№1 тақырып. Қазақ әдеби тілінің тарихы пәнінің мақсат, міндеттері, әдеби тіл туралы ұғым


Қазақ әдеби тілінің тарихы пәні  туралы түсінік. Пәннің негізгі мақсаты мен міндеті,  мәселелері, зерттеу әдістері. Әдеби тіл туралы жалпы мәлімет. Ол жайында түрлі көзқарастар, анықтамалар. Әдеби тілдің нормалық  белгілері, түрлері. Әдеби тіл және көркем әдебиет тілі, функционалдық стильдері. Әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің  өзара байланысы.  Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер. Сөздердің  сөйлеу тіліндегі  синтаксиситік, морфологиялық, фонетикалық өзгешеліктер.  Әддеби тілдегі сөздік қор мен ауызекі сөйлеу тіліне тән  сөз байлығының бір еместігі.

1 тапсырма. Тақырыптың бақылау сұрақтары

  1. Әдеби тіл туралы түсінік

Жауап беру үлгісі: Қазіргі әдеби тілге тән қасиет – оның белгілі дәрежеде қалыптасқан нормалары бар. Қоғамның дамуына байланысты әдеби тіл үздіксіз даму , өзгеру, жетілу үстінде болады. Осыған орай әдеби тілдің тарихи кезеңдерде қалыптасу дәрежесі, сипаты өзгеріп, саны мен сапасы жағынан, құрылымы тұрғысынан өзгеріске түсіп отырады

  1. Қазақ әдеби тілінің жалпы сипаты
  2. Әдеби тіл туралы ұғым.
  3. Қазақ әдеби тілі жайындағы пікірлер
  4. Әдеби тілдің нормалары
  5. Әдеби тілдегі стильдер жүйесі
  6. Әдеби тілдің қызметі, жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
  7. Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдері
  8. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналар
  9. Әдеби тілді тарихи кезеңдерге бөлу принциптері

Тапсырманың сұрақтары СӨЖ-ге беріліп, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 10 сұрақтар  семинар сабақтарында ауызша сұралады. 1, 6, 9 сұрақтар СӨЖ-ге беріліп, жазбаша орындалып, ОСӨЖ-де сұралады.

2 тапсырма.

Тірек сөздерге анықтама беру: тіл, ауызша әдеби тіл, жазба тіл, әдеби тіл нормасы, ауызекі сөйлеу тілі, стильдер жүйесі.

Тапсырма СӨЖ-ге беріліп, дәптерге жазбаша орындалады, ОСӨЖ сабағында тексеріледі.

3 тапсырма. 1-10 тест тапсырмасына дайындалу. ( ОСӨЖ-де ауызша сұралады).

1.Әдеби тілді жазба тілмен байланыстырып қарайтын қай ғалым?
// Балақаев М.
// Сыздықова Р.
// Исаев С.
// ӘбілқасымовБ.
// Кеңесбаев І.
2. Әдеби тілдің болуы үшін жазудың болуы шарт па?
// шарт
// шарт емес
// жазудың мүлдем қатысы жоқ
// дұрыс варианты жоқ
// тіл болуы шарт
3. «Әдеби тіл Қазан төңкерісінен соң пайда болды» дейтін пікірді айтқан кім?
// Ғ. Мұсабаев
// Ә. Құрышжанов
// Т. Қордабаев
// Ә. Ибатов
4. Әдеби тілдің басты белгісі
// жазу
// жалпыға ортақ
// өңделегн, сұрыпталған
// көркем
// сөйлеу
5. Әдеби тіл дегеніміз не?
// Халықтық тіл
// ауызша айтылатын шешендік тіл
// жүйеленіп, нормаға түскен тіл
// көркем тіл
// көркем сөйлеу
6. Әдеби тіл тарихын зерттеген ғалымдар кімдер?
// Ә. Болғанбаев, Ғ. Айдаров
// М. Томанов, Ә. Керімов
// С. Исаев, М. Балақаев
// С. Кеңесбаев, Ә. Қайдаров
// М. Балақаев, М. Томанов,
7. Әдеби тілдің экспрессивтік – эстетикалық қызметі қандай роль атқарады?
// коммуникативтік
// қатынас құралдық
// образдық
// ойды білдіру
// түсіндіру
8. Лексиканың нормалануы деген не?
// лексиканың баюы
// сөздік құрамның толығуы
// шеттен сөз ену
// белгілі бір ұғымда бір сөздің қалыптасуы
// сөздің айтылуы
9. Қазіргі әдеби тіл қандай формада қызмет етеді?
// диалект түрінде
// тек жазбаша түрде
// кітаби тіл түрінде
// ауызша және жазбаша түрде
// тура мағынада
10. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы қай кезден басталады?
// көне түркі дәуірінен
// 15 ғасырдан
// 13 ғасырдан
// 19 ғ. 2ж.
// ХХ ғасырдан