Тақырып 14. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУДАҒЫ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАР


Жоспар

1. Жаһандану заманауй әлемінің дамуындағы негізгі тенденция ретінде

2. Глобальды және аймақтық интеграция жағдайында мемлекеттердің универмсалдық және жеке мүдделері

3. Дүниежүзілік саяси жүйелерге заманауй глобальды қауіптер


1. Жаһандану заманауй әлемінің дамуындағы негізгі тенденция ретінде

Жаһандану – ол көпұлттық негіздегі (көпұлттық негізді айтқанда, ұлт-мемлекеттер туралы сөз болып отыр, этникалық аспект емес) дүниежүзілік экономикалық, мәдени және саяси интеграция, тұтас глобальды жүйені құруға әкеп соғатын.

Зерттеушілер арасында әр түрлі көзқарастар бар, қазіргі әлемдегі қайта құру қаншалықты жаңа болып келетініне қатысты. Жалпы үш амал белгіленеді: революциялық, эволюциялық және скептикалық.

Революциялық амалдың жақтастары жаһандануда адамзат тарихының жаңа дәуірін көреді, барлығы үшін бір ойын ережесі, өмір деңгейінің өсу жолы, әлеуметтік тұрақтылыққа жету. Эволюциялық амалдың соңынан ерушілері жаһанданудың заманауй формасын тарихи болып көрмеген деп санайды және мемлекеттер мен қоғамдардың еріксіздеу, сонымен қатар оның шарасыз әлеуметтік және саяси өзгерістерімен жоғары деңгейдегі стандартты емес әлемге ақырындап адаптациялануы үшін тұрады, олардың жиынтығы заманауй қоғамының дамуындағы мәнді және әлемдік тәртіпті құрайды. «Үшінші көзқарастың» өкілдері жаһанданудың позитивтік белгілеріне қатысты скептикалық көзқараста болады және онда елдер мен халықтарға әсер ету әдістерін (сонымен бірге саяси мәжбүрлеу) көреді.

Соңғы онжылдық ішінде жаһанданудың бірнеше факторлары іске асады.

Оның біріншісі – техникалық үрдіс, ол көлік пен байланысқа шығындарды едәуір төмендетуге мүмкіндік берді, сонымен қатар сақтау шығындарын, ақпаратты іздеу мен өңдеуді күрт азайтты

Жаһанданудың екінші факторы – экономиканың либерализациясы, ол саудалық протекционизмнің әлсіреуіне және тым либеральдық әлемдік жүйесіне әкеп соқты.

Жаһанданудың үшінші факторы институционалдық өзгерістер болды. Фирма әрекеттерінің кең өрісі көбейді. Корпорациялар, бұрын өз әрекеттерін локальдық нарықтарға назарын аударған, нарықтарға және өндірістік қуатқа қатысты ұлттық, көпұлттық, интернационалдық және тіпті глобалды деңгейге шықты.

Жаһанданудың төртінші факторы – глобалды идеологиялық келісім, яғни нарықтық экономиканың және ерікті жүйенің құндылықтарын универсалды мойындау.

Жаһанданудың бесінші факторы – мәдениет саласындағы өзгерістер: гомогендік бұқаралық ақпарат құралдарына, өнер түрлеріне және атақты мәдениетке қозғалыс.

Жаһандану теориясы өзгеріп жатқан әлемнің жаңа бейнесін іздеуде болады. Глобалды тектоникалық өзгерістер, олар әлемде басталды және жалғасуда, бірнеше саяси-идеологиялық жобаларды тудырды, оның қатарында «жаңа әлемдік тәртіп» және «жаңа әлемдік ақпараттық-коммуникациялық тәртіп».

