыл, Махамбет т.б) арқылы көрсетілген. Реестр сөздің анықтамасы, оған берілген грамматикалық, шығу төркіні (қай тілдің сөзі екендігі) мен қай стильге жататындығы туралы белгілер, бұларға келтірілген түрлі мысалдар, бір сөзбен айтқанда, сөздік мақала деп аталады. Әрбір сөздің мағынасы мен реңкін айқындауға берілген нақтылы мысалдар, келтірілген иллюстрациялық материалдар сөздің қолдану аясын, стильдік мәнін мүмкіндігінше толық және айкын етіп дәлелдеуді көздейді. Сол себептен олар атау сөзге қойылған грамматикалық, стильдік белгілерге сай, сөздің табиғатын, сипатын жан-жақты түсіндіріп, анық ашып беретіндей болуы және мазмұны жағынан ұстамды да тұжырымды болып келуі қадағаланды.

Фразеологиялар сөздікте сөз мағыналары талданған соң, қойылған мынадай белгіден кейін келеді. Бұл белгі бір-ақ рет қойылады. Сөздің әр мағынасын ашу үшін 3-4 мысал, ал фразеологияға 2-3 мысал алу жеткілікті деп есептеледі. Келтірілген цитаттар мүмкін болғанынша әр авторды және әр дәуір мен түрлі жанрларды қамтитындай болуы жағы көзделеді. Цитат табылмаған кейбір сөздерге ойдан мысал алынып, соңынан жақшаның ішіне (Ауызекі тіл) деген белгі қойылады.

Он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөөдігінде» 70 мыңдай реестр сөз, 20 мыңдай күрделі сөздер мен фразеологизмдер қамтылды. Аталған сөздіктің көп том болып басылып шығуы тек – қазақ елінің тарихында ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтардың тарихында да бұрын-соңды болмаған айтулы оқиға. Бұл жайында оқушы қауымның көптеген бағалы пікірлері бар. Мәселен, М.Әлембаев өзінің «Көңіл күнделігінен» деген мақаласында: «... бұл сияқты қомақты ғылыми көрнекті еңбек – Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының өзі-өз болғалы шығарған шын мағынасындағы шынайы халық кітабы. Бұл көптің еңбегі - өлмейтің еңбек, жоғалмайтын қазына. Қалам ұстаған қазақтың бірі болғандықтан ғана емес, тіпті тілге, тіл біліміне он қайнаса сорпасы қоылмас қайманы қазақ болған күнің өзінде де мен осы сөздікті іздеп тауып оқыр едім, күнделікті құралма айналдырып, стол үстінен түсірмес едім», - деп жазған еді. Онан кейін ол ьтағы да өзінің «Іздеген інжу табар» деген мақаласында алдыңғы айтқан пікірін одан әрі жалғастырады: «Қазақ ілінің көп томды басылымы – бүкіл халықтың ғасырлар бойы сары алтыдай сақталған той қазынасы, ортаймай толыса беретін рухани дәулеті» - деп қайталады. Бізше, бұл берілген баға жалғыз бір кісінің пікірі емес, бүкіл қалың жұртшылықтың ізгі ойы деп түсінген жөн.

ДИАЛЕКТОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті ерекшеліктер бар. Бұлардың көпшілігі фонетика мен граммтикадан гөрі лексика саласында жиірек ұшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, етістік, сын есімде) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты көп емес деумізге болады. Ауызекі тілддегі сөз айырмашылықтарын жинап – теріп, жеке сөздік етіп шығару далпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын слаыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де болгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектикалық ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалықтары болса, екінші жағынан басқа тілдерең ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік реекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспидияциялық матери алдардың негізінде Досқараевті «Қазақ тілінің ерекшеліктері» атты тұңғыш сөздігі 1955 жылы басылап шықты. Сөздіктің алға қойған мақсатты: «Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық епекшіліктірімен таныста, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен кейбір басқа тілдермен қатынгасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету» (3 бет) еді. Кітапқа қазақ тілінің 1521 жергілікті ерекшеліктері ендірілген. Сөздікте әр сөздің мағынасы бірде әдеби тілдегі баламаларымен, бірде сипаттама түрінде түсіндіріліп, тиісті мысалдар келтірілген. Мүмкіндігіне қарай, әрбір жергілікті диалектизм өзге түрік тілдеріндегі, атап айтқанда, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, татар және монғол тілдерінің ескілі-жаңалы материалдарымен салыстырылып көрсетілуі еңбектің ғылыми құндылығын недәуір арттыра түскен. Кітапқа жеке сөздермен қатар жергілікті халықтың ауызекі тіліндегі бірқыдыру сөз тіркестері де қамтылып, оларға да тиісті түсініктер берілген. Мысалы: жамбар тарту, бауыздап жіберу, бала құшақтау, еркелеп кету, орам болу, сұрам беру, жоқ ету, қайырма беріс, т.б. Сонымен бірге жалпы халыққа өте-мөте танымал белгілі сөздердің де орынсыз сөздікке еніп кеткендігі байқалады. Мысалы: аламан, ауу (егін туралы), бейбас, дарбаза, долы (қатты дауыл), жасауыл, желек, жер шығып кету, жылым, зығыр, кездік, кесел, мауыздау, миластыру, семіру, т.б.

Жеке сөздердің шығу төркінің (этимологиясын) әртүрлі жолмен анықтап, оларды документациялауда бір ізділік жөнді сақталмаған: бірі толық, енді бірі өте қысқа түсіндірілген.

«Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін» екінші рет профессор С.Аманжолов 1959 жылы шығарды. Бұған 4000-нан астам жергілікті тіл ерекшеліктері енген. Автор қазақ тілі мамандарының әр жылдардағы жазып алған экспидициялық материалдарын молынан пайдалана отырып, сонымен қоса аудандық және облыстық газеттерден, халықтың ауыз әдебиеті мұралары мен көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларынан бай материалдар жинап, солардың негізінде жазғандығы байқалады. Мұнда әрбір реестрге алынған сөзге екі тілде (қазақша-орысша) толық түсінік беріліп отырылған. Мүмкіндігіне қарай алынған диалектілік сөз Қазақстанның қай жерінде кезедесетіндігі және қандай әдебиеттен алынғандығы көрсетілген. С.Аманжоловтың бұл еңбегін тұңғыш рет жазылған екі тілді (аударма) диалектологиялық сөздік деп те атауға болады.

