Жоспар
1. Өтпелі саяси режимдердің теориялары
2. Саяси ауысымның әдістері
3. Постсоветтік кеңестігінің мемлекеттеріндегі советтік саяси жүйенің реформалау үрдісі
1.Өтпелі саяси режимдердің теориялары
Саяси ауысым деп бір саяси режимнен екіншіге өтуін айтады. Дәл демократиялық ауысым бүгінгі күні әлемдік жұртшылдықтың және ғылыми ойшылдардың назарында тұр. Ауысу себебін түсіндіруде маңызды үлесті модернизациялау теориясы енгізді. 1950-60-ші жылдары «үшінші әлемдегі» бір қатар мемлекеттерінің колониялық үстемділіктен бостандық алуымен және олардың алдында экономикалық дамудың қажеттілігі пайда болуымен байланысты теория өзінің дамуы үшін жаңа стимулдарды алды. Демократизация екінші ретінде экономикалық және әлеуметтік құрылымдардың өзгеруінен туындаған болып қарастырылды. Модернизация теориясының шеңберінде өз уақытында басым болған саяси мәдениет теориясы да қалыптасты, демократизацияның экономикалық теорияларына қарағанда оның пайымдауынша, демократиялық ауысым негізінде қоғам көпшілігі қолдайтын саяси нормалар, көзқарастар мен тәртіп дағдылары жатады. Оның авторлары (Г. Алмонд, С. Верба, Дж. Коулмен) «азаматтық мәдениет» ұғымын кіргізді, бәрінен бұрын демократиялық институттарды белгілеуге және қызмет еткізуге бейім. Бұл мәдениет оның жақтастарының арасында тараған жоғарғы деңгейдегі сенім мен бір ымыраға келуімен және өзінен өзгешелерге қатысты немесе қарама-қарсы мүдделер мен көзқарастарға толеранттылық көрсетумен сипатталады.
Демократиялық ауысымның басқа түсінігін әлі де белгілі динамикалық моделін Д. Ростоу ұсынды. Ғалым негізгі төрт демократизация фазасын белгіледі.
1) Дайындық фазасы: ауысымның алдыңғы шарттарын қалыптастыру, мұнда ауысымның қажетті алдынғы шарты ретінде ұлттық бірлікке жетуді белгілейді.
2) Саяси күрес фазасы: жүзеге асып жатқан режим түрін ауыстыруға дайындық. Болжамды және үздіксіз саяси күреспен сипатталады.
3) Шешім фазасы: саяси лидерлердің саналы шешімі ұлт бірлігінің жағдайында ақиқат ретінде алуан түрлікті қабылдау және демократиялық процедуралардың кейбір маңызды аспектілерін институциялау.
4) Дағдылану фазасы: демократия қалыптасқан және тұтас механизм ретінде жұмыс істей бастайды, бұл азаматтар мен саяси элита үшін дәріс алу фазасы, демократия техникасын игеру және оның қызмет етуі үшін дағдылар алу, көзқарастарға ие болу фазасы.
Құрылымдық теория көбінен модернизация теориясының жақтастарының дәлелдемелерін қайталайды, оларды заманауй жағдайға сәйкестіре жаңартады.
Модернизация теориясына қарағанда, бұл теория демократизация мен мына факторлар арасында экономикалық байлық деңгейі, саяси мәдениеттің сипаты мен діни дәстүрлері, азаматтық қоғамның даму деңгейі және де басқа да құрылымдары сияқтыларда корреляцияны қолдану мүмкіншілігін мойындамайды.
Принципиальды түрде басқа ауысымды демократиялық үрдістің процессуальдық теориясының жақтастары айтады. Демократизацияның қандай да бір алдыңғы шарттарының болу мүмкіндігін жоққа шығарады, олар ұлттық тәжірибенің маңыздылығы мен ерешелігін және әлеуметтік пен саяси институттарының қалыптасуында кездейсоқ факторлардан қорғайды. Демократияны мүмкін қылатын ана не мына кешенді алдыңғы шарттардың болуы емес, қайта ол ауысым үрдісінің өзі, оған тән қиындықтар мен болжамға түспейтін жағдайлар. Сонымен қатар сыртқы фактор әсерінің болуындағы ауысым теориясы бар, бұған сәйкес сыртқы жағдайлар демократизацияның өзіндік факторының рөлін ойнауы мүмкін.
