Жоспар
1. Мемлекет қоғамдағы саяси жүйесінің орталық институты ретінде
2. Мемлекеттердің пайда болуындағы негізгі теориялар
3. Құқықтық және демократиялық мемлекет азаматтық қоғам қалыптасуының негізі ретінде
1. Мемлекет қоғамдағы саяси жүйесінің орталық институты ретінде
Қоғамдағы саяси жүйесінің жүргізуші звеносы мемлекет болып келеді. Бұл кездейсоқ емес. Саяси қарым-қатынастарды ең бастысы – билік туралы сұрақ, ең алдымен мемлекеттік. Осы биліктің тұтқасын қолдана отырып, мемлекет органдары қоғамдағы саяси жүйесінің басқа да звеноларына әрекет ете алады. Бұл оның мынадай егеменділік белгісімен анықталады, барлық басқа билік көздеріне қатысты шартсыз үстінен қараушылық. Мемлекеттің басқару актілері кез келген әлеуметтік бірлестіктердің жарлықтары алдында приоритетті болып келеді және бұтақталған құқықты сақтау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекет – ең көпшілік саяси қауымдастық, ресми біріктіретін және мемлекеттік шекара шегінде елдің барлық халқын білдіреді. Дәл мемлекет қоғам өмірінің әлеуметтік реттеуінің басқару пирамидасының шыңында тұрады. Мемлекет ең алдымен заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің аппарат ретінде шығады, өзінің әрекетін қоғамдағы әлеуметтік – таптық күштердің үстемдік етуші мүддесінде жүзеге асырады. Мемлекеттік билік аппаратының көмегімен бұл күштер өзінің үстемділігін қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік, саяси рухани салаларында бекітеді.
Мемлекеттің мәні мен міндеті оның қызметінде байқалады. Оларға жатады: саяси билікті қамтамасыз ету қызметі; елді сыртқы шапқыншылықтан қорғау қызметі; шаруашылық-ұйымдастырушылық қызмет; рухани мәдениетті дамыту қызметі; идеологиялық қызмет; сыртқы байланыс қызметі. Мемлекеттің мынадай қызметтері де аталып жүр, бір азаматтық ұлттың қалыптасуы және этника аралық қатынастарды реттеу, себебі мемлекет ұлттық консолидациясының маңызды факторы ретінде шығады, сонымен қатар этностар арасында экономикалық, саяси және басқа қатынастардың субъектісі ретінде көрінеді. Бұған назар аударған жөн, әсіресе этностар арасындағы заманауй қатынастарды реттеудегі мемлекеттің рөлін бағалау тұрғысынан. Кейбір авторлар (Й. Вятр Ежи, Дегтярев А.) мемлекеттің ерекше әлеуметтік қызметін жеке белгілейді, қоғам өмірінің әлеуметтік саласының көптеген мәселелерін шешумен және халықты әлеуметтік қорғаумен байланысты. Мемлекеттің бұл қызметтерін түсіндіруде тек таптық жағынан жақындаған дұрыс болмайды. Мемлекеттің көптеген әрекеттері барлығының мүддесінде немесе қоғам мүшелерінің басым көшілігінің мүддесінде жасалады. Бұл елдің қорғанысына қатысты, мемлекеттік деңгейде экологиялық мәселелерді шешу, жалпы ұлттық дәстүрлерді, рухани мәдениетінің басқа элементтерін және т.б. дамыту. Мемлекеттің әр қызмет шебінде әлеуметтік – таптық және жалпы ұлттық аспектілердің өзара сіңісуі әрдайым орын алады.
2. Мемлекеттердің пайда болуындағы негізгі теориялар
Бірінші мемлекеттік білім беру шамамен 5 мың жыл бұрын пайда болды. Ғылымда көптеген мемлекет теориялары бар (5 сурет), ол түсіндіріледі:
1) әр халықта мемлекеттің қалыптасуы алуан жолдармен болады;
2) зерттеушілердің дүниетанымдық көзқарастарының бірдей еместігі;
3) мемлекет қалыптасуындағы күрделі үрдісі.
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Патриархалдық теория, бұның негізін Аристотель қалаған, оның ойынша, адамдар ұжымдық тірі жандар, қарым-қатынасқа және отбасы құруға талпынады, ал олардың дамуы мемлекеттің пайда болуына әкеледі. Бірақ толық түрде бұл теория ағылшын ғалымы Роберта Филмердің «Патриархия, немесе корольдің табиғи билігі» (XVII ғ.) атты еңбегінде негіз алды, онда ол монарх билігі шексіз екендігін дәлелдеді, себебі Адамнан болады, ал ол өз билігін Құдайдан алды және адамзат атасы ғана болмай, оның әміршісі болды.
