ДӘРІС 8. СӨЗДІК ҚҰРАМНЫҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ


Дәрістің мақсаты: Сөздік құрамның деңгейлері туралы түсінік қалыптастыру. Түркі тілдеріне ортақ сөздер және қазақ тілінің байырғы сөздерімен таныстыру. Қазақ лексикасындағы кірме сөздерімен қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасына тоқталу.

Дәріс жоспары:

1. Сөздік құрамның деңгейлері;

2. Түркі тілдеріне ортақ сөздер және қазақ тілінің байырғы сөздері;

3. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер;

4. Қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы.

Қазақ тіліндегі негізгі сөздік қор, түркі тілдеріне ортақ сөздер.

Қазақ тілі лексикасының құрамын тарихи шығу, жасалу тұрғысынан алып қарасақ,оның тарихи даму процесінде талай арналар мен қат-қабаттардан сұралғандығын көреміз. Соның ішіндегі ең негізгі арна-ертеден бері өмір сүріп келе жатқан тілінің өзі байыргы төл сөзі, негізгі сөздік қоры. Қазақ тілінің сөл сөзі негізгі сөздік қорға енумен бірге, шығу төркіні бір, туыстас түрік тілдеріне де ортақ сөздер болып көреді.

Мұнымен бірге, қазақ халкының басынан кешірген ұзақ тарихында

талай халықтармен мәдени, шаруашылық қарым-қатынастарды болғандығына байланысты сонғол, араб-парсы, орыс тілінен енген сөздер де қазақ тілі лексикасын құраған қат-қабаттар мен арналар болып саналады.

Енді осылардың әрқайсысына жекеөжеке тоқталайық.

Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Тіл-тілдегі сөздердің басқа бір

тілдермен түбірлес болуы кездейсоқ құбылыс емес. Олардың бірнешеуіне ортақтасатын сөздердіңболуына мына төмендегі екі түрлі жағдай себеп болатыны байкалады: біріншеден, тілдегі сөздердің басқа бір тілмен түбірлес болуы олардың әуелден туыстас болуына байланысты. Тілдің негізгі сөздік қоры талай ғасырдың жемісі болғандықтан, сонау арғы заманда бір тілдің құралымындағы сөздер бертін келе төркіндес тілдерге бөлініп, жеке-жеке тіл болған кезде, бұл тілдердің әрқайсысы бұрынғы ортақ түбірін сақтап қалады. Мұндай факт-тілдердің туыстық жақындықтарының әсерінен болады. Ол жакындықты негізгі сөздік қордағы ортақ сөздер арқылы да, грамматикалық құрылысы арқылы да білеміз. Екіншіден, бірнеші халықтардың сөздік құрамында ортақ сөздермдің болуы тоғысу жолымен де жасалады. Тілдердің тоғысу процесінде субстрат депаталатын құбылыс пайда болады. Жеңген тіл женілген тілден қабылдайды. Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері субстрат деп аталады. Женілген тілдің кейбір сөздері көбінесе сөздік құрамында сақталып қалады.

Бірақ тілдің басқа тілмен түбірлестігі тілдің тек тоғысуы ғана емес,

олардың әуелден туыстас болуы байланысты. Тілдердің тоғысуы жүздеген жылдары бойына созылатын ұзақ процесс, - деп үйретеді марксизм ілімі. Ал осы тоғысу фактісінің қазақ тілінде болғаны, егер болса, қашаң болғаны, қандай тілдермен тоғысқаны – күні бүгінге дейін зерттелмеген нәрсе.

Қазіргі тілінің сөздік қорына енетін байырғы, сонымен бірге түркі

тілдерінің әрқайсысы тән, ортақ сөздердің негізгі түрлері мыналар:

Мал шаруашылығына байланысты, атаулар: қой, жылқы, ат, байтал,

құнан, өгіз, бота, бура, қозы т.б.

Аң-құс атаулары: аю, қарға, бүркіт, бұлбұл, түлкі, қоян, бөрі т.б.

Адамның дене мүшелеріне байланысты атаулар: бос аяқ, қол, көз,

мұрын, ауыз, жақ, ерін, мойын, бел т.б.

Табиғаттағы құбылыстарға байланысты атаулар: тау, жер, су, өзен, көл,

тас, ай, күн т.б.

Еңбек құралдар атаулары: пышық, ара, біз, күрек т.б.

Егін шаруашылығына байланысты атаулар: бидай, тары, астық т.б.

Адамдардың туыстық қатысына байланысты атаулар: қыз, ата, шеше,

әйел, күйеу, аға, бажа, құда т.б.

Тамаққа байланысты атаулар: ет, май, сүт, айран т.б.

Тұрмыс қажетіне байланысты атаулар: үй, киіз т.б.

Заттың сапасын, белгісін көрсететін сөздер: ақ, сары, қызыл, көк, қара,

ыстық, суық, ащы, ауыр т.б.

Есімдік сөздер: мен, сен, ол; сан есімдер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты,

жеті, сегіз, тоғыз, он т.б.