Ж.Досқараев пен С.Аманжоловтардың сөздіктерінің біреуінде кездескен сөз екіншісінен де табылып отырады. Алайда қайталаған сөздерге берілген түсінік көп ретте бірін-бірі толықтырып отырғанымен, кей жағдайда өзара алалықтар да тудырып отыратындығы аңғарылады. Мәселен, албар деген сөзге Досқараевтың сөздігінде қора (ашық қора) деп түсіндірілсе, Аманжоловтың сөздігінде ат қора (конюшня) делінген. Аяқкиіз – іргелік киіз, үйдің іргесіне ұстайтын, ішіне төсейтін киіз (Д.); тұскиіз (А.)1. Зерен – зерлі аяқ (Д.); көздей, тостағанның ең кішкенесі (А.). Сарамдасу – танысу, білісуү жөн сұрасу (Д.); шұрқырасу (А.) Сүгіт – сөгіс, ұрыс, сөгу, ұрысу (Д.); Өсек, ғайбат (А.), Аруана – жазы орнына қолданылатын, түйеге салатын нәрсе (Д.); қом, шом, жазы (А.) т.б.

Бірлі-жарым ұсақ-түйек кемшіліктері болғанымен, түптеп келгенде бұл екі сөздік қазақ диалектологиясын аяғынан тік тұрғызып, етек алып дамытуға үлкен үлес қосты. Онан кейін де жылма-жыл диалектологиялық экспидициялар ұйымдастырылып, қыруар материалдар жиналды. Солардың нәтижесінде бірсыпыра адамдар ғылыми диссертациялар қорғап, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы деген дәрежеге ие болды. Сонымен қатар өңдеп, толықтырып, жаңа сөздік шығаратын да уақыт жетті. Солардың негізінде 1969 жылы «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» жарық көрді. Мұнда бұрынды-соңды жиналып-терілген ауызекі сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді іріктеп екшей отырып, 6000-ға жуық сөздерді бір том етіп шығарған. Яғни бұл сөздік С.Аманжолов пен Ж.Досқараевтің сөздіктерінің негізінде жасалған. Сөздіктің жалпы құрылысымен құрылымды – реестрге алынған сөздерді түсіндіру принципі мен мысалдарды беру тәртібі жағынан «Қазаз тілінің түсіндірме сөздігіне» сүйенген. Бұл сөздікке негізінен өз республикамыздағы тіл ерекшеліктері енген болса, сонымен бірге Түрікмен, Орынбор, Қошағаш қазақтарының тіл ерекшеліктері де қамтылған. Ал өзге елдерде тұратын қазақтардың тіл ерекшеліктері күні бүгінге дейін жөнді зерттелінбегендіктен, аталған сөздіктен тиісті орын ала алмаған. Еңбекте тіліміздегі жергілікті сөз айырмашылықтарының басын қосып, салыстырып зерттеу арқылы, бірсыпыра сөздерге дұрыс талдау жасалған. Сонымен қатар кейбір олқылықтары да жоқ емес. Сөздікті жасаушылар сөздікке тек қана диалектизмдерге жататын сөздерді таңдап алудың орнына көп ретте таза әдеби тілдің сөздерін талғаусыз ендіре бергендігі байқалады. Мысалы: астау, атықтыру, әнтек, бапкер, баспа, баялыш, боздақ, буазу, булық, далда, дембе-дем, елі, жадағай, жарыс қазан, жасымық, жаужүрек, кәделеу, кергі, қазан ат, қодыра, қоз, мор, морлау, нәл, самал, оттық, сақпаншы, маймақ, саяқ, саумалау, собық, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмашы, қыршу, майқандау, айырма, алмалау, түйе табан, үреген түктеу, уық қап, ұрт, т.б. Сөз мағыналарын дәлеледеп түсіндіре алмаушылық та жиі кездеседі. Мәселен, Аржа деген сөзге жаңқа, жіңішке жұқа жәшік деп түсінік берген. Досқараевтың сөздігіндегі анықтаманы сөзбе-сөз көшіре салған. Бұған жұқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді. Құмыр – суды көп ішетін ауру түрі. Дұрысында, әдеби тілдегі сусамыр деген синонимін ғана келтіру керек. Доқа деген сөзді де жарғақ деп түсіндірсе де болушы еді. Ч әрпінен басталатын вариантын келтірудің өзі жеткілікті. Сөздікте авторлар көп жағдайда оған иноним іздеп, берілген анықтаманы қиындатып алған.

Осындай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күндегі қазақ диалектизмдері жөніндегі бірден-бір жөні түзу анықтағыш болып есептеледі.

СИНОНИМДІК СӨЗДІКТЕР

Өз тіліндегі мәндес сөздерді жинақтап, жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі алдыңғы озық мәдениетті елдердің көбінде бар. Орыс халқы өз тіліндегі синонимдер сөздігін шығарумен екі ғасырдан астам уақыт бойы айналысып келе жатыр. Соның нәтижесінде үлкенді-кішілі әр алуан сөздіктер жарық көрді. Бұлардың әрқайсысының құрлысы да, көлемі де, жасау принципі де түрліше, бір-бірінен өзгешелігі болды. Өнегелі халықтың осындай іс-тәжірибелерінен оқып үйрене отырып, біз де (Ә.Болғанбаев) 1962 жылы тұңғыш «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігін» шығардық. Бұған төрт мыңнан астам (1400 синонимдік қатар) сөз көрді. Сөздіктің соңында жұртшылықтың пайдалануына жеңілдік келтіру мақсатымен, екі түрлі көрсеткіш (алфавит көрсеткіші мен синонимдік қатарлардың көрсекіші) берілді.