Теологиялық теория, бұның атауы грек сөзінен «теос» – құдай және «логос» – ілім дегеннен шығады, яғни Құдай туралы ілім, мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруін құдай әмірі деп түсіндіреді, құдай әрекетінің нәтижесі. Мемлекет мәңгілік, құдайдың өзі сияқты, ал тақсырға Құдай адамдарға билік жүргізу үшін және жерде құдай әмірін жүзеге асыру үшін билік күшін берген. Адамдар тақсыр әміріне сөзсіз бағыну керек, себебі ол құдайдан.
Жалпы түрде алғанда мемлекеттің пайда болу теориясының барлық алуан түрлігі екі бастапқы принципиалды көзқарастың қарама- қарсы тұруына әкелуіне мүмкін. Оның бірі мемлекет пен құқықты түсіндіруде күштер амалы, қоғамдық қарама- қарсылықты жеңу амалы және тәртіпті қамтамасыз ету ретінде болады, ең алдымен, зорлық-зомбылық жолымен, күштеп көндіру жолымен. Бұл көзқарас бойынша қоғамның бір бөлігінің қолында өз әмірін жүргізу үшін мемлекет пен құқық құрал мен тәсілдер болып келеді, басқа қоғам мүшелерін бұл әмірге бағындыру үшін. Анығырақ және дәйекті түрде бұл көзқарас күш қолдану теориясында негізделген. Күш қолдану теориясы мемлекеттің пайда болуын әскери-саяси фактор әрекетінің нәтижесі деп түсіндіреді – бір тайпалар мен халықтарды басқалары жаулап алу.
Жеңгендер мемлекет көмегімен өзінің үстемділігін бекітуге тырысады және жеңілгендерді өзіне бағындыруға мәжбүрлейді.
Екінші көзқарас бойынша мемлекет пен құқық қоғамдағы тәртіпті қарама-қайшылықты алу жолымен, әлеуметтік ымыраға жетумен қамтамасыз етеді. Бұл көзқарастан мемлекет әрекетінде, құқық қызметінде қоғамдағы әр түрлі топтардың жалпы координацияланған мүдделері білінеді. Анығырақ бұл көзқарас қоғамдық келісім теориясында негізделген. Бұл теория басты екі ережеде негізделді: 1) мемлекет пен құқық пайда болғанша адамдар былай айтқанда «табиғи жағдайда» өмір сүрді және «табиғи құқыққа» ие болды; 2) мемлекет «қоғамдық келісімге» отыру нәтижесінен пайда болды.
Марксистік теориясының басты ережесі әлеуметтік-экономикалық формация туралы ілімі болып келеді, нақты өндіріс тәсіліне және тиісті меншіктілік формасына негізделген. Өндіріс тәсілі саяси, әлеуметтік, рухани және қоғамдағы басқа үрдістерді анықтайды. Құрылым үстіндегі құбылыстар – саясат, құқық, идеология, мәдениет, заңдық мекемелер және басқалары қоғамның экономикалық құрылымына тәуелді, бірақ сол уақытта кейбір дербестікке ие болады.
Психологиялық теория мемлекеттің пайда болуын адам психикасының ерекше қасиеттерімен, сонымен қатар бірге тұруға туа біткен қажеттілігімен және адамдардың беделді адамды іздеуімен, оған бағынуға болатындығын және оның нұсқауларымен күнделікті өмірде жүретіндігін түсіндіреді.
Мемлекеттің пайда болуының дағдарыстық (потестарлық) теориясының негізін қарастырайық. Алғашқы қоғамның ұзақ даму үрдісінде біртіндеп оның сапалы қайта пайда болуы үшін және дамудың жаңа деңгейіне көшу үшін жағдайлар туғызылды. Алғашқы қоғамдағы биліктің басты белгілері – ол сайлағандық, ауысымдық, мерзімділік, айырықша құқықтықтың болмауы, қоғамдық сиапат. Тайпа құрылымында билік ретті демократиялық сипатқа ие еді, ол қауымдастық мүшелерінің арасында қандай да бір мүліктілік айырмашылықтардың болмау жағдайында мүмкін болды, толық фактілік теңдіктің болуы, барлық мүшелердің қажеттілігі мен мүдделерінің бірлігі.
Неолитикалық революция, адамзатты өндіру экономикасына көшіруге шарттаған, алғашқы қоғамды объективті түрде тапқа жіктелуіне әкелді, таптар пайда болды және кейін – мемлекеттің пайда болуына әкеп соқты. Алғашқы қоғамда билік едәуір түрде қауымдастық мүшесінің беделді адамында негізделгендіктен, ол потестарлық деп аталды, латын сөзі «potestus» – билік, қуат. Беделділіктен басқа потестарлық билік қатал мәжбүрлеу мүмкіндігіне де негізделді. Қауымдастық тіршілігінің тәртіп ережесін, оның дәстүрін бұзушы қатал түрде жазаланатын, тіпті қауымдастықтан да қуылатын, ал бұл ол үшін дәл айтқанда өлім.
