№14 тақырып. Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы ролі


Ы.Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы ролі.Алтынсариннің қара сөзінің тілі және оның  поэзиядағы сөз тігісі. Қазақ әдебиетінде мысал жанрының пайда бола бастауы. Осы мысал жанрының, қазақ әдебиетінде енді көріне бастаған қара сөз үлгілерінің  әдеби тілімізді мүсіндей түскедігі.  Абай  - ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы.  Абай  «Қара сөздері», оның жанрлық және стильдік сипаты. Әдеби тілімізді дамытуға қатысы.

1 тапсырма. Сұрақтарға дайындалу.      

  1. Ы.Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы ролі
  2. Ыбырай шығармаларының тілі
  3. Ыбырайдың орыс тіліне көзқарасы
  4. Ыбырайдың педагогтік, ағартушылық  қызметі
  5. Ыбырайдың өлеңдері
  6. Абай - ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы
  7. ХХ ғасырда қазақ әдеби тілінің дамуы
  8. Абай шығармаларының тілі
  9. Абай поэзиясының тілі-қазақ әдеби тілінің дамуындағы жаңа белес
  10. Абайдың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы ұстанған принциптері

Тапсырма сұрақтары СӨЖ-ге беріліп, 1, 4, 5, 9 сұрақтар жазбаша орындалып,  ОСӨЖ-деауызша  сұралады. Қалған тапсырмалар семинар сабағында ауызша сұралады.

2 тапсырма. Абай «Қара сөздері», оның жанрлық және стильдік сипаты. Ы.Алтынсариннің мысалдары тақырыбына конспект жазу

Тапсырма  СӨЖ-ге беріліп, дәптерге жазбаша орындалып,ОСӨЖ-де сұралады.

3 тапсырма. 170-180 тест тапсырмасына дайындалу. (ОСӨЖ-де ауызша сұралады).

  1. Қазақ әдеби тілінің осы күнгі стильдік саралануының басы қай кезеңге сәйкес келеді?

// XV – XVI г.

// XIX II жарт.

// XVIII I жарт.

// XX II жарт.

// ХІ ғ.

  1. Кеңес өкіметі тұсында қазақ әдеби тілінің қоғамдық қызметінің
    артуы қандай құбылыстармен байланысты болды?

// ана тілінде оқыту процесі жүрді

// қазақ тілі ресми мемлекеттік тіл болды

// ұлттық театр, радио, теледидар қоғамда берік орын алды

// осы сараланған ерекшеліктің барлығы

// жауабы жоқ

  1. XX ғасырда қазақ тіл ғылымының қалыптасуына игі әсерін
    тигізген өзгерістерді ата.

// алфавитке реформа жасады

// қазақ тілі оқулықтары жазылды

//  қазақ   тілінің  тарихы   туралы    ғылыми   зерттеу   жұмыстары жүргізілді

// осы айтылған өзгерістердің бәрі

// орыс алфавиті қолданылды

  1. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың»- өлеңінің авторы кім?

//  Абай

//  Ыбырай.

//  Дулат

//  Шәкәрім

//  Ахмет

  1. Қазіргі кездегі ресми іс қағаздар стилі дегеніміз не?
    // кеңсе, құжаттары,

// газет, журналдар;

// телевизор, радио хабарлары;

// ғылыми шығармалар;

//  ғылыми мақалалар

  1. Ежелгі «дүр» формасының қазіргі вариантын анықта
    // - ған, - ген

// - ды, - ді

// - ғын, ғыл

// - дар, -дер

// -лы, -лі

  1. Мерзімді баспасөз тілін  зерттеген    ғалым.

//  Р.Сыздықова                    

//  М.Балақаев

//  С.Исаев                            

//  Ә.Ибатов

//  І. Кеңесбаев

  1. «Әдеби тіл – жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтры , оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды» деген пікірдің авторы кім?

//  М. Балақаев

//  Р. Сыздықова

//  Ғ.Мұсабаев

// С. Аманжолов

// Ғ. Айдаров

  1. «Әдеби тіл ең әуелі жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес» деген пікірдің авторы кім?

// Ғ.Мұсабаев

//  М. Балақаев

//  Р. Сыздықова

// С. Аманжолов

// Ғ. Айдаров

  1. Қадырғали Жалайыридың еңбегін көрсет

// Жами  ат – тауарих

// Диуани хикмет

// Оғузнаме

// Ақиқат сыйы

// Хосрау уа Ширин                        

Жазу және емле мәселелері

  1. Қай ғасырдан бастап қазақ мәдениетінде жазу (графика) мәйселесі көтерілді?

// ХІХ ғасырдыың ІІ жартысында

// ХҮ ғасырда

// ХХ ғасырда

// ХҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында

// ХҮІ ғасырда