ДӘРІС 5. СИНОНИМИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ. СӨЗ ВАРИАНТТАРЫ. АНТОНИМДЕР.


Дәрістің мақсаты: Синоним құбылысымен таныстыру. Антоним құбылысымен таныстыру. Сөз варианттары туралы түсінік.беру. Синонимдердің жасалу жолдарын, синонимдік қатар мен доминанттарға түсінік беру.

Дәріс жоспары:

1. Синонимия құбылысының тілдік табиғаты;

2. Сөз варианттары;

3. Антонимдер және олардың тілдік сипаттамасы.

Мағынасы жуық, өзара мәндессөздер синонимдер деп аталады. Синоним сөздер -әр басқа ұғымды емес, бір ұғымды әр түрлі белгілейтін атаулар. Мысалы, 1. уақыт, мезет, мезгіл. 2. Мәлімет, ақпрат т.б. синонимдік қатардың құрамындағы сөздер өзара мәндес болғанымен, олардың бір-бірінен мағыналық жағынан қалайда бір айырмашылығы болады.

«Өмір ағысының қалай тез өтетің, қызықпен жүргенде, адам байқамай қалады екен (Сланов). Бір жерден екінші жерге аударғанда, қой жылдам түгіл, жасамыс адамдардың өзі механизмді шапшаңт үйреніп келеді (Мұстафин). Болат дереу конвертті ашып, ішінен бір бет қағазды суырып алып судыратып оқи жөнелді (Байтанаев). Алғашқы жауган ақша қар таңертеңгілікте еріп, лезде қатып, мұзға айналды. (Омаров). Сөйтіп, осы заманғы паром сияқты сол қайықтар сәтте әзір болды (Ян).

Сәнменен қыз-келіншек алдан шығып,

Заматта түрге түсті ауылдары (Байзақов).

Достары да орыс, қазақ, сан ұлттар,

Кетті демде мінез-құлқы үйлесіп (Тоқмағанбетов).

Бұл жұмысты шұғыл қолға алып, таяу арада аяқтап шығуымыз керек.

Зереден Әлім жол сұрасып,

Көп тұрмай жүріп кетті жедел басып (Қалауова)

Мысалдарда асты сызылған сөздер – синонимдер .

Синонимдес сөздердің бір-бірінен мағыналық жағынан айырмашылығы көбінесе сәл ғана, нәзік айырмашылық түрінде болады да, мұның өзі бірден ашық айқын аңғарыла бермеуі мүмқін. Мысалы: мәлім, мағлум, аян, белгілі. Осы ерекшелігіне қарап, синоним сөздерге мынадай да анықтама беріліп жүр. Синоним деп -әр түрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, ьірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не сильдік, эмоциялықсәл ерекеліктері бар, бір сөз табынан болған сөздерді айтады».

Тіл-тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай екендігін көрсетеді. Сөздік құрам неғұрлым бай, әр тарапыт болса, тіл де соғұрлым бай,орамды болады. Мысалы; бір бет сөзінің жиырмадан астам синонимі бар. Бет, жүз, түр, түс, келбет, көрік, өң, ажар, шырай, пішін, кеіп, кейін, дидар, нұсқа, рең, рай, әлпет, ұсқын, мүсін, сүрең, сиық, сұрық, тұрпат, сықпыт т.б.

Сөйтіп, синонидерің молдығы – тілдіңбайлығын, мәнерлегіш мүмкіндігінің молдығын, әр тарапылығын, тілдің дамыған тіл екендігін қөрсетеді.

Синонимдік қатар. Өзара мәндес сөздердің топтары – синонимдік қатар, немесе синонимдік ұя делінеді.

Синонимдік қатардың құрамына өзара мәндес бірнеше сөз енеді. Синонимдік қатар болу үшін кемінде екі сөзден кем болмау керек. Мысалы: ақ, шаңқан, ел, халық, жұрт, әлеумет, халайық т.б.

Синонимдік қатар сөздердің жалпы мағыналық негізіне қарай топтарыстырылады. Сөздердің жалпы сырт көрінісіне бой ұрып жеке сөздерді механикалық түрде бірінен соң бірін синоним деп тізе беруге болмайды.

Доминант синоним. Мәндес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан айрықша көзге түсіп топтағы сөздердің барлығына бірдей ортақ, күллісіннің жалпылама мағынасын ашық-айқын аңғартатын сөз доминант (тірек сөз) деп аталады. Мысалы: халық, ел, жұрт, әлеумет дегенде, синонимдік ұяның халық дегені доминант синоним болады.

Доминант сөз синонимдік қатарды сөздердің ішіндегі жалпы халықтық тілде ең жиі қолданылатын, стильдік мәні бейтарап сөз болға тиіс. Мысалы: ауру, сырқат, науқас, дерт деген синонимдік қатардың доминант синонимі – ауру сөзі, бұл –жалпы халықтық тілде жиі қолданылатын сөз.