Органикалық теорияға сәйкес, қоғам биологиялық тірі ағза сияқты, кезеңді даму формаларына ұшырайды, мысалы, қарапайымнан күрделіге ауысу.
Мемлекет – күші мол тайпалардың әлсіздерді жаулап алу мен құл ету нәтижесі; жаулап алу тәжірибесінің кеңейюімен қоғамның құрылымы күрделенеді; әр түрлі сословиелер пайда болады, ерекше билеуші тап бөлініп шығады. Әскери қоғам бірлікке мемлекет, билік, иерархиялық ұйымның негізінде жетеді.
Инцест теориясы бойынша адамды табиғат дүниесінен шығарудағы бастапқы әлеуметтік факті, қоғамның құрылымды болуы және мемлекеттің пайда болуы алғашқы қоғамдағы инцестке жол бермеу болып келді, әсіресе рулық қауымдастықтың даму кезеңіндегі жағдайда, адмдар қан араласудан дүниеге толық дамымаған ұрпақ келгендігін байқағанда.
Бұл тыйымды жүзеге асыру үшін рулық қауымдастықтың ішінде арнайы органдарды құру қажетті болды, олар тыйымды сақтауды қадағалап отырар еді, оны бұзғандарға қатал жаза қолданған, және де басқа қауымдастықтармен әйелдерді ауыстыру үшін байланыс орнатқан. Бұл қадағалау органдары кейіннен болашақ мемлекеттік ұйымдарының үлгісі болды.
Нәсіл теория негізін құрайтын пастулат, адамдардың физикалық және психикалық әр түрлігінің салдарынан жоғарғы және төменгі нәсіл пайда болады. Жоғарғы нәсіл өркениет құрушысы болып келеді, төменгі нәсілге үстемдік жасауға міндетті, ал соңғылары өз істерін басқара алмағандықтан, онда жоғары нәсіл өкілдері оларға үстемділік жасайды. Олар мемлекетті төменгі нәсілді басқару ұйымы ретінде және өркениет өнімі ретінде жасады, себебі толық дамымаған халықтар өз өркениетіне ие бола алмайды.
Әдебиетте мемлекеттің пайда болуының басқада теориялары орын алады. Мысалы, волюнтаристтік (саясаттанушы Мейтленд-Джонс): Африкадағы тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы «мықты» тұлғаның қайратты әрекетімен байланысты; немесе ирригациондық (Витфогель): мемлекет ирригациондық және басқа да құрылыстарды салу үшін адамдардың көпшілігін ұйымдастыру қажеттілгінен пайда болды. Бірақ бұның бәрі негізгі теориялардың модификациясы болып келді, оның біреуі де абсолюттік ақиқатқа ие бола алмайды, себебі әр түрлі халықтарда мемлекеттің пайда болуы алуан жолдармен болды.
3. Құқықтық және демократиялық мемлекет азаматтық қоғам қалыптасуының негізі ретінде
Құқықтық мемлекет идеясы бірінші рет антикалық заманында пайда болды. Ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель жүйелілік түрде мемлекеттілік әділ заң үстемділік жасаған жерде ғана бола алады деген ойды дәлелдеді. Алғашқы құқықтық мемлекет қағидалары римдік азаматтарға қатысты Ежелгі Римде жүзеге асырылды. Республика кезеңінде онда мықты және тәуелсіз сот билігі құрылды, заң алдында азаматтардың теңдігі қамтамасыз етілді.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері:
1)Құқықтың үстінен қараушылығы;
2)Адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету;
3)Тиімді сот билігі.
Құқықтық мемлекет мынадай мемлекеттік билік әрекетінің ұйымдастыру формасын ұсынады, онда мемлекеттің өзі, азаматтық қоғам және жеке индивидтар заңға бағынады және оның алдында тең. Мұнда азаматтық қоғам ретінде адамдардың саяси емес қатынастарының жиынтығын, әлеуметтік қауымдарды түсіну керек, жеке мен топтық мүдделерді білдіретін және мемлекеттік құрылымдардан тыс болатын. Яғни бұлар қоғамдық ұйымдар, кооперациялар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық бірлестіктер, мемлекеттік және саяси құрылымдарды қоспағанда (үкіметті емес ұйымдар – ҮЕҰ).
