Жоспар
1. Қоғамдағы саяси жүйе ұғымы
2. Қоғамдағы саяси жүйесінің қызметі
3. Қоғам өміріндегі саяси жүйесінің рөлі
1. Қоғамдағы саяси жүйе ұғымы
Қоғамның тіршілігі мен дамуы өмірге алуан түрлі әлеуметтік жүйелерді әкеледі. Әлеуметтік жүйелердің басты ерекшелігі адамдардың жігерлі, саналы, мақсатты әректтерімен, олардың әр түрлі мекемелерімен және ұйымдарымен байланысты. Әлеуметтік жүйелердің нақты бір даму кезеңінде саяси жүйе пайда болады – қоғамның әлеуметтік дамуының бір формасы. Саяси жүйе бөлшектің бірі немесе қоғам жүйелерінің шағын жүйе жиынтығы болып табылады. Нақты қоғамның саяси жүйесі оның әлеуметтік құрылымымен, мемлекет типімен, саяси режим сипатымен, мемлекеттің саяси-құқықтық статусымен, қоғамдағы саяси идеологиялық және мәдени қатынастардың сипатымен, мемлекеттілік тарихи типімен, тарихи және ұлттық дәстүрлермен және т.б. анықталады. ХХ ғасырда мемлекет монополиялық жағдайын жоғалтты, шын мәнінде саясаттың жалғыз құралы. Дамыған елдерде ол институттар мен қатынастардың күрделі торабтарымен байланысты, ол оны азаматтық қоғаммен байланыстырды, сондай келбетте саяси жүйе ретінде көзге түседі. Осыған сәйкес жаңа құбылысты жан –жақты зерттеудің талабы пайда болды.
Саяси жүйенің ерекше айырмашылықтары болып табылады:
1. Үстінен қараушылық. Бұл саяси жүйенің қоғамда үстінен қараушылық билікті бейнелейтінін көрсетеді. Саяси жүйені сипаттайтын бастысы, ол – билік, мысалы, экономикалық жүйеде бастысы ол – жеке меншіктік.
2. Келісіп алу. Саяси жүйе қоғамның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және мәдени жүйелермен өзара байланысты.
3. Белсенділік. Ол билік механизімінің болуымен анықталады, барлық қоғам ресустарына билік жүргізу мүмкіншіліктеріне және құқығына ие болу.
4. Басқару сипаты. Қоғамды басқару үрдісіне басқа да жүйелер қатысады, бірақ саяси жүйе үшін ол оның мәнін айқындауы болып табылады.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктерге сүйене отырып, қысқа және кең мағынада саяси жүйеге анықтама беруге болады.
Қысқа мағнада саяси жүйе ретінде өзара байланысты және өзара әрекеттес қоғамның саяси ұйымдары түсініледі, оның негізінде мемлекеттік билікті жаулап алу, ұстап қалу және жүзеге асыру жатады.
Кең мағнада саяси жүйе ретінде саяси институттардың, саяси рөлдердің, қарым-қатынастардың, үрдістердің, қоғамдағы саяси ұйымдар қағидаларының тұтастай реттелген жиынтығы болып табылады, оның бағынуындағы саяси, әлеуметтік, заңды, идеологиялық, мәдени және эстетикалық нормалар, тарихи дәстүрлер және қоғамдағы нақты саяси режимінің тәртіптері бар. Саяси жүйе саяси билікті ұйымдастыруды, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынасты енгізеді, саяси үрдістердің өтуін сипаттайды, олар биліктің институционалдануын енгізеді, саяси әрекеттің жағдайын, қоғамдағы саяси белсенділіктің деңгейін, саяси қатысу мен саяси қатынастың сипатын қамтиды.
2. Қоғамдағы саяси жүйесінің қызметі
Саяси жүйенің мәнін толық түсіну үшін қоғамдық жүйе жиынтығында орындалатын негізгі қызметтерді тұжырымдау қажет.
Саяси жүйені ең алдымен басқару жүйесі ретінде қарастыру керек, оның көмегі арқылы қоғам өмір сүріп жатқан барлық әлеуметтік жүйелерді реттейді. Басқару қызметін саяси ұйымдар жүзеге асырады, көптеген адамдардың әрекетін бағыттап отырады да, сол арқылы өз мақсаттарына жетеді. Адамдарды басқарудың негізі болып табылатыны ол – билік. Соның өзінде саяси жүйелерге қоғамдағы тұрақтылыққа қол жеткізу үшін өзара қарым-қатынаста болу керек, қарама-қайшылықтар мен конфронтациялар болмау үшін. Сонымен саяси жүйенің барлық қызметтері басқару болып табылады.
Саяси жүйенің негізін қалау қызметтерінің санына жатады:
- мақсаттарды, міндеттерді және қоғамның даму жолдарын анықтау;
- мақсаттар мен бағдарламалар орындалу бойынша қоғам әрекетін ұйымдастыру;
- материалдық және рухани құндылықтарды іріктеу;
- әлеуметтік қауымдастықтардың, страт пен мемлкеттің алуан түрлі мүдделерді келістіру;
- қоғамдағы адамдар мен топтардың тәртіп сақтауына байланысты ережелер мен заңдар қарастыру және оларды сақтауды қадағалау;
- ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және саяси құрылымның тұрақтылығын сақтау;
- саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саясатқа қатыстыру және әрекет етуге шақыру;
- басқа мемлекеттермен өзара ұтымды қарым-қатынастырды құрып дамыту, ұлттық мүдделерді өткізу және қорғау;
1 суреттте осы қызметтер мен оларды біріктіретін атаулар көрсетіліп тұр.