Ә.Болғанбаев «Қазақ тіліндегі синонимдер» деген енбегінде доминант сөздерге лайықты мына сықылды бөліп қарастырады.

1. Доминант синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі ең жиі қолданылатын, стильдік мәні бейтарап сөз болуға тиіс. Мысалы: ат-есім, ныспы.

2. Доминант синонимдік қатардағы сөздердің барлығына мағыналық арқау болатындай болу керек. Ерлік – батырлық, қаһармандық, жауынгерлік т.б.

3. Неологизм мен көнерген сөз қатар келгенде, доминатқа жаңа сөзді алу керек. Мысалы: оқушы – шәкірт, жауынгер –сарбаз т.б.

4. Жалпы халықтық сөз бен диалектизм қатар келгенде, доминантқа әдеби тілге бейімі алынады. Мысалы: көйлек – жейде, мата – кездеме.

5. Жеке сөз бан тұрақты сөз тіркестері синоним болып қолданғанда доминатнқа көбінесе жеке сөз алынады. Мысалы: лезде- көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, қас қаққанша.

Жалпы ұғымды білдіретін сөздер синоним бола ламайды. Мысалы: ағаш, қайың, терке, қарағай деген сөздер бір-біріне синоним бола алмайды.

Тіл-тілдің лексикалық қолдануға байланыссыз жеке тұрып та лексикалық единица ретінде бірі-бірімен синоним болып келетін тұрақты синоним сөздер бар. Мысалы: үлкен, зор дегендер. Жеке тұрып та бір-бірімен синоним бола алмайьын, тек қолдануына қарай бір-бірімен мәндес болып келетін сөздер бар. Мысалы: үлкен мен зор деген сөздердің орнына кейде алпамсадай еңгезердей, соқталдай, абажадай, добалдай деген сөздер қолданылып айтылады. Бірақ солай бола тұрсада бұл сөздер үлкен, зор сөздеріне тұрақты синоним бола алмайды. Бұлар аталған сөздермен тек қолданылу ыңғайына мәндес болып келеді.

Синонимдік шек. Синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар (сөздер) бір-бірінен белгілі бір стильге икемделіп теліну жағынан ажыратылып шектелсе, қайсыбір синонимдік қатарлардың құрамындағы сыңарлар бір-бірінен басқа сөздермен тіркесу мүмкіншілігіжағынан ажыратылып шектеледі. Енді бір синонимдік қатардыңқұрамындағы мәндес сөздер бір-бірінен сапа мен белгіні білдіру дәрежесі жағынан ажыратылады. Мысалы, қарт деген сөз бен кәрі деген сөз өзара мәндес, синонимдес сөздер болғанымен, екеуінің өрісі, жұмсалу шеңбері бірдей емес. Қарт деген адам, кісі сөздерімен тіркеседі де, басқа сөздермен мүлдем тіркеспейді. Кәрі деген сөз көптеген сөздермен тіркестіп қолданыла береді. Мысалы: кәрі деген сөзді жоғарыда аталған адам, кісі деген сөздермен де тіркестіріп кәрі адам, кәрі кісі, сөндай ақ, кәрі жылқы, кәрі қой деп айта беруге болады. Ал қарт деген сөзді қартжылқы, қарт қой деп тіркестіріп айтуға болмайды. Сол сияқты қысқа, келте, шолақ сөздері де бір-біріне белгілі жағдайда ғана синоним бола алады.

Сонымен, белгілі бір синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар (сөздер) қолданылу шеңбері, сөздермен тіркесу мүмкіншілігі жағынан әр түрлі болады. Синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлардың кейбіреулері көптеген сөздермен тіркесіп, қолданылу шеңбері кең болады да, қайсыбіреулерінің сөздермен тіркесуі шеқтеулі болады.

Сөздің мағыналық жақтан дамыу синонимдік қатардың жасалуына әсер етеді. Тілде көп мағыналы сөздер мен синоним сөздердің қарым-қатынасы, өзара байланысы болып тұрады. Көпмағыналы сөз әр мағынасында шеңберін кеңейтіп отырады. Мысалы, әр мағынада жұмсалатын бет деген сөз бір мағынасында жүз, дидар, ажар деген сөздермен синонимдес болса, екінші бірмағынасында беткей, төскей деген сөздермен синонимдес болады. Енді бір мағынасында бағыт, бет алыс сөздерімен синонимдес болып келеді. (Осы бетің дұрыс – бағытың дұрыс).