Азаматтық қоғам мен мемлекет бір – бірін толықтырып, біреуі біреуінен тәуелді. Жетілген азаматтық қоғамсыз құқықтық демократиялық мемлекетті құру мүмкін емес, себебі тек саналы еркін азаматтар ғана адам өмірінің ең рационалды формасын құра алады. Сонымен, егер азаматтық қоғам еркін индивид пен ортақтандырылған мемлекеттік еркінің арасында мықты байланыс звеносы болып шықса, онда мемлекет дезинтеграцияға, хаосқа, дағдарыс пен құлдырауға қарсы әрекет жасау керек және автономдық тұлғаға құқығы мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз ету қажет. Азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлінуі айтарлықтай шартты, бұл қоғамдық өмірдің механизмдерін, индивидтердің бостандық және еркінсіздік деңгейін, саяси дамудың деңгейін түсіну үшін жасалады.
Демократиялық қабылданған заңдардың үстінен қараушылығы, барлық мемлекеттік органдар әрекеттерін, саяси партиялар мен қозғалыстарды, шаруашылық кәсіпорындарды, әр адамды өзіне бағындыру – құқықтық мемлекеттің мәні сондай, демократияны сақтау және дамытудың гаранты болып шағады.
Демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінің қызмет етудегі басты қағидасы – бұл саяси плюрализм, міндетті шарт ретінде саяси қарым-қатынастың көп түрлі қатысушылардың болғандығын алдын ала қарастырады, олар мемлекеттік билікке ықпал етуге бәсекелесіп, өз жақтастарының мүддесін жүзеге асырады. Демократиялық мемлекет әрекеттенуді жүзеге асыруда саяси өмірге қатысушылардың барлығы үшін бірдей жағдай туғызады. Біртекті әлеуметтік бірлестіктердің құқықтық статус теңдігі құпталады және кепілділік береді – саяси партиялар, сайлаушылық бірлестіктер, кәсіподақтар, коммерциялық ұйымдар, ҮЕҰ.
Әлеуметтік бірлестіктер халықтың әр түрлі таптардың жеке мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Ондай сайланған өкілдер туралы мәліметтерді жалпылау негізінде, демократиялық мемлекет барлық қоғамға жалпы, түпкі, ұзақ уақытылы мақсаттарды қалыптастырады, былай айтқанда «жалпы игілік». Сонымен демократиялық мемлекет қоғамда локалды қарама-қайшылықтар мен даулар болумен шартталса, онда оны бір тұтастыққа интеграциялайды. Мемлекеттік органдар көптеген басқару шешімдерді әлеуметтік бірлестіктердің пікірін, қалауын және ұсыныстарын ескере отырып қабылдайды.
Мемлекет әлеуметтік бірлестіктерді тіркейді, олардың әрекеттерін ресмилендіреді. Сонымен қатар әлеуметтік бірлестіктердің әрекетіне мемлекеттің араласуына тыйым салынады, оларда да мемлекет органдарының және лауазымды тұлғалардың әрекетіне араласа алмайды. Мемлекет қызметінде жүрген тұлғаларға әлеуметтік бірлестіктердің мүшесі болуға рұқсат беріледі, бірақ лауазымдық міндетті орындаған кезде олар тек қызмет мүддесін басшылыққа алады. Мемлекеттік органдарда саяси ұйымдардың ұйымдық құрылымдарды құру, әсіресе әскери бөлімшелерде және құқық сақтау құрылымдарында рұқсат етілмейді.
Демократиялық мемлекетте әлеуметтік бірлестіктер мемлекеттік басқарудың заңды және тиімді болуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады, жеке мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда мемлекеттік басқаруға қатысады.
Толық қамды азаматтық қоғамның аяққа тұруы мынадай адамдар қауымдастығының қалыптасуын білдіреді, онда саяси және саяси емес бастамалардың оптималды байланысы жетілген, өзара құқық, бостандық және азамат, қоғам мен мемлекет міндеттерінің теңдігі қамтамасыз етілген, ол құқықты демократиялық мемлекет жағдайында ғана мүмкін.
Бақылау сұрақтары
1. Мемлекетті қоғамдағы саяси жүйесінің орталық институты ретінде анықтаңыз, оның қызметтерін атаңыз.
2. Мемлекеттердің пайда болуындағы негізгі теориялар ды сипаттаңыз.
3. Құқықтық мемлекетке анықтама беріңіз және оның белгілерін атаңыз.
4. Азаматтық қоғамға анықтама беріңіз және оның құқықтық демократиялық мемлекеттегі рөлін сипаттаңыз.
5. Демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінің қызмет етудегі басты қағидасы атаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1.Сіздің пікіріңізше, мемлекет пайда болу теориясының қайсысы ең негізделген және шынайы? Дәлелдемелер келтіріңіз.
2.Сіздің ойыңызша, Қазақстан Республикасы бола ма: А) құқықтық мемлекет; В) демократиялық мемлекет; С) азаматтық қоғам мұнда құралған ба? Дәлелдемелер келтіріңіз.