Мәндес сөздер белгілі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Белгілі бір ұғымның шегін ажырытпас бұрын, ең алдымен тілдегі әрбір сөздің өзіне тән мән-мағыналарын жете білу қажет. Сонымен қатар сол білгеніңді дәлелдейтін түрлі әдебиеттен алынған нақты тілдік материалдар болуы керек. Әрбір синонимдік қатарға топтасқан сөздер кездейсоқ түрде емес, белгілі заңдылыққа негіздеп, қайсысы бұрын, қайсысы одан кейін, қайсысы ең соңында тұруы керектігін анықтаукерек. Әсіресе синонимдік қатарға негіз болатын доминан (тірек) сөзді іріктеп шығару оп-оңай іс емес. Доминант (тірек) сөз мағына жағынан тиянақты, ашық-айқын, стильдік реңі жағынан бейтарап, сонымен бірге көп мағыналы емес, дара мағыналы сөз болуға тиіс. Бұлар синонимдік қатардың алдында тұрады, басқалары мағыналық жақындығына қарай, ілгері- кейінді бірінен кейін бірі тізіліп тұра береді. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы әр түрлі синонимдік қатарда жұмсалса, онда бір сөз неше мәртебе қолданылса, сонша рет сөздікке алынады. Мәселен, аталған сөздікте дүние деген сөз торт түрлі сөзбен (әлем, өмір, жаратылыс, зат) синонимдік қатынасқа түскендіктен, төрт рет алынған.

Синонимдер сөздігін жасауға кіріспе бұрын оның мақсаты мен міндетін белгілеп алған жөн. Осыған орай оған ендірілетін сқздердің түрлері анықталды. Синонимдер сөздігі негізінен әдеби тілдің шеңберіндегі сөздерді қамтауға тиіс. Сонымен бірге өткен дәуірдің жұрнағы ретінде архаизмдер кіреді. Кәсіби сөздер мен кейбір диалектизмдер де алынады. Терминдердің де сан алуан стильдік-мағыналық мән беретін синонимге өте-мөте жақын жүргендері сөздікке ендіріледі. Мәселен, право деген орыс сөзі қазақтың ерік, қақы, құқы сөздерінің синонимдік қатарына кіріп, ғылыми стильден мықтап орын тепті. Сол сияқты образ – бейне, тұлға сөздерінің синонимдік катарын, герой – кейіпкер, қаһарман сөздерінің синонимдік қатарын толықтырып, ерекше стильдік мәнде қолданылып жүргендіктен, бұларды да сөздікке ендірдік. Әдетте, терминологияны жасаушылар, «синонимдер терминологияның жауы» деп теріс түсініп, оның біреуіне ғана жармасып, қалғандарынан қайтсе де құтылу әрекетін ойлап бағады. Іс жүзінде бұл әрекеттен түк шықпай, әрбір сөз күні жеткен кезде қайтадан тілге оралып отырады. Мұның басты себебі кейбір термин жасаушылар терминдердің де өзге сөздермен мағыналас, үйлес келіп, белгілі бір ұғымды жан-жақты түсіндіру қабілетін жете түсіне алмағандықтан, дәрменсіздіктен туған деп ұғуға болады. «Синонимдер сөздігіне» синонимдік қарым-қатынаста жұмсалатын тілдегі фразеологизмдердің бәрі бірдей талғаусыз ене бермейді. Мәселен, айқын, анық деген ұғымда «бес енеден белгілі», «тайға таңба басқандай», «соқырға таяқ ұстатқандай» деген идиомдар айтылады. Күйреді деген ұғымда «тас-талқаны шықты», «күлі көкке ұшты», «аяғы аспаннан келді», «жермен жексен болды», «тамырына балта шабылды» деугу болады. Алайда бұлардың бірде-біреуі сөздікке кірмеді. Тек екі сөзден құралып, бір сөздің орнына жүретін ығыр болу, мезі болу, ысырап болу тәрізді некен-саяқ фразеологиялық тіркестер ғана ендіріледі.

Орыс тілінің синонимдер сөздігіне синонимдік қатардың құрамындағы әрбір сөздің мағынасы талданып, қолдану аясы мен стильдік қызметі түсіндірілген. «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігінде» бұл міндет түрлі заңды себептермен іс жүзінде атқарылмады. Бұл мәселенің түбегейлі шешілуі әрбір ұлт тілінің даму тарихимен тығыз байланысты. Әр халықтың жазба әдеби тілі неғұрлым ерте басталып, сол дәстүр үзілмей үнемі жалғаса берсе, сол тілдің әдеби тілі де, соншалықты сараланып, жүйеге түспек. Ал кешеуілдеп кенже дамыған әдеби тілдің олпы-солпы жағы, жүйесіздігі бірде болмаса, бірде байқала бермек.

Осы айтылғандардың алғашқысына орыс тілін, кейінгісіне қазақ тілін жатқызуымызға болады. Қазақ тіліндегі синонимдерді стильдік салаға жіктеп-бөлу жұмысының өте-мөте тапшылығынан тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей әлі күнге сараланып жетілмегендіктен, біз бұл міндетті кейінге қалдырдық. Сөздікте синоним қатарларының жүйеленген тізімі келтіріп, белгілі әдебиеттен солардың мағыналарын ашарлық бір-бір мысал алумен ғана шектелдік: аласа, тапал, қысқа, кішкене, тәпелдек, мықыр, қортық, тырбық, жатаған, мақар.

Ортасында аласа бойлы, ақырын сөйлейтін бір кісі бар (Әбдіқадыров). Менің астымда жортақылау, топал торы ат (Майлин). Аралық қылшық түбіттен ұзын, көбінесе қылшықтан қысқа келеді (Ермеков). Кішкене қара жігіт, бұл вагоншы Егентай (Ерубаев). Мойнымды қанша созып тырмысқанмен мына тәпелтек бойым терезеге жетер емес (Соқпақбаев) Бораштың мықыр саусақтары қайланың сабын бойлап, перне басқан домбырашының қолындай билеуде (Мұстафин). Бибажарды айттырып отырған Дүйсенбайдың баласы да Бибижарға тең емес, бір қортық көрінеді (Сейфуллин). Ботагөз қорған тастың текшелеген жіктеріне өскен тырбык қарағайлардың бірінен соң біріне жармасып төбесіне шықты (Мұқанов). Жатаған келген жарау аттар, сүліктей созылып, керіле құлаштап барады (Мүсірепов). Сатай аласа бойлы, дембелше мақарлау қара сұр жігіт (Сейфуллин).