Жоғарыдағы сөздер дыбысталуы жағынан, айтылуы жағынан барлық

түркі тілдерінде бірдей емес. Әр тілдің өзіндік ерекшелігіне қарай дыбысталу жақтарынан өзгешелеу. Бірақ олардың бір-бірінен алшақ кетпей, өзара ұқсас, бір тектестігі жақын. Мысалы: қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерінде – бас, өзбек тілінде-бош, башқұрт, татар тілдерінде-баш, қазақ, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдерінде-тау; қырғыз тілінде-тоо; түрікмен тілінде-дааг; өзбек тілінде - тоғ.

Ш.Ш.Сарыбаев монғол тілдері мамандары енбегіне сүйене отырып,

монғол тілі мен қазақ тіліндегі сөздердің мынадай дыбыстық үйлесімділігіне тоқталған:

З Ж

Заа жә (ладно, достаточно,хватит)

Зах жақ (край, окраина) т.б.

Х У

Тарах тарау (расходиться)

Төлөх төлеу (платить) т.б.

Д Т

Тал дала (степь, поле)

Дөш төс (грудь) т.б.

В Б

Хавирга (н) қабырға (ребро)

Хэвэг кебек (отруби, шелуха) т.б.

Х Қ

Хөл (нога, лапа) қол (рука)

Хуймаг құймақ (блины) т.б.

Г У

Таг (плато,плоская вершина горы) –тау (горы)

Тогос – тауыс (павлик) т.б.

Ц Ш

Цөл шөл (пустыня)

Цаг шақ (время, период) т.б.

Ч Ш

Балчиг балшық (грязь, болота)

Г Қ

Гунан құнан (жеребенок по третьему году)

Булаг бұлақ (родник, источник) т.б.

Бұдан кейін Ш.Ш. Сарыбаев бірсыпыра сыңар мәнді қос сөздердің

этимологиясын моңғол тіліндегі сөздерді салыстыра отырып айқындаған. Мысалы, қазақ тілде абысын-ажын деген сыңар мәнді қос сөз бар. Бұлсөздерді жеке алып қарасақ, қазақ тілінде бірінше компонентінің мәні бар да, екінші компонентінің мағынасы жоқ, ал монғол тілінде-інісінің әйелі үшін ажын болады екен де, ажын сөзі қолданыла береді екен.

Тоқты-торым деген қос сөздің торым деген сыңары да қазақ тілінде

жеке қолданылмайды, ал монғол тілінде тором деп бір жасқа толған ботаны, дәлірек айтқанда, тайлақты айтатын көрінеді.

Қазақ тілінде аты шулы сөзі бар. Мұның екінші сыңары жеке

қолданылмайды, ал монғол тілінде цуу- атақты, әйгілі деген мәнде дербес қолданылады.

Дән риза деген сөз тіркесіндегі- дәң қазіргі қазақ тілінде жеке

қолданылмайтын сөз деуге болады, ал монғол тілінде дән өте деген мағынада қолданылады екен. Міне, осы сықылды толып жатқан түсініксіз деген сөздерді монғол тілі сөздігімен салыстырып қарағанда, әр қайсысының өзіне тән дербес мағынасы бар сөздер екені анықталған.

Қорыта келгенде, монғол тілі мен түркі тілдерінің туыстық дәрежесі

ғылымда әлі шешімін таппай отыр.

Қазақтың байырғы төл сөздері. Байырғы төл сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-статистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы лексиканың негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатыр. Оған қазақ тілінің негізгі сөздік қорына кіретін сөздер түгелдей дерлік кіреді. Бірақ байырғы лексика ол екеуінен ғана тұрмайды. Байырғы лексикаға олардан басқа сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған мыңдаған тума сөздер, қазіргі кезде көнеріп кеткен сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, әбден халықтық сипат алып кеткен бірқатар кірме сөздер кіреді. Мысалы: араб-парсыдан ауысқан әуен, қорек, әрекет, орыстан ауысқан самауыр, рет, бәтеңке, т.б. Сол себепті байырғы лексиканың көлем мөлшері жалпы түркілік лексикадан және негізгі сөздік қордан әлдеқайда кең, әрі көп салалы. Қазақтың жалпыхалықтық байырғы сөздерінен кейін пайда болған неологизмдер мен терминдерді тек жергілікті сипаты бар диалектизмдер мен кәсіби сөздерді жатқызуға болмайды. Неологизмдер мен терминдерде байырғылық сипат жоқ болса, ал соңғылары тарихи көне тіл құбылыстарымен ұштасып жатқанымен, жалпыхалықтық қолданыста жоқ. Бірақ диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір жердің тұрғындары үшін байырғылық сипат болуы мүмкін.

Сөйтіп, байырғы, төл сөздер дегеніміз қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығынан, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері.

Байырғы төл сөздер, бір жағынан, бұрынғы, ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады. Осындай сипаттағы қазақтың байырғы төл сөздері, негізінен қазақ тайпаларының қыпшақ қауымынан бөлініп шығып, ХҮ-ХҮІ ғасыр мен ХІХ ғасыр арасында өз алдына халық болып біріккен кезінде пайда болған.

