Алғысөз


Қазіргі қазақ тілінің күрделі саласы болып табылатын лексикология (сөз туралы ілім) – барлық тіл білімі туралы ғылымның бастау көзі. Ғылым грамматиканы білмей тұрып, сөзді білген қазақ тілінің біз білетін құрамдас бөлігінен басқа бірнеше саласы бар. Түркі тілі, шағатай тілі, араб тілі, орыс тілі – бұлардың бәрін қазақ тілі бастан кешірді. Олай болса, ғасырлар бойы тіл қабатын аршып, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу – лексикологияның басты мақсаты.

Қазіргі қазақ тілі – деген ұғым тек қана қисынсыз тұрғыда ғана бөлінген. Ал тек бұрынғы, қазіргі деуге келмейді. Демек, қазақ тілі біртұтас жүйе ретінде қаралу керек.

Лексико-фразеология пәнінің міндеттері:

- Сөз байлығын құрастыру, олардың даму жолы туралы түсіндіру;

- Сөздің мағынасын ажырату;

- Сөздің ішкі мүмкіншілігін, сыртқы әсердің ықпалынан болған өзгерісін байқау;

- Сөздің қорға енуі, сөздік құрамды құру жүйесін тексеру;

- Сөздің шығу тегін қарастыру;

- Сөздің басқа тілдермен ара-қатынасын білу;

- Сөздің түркі тілдермен немесе басқа тілдермен байланысы;

- Сөздің этнолингвистикалық әсерінің байып, даму жолдары;

- Сөздің (неологизм, сөзжасам) арқылы дамуы;

- Сөздің архаизмдік тұлғасының жасалу жолдары;

- Сөздің егеменизмдік сипаты, қазіргі кездегі өрісі;

- Курстың құрылысы: дәріс, тәжірибешілік сабақтардан тұрады.

Теориялық және тәжірибешілік мәселелерге қызығушылықтары пайда болған студенттер пән бойынша бақылау, баяндама және курстық, дипломдық жұмыстарын жазады.

Лексико-фразеология пәнін оқудың нәтижесінде студенттер мынаны білуі керек:

- Сөздердің көп құрамды және оның мағыналық құрамы ауыр екендігін;

- Түркі сөздерімен генетикалық ұқсастығы мол екендігін;

- Қазақ тілінің мол байлығын игере алады;

- Қазір жаңарым тапқан архаизм сөздерді біліп, қолдана алады;

- Заман ағымында тілімізге енген жаңа сөздерді біледі;

- Сөздерді орынды пайдаланып, мәнді, маңызды етіп сөйлей алады;

Пән бойынша игерген білімдерінің нәтижесінде студенттерде мынадай қабілеттер болуы керек:

- Тіл білімінің лексика саласы бойынша толық, жүйелі түрдегі білімі;

- Оны өмірде, тәжірибе барысында жұмсай алу;

а) Сөздік қорының байлығы;

ә) Ойын көркем тілде, түрлі тілдік тәсілдерді пайдалану арқылы жеткізеді;

б) Сөздерді дұрыс қиюластырып, көңілге қонымды етіп сөйлей біледі;

в) Сөз мәйегі – мақал-мәтел, фразеологиялық тіркесті сөздерінде орынды пайдалана сөйлейді.

- Халқымыздың бай тілі асыл мұрасын бағалап, таза, айшықты сөйлеуге дағдысы артады;

- Көркем тілмен жазылған би-шешен, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын сүйіп оқып, шығармашылық қабілеттерін бағалай біледі.

“Қазіргі қазақ тілі” курсы – жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын ғылыми-теориялық пән. Оның лексикология саласында сөз және оған тән белгілер, лексикалық мағына және оның ұғыммен байланысы, лексикалық мағынаның құрылымы мен түрлері, лексикадағы жүйелік қатынастар қаралады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары анықталады. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен қоры, қазақ тілі лексикасының дамуы мен құрылымы, оның стиль түрлеріне байланысты жіктелістері сараланады. Сондай-ақ фразеология мәселесі мен лексикография мәселесі де жан-жақты түсіндіріледі.

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы ғылыми курсын оқытудағы мақсат – студенттерге тілдік бірлік ретіндегі сөздің ерекшелігін, тілдік жүйедегі маңызын түсіндіру, мағына және оның түрлерін, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынадан басты айырмашылықтарын таныту. Студенттердің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

Пәннің міндеті - қазақ тіл білімінің осы күнгі қол жеткізген табыстары негізінде студенттерге лексикологияның зерттеу нысандары болып табылатын сөз, лексикалық мағына және оның құрылымы туралы, лексикадағы жүйелік қатынастар мен қабаттар жайлы жан-жақты лингвистикалық түсінік қалыптастырып, білім беру болып табылады.

2.1. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы ғылыми курсын оқытудағы мақсат – студенттерге тілдік бірлік ретіндегі сөздің ерекшелігін, тілдік жүйедегі маңызын түсіндіру, мағына және оның түрлерін, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынадан басты айырмашылықтарын таныту. Студенттердің теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

2.2. Пәннің міндеті - қазақ тіл білімінің осы күнгі қол жеткізген табыстары негізінде студенттерге лексикологияның зерттеу нысандары болып табылатын сөз, лексикалық мағына және оның құрылымы туралы, лексикадағы жүйелік қатынастар мен қабаттар жайлы жан-жақты лингвистикалық түсінік қалыптастырып, білім беру болып табылады.

2.3. Пререквизиті

“Тіл біліміне Алғысөз”, “Нормативті қазақ тілі” пәндері оқылды. Студенттердің тілдің жүйелік және құрылымдық ерекшеліктері, лексикологияның зерттеу нысаны, лексикалық мағына, сөздік құрам және сөздік қор, лексикологияның салалары туралы жалпы мәліметі болу керек.

2.4. Постреквизиті

“Қазақ тілінің сөзжасамы”, “Қазақ тілінің морфологиясы”, “Қазақ тілінің стилистикасы”, “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы” т.б. Студент қазақ тілінің лексикалық жүйесін, сөздік құрамның стильдік-әлеуметтік жіктелісін, лексикалық мағынаның ерекшелігін, құрылымын, сөздің басқа тілдік бірліктерден айырмашылығын білуі керек.

2.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы

“Қазіргі қазақ тілі” курсы – жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына оқылатын ғылыми-теориялық пән. Оның лесикология саласында сөз және оған тән белгілер, лексикалық мағына және оның ұғыммен байланысы, лексикалық мағынаның құрылымы мен түрлері, лексикадағы жүйелік қатынастар қаралады. Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары анықталады. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен қоры, қазақ тілі лексикасының дамуы мен құрылымы, оның стиль түрлеріне байланысты жіктелістері сараланады. Сондай-ақ фразеология мәселесі мен лексикография мәселесі де жан-жақты түсіндіріледі.