Кез келген сөздік халқымыздың сөз байлығын жинақтап, жүйелеп беретін рухани қазына деп есептеледі. Сондықтан да олар бір емес, әлденеше рет жасалып өңделеді, толықтырылады, жетілдіріледі. Сөйтіп халық игілігіне айналады. 1962 жылы жарық көрген «Синонимдер сөздігі» содан бергі кезеңде де үнемі толықтырылып келді. Соның нәтижесінде оның көлемі екі еседей артты. 1975 жылы «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» деген атпен бұл сөздік екінші рет басылады. Берілген баспа қағаздың (листаж) аздығынан, жиналған синонимдердің бәрі бірдей сөздіктен орын ала алмады. Тек бұрынды-соңды қолымызға түскен материалдардың таңдаулыларын іріктеп, 5000-нан астам синонимдерді қойылған талапқа сай ықшамдап бердік. Демек, бұл еңбек бұрынғы шыққан сөздіктің толығып кеңейген, өңделіп түзетілген, жақсарған жаңа варианты деп танылады. Мәселен, сөздіктің бірінші басылымында өлу деген сөздің синонимдік қатарында бар болғаны бес-ақ сөз кірген болса, соңғы басылымында 27 сөз енгендігі бұған айқын дәлел бола алады.

АБАЙ ТІЛІНІҢ СӨЗДІГІ

Белгілі бір ақын-жазушының шығармаларының тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды.

Әрбір ұлы жазушы өз заманның куәсы айнасы. Олар өздері өмір сүрген дәуірінің саяси-әлеуметтік және қоғамдық өміріне қалай болса солай, немқұрайды қарап отыра алмайды. Жақсысына сүйініп, жаманшылығы мен кемістігіне күйініп, өзінің әділ сын-бағасын айтып отырады. Ұлы ақын-жазушылар әртүрлі көркем образдар арқылы бүкіл бір заманның тарихы картинасын суреттеп, кейінгі ұрпақтың өмір-бақи есінен кетпейтіндей етіп көз алдына елестетеді. Олардың қалдырып кеткен асыл мұралары ешқашан ескірмейді, тозбайды, әрі мұқалмайды. Қайта жаңа заман идеясымен арқашан жаңғырып, құндылығы мен бағасы бұрынғыдан да арта береді. Дәл осындай ізгі қасиет Пушкин мен Абай тәрізді ұлы жазушылардың шығармаларына тән нәрсе. Орыстың ұлттық әдеби тілінің негізін салуда А.С.Пушкин қандай зор қызмет атқарған болса, қазақтың жэаңа классикалық жазба әдеби тілінің іргетасын қалауда кемеңгер Абай да сондай ұлы еңбек сіңірген. Орыс халқы өзінің сүйікті перзенті, данышпан ақыны А.С.Пушкин шығармаларының төрт томдық сөздігін (I том – 1956, II – 1958, III – 1959, IV – 1961) жасап жарыққа шығарған болатын. Бұл сөздік орыстың ұлттық әдебиетінің тарихи жөнінде, әсіресе оның лексикасының өткен тарихы бойынша өте маңызды рухани құрал деп есептеледі. Біз де өнегелі орыс халқының ізгі бастамасының тәжірибе алып, оқып үйрене отырып, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының сөздігін жасауға Тіл білімі институтының бір топ қызметкерлері 1962 жылдан бастап кіріскен едік. Бұл еңбек 80 баспа табақ көлемінде Қазақ ССР Ғылым академиясының «Ғылым» баспасынан 1968 жылы жарық көрді.

Жеке ақын-жазушылар шығармаларының сөздігін жасау тәжірибесі жалғыз қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тілдерінің бұрынды-соңды даму тарихында ешбір жасалып көрмеген нәрсе. Мұның бар қиындығы мен өзінше жаңалығы да осында деп түсінуімізге болады.

«Абай сөздігін жасаудың мақсаты мен маңызы неде?» - деп жалпы сұрау қоюға болады. Ұлы ақын қараңғылық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен рушылдық пен жікшілдікке негізделген феодалдық дәуірде тіршілік еткендігіне қарамастан, ол өз ортасынан үздік шығып, халқына, кейінгі ұрпаққа «өлмейтұғын өнегелі сөз қалдырды». Абай надандықпен күрестің ең өткір құралы – тіл деп түсінді. Сондықтан ол «Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ» деген болатын-ды.

Ұлы ақынның саяси-әлеуметтік көзқарасы, демократтық идеясы мен абзал мақсаты шығармасының бүтін өн бойынан тіл ұстартуынан айқын сезіліп тұрады. Кемеңгер ақын адамзат қоғамындағы тілдің атқаратын қызметі мен мәнін, онын халыққа тигізетін ықпалының өте күшті екендігін жақсы түсінген. Сондықтан да Абай қазақ тіліндегі мәнсіз, басы артық қосалқы сөздерден поэзияны тазарта отырып, «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» жағымды сөздердің неше алуан үлгісін тапты, өнегесін көрсетті.

Ол үшін ұлы ақын қазақтың байырға тума төл сөздердің өңдеп–түзеп, ұқсатып, жаңа мазмұн беріп, әр түрлі кәдесіне жарата білді. Мәселен, талаптың тұлпары, көңіл құсы, тентек өмір, жабырқанқы сөз, тіл ұстарту, т.б. теңеу сөздерді Абайдың қазақтың төл сөздерін жаңартып, жаңадан сөз жасағандығының айғағы деп қарацу керек. Ұлы ақын қазақтың ауызекі сөйлеу тілің, ауыз әдебиеті тілі мен жазба әдебиет тілін сарқа пайдалана отырып, қазақтың болашақ ұлттық әдеби тіліне жөн – бағыт сілтеп, сара жол салды. Қазақ тілінің барлық сөздік қорын лексика-фразеологиялық байлығын, мақал-мәтелдері мейлінше емін-еркін, керегінше, әрі шебер түрде пайдалана отырып, жетпегенін араб, парсы және орыс тілдерінен алып толықтырды да кәдесіне жарата білді. Абай шығармаларында кездескен сөз байлығының барлығы да түгелдей сөздікке ендірілді. Мұнымен қоса ақынның өзі қолданған жалқы есімдер, кісі аттары мен жер-су атаулары халық пен ру аттары да қоса қамтылды. Шығарманың текстінде кездеспеген, тек белгілі бір өленнің тақырыбына алынған кісі аттары, мәселен, Әсет, Көжекбай, Баймағамбет, Күлембай сияқты есімдер сөздікке жеке реестр болып алынбады.

