Жоспар
1. Демократия формация аралық феномен ретінде
2. Демократияның тарихи қарбалысы
3. Демократияның «үшінші толқыны», оның мәні мен сипаты
1. Демократия формация аралық феномен ретінде
Ғылым шығарған барлық алуан түрлі негіздердің арасындағы саяси заңдылықтардың классификациясында, ең жалпы мәнге мына кретериялар ие, институционалдық, олардың тарихи әрекетінің тереңдігі мен жан-жақтығы, әлеуметтік мән сияқтылар. Олар жалпы тарихи заңдылықтарды айыруға мүмкіндік береді, адамзат тарихының саяси шеңберінде әрекет етеді және қоғам қозғалысының саяси формаларының өткенін, осы кезеңін және болашағын сипаттайды. Бұл саяси құбыластарының экономикалық және әлеуметтік-таптық факторларымен келісілуі; қоғамның саяси құрылымдылығының нығаюы; саяси және құқық институттарының өзара әрекеттенуі; қоғам өмірінде құқықтың рөлі өседі және т.б.
Формация аралық заңдылықтар екі немесе бірнеше қоғамдық-экономикалық формацияларға тән. Мысалы, барлық түрдегі саяси жүйелерге әлеуметтік-таптық, ұлтаралық даулар тән және әлеуметтік революция арқылы жүйенің бір түрінен екінші түріне ауысу, бейбітті және бейбітті емес жолдар арқылы төңкерістер. Ядерлық заман жағдайында әр түрлі саяси жүйелердің бейбітті қатар өмір сүруі заңдылық.
Бұл ойдан шықсақ заңды болып келетіні, демократия тек қазіргі кезеңге ғана тән емес. Демократияның тарихи формаларын зерттей келе (6 тақырып), көзіміз жеткені, демократиялық институттар барлық тарихи кезеңдерде пайда болды және қызмет етті.
Маңызды болып келетін факт, демократияның негізгі мәселелері және оның модельдері антикалық кезеңде қалыптасқан. «Қараңғы» орта ғасыр – дәстүрлі қоғамның іске асуы – қазіргі кезеңде де асып түспеген муниципальдық демократияның үлгілерін берді. Жаңа уақыт талабы сайланған демократияны тудырды.
Сондықтан демократияны либеральдық – нарықтық формацияның жаңа дәуіріне байланыстырып қарастыру дұрыс емес, себебі демократия – бұл формация аралық феномен, бір ғана формацияға ғана тән емес.
Сонымен қатар заманауй сайланған демократия – «толық институттылық және дамыған», қоғамның демократиялық дамудағы ең жоғарғы нүктесі деп айтуға болмайды.
Керісінше, ол тым формальды болып көрінеді, Ортағасырлық муниципальдық демократияға қарағанда, ол кезде билік өзіндік әрекет ететін азаматтық қауымдастықтардан шығатын және жүзеге асатын. Антикалық демократия заң арқылы регламенттелген, заманауйға қарағанда, және де көпшілікке қатысты азшылдарды дискриминациялаған жоқ. Сол себепті демократияның формация аралық феноменін тарихи үдемелі дамудың жолы ретінде сипаттау дұрыс емес. А.С. Панарин бұл туралы жазды: «Дәл Жаңа кезеңде үрдістер болды, азаматтық қоғамды мемлекетке бағындырған және саяси муниципальдық бостандықтарды күрт қысқартқан, ал кейбір елдерде мүлдем жойған – өзіндік әрекет ететін демократияның іске асуы. Бұл үрдістің негізгісі бір жағынан абсолютизмнің және екінші жағынан якобиндық «демократиялық орталықтандырудың» пайда болуы болды. Монархиялық абсолютизм және революциялық орталықтандыру бірдей келесі азаматтық қоғамның құндылықтарына қарсы болды, еркін саяси өзіндік әрекеттену, автономия және өзіндік ұйымдастыру сияқты құндылықтарға».
Тарихи үзілімдер (циклділік) де бұл үрдіс үшін анық. Кезеңді (линейный) дамудың орнына, бұның шеңберінде демократиялық формалар демократиялық дейінгінің орнына келу керек еді, тура қарама-қарсылық байқалады. Антикалықта демократия монархияның (Грекия) немесе империяның (Рим) алдында болатын. Еуропалық ортағасырда демократиялық қала-мемлекеттер жиі феодалдық абсолютизм алдында болатын, сайлау қағидасын және жергілікті өзін басқару қағидасын жойған.