Ең жарқын теориялардың бірі С. Хантингтон «Үшінші толқын» кітабында қорғаған теория болып келеді, бұған сәйкес демократизация халықаралық үрдіс екенін көрсетеді және толқындармен жүзеге асады, бірден бірнеше елдерді қамтиды және оған өзара позитивтік және негативтік эффект тигізеді. Ішкі демократизация сәтті жүзеге асуы мүмкін сыртқы фактордың әсерінің қолайлы болуына байланысты.
2. Саяси ауысымның әдістері
Демократизация стратегиясына байланысты, режим мен оппозицияның сайланғанымен, саяси ауысымның әр түрлі әдістерін белгілеген мақсатқа лайықты болып келеді. Ауысу бейбітті және күш қолдануымен, эволюциялық және революциялық, сырттан мәжбүрлеп көндірген немесе ішкі өзгерістердің әсерімен болуы мүмкін.
Негізгі саяси акторлардың өзара қарым – қатынас әдістерінің кретериялары бойынша – көпшіліктер мен элиталар – ауысымның негізгі төрт әдістерін белгілеуге болады (1 сурет).
Ескеретін жай, мәжбүрлеген, әсіресе пакттік (келісімді), ауысымдар үкімет жеткілікті беделге ие болған жағдайда жүзеге асады. Бұл олардың реформатисттік және революциялық сипаттағы ауысымдардан маңызды ерекшелігі. Сонымен бірге мәжбүрленген ауысымдар жиі әлсіз болып келеді, пакттікке қарағанда, өйткені элитаның консервативтік бөлігінде шоғырланып, назардан тыс мықты деструктивтік потенциалды қалдырады. Демократизацияның бөлінуі мүмкін: авторитарлық билеуден босау және өз демократиялық институттарын құрастырады. Шын мәнінде бұл стадиялар жиі сәйкес келеді, бірақ аналитикалық түрде оларды шектеу керек. Авторитаризмнен босау авторитарлық саяси институттарының демонтажімен және ескі режимді сынау толқынында көтерілген, болған элитаны жаңамен ауыстыру үрдісімен байланысты. Демократиялық институттарды институциализациялау – бәсекесті саяси жүйені қалыптастыру, жаңа сайлау заңын қабылдау, Конституцияны талқылау және қабылдау, ұлттық – территориалық құрылым туралы мәселені шешу, атқарушы, заң шығарушы және сот билігінің нақты бөлінуін өткізу және т.б..
Ауысым әдістерінің критериялары бойынша демократиялық ауысымның үш стратегиясын белгілейді.
Дамып жатқан, ал бүгінгі күні посткоммунисттік елдерге қатысы бойынша батыстың «шок терапия» стратегиясы басым болып шығады, бірнеші рет Латын Америка мен Африкада реформалау кезінде байқалып көрілген. Экономикалық бұл стратегияда негізгі тірек қысқа мерзімде нәтижеге жету үшін жасалады – қаржылық және баға тұрақтылығы, протекционисттік кедергілерді дереу алу, нарықты ашу және ұлттық валютаның айналымда болуына жету, приватизация өткізуді жылдамдату және т.б. Аз мәнді маргиналдық көңіл бөлу экономиканың қайта құру құрылымына, тұрақтандыруға және өсу көрсеткіштерінің тұрақты жетістіктеріне бөлінеді.
Жиі бұл стратегия елдің және регион ерекшлігін, әлеуметтік және саяси контексті ескермей жүзеге асырылады, оның болжауынша, «жалпы экономикалық заңдардың» әрекеті әлеуметтік және саяси жағдайды қосымша шараларға жүгінуді талап етпей реттейді. Барлық саяси және құқықтық өзгерістер бұл стратегиямен қаражаттылық-экономикалық тұрақтылықты өткізу контекстінде қарастырылады. Саясатта бұл жиі демократиялық емес авторитарлық тенденцияларды қолдауға әкеп соғады, тек егер олар ұлттық саяси спектр күштерінен шағатын болса, өздері шок терапиясының либеральдық-консервативтік курсын қорғаушылар репутациясына ие болады, жалпы демократиялық үрдіске емес реформаторлық күштер лидерінің тұлғасына басымды бағытталады. Нәтижесінде, ресей реформаларының тәжірибесі куәландырғандай, саяси орталықтың бұлынғыр болуы әбден мүмкін болып көрінеді, сол және оң радикалдық саяси күштер шебінің нығаюы және кейіннен демократиялық реформалау үрдісінің олқылық етуі. «Маршалл жоспарының» демократизация стратегиясы, соғыстан кейінгі кезеңде Германия мен Жапонияда жүзеге асқан, арнайы, көлемді және мақсатты жолданатын ассигнованияларды бөлуді болжайды, өндірісті қалпына келтіруге және дамытуға бағытталған, сатылым қорғандарының әлсіреуі арқылы әлімдік экономикаға ұлттық экономиканы интеграциялау және макроэкономикалық тұрақтылыққа жету. Ол реформаларды потенциалдық тежеу факторларын жан-жақты ескеруімен, ойланып істелгенімен және нәтижелігімен ерекшеленеді.