Жаһандану біреудің саналы әрекетінің нәтижесі болып келмейді. Саясатта, әсіресе сыртқыда, әрқашан еркін таңдаудың шектері бар. Демек, жаһандану үшін объективтік алғышарттар қалыптасты қазіргі тарихи кезеңдегі жеңіс түрінде әлемдік дамудағы тенденциясының бірі (интеграциялар) басқаның үстінен (дезинтеграциялар).

2. Глобальды және аймақтық интеграция жағдайында мемлекеттердің универсалдық және жеке мүдделері.

Интеграция глобалды қауіптерге қарсы әрекеттің тиімді әдістерінің бірі болып келеді. Әлемде қалыптасып жатқан жағдай мемлекеттердің талпынысын біршама трансұлттық кооперацияларға және аймақтық интеграцияға ынталандырады. Сонда интеграция деп біркелкі шаруашылық кешендері қалыптастырудағы, рационалды еңбек бөлуді және экономикалық салада интенсивтік кооперацияны шамалайтын саясиға, ғылыми-техникалыққа, ақпараттық бірлестікке қозғалысты түсінеміз

Қазіргі кезеңде әлемдік қауымдастық элементтер жиынтығын білдіреді, олар арасында қалыпты байланыс бар. Соның нәтижесінде элемент түрінде ұлттық мемлекеттер де және трансұлттық құрылымдар да шығады, халықаралық қатынастардың сипаты мен тенденциясына тым артып бара жатқан ықпал жасайды. Ұлттық мүдделер бөлек өмір сүрмейді. Олар нақты қоғамдардағы ерекшеліктерінің жағдайына, олардың объективтік және субъективтік өзгешеліктеріне, және де олардың өмір сүрудегі сыртқы жағдайларына, әлемдік аренадағы елдің орнына адаптациясынан өтуге мәжбүр.

Заманауй әлем жағдайында ұлттық мүдделердің жүзеге асуы жаһандану ықпалын ескеруді қажет ететіндігін шамалайды. Жаһанданудан пайда алу мүмкіншілігі және оның негативтік салдарын залалсыздандыру елдің ресурстік қамтамасыз етілгенімен де және оның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейімен, және де оптималды сырт экономикалық стратегияны таңдауымен, сырт экономикалық экспансияның дамуымен, ресурстарды сырттан әкелу іскерлігімен, халықаралық арнайы бағытты дұрыс және нақты әр елдің кооперативтік өндірісін анықтаумен белгіленеді. Осыдан жаһандануға тиімді қатысу үшін елдердің ұлттық мүдделерін біріктіру, оған байланысты қауіптерден бірге қорғану және оның шақыруына жақсырақ адаптациялану қажеттілігі пайда болады. Осындай жағдайларда мемлекеттердің ұлттық мүдделері бір жағынан біріктіруші фактор ретінде шығады, себебі ондай мүдделер болмағанда интеграция жасау мүмкін емес. Басқа жағынан, олар ана не мына бірлестіктің бейнесін қалыптастырады. Интеграциялық пайда болымдар, дұрысында, ұлттық мүдделер консенсусында олардың алдында мемлекеттер- ұйымдастырушылар қойған мәселелерді ғана шешеді және осы шеңберден олар шыға алмайды. Сондықтан заманауй жағдайында дәл мемлекеттің ұлттық мүдделері аймақтық интеграцияға әсер ететін шешуші фактор ретінде шығады. Аймақтық интеграция заманауй кезеңінде мемлекеттердің жаңа шақыру мен қауіптерге жауапты қалыптастырудағы факторлардың бірі ретінде шығады. Ұлттық мемлекеттер саяси субъектілердің біркелкі табын көбірек жалпы глобалды жүйелерде және аймақтық билікте құрайды, әлі де саясаттың басты субъектісі болып қала береді. Бұл жағдай мемлекеттің егеменділік негізінде жатады.

Дегенмен мемлекет өзінің өкілеттілігінің біраз бөлігін ұлт үстіндегі органдарына беруі мүмкін, бірақ тек ол ғана берілген билік өкілеттілігінің көлемімен заңды нұсқауларын қамтамасыз ете алады.