Плеонастикалық синтагма. Плеоназм. Тілде кейбір синоним сөздер өзара қатар келіп, алдыңғысы соңғысын айкындай түсіп не соңғысы алдыңғысын айқындап, бірін-бірі күшейте түседі. Осындай сөз тізбегін плеонастикалық синтагма дейді. Мысалы: Ежелгі ескідосым. Айдын шалқар көл, құр бекер, әуел баста, тең тұсым, сәске түс, шет жаға, орасан зор т.б.б

Кейбір синоним сөздер қабаттаса біріге келіп, мағынасы жағынан әбден жымдасып кетеді. Мысалы: көнетоз, көйлек т.б.

а) Қасиетті болмайды ондай жігіт,

Әншейін құр бекерге жыртақтаған (Абай).

б) Осында отырған қырық үйлі жоқ-жітікті сұрасаң, менің теңтұсым екен (М.Әуезов). в) Терезе ашық, таудан самал жел соғып тұр (С.Ерубаев). Осы мысалдардағы құр бекер, тең, тұсым, самал жел дегендердің әрқайсысы - өзара мәндес, синонимдердің тіркестінен жасалған плеонастикалық синтагмалар.

Бұлардың ішінде кейбіреулері жеке сөздерге де синоним болып келеді. Мысалы: тең тұсым плеоназмі құрдас, замандас сөзіне синоним де, құр бекер деген плеонзм бостан босқа деген тіркестерге синоним.

Синонимдердің жасалуы. Синонимдердің пайда болуы мен жасалуының мынадай жолдары бар:

  • Синонимдер сөз тудыру тәсілдері, аффикс арқылы жасалады.
  • ма,- ме, -ба, -бе, -па, -пе. Тапсырма, міндеттеме кеспе, салма.
  • – ым, - ім, - м. Бітім, келісім; наным, сенім; өнім, түсім.
  • – у. Сүйеу, демеу, медеу.
  • – лы, лі, ды, ді, ты, ті. Жазалы, айыпты т.б.

2) Кірме сөздер арқылы пайда болады.

3) Диалектизмдердің есебінен көбейеді.

4) Фразеологиялық тіркестердің жеке сөзбен синонимдес келуі арқылы жасалады.

5) Байырғы төл сөз бен сөз тіркестері термин сөздермен мәндес келіп, синоним жасалады.

6) Евфемизм, дисфемизм какофемизмдер басқа бір сөздермен не сөз тіркестерімен мәндес келіп, синонимдер жасалады.

7) Сөздің мағыналық жақтан қосымша жаңа мағыналарға ие болуы, не сөздермдің ауыс мағынада қолданылуы синонимдік қатардың жасалуына әсер етеді.

1. Заттар мен құбылыстардың айрықша белгілері мен қасиеттерін ашып, олардың нәзік реңін ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да, тілдің бүтін лексикасы даму, баю күйінде болады.

Синонимдердің пайда болуының өнімді бір жолы аффикстік тәсіл қалпында болады. Мысалы: жаз бен көк сөздерді түбір қалпында синоним емес сөздер екені аян. Ал осы сөздердің аффикстік тәсіл жазғытұрым көктем тәрізді туынды түрлері өзара мәндас, синонимдес сөздер болып табылады.

Синоним сөздер жасайтын құнарлы жұрнақтар мыналар:

1) – с, -іс, -ыс. Жиналыс, мәжіліс; кеңес, отырыс.

2. Кірме сөздер арқылы синоним сөздердің толығуы.

Белгілі бір тілдің лексикасы басқа тілдірен енген сөздермен де толығып, байып отырады. Қейде басқа тілдерден енген сөздер сол тілдің байырғы сөздермен мәндес келіп, соның нәтижесінде сөздердің қатары молығады. Мысалы: сом –теңге, мұржа –тұрба, ыңғайы –реті, кеспек-бөшке (бочка), ілгек – күршек (крючок), пішін –порым (форма), ауыз үй –сенек (сени, сенник). Бұлардың соңғылары орыс тілі арқылы пайда болған.

Сол сияқты, араб, парсы және иран тілдерінен енген сөздер де байырғы сөздерімізбен мәндес келіп,синоним сөздер түзейді. Мысалы: көк-аспан (парсы сөзі), қатын -әйел (рарб сөзі), ереже –қағида (араб сөзі), жаратылыс –табиғат (араб сөзі), оқымысты –ғалым (араб сөзі), тұқым, тек –нәсіл (араб сөзі), ауыл-аймақ (монғол сөзі) т.б. (Қарамен терілген-басқа тілден енген сөздер).

3. Әдеби тіл лексикасынынң диалект сөздердің есесінен толығуы нәтижесінде де синонимдер жасалады. Мысалы: үлкен –нән; әйдек; кілт-ашар; ықтимал-етмал; дәстүр-үрдіс; ұрпақ- кебек; қатарлас-жебейлес; кішкнтай-пыштай; ұсақ-түйек-түйтік т.б. осындағы синоним сөздердің екінші сыңары диалект сөздер.