Ақырында теоретикалық былай айтқанда «альтернативтік» немесе социал –демократиялық стратегия ғана қазір бар, Маршалл жоспары сияқты нарықтық-экономикалық қайта өзгерту әлеуметтік шығындарды төмендетуге бағытталған. Маршалл жоспарына қарағанда, ұлттық саяси жүйелерді сырттан тұрақтандыруды ұсынып отырған, альтернативтік стратегия саяси жүйені ішінен қайта өзгертуді бағыттайды. Шок терапиясынан ерекшеленетіні бұл стратегия біріншіден, қаражат тұрақтылығы мен баға либерализация бағдарламалары іске аса бастағаннан бұрын әлеуметтік саясат туралы қамдану керектігін ұсынады; екіншіден, өндірістік белсенділікті көтеруде шоғырлану керек; үшіншіден, реформалық бағдарламаларды бар саяси мүдделердің құрылымымен сәйкес және өкілетті институттарының шеңберлерінде өткізу. Бұндай әдіс әлеуметтік шиеленістің күрт көтерілуінен қорғануға бағытталады, «шок терапиясын» қолдану нәтижесінде шарасыз пайда болатын. Альтернативтік стратегияға сәйкес режимнің жүзеге асып жатқан немесе потенциалдық оппозициямен копмпромиске жетуі әскери төңкерістен немесе әлеуметтік революцияға қарсы жалғаз кепілдік болып келеді.
3. Постсоветтік кеңестігінің мемлекеттеріндегі советтік саяси жүйенің реформалау үрдісі.
Режимнің легитимділікті жоғалтуы екі деңгейде байқалатын үрдіс болып келеді – көпшілікті және элиталық. Коммунисттік жүйелер жағдайында идеология эрозиясы және онда көпшілікті мобилизациялау потенциалының салынғаны, мүмкін, жүйе ыдырауының басты факторы және оның лигитимділігінің әлсіреуі болып келді. КСРО-да, мысалы, бұл үрдіс өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтті, көпшіліктің режим идеологиясына деген немқұрайлығы басымды көңіл болғанша, марксисттік идеология тазалығы элитамен шайқалды – бірінші Хрущев, «таптық соғыс» қағидасынан бас тартып, сонысымен террорды қабыл алмады, одан кейін Брежнев, жұмысшылар табын авангард ретінде партия идеясын реформалаған. Соңғы сөзді Горбачев айтты, жалпы адамзат мүдделерін таптықтан проритетті идея ретінде жылжытты. Бұл идея советтік қоғамның идеологиясы ретінде марксизм талабын үзілді-кесілді қайта тууын жоққа шығарды. Мәжбүрленген болып бастаған, билеп отырған таптың реформистік бөлігімен басталған, бұл ауысым сапалы түрде басқа революциялық динамикаға ие болды, өз жолында орташа пакттік және реформисттік альтернативтерден өтіп кетті. Советтік саяси жүйенің реформалау үрдісі «шок терапия» стратегиясымен жүргізілді. Ресейде Ельцин-Гайдар экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуы саяси вакуум және реформаторларда пайда болған қатысты қол бостандағы жағдайында болды. Осыны пайдаланып, реформаторлар тез және жеңіл көрінетін реформаларды мәжбірлеу жолын дұрыс көрді, саяси консенсусты құру және демократиялық институттарды тұрақтандыру бойынша ұзақ, қажырлы және күмәнді қадірлі жұмыстан бас тартты. Бірақ саяси вакуум жағдайы ұзаққа сөзылмады. Бірнеше айдан соң үкімет курсына қатысты оппозиция қалыптасты және өзінің келіспеушілігін біршама қатты және қарсылықты қабыл алмайтын формада білдірді. Пакттік те, реформисттік ауысымдар әрі қарай жүзеге асу мүмкіншілігіне ие болмады. Оның орнына ресейлік посткоммунисттік ауысым осалдық және болжап болмайтын революциялық жағдайларда жүзеге асты.