Абай шығармасында қолданылған араб, парсы және орыс сөздері негізінен екі салаға бөлініп қаралды. Оның бірінші түрі қазақ тілінің лексикасына біржола еніп тіліміздегі төл сөздердей етене болып кеткен жалпы халыққа таныс сөздер. Ал екінші – Абай шығармаларында ғана ұшырасатын, барақ қазақ тілінің сөөдік құрамынан белгілі орын таба алмаған бейтаныс, бөгде сөздер. Бұлардың тізімі алфавит тәртібімен қосымша ретінде сөздіктің соңынан көрсетілді. Абай – халық тілінің байда нәрлі құнарын тек шебер пайдаланушы ғана емес, өзі де неше алуан жаңа сөздер, жаңа мағыналар тудырып отырған жаушы. Ақынның шабытты сәтті шақтарында ұшқыр қаламынан туған мақал-мәтелдердегі бергісіз толық жатқан қанатты нақлия сөздері бар. Ақын өз шығармасында жай қарапайым сөзге жан бітіріп, неше қилы қозғалысқа түсірді. Сонымен қатар кемеңгер ақын тілдегі сан қилы тропалық тәсілдерді, аллегория мен шендестіруді, сарказммен иронияны, эпитет пен теңдеуді әр түрлі ойналықпен құбылтып отырған. Әсіресе метафораны кең түрде еркін пайдаланған. Мысалы: «Сөзімде жаз бар шыбынсыз» дегендегі жаз деген сөз. «Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» дегендегі жайлау сөзі, «Қажыды көңілім көп шауып» дегенде шабу сөзі, «Қараңғы, саңырау ойды қайғы жеңген» дегенге саңырау деген сөз «үміттін аты еліріп», дегенде ат сөзі Абайдың өзіндік метафоралық сөз қолданыстарына жатады. Ақынның сөздігінде мұндай контекстік мағыналарға «ақын бұл жерде мағынада қолданып отыр» деп кең түсінік берілді. Сөздің белгілі бір клнтекстегі бейнелі мағынасы сөөздің эстетикалық мағынасы деп аталады. Мұндай мағыналарды саралау міндетін жеке айқан-жазушы тіліне арналған арнайы сөздік қана атқара алынады.

Абай сөздігін жасау мақсаты ұлы ақын өз шығармаларфын жазуда қанша сөз және оларды қандай мағынада қолданғандығының бетін ашу екендігі даусыз. Сөздікте осы мақсат біршама нақтылы жүзеге асты деп ойлаймыз. Абай шығармаларында алты мыңға жуық жеке-дара өз сөз қолданғандығы анықталды. Бұл еңбек ұлы ақынның асыл мұрасындағы «іші алтын сырты күміс сөз жақсысын» терең білгісі, үйренгісі келген барлық қазақ қауымына пайдалы жұмыс пен ұғамыз. Абай сөздігі қазақ тілінің өткені мен қазіргісін салыстыра отырып тексерген жеке зерттеу еңбек болмағанымен, салыстырып зерттеу үшін сұрыпталып тексерілген, белгілі жүйеге түскен бір дәуірдің дайын матералы деп есептеледі.

Сонымен қатар кемеңгер ақынның қаламынан туған шығрамалар тіліне тән өзіндік ерекшеліктерді Абайдан бұрыңғы-соңды қазақтың өзге ақын жазушыларының тілімен салыстыра отырып даралап бөліп көрсету үшін деп өте бағлаы еңбек деп танылады. «Абай тілі сөздігі» ақын шығармаларындағы сөздердің анықтағышы әрі оның жиілік сөздігі болғандықтан, реестрге алынған сөздер кейін оның нешелік қоданылғандығы (саны) көрсетілді. Бір сөз қанша мағынада жұмсалса, сонша рет анықтама берілді. Алдымен ең негізі (заттық) мағынасы, онан кейін қосымша және өзіндік сөз қолданысы көрсетілді. Соңынан белгі қойылып, тұрақты сөз тіркестерін келтірілді. Әр бір мағына мен сөз тіркесінен берілген анықтамадан кейін оның неше рет қайталанғандығы жақшаның ішінде саны көрсетілген.

Сөз Абайдан қандай грамматикалық формаларда қолданылғандығын көрсету үшін сөздік мақалының ең соңынан ● белгі қойылды да содан кейін олар бірінен соң бірі тізіліп, қандай граммтикалық форма қай томда, кітаптың қай бетінде кездесетіндігі көрсетілді. Грамматикалық формалар қазақ тіл біліміндегі қалыптасқан жүйеге негізделіп құрылды.

ЭТИМОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Этимологиялық сөздік белгілі бір тілдігі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Тілдің даму барысында сөздер тұр-тұрпаты мен мән-мағынасы жағынан қандайлық өзгерістерге ұшарғандығы айқындалады. Яғни сөздің о бастағы түрі мен мәнін туыстас тілдердің материалдарымен салыстыра отырып ашып, қазіргі қалпына жету үшін қандай даму процестерін өткендігі көрсетіледі. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі» 1966 жылы жарық корді. Мұнда 333 сөздің арғы түп-төркіні, ең алғашкы мағынасы түсіндірілген. Шығу тегі шет тілдік сөздердің қай тілден ауысқандығы, қандай формада айтылғандығы көрсетілген. Мәселен, такелаж деген орыс сөзі өзгере келе каталажка, ал қазақ тілінде әуелі каталашка, одан кейін кәтелешкеболып кеткендігі түсіндірілген.