4. Тіл-тілдердің жеке сөдердің айрықша синонимі ретінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері де жиі ұшырасады. Мәселен, қой аузынан шөп алмас – «момын».

Жалпы синонимдес болыа келетіндер фразеологиялық тіркестері де өзара бір-бірімен синонимдес болып келе береді. Мысалы: сағы сыну, тауы шағылу, қанаты қайырылу деген тұрақты сөз мәндес мағынлары жағынан бір-біріне жуық, өзара мәндес синонимдік тұрақты сөз тіркестері болып табылады. Сондай ақ тайға таңба бақандай, соқырга таяқ ұстатқандай дегендер «ашық», «айқын» деген мағынада бір-біріне синоним болып тұр.

5. Әдеби тілдегі сөздер мен термин сөздер мәндес келу арқылы синоним сөз жасалады. Мысалы: табиғат суреті-пейзаж, бейне – образ, жыр-эпос, сықақ-сатира, қиял-фантазия, құрлық-континент, қор-фонд, қалам ақы-гонорар т.б.

6. Тілде белгілі эвфемизм, дисфемизм, какофемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен келіп, синонимдер жасалады.

Бір нәрсенің не құбылыстың аттарын тура айтуға қолайсыз болғанда, сөлекет болып қөрінгенде, олардың сыпайы, құлаққа жағымды синонимін тауып ауыстырып қолдану керек болады. Мысалы: өлді деудің орнына жүріп кетті, дуниеден қайтты, жан тәсілім қылды деген сыпайы эвфемизм түрі қолданылады.

Ауру деудің орнына сырқат, наукас дейді. Ұрланыпты деудің орнына қолды болыпты деп айтады.

Күнделікті өмірде қолдануда мағынасы жағымсыз сөздерді сыпайы сөздермен алмастырып айта беретініміз сияқты, сыпайы сөздерді дөрекі сөздермен де ауыстырып қолдану тәсілдері болады. Мұндай тәсілді тіл білімінде дисфемизм немесе какофемизм деп атайды.

Дисфемизм тәсілімен сөз қолдану – мағынасы жағынанэвфемизмге қарама- қарсы. Эвфемизм сөздің ұғыммын сыпайлап, әдемілесе, дисфемизм, керісінше, сөздің жағымды, жұмсақ мағынасын дөрекілейді. Мысалы: ат арыса – тулақ, жас әйелді –шүйкебас, бала дегенді – шикі өкпе дейді.

7. Сөздің мағыналық жақтан дамуы, қосымша жаңа мағынаға ие болуы нәтижесінде де синоним сөздер толығады.

Адам баласы қоғамының даму барысында танылып болмаған алуан түрлі заттар мен құбылыстар, олардыңбір-біріне қарым-қатынасы біртіндеп танылып отырады. Жаңадан танылған заттар мен құбылыстардың тілде сөзбен аталу қажеттігі әр уақытта жаңа сөздерді тудыра бермейді. Олар көбінесе тілдің сөздік қорында бұрыннан бар сөздермен аталады. Осының нәтижесінде ол сөздердің бұрынғы, қалыптасқан, дағдылы мағынасының үстіне қосымша мағына үстеледі де, синоним болып қолданыла береді. Мысалы:

I Түбі - өсімдіктің түбі.

II Түбі – сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім Қызай (М.Әуезов).

Осында түп сөзі бірінші сөйлемде өз мағынасында, ура мағынасында, күллі өсімдік атаулының жерде алған тамыры –түбі, ал адамның түбі туынды мағыналары болады.

Тегінде, бір заттың немесе құбылыстың бойындағы елгілердің бірі немесе бірнешеуі басқа бір заттың не құбылыстың бойындағы белгілердің бірі немесе бірнетеуімен ұқсас келуі мүмкін. Осынған сәйкес, екінші затарың да (не құбылыстың) арнаулы атауы бола отырып, ұқсас белгілері бар басқа да затқа (не құбылысқа) атау болады да, осыдан келіп сөздің негізгі мағынасына үстеме мағыналар қосылады.

Полисемия құбылысы сөздің негізгі тура мағынасы ден туынды (қосымша) мағынасын қамтиды. Тура мағынасындағы сөздер заттар мен құбылыстарға сапа мен белгіге, іс - әрекетке т. Б. тікелей бағытталады да, сөз мағыналарының ішінде тура мағына басқа мағыналарға қарағанда, ашық-айқын дараланып көрінеді.

Сөздің туынды мағынасы оның негізгі тура мағыналы арқылы, соның негізінде ұғынылады. Негізгі тура мағыналар әр түрлі туынды, келтірінді мағыналарының тірегі, ең негізіг арқауы болып табылады.

