Оқытушымен бірге студенттің өздік жұмысы кредиттік жүйедегі аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. ОСӨЖ кеңес беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. ОСӨЖ бұл оқытушымен студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, жеке, топтық жобаларды өңдеу және т.б.
Әрбір ОСӨЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, тестер, сөзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды шешуге, талдауға негізделеді.
ОСӨЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық.
Кеңес беру қызметтері:
әрбір пән бойынша студенттердің өздік жұмысына көмек беру;
материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға студентке көмек беру;
студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;
оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;
ғылымилықпен айналысудағы студенттердің өздік жұмысына көмек беру.
ОСӨЖ бақылаушылық қызметі білім алуда студенттің ынтасын жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен студенттердің білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. ОСӨЖ барысында студент тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).
Әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша ОСӨЖ түріне реферат, баяндамалар, конспект, өлең немесе қарасөздер жаттау, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап өткізуді жатқызуға болады.
Оларға дайындалу негізінде студенттің ізденуі, алдын-ала қажетті әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, өзіндік көзқарасын білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы студенттің өз бетімен жұмыс жасай білуіне көмегі зор.
Жұмыс түрлері студенттердің ойлау қабілетін дамытады және оқыған материалдарына талдау жасай білуіне көмектеседі.
Тақырыптар бойынша конспект жасау
Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
Рет-ретімен жұмыстың авторының аты-жөні толық жазылады, жұмыс атауы, шыққан баспасы, жылы көрсетілуі қажет, конспект жасалған беттерін көрсетуі, нақты, таза жазылуы тиіс.
Тақырып бойынша әдебиеттерді пайдалану
Тақырып бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізуде, олардың тізімін беруде автордың аты-жөнін немесе оқулық атын алфавиттік тәртіпте қадағалау қажет.
Әрбір әдебиет жазылғаннан кейін автордың аты-жөні, оқулықтың шыққан жері, баспасы, жылы мен беттері көрсетіледі. Ал журналдағы мақаланың авторы, мақала тақырыбы, журналдың атауы, нөмірі мен жылдары, баспасы жазылады.
Реферат дайындау
Реферат – баяндаманың басылған немесе жазылған түріндегі қысқаша түрі.
Рефераттың көлемі 10-12 беттен кем болмауы керек.
Рефератқа дайындалуда студент тақырып бойынша әдебиеттерді таңдауы, жоспар құруы қажет.
Жоспар кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Реферат орындауда баяндама 10-15 минутты қамтиды. Оны орындауда тақырып мәні ашылуы, айтылатын негізгі ой танылу қажет. Орындауда өзіндік пікір қоса танылып отырылады. Соңында міндетті түрде қорытынды жасалады. Аудитория қосымша сұрақтар қоюы мүмкін.
Берілген сұрақ бойынша өзіндік пікірлерін басқа да топ студенттері білдіруі мүмкін.
Баяндаушыны бағалауда орындаудағы сенімділік, дәлелді нақты таныта білуі, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуі, өзінің көзқарасын білдіруі қадағаланады.
Оқытушының әрекеті
1. Сабаққа оқытушының дайындығы
2. Сабақты түсіндіруде қолданылатын әдістерді пайдалана білуі
3. Оқытушының студенттермен қарым-қатынасы
4. Сабақтың нәтижелі болуы
5. Педагогикалық әрекеті
6. Студенттің өздік жұмысты орындаудағы көмек көрсетуі
Әдістемелік нұсқаудың мақсаты әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша студенттердің өздік жұмыс жүргізуде көмек көрсету.
Пән бойынша тақырыптар дәріс сабақтарында, семинар сабақтарында да қаралады. ОСӨЖ конспект жасау, көшіру, әдебиеттерді пайдалану, реферат жазу, т.б. тапсырмаларды орындауға негізделеді.