Тақырып 7. АВТОРИТАРИЗМ


Жоспар

1. Авторитаризм ұғымы мен мәні

2. Авторитарлық жүйелердің формалары

3. Авторитаризм заманауй әлемінде


1. Авторитаризм ұғымы мен мәні

Авторитаризмді талдау маңыздылығы келесі жағдаймен белгіленіп отыр, адамзаттың көпшілігі әлі күнге дейін қоғамдағы саяси жүйенің дәл осы түрімен қанағаттанады. «Авторитаризм» термині, оның кең тарауына қарамастан, қатал түрдегі айқынды болып келмейді. С. Хантингтонның әділді байқауы бойынша, оларды біріктіретін бір нәрсе – демократияға тән сайлау тәртіптерінің болмауы.

Авторитаризмді өте жиі күшпен билеу деп анықтайды. Бұл басқарудың мәні билік бір адамның немесе бірнешеудің қолында шоғырланады, бірінші қатарда олардың билік легитимділігіне қатысты қоғамдық келісім жетістіктеріне аудармайды. Авторитаризм кезінде армия, полиция, абақты және концентрациялық лагердер жиі билік негізі болып келеді. Сонымен қатар барлық авторитарлы режимдер нық осы ережеге жауапты деп айту артықшылық болар еді. Реальды ақиқатта мұндай режимдер тұрақтылықтың қосымша тәсілдерін қолдануға тырысады, мүмкіншілігінше лидердің әдеті мен хоризмасына сүйенеді. Тоталитарлы басқарумен салыстырғанда авторитаризм өз билігін жіберуде еркін емес. Қоғамда институттар сақтаулы, олар күшейген жағдайда режим үшін реальды қауіп төндіреді: отбасы, ру, шіркеу, әлеуметтік тап, қала мен ауыл мәдениеті, әлеуметтік қозғалыстар мен ассоциациялар. Басқаша айтқанда, қоғамда оппозициялық саяси топтарды қалыптастыру мен әрекеттену үшін барынша мықты потенциал сақталады.

Авторитаризм үшін универсалды сипаттама белгілеп шығаруға болады:

- саяси оппозицияны (егер ондай болса) саяси ұстанған жолдың артикуляция үрдісінен және шешім қабылдаудан шығарып тастауға ұмтылады;

- даулы жағдайларды шешуде күшті қолдануға ұмтылу және билікті жүзеге асырудағы бақылаудың демократиялық механизмдердің болмауы;

- потенциальды қоғамдық оппозициялық институттардың барлығын өз бақылау астына алу – отбасы, салт-дәстүрлер, мүдделер топтары, бұқара ақпараттық тәсілдер мен коммуникациялар және басқалар;

- қоғамдағы билігінің нығайюы біршама әлсіз болуы және осыдан қалауының шығуы, режимның қоғамды тегіс қамти алатын бақылауға бағындыра алмауы;

- перманенттік, бірақ билеудің (лидердің әдеті мен хоризмасы) жаңа көздерін іздеудегі режимнің онша нәтижелі емес ізденістері және элита мен қоғамды біріктіре алатын жаңа идеологияны іздеу;

- билеуші элитаның қатысты жабығы, бұл ішкі келіспеушіліктердің болуымен байланысады билік үшін күрескен топтастықтар арасында.

Айтылғанның бәрі X. Линц берген авторитаризмнің анықтамасында рельефті көрсетілді. Бұл анықтамаға сәйкес, авторитарлы болып келеді «саяси жүйелер, олар үшін шектелген саяси плюрализм тән, жетекші идеологияның болмауы, интенсивті саяси мобилизацияның болмауы. Бұл жүйелер жағдайында белгілі айқын емес, бірақ алдын ала белгілі шектерде лидер немесе кіші топ билікті жүзеге асырады».