Сөздерді ауыс мағынада қолдану арқылы да синонимдес сөздер көбейеді. Сөздің түрлі-түрлі мағынада қолданылуға икемділігі оның жалпылауыш (обощающий) қасиетімен тығыз байланысты. Сөздің сыры жалқылық пен даралықтың бірлігінен көрінеді. Сөздің жалқылауыш қасиеті оның бұрынғы негізгі мағынасының үстіне қосымша жаңа мағыналардың үстелуіне мүмкіндік береді. Сөз белгілі бір заттың не құбылыстың арнаулы атауы бола отырып, ұқсас белгілері бар басқа да затқа не құбылысқа атау бола алады, осыдан келіп жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Соның нәтижесінде лексикада бұрынды-соңды тілде болып көрмеген жаңа синонимдік қатарлар пайда болады. Атап айтқанда: метафоралық, метонимиялық және синекдохалық қолданытсар арқылы.

1. Метафора белгілерінің түр-түс ұқсасты негізінде болады. Мысалы: Өзің қыз танымайтын жігіт екенсің, Алмаң Жанатқа астар бола ала е? (Ғ.Мұстафин) Осындағы астар сөзі метафоралы қолданылып тең сөзбен синонимдік қатынасқа түсіп тұр. Жалпы халықтық тілде астар сөзі-сырт киімнің ішкі қабатына айтылады. Жоғарыдағы сөйлемде астар сөзауыс мағынада қолданылатып тұр.

2. Метонимияда іргелес, шектес екі ұғым бірінің сонына екіншісі алмасып қолданыла береді. Мысалы: Шығанақ Құрманғазыны тарта отырып сөйледі (Ғ.Мустафин). Мұнда Құрмағазының күйінің орнына өзі аулатылып синонимдік болып тұр.

3. Синекдохада ұғымды алмастыруда іргелес, шетестік бар, бірақ мұның негізінде сандық ұғым жатады. Мысалы, Сейфолланың бір өзін ауырлаған жоқ еді, енді бұлар үшеу ғой. Ауыз көбейді, ауырсынды е қалай (С.Талжанов). Мұнда, ауыз сөзі ауыс мағынада қолданылып, жан,бас сөздерінің синонимі болып тұр.

Сөздердің бұл сықылды ауыс мағынасы –тілде тұрақты синонимдердің қатарына енбейді, тек контекстік синоним бола алады.

Синонимдерді топтастыру. Синонимдік қатардың құрамындағы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өзара мәндес болумен бірге. Барлығының бір сөз табына енетін сөздермен жасаулы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін оның құрамына енетін сыңарлардың барлығы да бірөнкей зат есім сөздерден, не бірөңкей сын есімдерден, немесе бірөңкей етістік сөздерден не үстеуден болуы керек. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамыны бар.

Зат есімдерден болған синонимдер: бет, өң,түр, түз, келбет, пішін, ажар, мүсін, көрік, әлепт, кескін, рең, дидар, шырай т.б.

Сың есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды, ұстамды т.б.

Етістіктен болған синонимдер: сауығу, жазылу, айтығу, жолығу, кездесу, ұшырасу т.б.

Есімдіктен болған синонимдер; барлық, барша, бүкіл, күллі, түгел, тамам, бәрі т.б.

Үстеулерден болған синонимдер: таяуда, жуырда, жақынад, жуықта т.б.

Кейбір ғалымдардың айтуынша, қазақ тіліндегі сөз табының ішіндесинонимдерге ең байы –етістік, онан зат есім мен сын есім сөздері көрінеді.

Синонимдердің стильдік қызметі. Белгілі бір ұғымды жан-жақты толықтырып айтуда, сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылқтарды қамтып, оралымды етіп жеткізуде синоним сөздердің стильдік мәні өте зор.

Сонымен бірге, синонимдердің стильдік қызметі мынада: сөйлеуде я жазуда бір сөзді қайта-қайта қайталау, мысалы: алдыңғы сөйлемде қолданылған сөзді, келесі сөйлемде қайталай беру стильдік жағынан кемшілік туғызады. Мұндай жағдайда сол сөздің синониммін табып қолдану керек.

Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынан алынған сөйлемдегі сөздерге назар аударып көрейік.

«Қазіргі Тоғжан жүзінде бір шақ кетпейтін үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ». Осы сөйлемдегі жүз, рең; кезде, сәтте деген сөздер – бір-біріне синоним. Жазушы оззара мәндес сөздердің нәзік айырмашылықтарын жете біліп, синоним сөздердің сыңарларының айтылатын ойға сәл келетінін тауып қолданған. Соның нәтижесінде оның ойы келіргі болып шыққан.

Тіл байлығының көрсеткіші болып табылатын синонимдерді жете білудің мәні зор. Лексиканы синоним сөздерге бай адамның жазганы да, сөйлегені де ұдайы қүлпырып, түрленіп тұрады.

Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай әрі дамыған тіл екенін аңғартады.

Антонимдер. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: жақсы-жаман, арзан-қымбат, ашық-жабық т.б.