Жаңашыл кезеңде демократиялық үрдістің кезеңді емес (неленейный) дамудың сипаты сақталуда. Либерализм, плюрализм және өзіндік әрекеттенудің құндылықтары Батыстың парламенттік республикаларында тағы да көпшілік қоғамның авторитарлық-патерналисттік және орталықтандырылған тенденциялардың алдында келіп тұр. Либеральдық «бостандық демократиясының» гүлденуі ХІХ ғасырға келіп тұр; ХХ ғасыр либеральдық демократияның ауыр жеңілуімен және шегінуімен белгіленді, себебі саяси аренаға шыққан көпшілік бостандққа қарағанда, нақты түрде теңдікке көбірек қызығушылық танытады (ұрандап отырған идеологияға қарамастан).
2. Демократияның тарихи қарбалысы.
90-ші жылдардың басында саяси ғылымға жаңа ұғым енді – демократизация толқындары. Ол демократиялық үрдістің ел аралық уақыт кеңестігін көрсетеді. Демократизация толқыны тарихи «қарбалысы» болып табылады, өткен уақыттық кезеңмен салыстырғанда ағымды кезең көптеген елдерде демократиялық үрдістің қарқынды дамуымен ерекшеленеді.
С. Хантингтон келесі демократизация толқындарын белгілейді:
- демократизацияның бірінші толқыны – 1828-1926 жж.;
- демократизацияның екінші толқыны – 1943-1962 жж.;
- демократизацияның үшінші толқыны – 1974 ж. бастап қазіргі кезеңге дейін.
Демократизацияның бірінші толқыны өз тамырын американдық және француздық революцияларына жібереді. Демократизация үрдісі шартты түрде оның бірінші толқын шебінде екі белгілермен ерекшеленеді:
1) халықтағы үлкендерінің басым көбіне қысқарту арқылы , ал кейін мүлік цензін қысқартумен біртіндеп сайлау құқығының тарауы;
2) жауапты өкілетті институттардың және оларға есеп беруге міндетті атқарушы органдарының аяққа тұруы және дамуы. Осы кретерияларға сүйенсек, XIX және XXғғ. аралығында демократияға өту келесі елдерде аяқталды, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швецария, теңіз ар жағындағы британ доминиондары (Австралия, Канада және Жаңа Зеландия) және Солтүстік Еуропаның бір қатар елдері. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында демократиялық режимдер Италия мен Аргентинада, ал соғыстан кейінгі кезеңде – екі жаңа тәуелсіздік алған Еуропа мемлекеттерінде- Исландия мен Ирландия орнатылды.
Демократизацияның екінші толқыны фашисттік Германияны, милитаристтік Жапонияны талқындауымен және батыс одақтас әскерлерінің басып алынған жерлерді босатуымен байланысты. Нәтижесінде демократиялық режимдер Францияда, Голландияда, Данияда, Бельгияда және басқа Батыс Еуропа елдерінде қайта орнатылды. Сол кезеңде бір қатар латынамерикандық елдерде, жекелеп айтсақ Аргентинада, Бразилияда, Венесуэлада және Перуда демократиялық сайлаулар өткізілді. Демократизацияның екінші толқыны коллониялар мен жартылай коллониялардың басталып жатқан отарлаудан бос болу үрдісімен сәйкес келді.осы кезеңде демократиялық басқару формалары мына елдерде орнады: Индия, Нигерия, Филиппиндар, Шри-Ланка және т.б.
Демократизацияның үшінші толқыны 1974 жылмен белгіленді. 1974 жылдың сәуір айында Партугалияда демократикалық бағытталған әскери адамдардың күшімен әскери төңкеріс жасалды, кейін оны жалпы халық қозғалысының қолдауына ие болды, ол көп жылғы әскери режимнің диктатурасын жойды. Бірнеше айдан соң Грекияда терең саяси дағдарыс нәтижесінде әскери үкімет өз өкілеттілігінен бас тартуға мәжбүр болды, билік демократияға бағытталған саяси партиялардың лидерлері санындағы азаматтық тұлғалар қолына көшті. 1975 ж. қараша айында Испаниядағы Франко өлімі отыз алты жыл бойы созылған авторитарлық биліктің соңына әкелді.
70-ші жылдардың соңынан және 80-ші жылдар бойы Оңтүстік Еуропа елдерінде басталған демократизацияланудың үшінші толқыны Латын Америкасына және Азияға ауысады. 80-ші жылдардың соңында демократиялық үрдістің заманауй толқыны жаңа фазаға енеді, «реальдық социализм» атанатынсымақ дағдарысымен байланысты.