Байырғы төл лексиканың құрамындағы жалпытүркілік сөздер мен негізгі сөздік қордан тыс мол қабатты тіліміздегі тарихи тума сөздермен байланысты. Тарихи тума сөздер тіліміздің сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған, олардың ішіндегі ең өнімдісі – сөзжасам жұрнақтары арқылы туған сөздер. Тума сөздер сөһз таптарының бәрінде де кездеседі. Әр сөз табының өзіне тән сөзжасам жұрнақтары бар. Олардың ішінде ең көп сөз жасаған өнімділері де, аз сөз жасаған өнімсіздері де бар. Мәселен, зат есімдердің жасалуында тарихи өнімді жұрнақтардың қатарында: -шы/ -ші, малшы, жылқышы, адамшылық, молшылық, жоқшылық, кеңшілік, құрғақшылық, кедейшілік.

Қазақ лексикасындағы кірме сөздер.

Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз байланысты болғандығын көреміз. Бұл жайында “ Қазақ ССР тарихында” былай деп жазған: “ Қазастан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Волга Булгариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе, батыс, солтүстік,- батыс, аудандарының халқы Русьпен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Русьпен, Шығыс Еуропанаң басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негнегізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер борлған. Византияның деректемелері Орта Азия халықтары мен Шығыс Еуропа Халықтарының арамсында біздің заманымыздың YI ғасрынан бастап ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтарының мәдениетінің дамуында үлкен рөл атқарған”.

Ел мен елдің арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты заттарды ғана алмастырып қоймаға, соған қоса рухани байлықта, бір-біріне молынан ауысқан. Соған байланысты бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Сол себепті тіліміздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланыстырып зерттеген жөн.

Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым-қатынастар жасағандығы мәлім. Ертеде тәжік, өзбек, татар халықтары арқылы 8-11 ғасырда араб-парсы елжерімен, 12-13 ғасырларды моңғол халқымен күшті байланыста болса, 18 ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен (1731 ж.) бастап күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.

Кірме сөздер дегеніміз – тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөздер делінеді. Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді-кішілі халықтардың қай-қайсында болсын өзге тілдерден ауысып келген кірме сөздер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Зерттеушілер ағылшын тілінің сөздік құрамының не бары 30% ғана өзінің төл сөздері, ал қалғаны өзге тілдерден ауысып келген дегенді айтады. Түркі тілдері мен басқа тілдердің арасында да сөз ауысу тек бір жақты болмай, екіжақты болып отырған. Ғ.Мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары, әсіресе, құс атауларының көпшілігі иран тілдеріне түркі тілдерінен ауысқан. Сонымен қатар араб-парсы тілдеріндегі мынадай сөздер түркі тілдерінен ауысқанын атап айтады. Мысалы: ата, аталық, адырна, орда, ақша, елші, адас, ұлы, құрылтай, бүлдіршін, қылыш, қонақ, бұғау, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ, қаймақ, құл, ұлыс, олжа, өлік, өлекшін, жылқы, қаз, қарға, қарақұс, сұңқар, қызыл, қылшық, қалпақ, қамшы, қосын, қарауыл, қарақшы, қайық, аю, арыстан.

Орыс тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, апара, аул, балбес, башка, балван, ерелаш, қабырға, қаймақ, қараул, кишлак, кочевать, кумыс, очаг, серьга, сургуч, табун, тамга, тумак, урман, тюбетейка, чекмень, чий, чубарий, чулан, тютюн тәрізді сөздер ертеде түркі халықтарынан ауысқан. Н.К.Дмитриевтің пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің тек лексикасына әсер етіп қоймаған, славян тілдерінің грамматикасы мен фонетикасына, бір сөзбен айтқанда, жалпы тілінің жүйесіне күшті ықпал еткен. Бұған қарағанда өзге тілдер түркі халықтарының тілдеріне қаншалықты игілікті әсер еткен болса, түркі халықтарының тілдері де сол тілдерге кем ықпал етпегендігі байқалады. Алайда, бір тілден ауысқан сөздердің сан мөлшері әрдайым тең болады деген теріс ұғым тумауға тиіс.

Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен төрт халықтың тілінен енген: 1) араб тілі; 2) парсы тілі; 3) моңғол тілі; 4) орыс тілі.

Араб-парсы тілдерінен енген сөздер. Қазақ тілі лексикасынан орын

алып, қазақ халқы сөздігінің бір бұтағы болған араб, парсы, иран тілдерінен енген сөздер:

Араб, парсы, иран тілдерінен қазақ тіліне сөз ену ертеден, сонау VIII-IХ

ғасыр шамасынан басталады. VIII ғасыр шамасында арабтар Орта Азия, Қазақстан жерін басып алып, біраз өмір сүрген, жаулап алған жерлеріне өздерінің дінін, мәдениетін зорлап енгізген, көптеген сөздердің енуі осы кезден басталса керек.

Арабтар негізгі бұқараны діни жағынан бағындыруды мақсат етті.

Бірақ ол кезде қазақ жеріне араб, иран басқыншылары тікелей келіп қоныстана алған жоқ, олардың кейбір отрядтары қазақтың шетірек аудандарына кіргендерімен тұрақтанған жоқ. Сондықтан да мұсылман дінінің әсері қазақ даласында онша өріс ала алмай , қазақ халқы XIX ғасырға дейін шала мұсылман күйінде қалған.