2. Авторитарлық жүйлер формалары

Авторитаризмнің келесі үш формасын белгілейді: бір партиялық, әскери және жеке билік. Режимдердің мұндай бөлінудің басты кретериясы – билеуші топтастық, оның негізгі сипаттамалары мен қоғамммен өзара әрекеттенудің тәсілдері. Барлық үш жағдайда да С. Хантингтонның анықтамасы бойынша элита бәсекелестігін және көпшіліктің саяси қатысуын минимумға келтірудің тұрақты талаптануы бар болады. Бір партиялық жүйелерде бір партия саяси билікті монополизациялайды, ешқандай басқа да париялардың және саяси ұйымдардың өмір сүруіне жол бермейді, немесе бір партия гегемонистік ретінде шығады, ал қалған барлығы өмір сүрсе де тең дәрежеде онымен бәсекелесуге мүмкіндікке ие болмайды. Бұндай жүйелерде партия билікті өз қолында монополизациялайды және шұғырландырады, тиісті идеология көмегімен өз басқаруын легитимизациялайды, ал өзі билікке жетуді саяси ұйымға қатысуымен тікелей байланыстырады. Бұндай жүйелер түрлері институциализациялаудың жоғарғы деңгейіне жиі жетеді, кейде саяси билікті ұйымдастыруда тоталитарлыққа тым жақындай түсіп. Бір партиялықтарға қарағанда, әскери авторитаризм басқарып жатқан азаматтық тұлғаларға қарсы жиі мемлекеттік төңкерістер нәтижесінде пайда болады. Тағы оны «преторианский» деп атайды, себебі Рим Империясының соңғы күндерінде императордың қасында болған преториандық гвардия міндетіне олардың қауіпсіздігін күзету кірген.

Әскери авторитаризмнің ерекше білгілері:

1) басқарудың негізгі қызметтері мен әдістеріне қатысты байқалатын консенсус кемшілігі; басқаша айтқанда, қоғамда саяси акторлер арасында тәртіп нормасының болмауы;

2) билік пен байлық үшін күрес тым шиеленіскен және өріскел форма қабылдайды;

3) асыра байлар азшылығы кедейлікке ұшырап жатқан қоғам таптарымен қақтығысқа ұшырайды;

4) саяси мен әкімшілік органдарының институциализациялаудағы төменгі деңгейде өмір сүруі, себебі билік легитимділгінің деңгейі тым төмен, ал тұрақсыздық деңгейі тым жоғары. Қоғам моралінің құлдырауы, жемқорлық пен сатылымдылық саяси өмірдің беделінің түсуіне және оның кейін тоқтауына әкеп соғады. Әскерлерде араласу қызығушылығы пайда болады, әлсіз және жемқорланған азаматтық режимді жою талапты басшылыққа алып немесе қоғамды басқарудағы және қоғамдық байлықты бөлудегі қолындағыдан барға қарағанда үлестен көбірек алуды көксейді. Қалыптасып жатқан әскери режим билікті өзіне мұра болып қалған институционалды негізде жиі жүзеге асырады, коллегиальды (хунта сияқты) басқарады немесе басты үкіметтілік постын мерзімді түрде жоғары генералдық шендерге беріп отырады.

Жеке билік формасында авторитаризм кезінде беделдің басты көзі болып дара лидер және оның билігі шығады, басқа адамдардың билікке баруы қаншалықты лидерге жақын тұруына байланысты болады. Жиі жеке билік режимі М. Вебер анықтағандай султанистік режимге ауысады, оларға тән жемқорлықпен сипатталады, патронаж бен непотизмға қатысты. Бұдан басқа бір қатар аралас режимдер өмір сүреді, жеке билікке эволюциялануға икемденген, бастапқыда беделге және билікті жүзеге асыруда басқа негіздерге ие болған.

3. Авторитаризм заманауй әлемде

XX ғ. аяғындағы – XXI ғ. басындағы әлемнің саяси картасының өзгеруі және демократизацияның сыртқы факторларының күшеюі авторитарлық режимдердің әлсіреуіне жағдай туғызды.

Кемдегенде заманауй авторитарлық режимдердің негізгі бес әлсіз факторларын тұжырымдауға болады:

Біріншіден, бұл әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, жиі экономикалық белсенділік стимулдарының әлсіреуімен және бұқара халықтың саясат пен саяси қайраткерлерден көңілдері қалуымен байланысты болады.

Екіншіден, бұл авторитаризмнің легитимдік дилеммасы, нық белгіленген билік көзінің болмауымен байланысты, оның беделі қоғамдағы көпшілікті күдікке қалдырмау керек. Режим өзінің табиғатымен әскери, бюрократтық, партиялық немесе персонифицияланған бола алады, бірақ бұл жиі әскер, партия, бюрократия немесе көсем қошеметшілер билігі қоғамдық қолдауды мобилизациялау және қоғамдық консенсусты ұйымдастыру үшін жеткіліксіз болады.

Үшіншіден, бұнымен авторитарлық режимнің идеологиялық әлсіздігі де байланысты.

