№2 тақырып.Қазақ әдеби тілінің тарихи негіздері мен даму кезеңдері


Әдеби тілдің даму кезеңдері. Қазақ халқы – ежелгі түркі тайпалардың ұрпағы. Сондықтан түркі тайпаларының арасында туып, ғасырлар бойы ауызша және жазбаша түрде сақталып келген туындылар түркі халықтарының көпшілігіне, оның ішінде қазақ халқына орташқ екендігі.  Қазақ әдеби тілінің даму барысын  кезеңдерге бөлген ғалымдар.  

1 тапсырма. Сұрақтарға дайындалу.       

  1. Әдеби тілдің даму кезеңдері
  2. Қазақ әдеби тілінің дәуірлерге бөлінуі туралы зерттеушілердің көзқарастары
  3. Қазақ ауыз әдебиетінің тілі
  4. Қазақ әдеби тілінің тарихи арналары
  5. Қазақ сөзінің тарихы
  6. Ауыз әдебиеті үлгілерінің тілін , олардың пайда болу дәуіріне қарай бөліп сипаттау
  7. Қазақ тілі тарихын дәуірге бөлу принциптері
  8. Қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі
  9. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тіл
  10. Әдеби тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің өзара байланысы

Тапсырманың сұрақтары СӨЖ-ге беріліп, 1, 2, 4, 5, 7, 8, 10 сұрақтары семинар сабағында ауызша сұралады. 3, 6, 9, 10 сұрақтары жазбаша орындалып, семинар сабақтарында ауызша сұралады.

2 тапсырма. Тірек сөздерге анықтама беру: жазба мұра, көне түркі, орта ғасыр, эпостық, лиро-эпостық жырлар, тарихи арна, тарихи көз.

Тапсырма СӨЖ-ге беріліп, дәптерге жазбаша орындалып, ОСӨЖ  сабағында ауызша  сұралады.

3 тапсырма. 11-21 тест тапсырмасына дайындалу. ( ОСӨЖ-де ауызша сұралады).

  1. 1Әдеби тіл ұғымын қалай түсінесіз?
    // еуропалық түсініктегідей тек жазба тіл, яғни хатқа түсіп өңделген тіл жатады
    // тарихи жазба ескерткіштердің тілі жатады
    // кітаби шығармалардың тілі жатады
    // жазба әдеби тілмен бірге ауызша әдеби тіл де жатады
    // орта ғасыр ескерткіштерінің тілі жатады
    12. Қазақ әдеби тілі нормасына енбейтін тілдік ерекешеліктер
    // синонимдер
    // сөз тұлғасы
    // сөз мағынасы
    // диалектизмдер, шет тілдік сөздер
    // сөздік құрам
    13.Қазақ әдеби тілінің бұрынғы және осы күнгі формалары қандай?
    // орта азиялық түркі жазба дәстүріндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілі
    // қазақ әдеби тілінің (фольклор) тілі
    // қазақтың ауызша әдеби тілі
    // осы айтылғандардың бәрі де
    // жауабы жоқ
    14. Сөйлемнің баяндауыштары шартты райлық –са мен есімшенің -ар, -мес тұлғаларымен жұптасып отыруы тұрақты сөз үлгілерінің қайсысында көп кездеседі
    // жұмбақта
    // фразеологиялық оралымда
    // мақалда
    // морфологияда
    // мәтелде
    15. Көне түркі жазбаларының қазақ әдеби тіліне қатысы қандай?
    // қазақ ауыз әдебиетіндегі эпикалық (тарихи – ерлік) жырлардың ең әдепкі үлгілері (М.Жолдасбеков)
    // қазақтың жыраулары поэзиясындағы дидактикалық- философиялық шешендік толғау үлгілерінің қайнар көзі ( Қ.Өміралиев)
    // көне түркі жазбаларындағы белгілі бір жанрлардың үлгілері ретінде қазақ әдеби тілінің тарихи арналарының бірі болып табылады
    // осы айтылғандардың бәрі
    // қатысы жоқ
    16. «Әдеби » деген термин қай тілден енген және қандай мағына береді?
    // ағылшын тілінде «сызу» деген мағына
    // француз тілінде «өнер» деген мағына
    // латын тілінде «жаза білу, оқи білу» деген мағына
    // орыс тілінде «әдебиет» деген мағына
    // тура мағына
    17. «Қазақ әдеби тілі солтүстік-шығыс диалектісі» негізінде қалыптасты деген пікірді қай ғалым айтқан?
    // С. Аманжолов
    // М. Балақаеав
    // Ғ. Мұсабаев
    // Ә. Марғұлан
    // Р.Сыздық
    18. Ғалым С.Исаев, Р.Сыздықова ауызша төл қазақ әдеби тілінің тарихын не себепті ХҮ-ХҮІғ. Бастайды?
    // бұл кезеңде қазақ дербес халық болады
    // Бұл кезең көне әдебиет үлгілерінің жиынтығы болды.
    // Бұл кезеңде Алтын Орда мемлекеті құрылды.
    // Бұл кезеңде жыраулар поэзиясы дамыды.
    // Ұлт болған жоқ
    19. Қазақ әдеби тілі тарихын V ғасырдан бастайтын ғалымдарды ата.
    // М.Балақаев, С.Исаев
    // Р.Сыздықова, Н.Уәлиев
    // С.Аманжолов, Т.Қордабаев
    // Ғ. Мұсабаев, Б.Кенжебаев
    // Т.Қордабаев, Р.Сыздықова
    20. Ғалымдар С.Аманжолов, С.Кеңесбаев қазақ әдеби тілінің қалыптасуын кімдердің шығармашылығымен байланыстырады?
    // С.Торайғыров, М.Сералин
    // Махамбет, Ы.Алтынсарин
    // Бұхар, Махамбет
    // Ғ.Мұсабаев, Б.Кенжебаев
    // Махамбет, Абай
    21. «Салуалы ақ орда», «саздауға біткен қара ағаш» сөз тіркестерінде көркемдік қандай тәсіл қолданылған?
    // метафора
    // метонимия
    // эпитет
    // синекдоха
    // теңеу