Сөздікте реестрге алынған сөзден кейін әдеби шығармалардың түрлі нұскаларын мысалдар келтірілген. Сонымен қатар біраз сөздерге түсініктеме беріліп отырған. Сөздік мақалаларда әр автордың берген талдауларынан басқа, жеке сөздің этимологиясы жайында бұрынды соңды айтылған зерттеушілердің өзіндік пікірлері қоса қамтылған. Сөздіктен бірнеше мақалаларды келтірейік:

Артель. Содан кейін артель ұйымдасты да, мен мүшесінің біреуі болып кірдім.(С.Мұқанов). Бүл сөз тілімізге орыс тілінен енгенмен, оның төркіні түркі тілдерімен байланысты. А.Г.Преображевский, Н.В.Горяевтардың талдауы бойынша, артель сөзі татар тіліндегі ортақ және ел деген дербессөздерден құралып, «бірлестік, ортақтық» деген мағынаны білдіретін болған. Басқалардың айтуына қарағанда, артель сөзінің түбірі түркі тілдеріндегі орта, орталай, деген сөздермен байланысты. Сөйтіп, кезінде түркі тілдерінен орыс тіліне кірме сөз ретінде енген артель сөзі қазір өзгерілген түрінде, жаңа мағынада түркі тілдеріне кері ауысып, қолданылып жүр. (Н.Қ.)

Барымта. Мұндай даудың арты әдетте барымтаға соғады (С.Мұқанов). Кейбір тілдердің фактілері бізді бұл сөздің этимологиясын ашуға жақындата түседі: туваша-баоымдаа-1) негіз; 2) себеп. Монғолша-баримт 1) негіз, дәлел, себеп, аргумент; 2) факт, жағдай; 3) есеп. Тіліміздегі барымта зат есімінің шыгу төркіні «себеп, негіз дәлел, есеп» мағыналарына келіп ұштасады, өйткені барымта себепсіз, негізсіз, дәлелсіз болмайды. Біздіңше, түркі тілдеріндегі барымта сөзі монғолдың «негіз, факті, себеп, дәлел» мағынасындағы бармит сөзінен шыққан болуы керек. Баримт түркі тілдерінің артикуляциялық базасына сай барымта болып өзгерген және оның мағынасында абстрактылану пайда болған тәрізді. Барымта сөзінен барымта сөзінен барымталасу сияқты туынды етістіктер жасалған.(Ж.Б.)

Монша. Біз шақтадан қас қарая шығып едік, моншаға түсіп шыққанымызша түн болып кетті (Ә.Әбішев). Монша сөзі орыс тілінің мыться деген сөзінен ауысып, татар тіліне мунча (Радлов. Опыт сл. I-IV.) болыпкетіпті. Қазақ тілінің фонетиқалықерекшеліктеріне сай мунча сөзі монша болып өзгерген. Ұ дыбысы о-ға, ч дыбысы ш-ға ауысқан. Сөйтіп, монша қазақ тіліне көршілес татар тілі арқылы орыс тілінен ауысқан сөз(Б.С.)

Этимологиялық сөздік – білім салаларының өзара ұштасып қабасуынан талап ететін өте жауапты да қиын жұмыс. Ол туған халқымыздың ежелгі тарихын емін-еркін білумен қатар тарихы фонетиканы, грамматиканы, лексиканы да жете білуді талап етеді. Аталған сөздікті жасауда мақсат сөз төркінін іздеушілерге ой салып; бақыт-бағдар сілтеу екендігі даусыз.

Тіліміздегі түбір тұлғасы әзірге онша мәлім емес сөздердің этимологиясын онан әрі жан-жақты анықтап, толық сөздік шығару – болашақта атқарылатын іс.

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Фразеологиялық сөздік тілдегі сан алуан тұрақты сөз тіркестерді жинақтап, соларға кең түсінік береді. Біздің тіліміз фразеологияға соншалықты бай. Бұлар аз сөзбен көп ойды жеткізуүшін айрықша қызмет атқарады. Көркем образ жасауда да бұлардың алатын орны ерекше. Мәдениеті қарыштап дамыған елдердің көпшілігінде фразеологиялық сөздіктер бар. Қазақ тілінің тұнғыш фразеологиялық сөздігі 1977 жылы академик І.Кенесбаевтың авторлығымен жарыққа шықты. Сөздікте тіліміздегі он мыңнан астам фразеологиялық единицаларды қамтаған. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Қазақ фразеологизмдерінің синонимдері мен варианттары да, мүмкін болғанынша, жинақталған. Кей жағдайда жекелеген фразеологизмдердің тууы мен жасалуы да сөз болады.

Сөздікке негіз болған Тіл білімі институтындағы жиналған үш миллионнан астам картотека қорындағы кыруар материалдар екедігі сөзсіз. Сонымен қатар автордың ұзак жылдар бойы ел ішінде болып, солардан тірнектеп жинаған материалдарында молынан пайдаланған. «Сөздіктің құрылысымен жасалу тәсілдері» атты кіріспе мақалада сөздіктің құрылым-құрылысы мен жасалу принциптері жайында кең түсінік берілген. Мұнің өзі сөздікті пайдаланушы адамдарға үлкен себін тигізетіндігі даусыз. Кітапқа сөздік материалдарымен қоса «Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы» деген көлемді теориялық мақала да ендірілген. Сонымен бірге «ен-таңба туралы», «ай санау дәстүрлері туралы», «жыл қайыру жайлы» атты үш түрлі қосымша материалдар да бар. Сөздіктің соңынан «Шартты қысқартулар» тізімі мен индекс ретінде «Сөз тізбе» берілген. Демек, сөздікті жасап шығаруға автор көп еңбек сіңіргендігі байқалып тұр.

Сөздіктің жетістігімен қатар кем-кетік, кемшіліктері де жоқ емес.

Сөздіктің құрылымы мен құрылысын, жасалу принципін таныстыру, көрсету мақсатымен оқушы қауымға сөздіктен бірнеше мысалдар келтірейік.

Бас иді. 1. Разылық білдірді, Көрсетілген құрметке ілтипат білдірді. Әнші әнін аяқтап, валдағыларға бас иді.(Қ.Ж.) 2. Мойынсұнды, көнді, алдына тізе бүкті, бағынды. Бірлігі бар, арманыбар, ойы бар. Бұл - Корея бас иетін ел емес. (Ж.С.) Өрісі қатты тарылды. Ел қорғайтын ерлердің, Аяғына барып бас иіп, Алдияр деп жалынды (Жамбыл).