Төртіншіден, авторитарлық режимдер үнемі элита бәсекестігінің диллемасы алдында тұрады, көп қоғамдардың шарасыз құбылысы, бірақ билеуші топтарда үнемі наразылық пен жаңа қиындықтар туғызады. Осыған байланысты авторитарлық режимнің алдында тұрған таңдау – бұл элит арасындағы бәсекестікті институциализациялау немесе оны үзілді-кесілді басу. Бірінші жол – ұзақ және демократияға қадам басу, екінші жол – тоталитаризмге.

Бесіншіден, қатысу дилеммасы да бар, оның шешімісіз ешқандай авторитарлық режим әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету фундаментальдық міндетін шешілді деп санай алмайды. Бұқаралық саяси қатысудан өзін шектеп, режим өзін қоғамнан алыстатады және ерте ме кешпе халық үшін жат болып кетеді, ол қоғамдық наразылығын тудыруға мүмкін. Бірақ саясатқа көпшілік халық таптарын қатыстыра отырып, еркін немесе онша еркінді емес жалпы сайлауларға рұқсат беріп, режим демократияға бағытталған тағы бір маңызды қадам жасайды. Бір рет бұған шешім қабылдаған режим болашақта сайлау процедурасы саяси үрдістің бөлінбес сипатына айналуға мүмкіндігі бар екендігіне көну керек.

Сонымен қатар, өз жағдайын нығайту мақсатында, заманауй авторитаризм түрленді. «Жаңа авторитаризм» ұғымы жуырда ғана жұрт алдындағы дискурсқа еңгізілді. АҚШ-та үш ірі американдық үкіметті емес ұйымдардың баяндамасы жарық көрді, «авторитаризмге 2.0» арналған. «Авторитаризм 2.0» бір мезетте оның (авторитаризмнің) қайталану табиғатын, және де оның инновациялық ақпараттық қоғамда дүниеге келгенін белгілейді: «Авторитарлық мемлекеттер енді әлемнен жабық емес, керісінше экономикалық және институционалдық түрде оған интегралданған. Бұл қауіп төндіруде: өз елін авторитарлық әдістермен басқара отырып, олар эрозияға демократия онжылдықтар бойы шығарған халықаралық тәртіптер мен стандарттарды ұшыратады.»

«Жаңа авторитаризм» идеологияға мәжбүр емес және «шикі заттық» сипатқа ие, яғни глобальды экономикада негізделген. Баяндама «авторитарлық капитализм» терминін қолданды: бұл өндірістік-саудалық Қытай, мұнайлы Ресей мен Венесуэлла және Иран.

Бұндай авторитаризмнің маңызды ресурстары болып келетіні: әскери технологиялар, бұқаралық-медийналық технологиялар, популизм мен осы елдердің жеке лидерлік қасиеттері. Сонда ең зор қызығушылықты масс-медиа мен популизм тудырады. Белгілі болғандай, заманауй ақпараттылық – бұл бостандық пен айқындылық мүмкінділігі ғана емес, бірақ бұл іске қосылған элит құралы (торлар, блогтар және т. б.). Популизм саяси маңыздылыққа ие бола бастаған елдердің қоғамында ғана үлкен ықтималдылықпен пайда болады, ал өкілетті демократия әлі де дамымаған және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алмайды.

Сонымен, заманауй авторитаризм батыс демократияға басымды қарсы салмақ бола алады.


Бақылау сұрақтары

1. Авторитарлық саяси жүйеге анықтама беріңіз.

2. Авторитарлық саяси жүйенің универсалдық сипаттамасын ашыңыз.

3. Авторитарлық жүйенің формаларын атаңыз.

4. Заманауй авторитарлық жүйелердің негізгі бес әлсіздік факторлерін атаңыз.

5. Авторитаризмнің маңызды ресурстарын атаңыз.


Талқылауға арналған сұрақтар

1. «Авторитаризм 2.0» дәрісінен тағы бір рет американдық үкіметті емес ұйымдарының баяндамасындағы цитатаны оқыңыз. Сіздің ойыңызша, осындай авторитаризм формасының пайда болуы әлемдік саяси картаның қандай өзгерістерімен байланысты? АҚШ қандай елдің авторитаризм 2.0 қауіпінен қорғанады?

2. Неге жеке билік авторитарлық форма кезінде елдегі жемқорлық деңгейі өзгерусіз өседі? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.