№13 тақырып. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы


Жаңа ұлттық жазба әдебиеттің тууы.  Баспасөздің пайда болуы. Әдеби тілдің публицистикалық, ғылыми-көпшілік, ресми стильдің дамуы.Қазақтың байырғы  ауызша дамыған және жазба сипат алған әдеби тілі жаңа кезеңге көшті. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында, оның ішінде соңғы ширегінде қазақтың байырғы әдеби тілі дамуының жаңа кезеңі басталды.

1 тапсырма. Сұрақтарға дайындалу.       

  1. Жаңа ұлттық жазба әдебиеттің тууы
  2. Баспасөздің пайда болуы
  3. Көркем әдебиет стилінің дамуы
  4. Әдеби тілдің публицистикалық, ғылыми-көпшілік, ресми стильдің дамуы.
  5. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтардың шығармалары
  6. Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіровтердің қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі
  7. М.Әуезов және қазақ әдеби тіл
  8. Діни тақырыптағы қисса -дастандар
  9. «Түркістан уалаяты» және  «Дала уалаяты»  газеттерінің тілі
  10. А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегі

Тапсырма сұрақтары СӨЖ-ге беріліп, 8, 9, 10 сұрақтар жазбаша орындалып,  ОСӨЖ-деауызша  сұралады. Қалған тапсырмалар семинар сабағында ауызша сұралады.

2 тапсырма. Тірек сөздерге анықтама беру: көркем поэзия тілі, қисса жанры, қоғамдық –публицистикалық стиль, ғылыми стиль, ресми іс-қағаздар стилі.

Тапсырма  СӨЖ-ге беріліп, дәптерге жазбаша орындалып,ОСӨЖ-де сұралады.

3 тапсырма. 160-169 тест тапсырмасына дайындалу. (ОСӨЖ-де ауызша сұралады).

  1. Махамбеттің қазақ әдеби тілін тарихында алатын орны қандай?

// өзіне дейінгі әдеби тіл дәстүрін жинақтап, жаңа бағытқа бет бұрған ақын;

// нақты тарихи тақырыпта жырлаған ақын;

// жыраулық пен ақындықты түйістірген ақын;

// аталғандардың бәрі де.

//  нақыл сөздердің қолданысы

  1. Дулаттың қазақ әдеби тілі тарихында алатын орны қандай?

//  әлеуметтік қал-ахуалды жырлаған ақын;

//  қазақ әдеби тіліне тілдік, стильдік поэтикалық сипатта ақындықтың жаңа үлгісін әкелген ақын;

//  ауыз әдебиетін дамытқан ақын;

//  жауабы жоқ;

//  тарихтың жаңа үлгісі

  1. ХІХғ. І-жартысындағы әдеби тіл лексикасының сипаты қандай?

// бұрыннан белгілі әлеуметтік, әкімшілік, жаугершілік лексика, жергілікті сөздер қолданылған;

// әлеумет өміріне, ел билеуге т.б. байланысты бір қатар жаңа сөздер еніп, кейбір сөздер жаңа мағынада қолданылған;

// алдыңғы айтылғандардың барлығы да сипаттайды;

// ресми сөздер қолданылған.

// қарапайым сөздер қолданылған

  1. ХІХғ. І-жартысындағы поэзияда кездесетін кірме сөздердің сипаты қандай?

// тұрмыстық ұғымдағы орыс сөздерінің кіре бастағаны;

// дінге, оқу-ағарту, мәдениетке байланысты араб-парсы сөздерінің едәуір дәрежеде кездесетіні;

// аталғандардың бәрі де

// қазақтың ескі жазба дәстүріндегі «кітаби тіл» үлгілерінің сақталғаны.

// қарапайым сөздердің  қолданылғаны

  1. ХІХғ. І-жартысындағы әдеби тілдің грамматикалық сипатындағы ерекшеліктер қандай?

// кейбір грамматикалық тұлғалардың қызметі мен сыртқы көрінісіндегі варианттылық кездесетіні, сөз мағынасының жаңғыруы, сөз тудырудың активтене бастауы;

// қиысу, меңгеру сияқты байланыс түрлерінің, кейбір септік жалғаулары қызметінің нормаланбағандығы;

// аталғандардың бәрі де;

// жауабы жоқ;

// сөз мағынасының тарылуы

  1. Қазақ әдеби тілінің ХІХ ғ. 60-70 жылдарынан кейінгі дамуындағы басты өзгешелік қандай?

// ұлттық жазба әдеби тілінің негізі қаланды;

// ауызша әдеби тіл дамыды;

// аударма әдебиеттер дамыды;

// аталғандардың бәрі де.

// жазбаша дамыды

  1. Кейінгі поэзия үлгілерінде кездеспейтін эпостық тұрақты сөз тіркестері қандай?

// «Қыдыра жалды қыл құйрық», «Атой беріп жүргенде», «Бауырқанып бұрсанып, мұздай темір құрсанып»;

// «Тәуекелге бел байлап, Ел-жұртымен қоштасып»;

// «Батыр жігіт жауда ойнар, Шешен жігіт дауда ойнар»;

// «Сегіз қырлы бір сырлы».

//  «қара қылды қақ жарып»

  1. Эпистолярлық стильдің алғашқы үлгісіндегі хат кімдікі?

// Дулат;                             

// Шернияз;

// Махамбет;                         

// Сүйінбай;

// Ақтамберді

  1. Мөңіреп жұртқа ой қайтты, Бұзауы өлген сиырдай... авторы кім?

// Дулат;                          

// Мазамбет;

// Алмажан;                      

// Шернияз;

// Сүйінба

  1. Жаңа сапалы жазба әдеби тіліміздің негізін салушы кім?

// Ы.Алтынсарин      

// Бұхар жырау

// А.Құнанбаев            

// Ш.Уәлиханов

// А.Байтұрсынұлы