Бір сөзді. Екі айтпайтын, айтқанын бұлжытпай орындайтын. Жайнақұлы Баймагамбет елдің кісісі, кедей. Оншақты ауыз сөзді орысша білетін, оқымаған қажырлы бір сөзді, пысық адам (С.С.).

Қол тума. 1. Өз қолында өскен, асыранды. Бұл түйе – колхоздың өсірген қол тумасы (АТ). 2. Өз Қолымен орнатқан, жасаған. Қилы да қилы заманнан, Қиуа, қиын шамадан, Елестен өрге өзгеріс Октябрь біздің қол тума (І.Ж.). Күн атасының бұл қол тумасы да тыңдаушыларын бір серпілтіп тастады (Қ.Қ.).

Ортан қолдай. Мынау деген мықты, жарымды. Сонымен, Құнанбай жүріп кетті. Көлігін, жылы шанасын, жол азығын, қос аттарын шетінен ортан қолдай қып сайлап алды (М.Ә.). Ортан қолдай төрт ұлы болды – шетінен қасқыр (Б.М.).

Ақ түйенің қарны жарылды. Қарық боп қалды; ит басына іркіт төгілді. (Ішкені алдында, ішпегені артында болып, молшылыққа еен.) Сол күннен бастап Итбай аулында ақ түйенің қарны жарылды (С.М.). Тіпті көнбей жатса, «Шырағым-ау, Баймұқаным келіп, ақ түйенің қарны жарылып жатқанда, дастарқанымның бедерін көрмей кетесін бе?» - деп, өкпе айтады (Л.Ж.).

ОРФОЭПИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Сауаттылық сөздерді белгілі ережелерге сәйкес дұрыс жазумен ғана көрінбейді, оларды дұрыс айтып, дұрыс оқумен де бағаланады. Өйткені сөз біткеннің бәрі бірдей қалай жазылса, солай оқыла бермейді, көн ретте оларды қалыптасқан орфоэпиялық жүйеге келтіріп сөйлеуді талап етеді. Қазақ әдеби тілінің орфоэпиялық нормасың қалыптасуына негіз болған оның бай ауыз әдебиеті екендігі сөзсіз. Бүгінгі әдеби тілдің айтылу нормасы сахна өнерінде, мектептерде, біреумен біреу ауызекі сөйлеген сөзде, күнделікті радио мен телевизия хабарларында, сонымен қатар көпшілікке оқылатвн лекцияларға айкын байқалады. Сөздің қалай жазылуы мен қалай айтылуы бір-біріне ікпал етіп отырады. Сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі болады. Сөзді сөйлегенде сөйлеу тілінің қалыптасқан жүйесіне салып айтпаса, таңдаушыға онша әсер етпейді, оны ешқандай қызықтырмайды. Мәселен, өлім аузынан қалды дегенді өлүм аузынан ғалды деп, өгіз аяң дегенді өгүз аяң, өзен бойыдегенді өзем бойұ, өкіл күйеу дегенді өкүл гүйөу, өкпесі өшу дегенді өкпесі өшүу, өкінбеу дегенді өкүмбеу деп айтпаса, сөйлеу тілінің қалыпты нормасы бұзылар еді. Сол сияқты, көз жұму, көз көрген, көз сүйек, көз тию, көз тою, көз шұқу, ақ жүрек, ақ изен, ала көңіл тәрізді тұрақты тіркестерді көжжұмұу, көз көрген, көс сүйек, көз тійу, көз тойұу, көш шұқұу, ағ жүрөк, ағійзен, алагөңүл дегенде ғана құлаққа жағымды тиеді.

Демек, сөздерді сауатты жазумен қатар сауатты айта да білу қажеттілігі келіп туады. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу нормалары көрсететін практикалық құрал ретінде Қ.Неталиеваның «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» 1977 жылы жарық көрді. Сөздікке тәжірибеде жиірек бұзылып айтылып жүрген 15 мыңға жуық сөздер мен тіркестері енген. Автор емле ережесі бойынша жазылған сөздерді қалыптасқан әдеби тіл орфоэпиясы нормасына сәйкесті оқу, айтуды негізгі принцип етіп ұстаған. Қазақ тіліндегі сөздердің айтылу заңдылықтары үндестік заңдылықтарына негізделетіндігі айтылған. Яғни сөйлеу процесінде сөз бен сөздің, дыбыс пен дыбыстың, түбір мен қосымшаның, буын мен буынның аралығында болатын құбылыстар сөздікке арқау болған.

Сөздікке жазылуы мен айтылуы арасында айрмашылығы бар деген түбір мен туынды сөздер, сөз тіркестері мен қосымша жалғағанда өзгеріске тұлғалар алынған.

Сөздер екі қатарға тізілген. Бірінші қатарға қазақ әдеби тілінің емле-ережесі бойынша жазылуы, екіңшісінде әдеби норма бойынша жазылуы, екіншісінде әдеби норма бойынша айтылуы көрсетілген. Мысалы:

азық-түлік азық-түлүк

ала-құла ала-ғұла

алма-кезек алма-гезек

әкетай-көкетай әкетай-гөгөтай

бозғылттану боөғұлттану

бөленту бөлөнту

вагонға вагоңға

горнға горңға

дүрбелең дүрбөлең

дүрсе қоя берді дүрса ғоя берді

егіс жер егіш шер

жұлысу жұлұсу

құнсыз құнсұз

1981 жылы М.Дүйсебааваның «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі» басылып шықты. Бұған күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын бес мыңға жуық сөздер қамтылған.

Аталған сөздіктің бір ерекшелігі мұнда сөз басында келетін о, ө дыбыстарының алдынан у (уолжа, уөрнек), е дыбысының алдынан и (иегіз, иекі), р, л дыбыстарының алдынан ы, і (ырабайсыз, ылаж, іләззат) дыбыстарының бірі қосылып айтылатындығы жақша ішіне алынып берілген. Мұның өзі алдыңғы шыққан сөздікті жаңартып толықтыра түскендігін көрсетеді.