Антонимдердің табиғатын түсіну үшін ең алдымен «қарама-қарсылық» дегенді анықтап алу керек.

Диалектикалық логика зат бойындағы қайшылық сол зат туралы ұғымға да тән боп көрсетеді.

Демек, диалектикалық қайшылықтың екі жағы болатыны сияқты, зат туралы ұғымның да екі жағы болады. Олар да бірін-бірі тікелей жоққа шығарады. Сыйыспайтын ұғымдар және қарама-қарсы ұғымдар (противоречащие понятия) бірін-бірі тікелей жоққа шығарады. Логикада қайшылықты ұғымдарды арақатынасын «А-А емес» деп бейнелейді. Тілдегі жер жер емес, үлкен-үлкен емес, сулы-сусыз (сулы емес деген ұғымда сай келеді. Тіл білімде мұны болымсызды категориясы деп атайды. Ал қарама-қарсы: жақсы-жаман, шикі-піскен-бұлар тіл білімінде антонимдер деп аталады.

Қарама-қарсы ұғымдар белгілі бір логикалық категориялардың ең шеткі екі мүшесі болып табылады. Олардың арасында үшінші бір аралық мүше болуы мұмкін. Мысалы: жақсы, шамалы, жаман қарама-қарсы ұғымдары бірін-бірі жоққа шығарып қоймайды, заттың жаңа баға береді. Бірақ ұғым – логикалық, антоним тілдіқ категория.

Антонимдіқ мағына қарама-қарсылық сапалық ұғымдарды білдіретін немесе сапалық мәні бар сөздерге ғатән болады. Мысалы: тас объективтік дүниедегі ақиқат нақты заттың атауы. Мұнда сапалық қасиет жоқ, татауыштық қасиет бар. Ал жұмсақ – қатты, қалың – жұқа дегендерде әрі атауыштық, әрі сапалық қасиет бар. Демек, антонимдіқ мағына сапалық мәні бар сөздердер ғана болады. Сондықтан да антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі – сын есімдер. Мысалы: кәрі-жас, түзу-қисық, терең-таяз, оң-теріс, үлкен-кіші, ыстық-суық, қалың-жұқа, жақсы-жаман, тар-кең, араз-тату т.б.

Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана. Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады: пайда-зиян, бай-кедей, өтірік-шын, бақ-сор т.б.

Туынды зат есімдерден жасалған антонимдердің негізгі түбірі сапалық ұғымды білдіретін сөздер екенін байқалады. Мысалы: тарлық-кеңдік, аштық-тоқтык, жастық-кәрілік.

Үстеу сөзден жасалған санаулы ғана антонимдер бар – ерте-кеш, бері-әрі, ілгері-кейін, жоғары-төмен т.б.

Сонымен, сапалық ұғымы бар сын есімдерден басқа сөз таптарынан жасалған антонимдер тілде сирек ұшырасады.

Антонимдер қарама-қарсылық мәні жағынан бір-біріне тепе-тең болуы керек. Мысалы: тар-кең, алыс-жақын, ұзын-қысқа. Сондай-ақ жақсы-шамалы, жақсы-нашар, ескі-ескілеу-көне деген сияқтылар антоним бола алмайды.

Антонимдік жұптың сыңарлары қарама-қарсылықты мәні жағынан безбеннің екі басындай бір-біріне тепе-тең болуы керек екен. Егер олардың бірі мағына қарама-қарсылығы жағынан сәл төмен, не сәл жоғары болса, онда антоним бола алмайды.

Мұны қазақ тіліндегі антоним сөздерді зерттеуші К.Мусин өзінің еңбегінде былайша бейнелейді:

тәуір нашар

жақсы жаман

жақсы жаман

Рас, сөйлеу тәжірибесінде тәуір-жаман, жақсы-нашар деген сөздер бір-бірімен қарсы мағынада қолданылады. Бірақ тұрақты антонимдер емес, контекстік немесе стильдік антонимдер деп аталады.

Антонимдер семантикалық құбылыс болғандықтан, олар сөздік құрамындағы сөздермен қат-қабат байланысқа түсіп жатады. Сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Антоним де, синоним де – семантикалық құбылыс. Біріншісі мағына қарама-қарсылығына негізделсе, екіншісі мағынаның жақындығына негізделеді. Осы жағынан алғанда, бұлар шектеседі. Мысалы: жуас-асау антонимдік жұптың екінші сыңарының синонимі – тентек. Тентек жуасқа қарсы антоним. Сонда жуас-асау, жуас-тентек деген екі жұп шығады.

Антонимдердің полисемия құбылысымен шектесетіні болады. Антонимдердің полисемия құбылысымен шеқтесеуі сөздің контекстік мағынасы, ауыс мағынанада қолданылуы оның экспрессивтік-стильдік-синонимдік мәні т.б. жәйттармен байланысып жатады.