3. Демократияның «үшінші толқыны», оның мәні мен сипаты.
Онда ерекше тоқталамыз, себебі өткен демократиялық үрдістің толқындарымен салыстырғанда демократияның «үшінші толқыны» глобальды сипатқа ие, өйткені барлық континенттерді қамтиды.
Әлемдік демократиялық үрдістің жаһандану себебінің кеңейюін С. Хантингтон келесі факторлармен түсіндіреді:
1) авторитарлық және тоталитарлық жүйелердің лигитимдік дағдарысы;
2) 60-ші жылдары дүниежүзілік экономиканың теңдессіз өсуі, сонымен қатар білімнің дамуы және қалалық орта таптың көбеюі;
3) 60-ші жылдары католикалық шіркеудің доктринасындағы маңызды өзгерістер;
4) басты әлемдік саяси күштерінің саяси бағытының өзгеруі (АҚШ, КСРО, Еуропалық бірлестік);
5) нәтижені көрсету, халықаралық коммуникациялардың жаңа тәсілдерімен, сонымен қатар үшінші толқын шебінде демократияға көшудегі бірінші тәжірибемен нығайтылған, ол стимул рөлін атқарды және басқа елдерде режимдерді өзгерту бойынша модель болды.
Егер өткенде автократикалық режимдердің легитимділігі мына факторлармен шартталса, дәстүр, дін, тақты мұра қылу құқығы (абсолюттік монархияларда) және т.б. сияқтылар, онда өткен жүз жылдық бойы демократиялық емес жүйелердің лигитимдік құралы болып тоталитарлық идеология мен нацизм қызмет етеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі екпінді экономиканың өсуі 70-ші жылдардың ортасына дейін, оған С. Хантингтон көрсетіп отыр, көптеген мемлекеттерге орта табысы бар елдердің тобына кіруге мүмкіндік берді, ол жанама қолайлы экономикалық жағдай туғызды және демократияның әлеуметтік базасын кеңейтті. Экономикалық даму әлеуметтік құрылым мен құндылықтардың өзгеруіне мүмкіндік туғызады, ол өз алдына демократизацияның алғы шарттары болып келеді. Римдік-католикалық шіркеуінің көзқарасының өзгеруі папа Иоанн XXIII-нің әрекетімен және Екінші Ватикан соборының шешімімен байланысты, онда демократизациялану жағына қарай әлеуметтік-саяси өзгерістердің қажеттілігі айтылды және епископ әрекеттерінің бұл саладағы маңыздылығы да сөз болды.
Үшінші толқын шебінде глобальды демократизациялану үрдісін тездеткен тікелей фактордың бірі М. С. Горбачев 80-ші жылдың екінші жартысында жариялаған «жаңадан ойлау саясаты» болды, ол, біріншіден, советтік менталитеттен жау бейнесін ақырындап кетіру, екіншіден, Шығыс Еуропа елдерінің ішкі істеріне араласпау саясатымен байланысты болды. «Үшінші толқын» елдерінің демократизациялану моделін С. Хантингтон «орнын ауыстыру» моделі деп атайды. «Орнын ауыстыруда» саяси режимнің демократизациялану үрдісі билік элитасының және оппозицияның әрекеттес болуының нәтижесі болып келеді. Билік элитасында консерваторлар мен реформаторлар арасындағы баланс билік элитасы режим өзгертулерін талқылауға дайын, бірақ оны бастауға дайын емес. Осыған орай билік элитасын ресми немесе ресми емес оппозициямен сөз келісімдерге итермелеу қажет. Оппозиция арасында біріңғай көзқарастың жақтастары антидемократиялық радикалдардан басым болу үшін шамамен күшті болып келеді. Бірақ билік элитасын құлату үшін олардың күштері жеткілікті емес. Сондықтан олар да билік элитасымен келісім сөздер өткізуді қажет деп санайды.
Бақылау сұрақтары
1. Неге демократия формация аралық феномен болып келеді?
2. Әлемдегі демократизацияның тарихи «қарбалыстарын» (толқындарды) атаңыз.
3. Демократияның бірінші «толқынын» сипаттаңыз.
4. Демократияның екінші «толқынын» сипаттаңыз.
5. С. Хантингтон бойынша демократияның үшінші «толқынының» себебін атаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Ойланыңыз, экономикалық даму әлеуметтік құрылымның (қоғам страттары) және қоғамның демократизациялану жағына қарай құндылықтардың өзгеруіне қалай әсер етеді.
2. Халықаралық коммуникация мен ақпарат әдістері қалай демократизация «толқынының» таралуына әсер етеді?