Автор бұл еңбегінде сөйлеген кезде сөз ішіндегі, сөз аралығындағы іргелес, шектес (көршілес) дыбыстардың бір-біріне ықпал жасап, үндесу заңдылықтары: қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, жіктік жалғауының ықшамдалып айтылуы, қатар келген дауысты дыбыстардың сусып түсіп қалуы, ортаңғы буындағы қысың дыбыстардың (ы, і) айтылмай қалуы сияқты заңдылықтарды жүйелеп дәлелдей түскен. Айта кететін бір жайт қазақ тілінің орфоэпиясын зерттеуші лері орыс тілі арқылы енген қыруар кірме сөздердің жазылуы мен айтылуы бәрі нақ орыс тіліндегідей деп бір жақты пікір айтып жүр. Тереңірек үңіле қарасақ, бұлардың ішінде де өзгеріп айтылатындары табылатындығы сөзсіз. Мәселен, көп томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» әгент, әдіріс, әдиял, әптек, бөшке, нөмір, учаске, кәнки, кәмпеске, калөш, кәрәсін, кәртішке, кінәз тәрізді кыруар орыс сөздерінің сөйлеу тіліндегі варианттары қоса қамтылып берілуі бұл айтылғандарға толық айғақ болады. Олай болса, кірме сқздердің орфоэпиясы әлі күнге ғылыми тұрғыдан терең зерттелмегендігін дәлелдейді.

Осы аталғандардан басқа Қазақстанның жер-су атаулары мен кісі аттарың қысқаша сөздіктері (алғашқысы орысша, соңғысы екі тілде) басылып шықты. Сол сияқты Қазақ тілінің кері алфавитті сөздігі (1970), Куманша-қазақша жиілік сөздік, (1978), М.Әуезовтың «Абай жолы» романының жиілік сөздігі (1979), Қазақ тексінің статистикасы (1973) атты сөздіктер де жарық көрді. Өскелең өмір талабына сай әлі де сан қилы лингвистикалық сөздіктер жасала бермек.

ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР

Сөздердің орфографиялық ережелеріне сай дұрыс жазылуы көрсететін сөздік орфографиялық сөздік деп аталады. Қазақ тілінің емле ережелері 20 ғасырда Кеңес дәуірінде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп жаңарып отырды. Соған орай әр кезде ірілі-уақты «Орфогрфиялық сөздіктер» жарық көрді. Алғашқы сөздіктер негізінен мектеп деңгейінен аса алмады. Неғұрлым көлемді «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1963 ж. жарық көрді, одан кейін толықтырылып, өңделіп, 1978, 1988, 2001 жж. Басылып шықты, соңғысына 50 000 сөз кірген.

2005 ж. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» өңделіп, толықтырылып 5-басылымы (53 000 қамтиды, жауапты редакторы Р.Сыздық) жарық көрді. Сөздікте соңғы 10-15 жыл ішінде тілімізде болып жатқан өзгеріс-жаңалықтарға сай, бұрын сөзтізбеге енбеген сөздер мен тіркестер, бірқатар ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминдер қосылған. Мысалы, кірме сөздердің қазақша баламалары: әдістеме, әуежай, дәйексөз, зейнетақы, медбике, қазанама, т.б.; жаңа ұғымдарды атайтын жаңа сөздер: оқылым, ауысым, егемендік, оралман, тұсаукесер, түржинақ, ақуыз, мойынтақ (галстук), әлеует (потенциал) т.б.; белгілі бір терминдердің бағалауыштық мәнді стильдік сыңарлары: Президент – Елбасы, гимн – әнұран, астана – елорда, т.б. сөздікке енгізілген.

Қазір қолданыстан шығып бара жатқан кірме сөздер мен жазылуы орыс тілдеріндегідей, күнделікті тәжірибеде жиі қолданылмайтын кейбір интернационалдық терминдер сөздікке енгізілмеген. Мысалы: аберрация, адуляр, индиго, билабиал, изоглосса т.б.

Жазуда қмиындық келтіріп жүрген бірге және бөлек жазылатын сөздер айқындалып, ретке келтірілген. Екі сөзден тұратын аң-құс, құрт-құмырса, өсімдік атаулары сөздікке біріккен сөздер ретінде енгізілген. Мысалы, таскене, майсораң, т.б.

Бұрын бөлек жазылып келген бірқатар тіркес біріккен сөздер ретінде берілген. Мысалы: қансонар, қолбала, т.б.; жаңа ұғымды білдіретін: ойтүрткі, кестежіп, бормәшине, ауызүй, т.б.

Терминдік мәні бар сөз тіркестері: қаназдық, аққандылық, ұлтжандылық, жалпыэкономикалық, алакөздену, т.б.; құрал-жабдықтардың қазақша техникалық атаулары: әуетозаңдатқыш, дәнсепкіш, жылутартқыш, бензоқұйғыш, т.б.; бейнелі тіркестер ақкөңіл, ержүрек, кеңпейілді, ақжүрек, т.б. біріктіріліп берілген.

Сөйтіп, жаңа орфографиялық сөздіктің сөзтізбесі көптеген жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен толықтырылған, бірге және бөлек жазылатын сөздерді ретке келтіруде айтарлықтай жаңалықтары бар көпшілік қауымға пайдалы құрал болып шыққан.

Р.Сыздықтың «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағышы» 1960, 1974 және 2000 ж. басылып шықты. Бұл еңбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Сөздік түрлерін зерттеуде қай ғалымдардың еңбегі сіңді?

2. Қазақ тілінің өзге тілдермен салыстырылып жасалған сөздіктерін атаңыз?

3. С.Арзымбетовтың терминологиялық сөздігі қашан, қандай атпен жарық көрді?

4. Орфографиялық сөздіктің мақсаты?

5. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» ең алғаш қай жылы басылды?

6. 1959 жылы шыққан «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінің» авторы кім?

7. Қазақ тіліндегі синонимдік сөздіктердің маңызы?

8. Арнаулы сөздік дегеніміз не?

9. Белгілі бір тілдігі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайтын сөздік қалай аталады?

10. Орфографиялық сөздік пен орфоэпиялық сөздіктің айырмашылығы?

11. Жалпы сөздіктердің қоғам өміріндегі орны қандай?