Көп мағыналы сөздердің антонимдіқ сипатын ал деген сөздің қолдану ерекшелігінен айқын аңғаруға болды. Бұл сөз қолданылу ретінде қарай беру, салу, қостастау, қосу деген сөздерге қарсы мағынада жұмсалы бірнеше антонидік жұп құрайды. Және өзінің негіз мағынасында бер деген сөзге қарсы жұмсалып, антонимдес болады. Егер бұл сөз затты орнынан қозгау, алмас тыру, біреуді орнынан алу мағынасыын білдірсе, онда қою сөзімен антонидес болады. Мысалы: Ахметті орнына алып, оның орнына Саматты қойды. Кітапты орнынан ал, дәптерді орнына қой. Сөйтіп, бір сөздің алуан мағынасы қолдану ретінде қарай бірнеше сөзбен антонидес болып келе береді, полисемия құбылысым қат-қабат байланысты болады. Ол байланыстың сырт контексте ашылады. Сонымен антонимдер лексикамыздың полисемия, синонимдер, омонимдер сияқтытоптарымен қат-қабат астасып жатады.

Антонимдер мен болымсыздық категориясының ара қатынасы және айырмашылығы. Логикада қайшылықты ұғымдар және қарама-қарсы ұғымдар болады. Қайшылықты ұғымдар бірін-бірі жоққа шығарумен ғана шектеледі. Олар затқа, құбылысқа, яғни оның сапасына жаңа баға бермейді. Тілде бұл болымсыздық категориясы арқылы көрінеді. Мысалы: үй-үй емес, ақылды – ақылсыз, келді-келмеді.

Қарама-қарсы ұғымдар бірін-бірі жоққа шығарады сонымен бірге, затқа, құбылысқа немесе оның сапасын жана баға береді. Бұл тілде антонимдер арқылы көрінеді.

Қазақ тілінде болымсыздық категориялар сызөсіз, - ма, - ме,- ба, -бе,- па,- пе, Аффикстері арқылы жасалады. Аталған аффикстер жалғану арқылы жасалған болымсыздық сөздер антоним бола алмайды.

Антонимдердің стильдік қызметі. Қарама-қарсы құбылыстарды саластыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және тәсіл арқылы айтылатын ойды ашық, айкын етіп көрсетуде антонимдер айрықша қызмет атқарады.

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады;

Кеш шықсан, алдыңнан түн шығады (Мақал).

Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп (Мақал).

Өтірік-қанбақ, шын-салмақ (Мақал).

Антоним сөздерің белгілі бір тобымен тіркесу якиркесе алмау мүмкіндігі олардың мағыналаының қай кенде көрінуіне байланысты болады. Ал сөз мағынасының реңі контексте ғана ашылады. Антонимдік контекстер турасында бірсыпыра ғалымдардың антонимдік контекстің мына сияқты төрт түрін атап көрсетеді.

1. Антонимдерің бір сөйлем ішінде қатар қолданылуы.

2. Іргелес сөйлемдерде қолданылуы.

3. Бірнеше антоним сөздердің бір сыңары одан кеін берілуі.

4. Антонимдерді аралас қолдану.

Филология ғылымының докторы Ә.Болғанбаев та антонимдерді негізінен осылай топтастырады.

Антонимдік контекстерді тұлғалық және мағыналықжағынан Ж.Мусиннің топтауы жоғарыдағыдан гөрі өзгешелеу.

1) Жалпылық мәнде болатын антоинимдер. Мұнда антоним сөздер бір сөйлем ішінде қатар келеді:

Мысалы:

2) Ит үрер жақсыға да, жаманға да.

3) Алыс пенен жақынды жорытқан білер. (Мақал).

1. Тікелей қарама-қарсылық мәнде болатын антонимддер. Мұнда сөйлемнің бірыңғай мүшесі түрінде қарсылықты жалғаулықтар немесе болымсыздық мәндегі сөздер болып келеді.

1). Енді еңбек бейнет емес, зейнет (Мақал).

2) Күлкісі аз, бірақ нұры мол қара көзі ақылды, ойлы адамды аңғартады.

2. Алтернативті мәнде болатын антонимдік контекс сөйлемнің бірыңғай мүшесі қызметін атқарып, жұрнақтар немесе жалғаулар арқылы байланысады.

Мысалы: Ендеше, не ер бол да ақтал, немес илан да жазала.

Мұндай алтернативтік мәнді терендете түсіп, әсірелей көрсететін де түрі кездеседі. Мысалы:

Сонда, ұйқы мен ояудың, түс пен өңнің арасында, әсіресе шаршаған күнгі ұйқыда болатын қызық бір аралық хал еді. (М.Әуезов).