Қазақ даласына исламдінінің ертеден тарап, едәуір өріс алғанын

Радлов тәрізді оқымыстылар да айтты.

В.В.Радлов былай дейді: «Ислам дініне сырттай иланудың нәтижесінде

қырғыз (қазақ) тілі исламның іріткіш ықпалынан аман сақталып, өзінің бастапқы таза түріктік сипатында қалды. Оған кейбір жат элементтердің кіруі рас, бірақ олар Мұхамбет дініндегі басқа түрік елдеріндегідей дербестігін сақтай алмай, қазақ тілінің дыбыс заңдарына бағынып, сол халықтың өз сөзіне айналып кеткен…».

«Ислам дінін алған елдердің қайсында болсын, араб, парсы, тілдері

бірінде аз, екіншісінде көп, әйтеуір, із қалдырғаны сөзсіз. Қазақ елінің ауыз әдебиеті, XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиетін басқа түркі елдерімен салыстырғанда анағұрлым таза, анағұрлым өзінің ұлттық тұлғасын берік сақтады десек те, кейбір араб, парсы сөздері тіпті әріректегі ауыз әдебиет нұскаларынан да бірен-саран кездеседі екен.

…Қазақтың көп сөздерін «мал, бала, кемпір» араб, парсыдан алынған

деп жүр… Бұл тәрізді қазақтың өз сөзі болып кеткен сөздері алмағанда, ауыз әдебиетінің әріден келе жатқан түрлерінде де кейбір араб, парсы сөздері кездеседі.

Мысалы: «Жылан арбау» тәрізді салт өлеңінің бір жерінде: «аман,

есен жылан, Бызыри бір жылан» дейді. Мұндағы «аман» парсыша «жылан» деген сөз.

Егер алдыңғы айтылған «мал, бала» деген сөздер араб, парсы тілінен

кірді дегеннің өзінде де, қазақтың өз сөз болып кеткен сөз, ал жырларда кездесетін: «бенде, бейіш» деген сөздер, жинап бастырушылардың кейінгі кездерде қоспасы болуы мүмкін десек, соңғы айтылған «еен, еен жылан» әдебиет нұсқаларында кездесеуі ел аузында әріден сақталынып келе жатқан кейбір араб, парсы сөздердің әріден-ақ кіре бастағанын аңғартады», - деп көрсетеді, белгілі ғалым Қ.Жұмалиев.

Шынында да, қазақ тіліндегі бірсыпыра араб-парсы сөздерінің қазақ

тілінің фонетикалық заңдылығына әбден бағынып, қазақтың байырғы сөз, қосымшаларымен жымдаса кірігіп, басқа тілдік қасиетін жойып кетуі – олардың талай ғасырды басынан кешіргендігінің айқын айғағы сияқты.

Екінші жағынан, араб-парсы сөздердің қазақ еліне көп тарауы дін, оқу,

кітап, жасу ісімен байланысты.

Қазақ даласына сиалм дінің қен жайылып, ықпалының күшейе бастуы,

әсіресе, ХIX ғасырда болды. Патша өкіметі тарапынан қырға татар моллалары келіп, дін үйрету, мешіт ұстау, бала оқытулар басталады. А.Васильев: «… Указами 1782-84, и 97 годов императрица повелела строить на границе киргизской степи татарские школы, мечети и отпечатать на казенный счет корон для раздачи его киргизам», - дейді. Бұл жағдай ел арасында діннің дамуына, қожа –молданың көбеюіне қолайлы болды. Осыған байланысты бұл дәуірде қазақ тіліне діни мәндегі арабөпарсы сөздерінің көптеп кіргені мәлім.

Бұдан басқа арабөпарсы сөзінің көптеп енуі жазу нұсқамыздың араб

алфавитінде болуына байланысты. Араб жазуы Орта Азия Қазақстанға ең алдымен ислам діні арқылы келеді. Араб-парсы тілдеріне тән сөздер, мұнымен қатар түрлі дастан-қиссалар баспасөз арқылы көрші Орта Азия халықтары (тәжік, өзбек, татар) тілдері арқылы енді деген де пікір бар. Қазақ тіліндегі араб-иран тілдерінен ауысқан сөздерді Л.Рүстемов өзінің диссертациялық енбегінде шартты түрде ХV ғасырға дейін және ХV ғасырдан кейін енген деп екіге бөліп қарайды.

Шынында, араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздерді дәуірлеу қиын.