Саяси жүйенің негізін қалаушы қызметтерді үйлестіріп олар шешуге міндетті міндеттер аясын анықтауға болады:
- қоғамды саяси басқару;
- индивидтер мен топтардың (страт) мүдделерін келістіру, әлеуметтік жүйенің тұтастылығына қауіп төндіретін даулы жағдайлардың алдын алу;
- қоғам мүшелерін әйгілі идеалдар мен құндылықтарға бағыттау;
- ақпараттарды қабылдау және әрекет ету;
- даулы жағдайларды шешу механизмдерін әзірлеу;
3. Қоғам өміріндегі саяси жүйенің рөлі
Қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты экономикалық (меншіктік), саяси (билік), мәдени және басқа қарым-қатынастарда білінеді. Осымен әлеуметтік құрылымның байланысы мен қоғамның саяси жүйесі анықталады: соңғысы саяси мақсаттарды, қажеттіліктерді, қоғамдағы әр түрлі топтардың мүдделерін көрсететін форманың бірі болып табылады. Саяси қарым-қатынас саяси билік пен саяси басқаруға қатысты болса, әлеуметтік қарым-қатынастың формасы болып табылады.
Саяси жүйенің басты міндеті – қоғамдық істерді басқару және билеу. Саяси жүйе өзінің әр түрлі әлеуметтік элементтері мен қызметтеріне сүйене отырып, әлеуметтік интеграция тәсілі болады және нақты бір міндеттерді орындап отырған бір тұтас қоғам ағзасының қызметіне бөгет болмау үшін әлеуметтік айырмашылықтардың деструктивтік ықпалын тежейді.
Саяси жүйе шеңберінде халықтың әр түрлі әлеуметтік топтар (страт) мүдделерін көрсету жүзеге асады. Негізінде саяси жүйе қоғам ынтымақтастығына бағытталу керек, әлеуметтік даулар мен қарама-қайшылықтарды шешуге тиісті, агрессия формасынан бейбітті келісімге ауысу керек, яғни сайыс, бәсекестік түрлеріне ауысады.
Осымен нәтижесінде қоғамның интеграциясы қамтамасыз етіледі, оның кезеңдегі тұрақтылығы мен өмірге деген икемділігі білінеді. Қазіргі кезеңде әлемдегі көптеген елдердің саяси жүйесі өтпелі жағдайды бастан кешіріп жатыр, ол келесі үрдістермен анықталады:
- саяси жүйеде элементтер байланысы өзгеруде;
- азаматтық қоғам қалыптасады, дамиды және жетіледі;
- мемлкеттің, партиялардың, басым топтардың әлеуметтік рөлі өзгереді;
- қоғамдық қарым-қатынастардың ескі реттеуіштері реформаланады және жаңарады;
Заманауй саяси жүйе – күрделі элементтер кешені, құрылымдар, нормалар, дәстүрлер, ұлттық-тарихи, әлеуметтік-психологиялық табиғат бейнелері. Кең мағынада – бұл тұтас әлем, өзіндік тіршілік ұйымы, ақпарат көздері, архетиптер мен болашақғына ие. Қалыптасқан жүйе бұл қарама – қарсы идеялардың, замандардың, тенденциялардың, әр уақыттағы және әр мінездегі реформалар мен өзгерістердің араласуы, бір институттар мен актілерде бір-бірімен қайшылықта көршілес болуы, олардың жиынтық әсері оған бір ерекше колорит береді, сонымен қатар оны логикалық байланыстан және мәдени концептуалдықтан айырады. Сонымен саяси жүйе қоғам өмірін нақты бір жолға бағыттайды және әр елдің саяси жүйесі ерекше, дәл бір ұқсас саяси жүйелер жоқ, тек бөлек ұқсастықтар бар. Сондықтан саяси жүйені теориялық талдау кезінде жиі модельдеу және абстракциялау әдісі қолданылады, себебі бір елдің саяси жүйесін зерттеу өте көп еңбектенуді талап етеді.
Бақылау сұрақтары
1. Қоғамның саяси жүйесіне анықтама беріңіз.
2. Саяси жүйенің ерекше айырмашылықтарын атап өтіңіз.
3. Саяси жүйенің негізгі қызметтерін ашыңыз.
4. Қоғамдағы саяси жүйенің міндеттерін атаңыз.
5. Қоғам өміріндегі саяси жүйенің рөлі неде?
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сіздің ойыңызша, қоғамның саяси жүйесі ХХ ғасырдың 50 –ші жылдарынан бастап қадағаланып зерттелетін объектіге неге айналды? Осы кезеңде тағы ғылымның қай заманауй саласы белсенді түрде дамыды? Олардың арасындағы байланысты табыңыз.
2. Қоғамның саяси жүйесінің негізін қалайтын қандай саяси институттарды сіз атап өтесіз? Олардың мәні неде?