3. Философиялық ой, түйін, тұжырым, пікір мәнде болып келетін антонимдік контекстер. Антонимдік сөздер мұндай контексте көбінесе сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Еңбек түбі-зейнет (Мақал).

Тілімізде нақ осы контекстің қатарласып, жарсып қолданылуы жиі ұшырасады. Ондайда бірнеше антонимдік жұп тұтасып, бүтіндей бір түйдек жасайды. Мысалы:

Ашу-дұшпан, ақыл-дос;

Шабыспақ-оңай,

Табыспақ-қиын (Мақал).

а) Антоним сөздер – субъект-предикаттық қатынаста болып келетін контекстер. Мұнда антонимдердің мағына қарсылығы солғындау болады. Мысалы:

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен қайта келмек (Абай).

Антонимдік контекстердің мұндай түрі шешендік, нақыл сөздерде, фразеолоғиялық тіркестерде, поэзияда жиі кездеседі.

1. Көркем әдебиетте заттың, құбылыстың сыр-сипатын аз сөзбен нақты да дәл бейнелеу, айқын сүретті мақсатында немесе кейіпкердін ішкі дүниесін, жай-күйін дәл көрсету үшін кейде қарсы мағыналы сөздер тіркеу қолданылады. Фигураның Оксюморон метафора аталатын бұл түрі жеке алғанда бір-біріне қарсы мағыналы болып, антонимдік жұп құрайтын сөздер тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: тірі өлім, тірі аруақ, құрғақсу, жақсы өлім.

Жайнаған түың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай…

Жақсы өліпсің, япырмай (Абай).

Мұнда синтаксистік тіркес құрап, анықтауыш анық талғыш қатынасқа жұмсалып тұр. Осындағы жақсы өліпсің-оксюморон, өйткені өлім болған соң, оның жақсысы болуы мүмкін емес.

Сол сияқты, сараң бай, тірі өлік, өлі жан, зар күлі дегендер және кіріп-шықты, келіп-кетті,ұшып-қонды, дегендер де оксюморонға жатады.

Тілімізде антонимдердің кейде өзінің негізгі мағынасына тікелей қарсы мәнде жұмсалатыны да бар. Басқаша айтқанда, сөз өзінің антониміне айналып кетеді. Мысқылдау мақсатында сөзді әдейі кері мағынасында қолдану. Мысалы: қорқақ деудің орнына батырдеу, қара кісіні аппағым деу.

Менде де бар бір жаман,

Не қылайын қазақтын,

Жүйрігі мен жорғасын

(“Айман-Шолпан” жыры).

Сөйтіп, антоним сөздер қолданылу ретіне қарай өз мағынасының антиподына айналады.

б) Жалпы есім орнына жалқы есіммен немесе керісінше атау әдісі антономазия делінеді. Бұл әдіс бойынша тілімізде кейбір антоним сөздердің орнына оғаш мінез, жат қылығымен баршаға мәлім болған адам атын қолданышылық жатады. Мысалы: сараң-Қарабай, мылжың-Мырқыбай.

Антонимдер антитезаның (шендестіру) бір тәсілі ретінде қолданылады.

Антитеза- арасыалшақ екі нәрсені бір-біріне қарама-қарсы кою. Сол арқылы айтайын деген ойды айқындап, мәнерлеп көрсету көркем әдебиетте көне заманнан келе жатқан нәрсе. Мысалы:

Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (Абай).

Антонимдік контексте жаман жақсы көремін исяқтытіркестер де жатады. Антитеза көбіне антонимдер арқылы жасалады. Антитезаның небір тамаша түрін Махамбеттің “Қызғыш құс”, С. Торайғыровтың “Анау-мынау” т.б. шығармалардын кездестіреміз.

Алайда, антитезаның бәрі антонимдер арқылы жасала бермейді. Антитеза – стилистикалық әдіс, антонимдер –лексикалық құбылыс. Айырмашылықтары бар.

Антитеза екі мүшеден тұрады және олар жұбы жазылмастан қатар қолданылуы керек.

Оңға қарап қол созсам.

Теріске жорып пысқыршы (С.Торайғыров).

Ал антоним сөйлемде жеке-дара қолданыла береді және одан оның антонимдік мәні жойылмайды.

Атаулары антоним бола алмайтын заттар мен құбылыстарды қарама-қарсы қою арқылы да антитеза жасауға болады. Мысалы: қамқа-боз.

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Синонимдер дегеніміз не?

2. Синонимдік қатар немесе синонимдік ұя дегенді қалай түсінеміз?

3. Доминант синоним мен синонимдік шекті қалай ажыратып қарастыруға болады?

4. Плеонастикалық синтагма дегеніміз не?

5. Синоним сөздердің стильдік орны қандай?

6. Антонимдер мен болымсыздық категориясының ара қатынасы және айырмашылығы қандай?

7. Антономазия дегенді қалай түсінеміз?