Бірқатар тіл тарихын зерттеушілер бұл тілдерден сөз ауысу өте ертеден басталады деп, ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ ақындары шығармалары мен ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар келтіреді. Мысалы Абай тілін зерттеуші Р.Сыздықова ХVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ ақын-жырауларының тілінен және ауыз әдебиеті үлгілерінен дінге қатысты мына сықылды бірқатар араб сөзін берген. Бұқар жырауда: пұсырман, қыдыр, арсы-күрсі, қыбла, сәуле, ахрет, алла, молда, иман, мешіт, кебе, намаз, фани; тақырыбы діннен мүлде қашық жауынгер ақын еенаты:фани, құран, садаға, алла т.б., оның үлгісін әрі жалғастырушы Шерниязда: молда, дұға, әруақ, құрбан т.б. Жалпы аса ынталы мұсылмандар болмаса да, қазақтардың сөйлеу тәжірибесіне ислам дінінің әр алуан ритуалдарына (намаз, ораза, дұға, қайыр, садақа, құрбан) қатысты сөздер, дін иелерінің аттары (молда, оспы т.б.) және бақалары ерте кезден бастап-ақ кіре бастағаны көрінеді. Ал дінге қатыссыз сөздерден көбінесе абстракт ұғым атаулары да Абайға дейінгі нұсқаларда едәуір бары байқалады. Дәулет, бақ, несібе, нәсіп, уағда, пейіл, айбат, арам, адал, амал, құрмет, ар, абырой, сабыр, әлем, ажал, уақыт, мезгіл, мақұл, мысал, өмір т.б. сияқты көптеген сөздер халық тілінде қолданалған.

«Дала уәләяті» газеті тілін зерттеуші Б. Әбілқасымов араб-парсы

тілдерінен сөз ауысу талай ғасырдың жемісі… екінші жағынан, дінмен, оқу-жазумен байланысты бірсыпыра сөздер кейінде, яғни XVIII-XIX ғасырларда, реакциялық бағыттағы панисламинизмнің дәурлеп тұрған кезінде көптеп кірген. Бұған патша үкіметінің тікелей қолдаымен қазақ жерінде салынған медіресе, мешіттердің әсері болған тәрізді» екенін айтқан. «Дала уәләятті» газеті тілінде араб-парсы сөздері сирек кездеседі. Оның өзі де о бастығы тұлғасын мүнде өзгерткен, халықтың ауызекі тілінде қолданылып кеткендері ғана деп мына сықылды араб-парсы сөздерінің тобын келтіреді:

Бірінші: кітаб, ғылым, сағат, мектепхана, дәфтер, адам, хат, халық,

шаш, қала, саудагер, мал, базар, медіресе, нан, ұстаз, чапан, мола сияқты нақтылы зат атаулыларымен қатар, һөнер, ниет, дүние, өсиет, заман, мінез, уақыт, ғақыл, жауаб, әнгіме, қымбат, қызмет, адал, ахымақ, ылайық сияқты абстракты ұғымдардың атаулары.

Екінші топ сөздер негізінен, кітаби, діни лексикаға тән сөздер болып

келеді де, оқымаған халық бірін түсінсе, бірін түсінбей, ауызекі тілде көп қолданыла бермейтін сөздер: мархамат, ждаһат, шафағат, рәсім, мазкүр, жамағат, фікір, тарафы, мнақыб, табиғ, лтифат, мінажат, әділедік, ғибрат, хүкім, ұрых (рух), шүбаһа, фаһам, луғат, муафих, таһақиқ, ғызатлы, рушанлы, нифле, низам, наһу, фарман, таһалим, нәсихат, ғулама т.б.

Автор: «Дала уәләяты» газеті шыға бастаған XIX ғасырдың 80-

жылдары араб-парсы сөздерің кіру қарқынының мүлде әлсіреп, тіпті тоқталған кезі болатын, бұған XIX ғасырдың екінші жартысынан, дәлірек айтқанда, өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап, патша үкіметінің ислам дініне тежеу салып, жалпы панисламизмге қарсы белсенді күрес жүргізуі себеп болған», - деген тұжырым айтады. Бұл жағдай «Қазақ ССР тарихында» да айтылған. «XIX ғасырдың бірінші жартысында, - деп жазылған Қазақ ССР тарихында, - патша үкіметі ислам дінін қолдап, мешіттер салуға мұсылманның діни кітаптарын басып шығаруға ақша басатып отырған еді. Ал сонан кейінгі жерде патша үкімет ислам діні мен мұсылман діни қызметкерлерін қолдаудан іс жүзінде бас тартты. Мұндай теріс айналудың себебі: мұсылман діни қызметкерлерінің көптеген өкілдерінің орысқа қарсы позицияда екендігіне бұл кезде паиша үкіметінің көзі жетті. Бұлар кейде Орта Азия халықтарының, ал олар арқылы Түркияның агенттері болатын…».

Бұл айтылған жағдай сол уақытта қазақ тіліне араб-парсы сөздерінің

енуіне белгілі дәрежеде тежеу салған сияқты. Сондықтан да «Дала уәләяты» газетінде араб-парсы сөздері сиректенуі мүмкін. Сөйтіп, қайткенде де араб, парсы, иран сөздері тілімізде молшылық. Оның көпшілігі ауызекі тіл арқылы енген де, бірсыпырасы жазба, дін әдебиеттері арқылы енген және оның ислам дініне қатыстыларының көпшілігі көнерген, пассив элементтерге айналған да, дінге қатыссызы күні бүгінге дейін актив қолданылуда.