Орталық Азияның постсоветтік елдерінде «шок терапия» стратегиясы революциялық динамикаға ие болды, бірақ бұл жағдайда қажетті авторитарлық режим белсенді идеологиялық саясатты жүргізген, харизматикалық лидердің жеке билігімен ұсынылды. Азия халықтарының менталитет ерекшелігі және ұлттық қайта өркендеудің идеологиясы постсоветтік орталық-азия елдерінің лидерлеріне көшіліктің қолдауын алуға және ауысымның революциялық әдісін реформисттікке ауыстыруға мүмкіндік берді. Ең жарқын болып ол Қазақстан Республикасында байқалды. Шығыс Еуропадағы посткоммунисттік елдер батыс еуропалық элитасының қолдауымен реформа жолымен барды, «Маршалл жоспары» стратегиясына жақын. Олардың жүйелілігінің болмауы және бұл жоспар бойынша нәтиже күту посттоталитаризмге бұл стратегияның адаптацияланбағанын байқауға болады. Бұл елдерде саяси ауысымның реформисттік бағытталуы, еуропа демократиясын қайта өрлету ұлттық идеясын сақтаған халқының менталитетімен ерекшеленеді (1956ж. Венгрияға, 1968ж. Чехословакияға совет әскерін енгізу, бізге мәлімдей, бұл елдерде болып жатқан демократиялық үрдістерді күшпен ысырып тастауына әкеп соқты). Советтік және постсоветтік елдерде оппозиция статусы принципиальды ерекшеленеді. Бірінші жағдайда оппозиция жүйеде анықталмаған көзқарастар мен көңілдер түрінде өмір сүрді – билік эшелонының ішінде не сыртында болсын. Коммунизмнің құлдырауынан кейін бұл көзқарастар мен көңілдерді, мүдделерді рәсімдеуге ғана жағдай туған жоқ, сонымен қатар осы мүдделерді тәжірибе жүзінде іске асыруда күресуге саяси партиялар мен қозғалыстарды құруға мүмкіндік туды. Оппозиция әрқашан және әр жерде өмір сүреді. Бірақ қоғамда оның орнын бекіту және институциализациялау талпынастары адам қоғамдастықтарындағы полистік ұйымдарының күйреуімен ғана және ұлт-мемлекеттердің пайда болуымен болады. Сондықтан оппозицияның өмір сүру жағдайын билікке деген анық сыни көңілдер ретінде және оппозицияның заңдалған саяси институты ретінде нақты бөліп қарау керек. Сонымен қатар, барлық постсоветтік елдерде, тек Шығыс Еуропа елдерінен басқа, бір партияны (билік партиясын) бөліп шығару тенденциясы әлі де сақталған, ал қалған партиялар формальды болып келеді немесе өзінің ресурстары мен ықпалдарында өте шектелген болып келеді. Постсоветтік жүйенің бірінші онжылдығында саяси билік сол номенклатурамен, совет үкіметі кезіндегі сол саяси тұлғалармен ұсынылды. Советтік саяси жүйенің реформалануы қарқынды сипатына қарамастан, ескі жүйенің жеке элементтерін сақтап ауысым кезеңін талап етті.
Бақылау сұрақтары
1. Саяси ауысымның анықтамасын беріңіз.
2. Саяси ауысымның негізгі теорияларын сипаттаңыз.
3. Демократиялық саяси ауысымның негізгі әдістерін ашыңыз.
4. Демократиялық саяси ауысымның үш стратегиясын сипаттаңыз.
5. Постсоветтік кеңестігінің мемлекеттеріндегі советтік саяси жүйенің реформалау үрдісін сипаттаңыз.
Талқылауға арналған сұрқтар
1. Д. Ростоу белгілеген, қандай даму фазаларынан Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық дамуында өтті? Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
2. Авторитарлық режимді тоталитаризмнен демократияға ауысуы ретінде қарастыруға бола ма? Авторитарлық режимнің посттоталитарлық қоғамда қызмет етуі демократияға көшудің кепілі болады ма? Сіздің дәлелдеріңіз.