Қазіргі қазақ тіліндегі араб, парсы, иран сөздерін мына сықылды топқа

бөліп қарауға болады:

  • Мәдениет, оқу білім, ғылыма қатысты сөздер: ғылым, ғалым, өнер,
  • Абстракт ұғым атаулары: абырой, мейір, парыз, нәпсі, қадір, құрмет, пейіл, несіп, зейін, ақыл, айбат, даңқ, әділет, әділ, арам, адал, сабыр, ажал, дәулет, бақ, несібе, күмән, ынтымақ, ықылас, қиянат, рахат, рақым, залал, мазақ, тағдыр т.б.
  • Адамды әр алуан жатқан білдіретін сөздер: бейбақ, пақыр.
  • Әлеумет-хұқыққа қатысты сөздер: мемлекет, әлеумет, мекеме, арыз, заң, ахуал, ықпал, адам, уәкіл, үкім, дәреже саясат, әкім, отан, тәжірибе, әскер т.б.
  • Дінге, дін иелеріне қатысты сөздер: тұмар, шариғат, зекет, муфти, әулие, сопы, құшнаш, имам, қажы, тәуіп, ахрет, хазірет, алла, құдай, дұға.
  • Парсы-ирандық сөздер: дұшпан, дос, дүние, баға, пайда, жан, сауда, саудагер, базар, таразы, дерт, шаруа сықылды зат есімдер және майда, таза, арзан, зор тәрізді сын есімдер.
  • Кісі аты, ономастикалық атаулар: Жаппар, Ғабит, Сәбит, Райхан, Әсия, Зейнолла, Ыбырай, Әбу, Зейнеп, Әмір, Әмина, Айман, Оспан, Базан, Жаппас т.б.
  • Түрлі зат, құбылыс атаулары: дүние, сағат, табиғат, сахара, мекен, мүлік т.б.
  • Уақыт, мерзім атаулары: дәуір, дәурен, заман, ғасыр, маусым т.б.

мәдениет, мәдени, кәмелет, хат, қалам, кітап, емтихан, емле, тарих, дәптер, дәуіт, талап, ғибрат, ғұлама, мұғалім, мұғалима, мектеп, қағаз т.б.

Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің барлығы да халықтың сөйлеу

тіліне еніп, әбден түсінікті етене болып кеткен сөздер және бұлардың діни ұғымды білдіретінінен басқасы қазіргі әдеби тіліміздің негізгі сөздегінен қен орын алып, байырғы қазақсөздеріміздей актив қолданылады.

Орыс тілінен енген сөздер. «Қазақ халқы сонау ерте замандардан бері

орыс халқымен қарым-қатынаста болған. Өйткені ежелден бергі көршілес отырған бұл халықтар арасындағы достық үнемі күшейіп, аралырындағы мәдени-шаруашылық байланыстары дамып отырған. Соның нәтижесінде қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында орыс тілінен ауысып келген қай ғасырда, қай кезеңде ауысқаны туралы деректер аз. Орыс тілінен енген сөздерді негізінен, екі кезеңге бөліп қарап жүрміз». Бірінші, Қазан революциясыныан бұрын енген орыс сөздері, екінші, Қазан революциясынан кейін енген орыс сөздері.

Қазан революциясына дейін енген сөздер. Революцияға дейінгі кезеңде ауысқан орыс сөздері баспасөз арқылы жазба түрде тарамаған, көбінісе ауызша сөйлеу тілі арқылы енген. Сондықтан болса керек, бұл кезеңдегі кірме сөздер түгелдей дерлік қазақ тілінің дыбыстық заңдарына бағынып өзгерген. Қазіргі әдеби тілімізде революцияға дейінгі ауысқан орыс сөздері (бірлі-жарым терминдік мәні бар сөздерді қоспағанда) негізінен қазақ тілінің емлесіне сай, өзгерген қалпында жазылады. Бұл сөздерді мынадай топқа бөліп қараймыз:

а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер. Мысалы: жәшік (ящик), кереует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшке (бочка), лампы (лампа), көшір (кучер), бәтеңке (ботинки), шайнек (чайник), күршек (крючок), сөтке (сутки),т.б.

ә) Әкімшілік басқару ісіне байланысты сөздер. Мысалы: ояз (уезд), болыс (волость), старшын (старшина), жандарал (генерал), поштабай (почтовой), майыр (майор), іштрап (штраф), т.б.

б) Ғылым мен мәдениетке, техникаға қатысты сөздер. Мысалы: зауыт (завод), мәшине (машина), минөт (минут), секөнт (секунд), жорнал (журнал), ләпке (лавка), т.б.

в) Қоныс аударуға қатысты сөздер: учаске (участок), пылан (план), қотыр (хутор), әренда (аренда), десетине (десятина), ысклад (склад), т.б.

Қазан революциясына дейінгі қазақ тіліне енген орыс сөздерінің бірсыпырасы қазақтың төл сөздерімен синонимдік қарым-қатынаста жұмсала жүріп, көп жағдайда төл сөздерден басым түсіп, жалпыхалықтық сипат алып отырған. Мәселен, орыс тілінен ауысқан бөтелке, бөшке, гармон, божы, кәмпит, бишік, кірпіш, сіріңке, көшір тәрізді сөздер қазіргі әдеби тілден мықтап орын тепкен де, бұлардың ана тіліндегі сыңарлары сөйлеу тіліне қарай ығысқан, сөйтіп пассив сөзге айналған. Қазір сіріңке деген сөз тұрғанда оның орнына оттық, күкірт, шақпақ деген сөздерді қолдану әдеби нормаға жатпайды. Сол сияқты гармон деген сөз тұрғанда, сырнай, керней, ал кірпіш тұрғанда қыш әдеби тілде қолданылмайды. Демек, бұл сияқты орыс сөздері сөздік қорға басыбүтін кіріп, әбден орнығып алған.

Енді бір жағдайда қазақтың тума сөздері орыс тілінен ауысқан сыңарларын сөйлеу тіліне ығыстырып жіберген. Мәселен, шыт, тәулік, кезек, құлақшын, шам, ілгек, ие, кесе деген сөздер әдеби тілдің шеңберінде жалпылама қолданыла береді. Ал бұлардың орыс тілінен келген сыңарлары: сиса, сөтке, өшірет, малақай, лампа, қожайын, күршек, пияла сияқты кірме сөздер көбінесе сөйлеу тілінде, көркем шығармада кейіпкерлердің тілінде кездеседі. Орыстың пара деген сөзі біздің тілімізге пар болып ауысқан. Пар деген сөзден парластыру, парласу, парлату, парлау тәрізді туынды сөздер жасалып, сөздік құрамды байытуға атсалысқан. Сол сияқты мәнерлі сөз, мәнерлеу тәрізді жаңа ұғымның тууына орыстың манера деген сөзі себепкер болса, межелі жер, межелеу деген тың сөздердің жасалуына да орыстың межа деген сөзі ұйытқы болған.

Ертеде ауысып келген орыс сөздерінің ішінде әр түрлі стильдік мән тудырып жүргендері де бар. Мәселен, шен (чин) деген сөз орыс тілінде әскери атақ, дәреже дегенді білдірсе, қазақ тілінде мансапқұмар, атаққұмар адамға кекесін ретінде айтылады. Шен деген сөзден шен алу, шен-шекпен, шендес, шеншіл, шенқұмар деген жағымсыз мәндегі сөздер туып қалыптасқан. Сонымен революциядан бұрынғы кезеңде кірген орыс сөздерінің қалыптасуы мен тілге сіңісуі бір дәрежеде емес екендігі байқалады.

Қазан революциясынан кейін енген сөздер. Бұл кезеңде қазақ тілі үздіксіз байып, кемелденіп, жетіліп отырды. Оған орыс тілінің тигізген ықпалын атап өтпеске болмайды. Орыс тілі бұл кезеңде бұрынға Кеңес одағындағы барлық ұлт тілдерінің фонетикасы мен лексикологиясына, морфологиясы мен синтаксисіне, стилистикасына, бір сөзбен айтқанда, тілдердің барлық жағынан дамуына үлкен ықпал жасап келді. Кеңес дәуірінде орыс тілінің өзі жаңа қоғам мен өндірістің, жаңа мәдениет пен ғылым, техниканың дамуына байланысты кемеліне келіп байыды да, сол арқылы басқа тілдерге ықпал жасап отырды. Соның нәтижесінде бұрын негізінен күнделікті тіршілік пен қарым-қатынастың ғана құралы болып келген қазақ тілінде қоғамдық, саяси, ғылыми терминология қалыптаса бастады. Біздің тілімізге енген интернационалдық терминдер тек орыс тілі арқылы келіп сіңісті. Сондықтан олардың бәрінде орыс сөздері деп есептейміз. Өзгеше тілдерінен бұл дәуірге тікелей сөз ауысқан жоқ.

Бұрын-соңды тілімізде айтылып көрмегенқыруар термин сөздер ауысып келді. Олар бір-бірлеп кірген жоқ, қаптап, лек-легімен енді. Бұлардың басым көпшілігін орыс тіліндегі қалпында түр-тұлғасы мен мағынасын өзгертпей қабылдадық.

Бірқыдыру терминдік ұғымдағы сөздер калька жолымен, қазақша сөзбе-сөз аударылып алынды да, қазақтың байырға төл сөзіндей етене болып, мүлдем сіңісіп кетті.

Сөйтіп, революцияға дейін орыс сөздері қазақ тіліне негізінен ауызекі тілге ауысса, революциядан бергі кезеңде кең көлемде баспасөз арқылы еніп отырды. Бірінші кезеңде енген сөздердің ішінде әкімшілік, ел билеуге, тұрмысқа қатысты сөздер көбірек болса, екінші кезеңде терминдік сипаты бар сөздер басым болды. Қазақ тілі өзінде жетіспеген жоқ сөздердің бәрін Кеңес дәуірінде орыс тілінен алды да, өзінің сөздік құрамын жетілдіріп, байытып отырды.

1950-1960 жылдардан бері қоғамдық жұртшылық санасында тілімізге кіріп кеткен орыс сөздерінің қолданылуын реттеу, мүмкіндігінше бұлардың қазақша баламасын табу, егер баламасы болмаса, оны жасанды түрде беру талабы көрініс бере бастады. Мәселен, бұл арада тілімізге әбден кірігіп, ана тілінің өз сөзіндей болып кеткен (самауыр, завод, бедіре, бәтеңке, т.б.) болмаса, баламасын қазақша беру мүмкін емес орыс сөздері (пойыз, параход, бригада, молотилка, т.б,) жайында емес. Жоғарыдағыдай жұртшылық талабы ол кезде негізінен ғылыми, техникалық терминдерге жатпайтын, қазақша атауға бола тұра орысша аталып келген күнделікті тіршілікке тұрмыс-салтқа байланысты нақты зат, бұйым атауларына қатысты болды. Соның нәтижесінде остоновка – аялдама, холодильник – тоңазытқыш, мороженое – балмұздақ, дача – саяжай, простыня – ақжайма, т.б. болып қазақша аталатын болды.

Республика тәуелсіздікке ие болған 1991 жылдан бастап, күнделікті тіршілікке, тұрмыс-салтқа байланысты сөздермен бірге енді халықаралық мәні бар терминдерге балама табу талабы күшейе бастады. Ол үшін қазақ тілінің ішкі қорындағы мүмкіндіктер пайдаланылып, қаншама терминдердің қазақша баламалары қалыптасты.

Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасы. Қазақ тілінің моңғол тілдерімен қарым-қатынасы екі түрлі жағдайда қарастырылады. Бірінші, қазақ тіліндегі моңғол тілдерінен тікелей ауысып кірген сөздер жайында. Бұған ең алдымен екі халықтың ғасырлар бойы көршілес тұрып, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауы себеп болған. Сонымен бірге 13 ғасырда мқңғолдардың Қзақстан және Орта Азия жерін жаулап алып, ол жерлерде Шыңғыс әулеті билеген ұлыстар мен ордалардың 15 ғасырға дейін үстемдік етуінің әсері тиген. Тіпті қазақ хандықтары құрылған 15-18 ғасырларда да моңғолдамен тегі бір Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне үнемі шапқыншылық жорықтар жасап отырғаны тарихан белгілі.

Қазақ тілінде моңғол тілдерінен кірген сөздер негізінен әкімшілік, ел бтлеуге байланысты: ұлыс, жасақ, ноян, аймақ т.б. Жер-су атауларына байланысты сөздер көп кездеседі:Тарбағатай (суырлы), Қандыағатай (бұғылы), Толағай (бас), Қатанқарағай (катон-қайың д.м.), Зайсан (жақсы), Алтай (алтын тау), т.б.

Екінші, қазақ тіліне моңғол тілдерінен ауысқан сөздерден басқа олардың бірінен-біріне ауысты деуге келмейтін, екеуіне де ортақ сөздер жайында. Қазақ лексикасында моңғол тіліндегі сөздермен түр-тұрпаты мағаналары ұқсас, үйлес сөздер, әсіресе зат есім, сын есім, етістіктер көп табылады. Мысалы, малға байланысты: қой (қон), қойшы (қоншы), бұқа (бух), құнан (хұнан), тоқым (тохым) т.б.; аңға байланысты: бұғы (бұга), аң (ан), қақпан (кавых), аулау (авлах), т.б.; шаруашылыққа байланысты: балта (балт), балшық (балшигы), домбыра (домбо), т.б. Бұл сияқты сөздер тек қазақ тіліне емес, түркі тілдерінің көбіне тән, олар түркі тілдерінен моңғол тілдерінен ауысты ма, әлде керісінше, моңғол тілдеріне түркі тілдерінен енді ме – оны дәлелдейтін мәлімет тіл ғылымында жоқ. Сондықтан ондай сөздерді түркі-моңғол тілдеріне ортақ сөздер деп атауға болды. Түркі-моңғолтілдеріне ортақ сөздері бар еккенін Ш. Уалиханов та айтқан болатын.

Түркі- моңғол тілдерін салыстырмалы түрде зерттеп жүрген Б: Базылханның пікірінше, «Моңғолшы – қазақша сөздікке» енген 40 000 сөздің 24 000 сөзі 1500 түбірден тараған, яғни 60 пайызы екі халыққа ортақ желілес туынды сөздер болып табылады.

Моңғол тілдері мен түркі тілдерінің үйлестігі негізгі сөздік қордағы сөздермен қатар, олардың граматикалық құрлысынан да айқын көрінеді. Түркі тілдері сияқты моңғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады.

Осындай ұқсастықтарға қарап, кейбір ғалымдар (Б. Я. Владимирцов, Н.Ф. Катанов; Г.Д. Санжеев т.б.) бұл тілдерді түптің түбінде негізі бір тілдердің қатарына жатқызуды қолдайды. Тарихи тұрғыдан қарағанда ол жақындықтың тегі біздің заманымыздан көп бұрын Алтай заманындағы түркі-моңғол бірлестігінде жатыр.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Қазақ тіліндегі сөздік қорға түркі тілдерінің қатысы?

2. Субстрат дегеніміз не?

3. Байырғы төл сөздер қай кезеңдерде пайда болған?

4. Кірме сөздер дегеніміз не?

5. Араб-парсы тілдерінен енген сөздерге қатысты В.В.Радловтың идеясы?

6. Орыс тілінен енген сөздерді неше кезеңге бөліп қарастырады?

7. Моңғол тілдері мен түркі тілдерінің үйлестігін зерттеуде қай ғалымдардың еңбегі сіңді?

8. Қазақ лексикасындағы кірме сөздерімен қазақ тілінің монғол тілдерімен қарым-қатынасы қандай?