3. Дүниежүзілік саяси жүйелерге заманауй глобальды қауіптер

Заманауй глобальды мәселелер өзімен жалпы адамзат мәселелерін көрсетеді, оны шешуден оның дамуы тәуелді, сонымен бірге халықаралық қауіпсіздік пен қалыптасқан саяси жүйелердің тұрақтылығы. Глобалды мәселелер қоғамдық дамудың қарама-қайшылықтарымен туған, қоршаған ортаға адам әрекетінің әсер ету көлемдерінің күрт өсуі, елдер мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының біркелкі болмауымен байланысты болды.

Оларға жатады:

1.Әлемді сақтау және қарулану мен қарусыздандырудағы шектеу үрдісінің қайтымсыз болуын қамтамасыз ету.

2.Қоршаған ортаны қорғау.

3.Адамзаттың демографикалық мәселесі.

4.Шикізатпен және энергиямен қамтамасыз ету мәселесі.

5.Дүние Мұхитының ресурстарын қолдану.

6.Ғарыштық кеңестікті игеру.

7.Аштық пен ауруларды жою.

8.Дамымағандықты жеңу және баасқалар.

Глобальды мәселелер бір бірімен тығыз байланысты. Сондықтан тіпті теориялық түрде оларды бөліп жүйелеу өте қиын, оларды шешу үшін реттік қадамдардың жүйесін жасау туралы айтпағанда. Адамзат үшін ең маңызды қауіптер апатты демографиялық, экологиялық және де басқа дүниежүзілік соғыстың зардаптарымен салыстыруға келмейді, ол өзінің мүмкіндігімен өркениеттің өмір сүруіне және біздің ғаламшардағы өмірге қауіп төндіреді. Сондықтан ядерсіз, зардапсыз әлем – жоғарғы әлеуметтік құндылық ғана емес, және де қалған глобалды мәселелерді шешу үшін қажетті алдыңғы қатардағы шарт. ХХ ғ. аяғында ХХІ ғасырдың басында әлемдегі жағдай өзгерді, қоғамда түсінушілік өсіп келеді, ана не мына сұрақтарды шешу үшін қазіргі уақытта дүниежүзілік державалар қару көмегіне жүгінуі екі талай, әсіресе ядерлікке. Қорғану мәселелері және «суық соғыс» сұрақтары, атом соғысының үрейі әлемді қазір аз толқытады, оның орнына қоршаған ортаның бұзылуына, өркениет дағдарысының басқа формаларына қам жеу мәселесі келді. Орталық мәселе болып келетіні қоғам мен табиғат қатынсының үндесуі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік приоритеттік мәселелердің бірі болып қарастырылады. Глобалды мәселе табиғатқа деген тұтынушылық қатынаста да жатыр. өнеркәсіптік өнімдерінің қалдықтары мен ауыл шаруашылығында химияны қолдану қоршаған ортаны әдеттен тыс ластады. Соңғы 40 жыл ішінде көптеген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері жоқ болды, бір қатар Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде қышқыл жауындары ормандардың жартысын жойып жіберді. Адам әрекетінің нәтижесінде Жер климатындағы қайтарымсыз өзгерулердің мүмкіндігіне қатысты ғалымдардың болжамдары тым писсимистік болып келеді. Су бассейндерін және дүние мұхитын қорғау жалпы планеталық мәселе болып келеді.

Глобалды мәселелермен болған өркениет дағдарысының қауіпі халықаралық қатынас жүйесінің барлық параметрлерінде ғана емес, сонымен қатар аймақтық әскери даударда, адамзаттың екіден үш бөлігінің созылмалы бейшарашылық халге түскендікте болып отыр. Глобалды қауіп – адамның өзінің ұдайы өсуінде. Урбанизация, технизация заманауй өркениеттің басқа аспектілері адамға қалай әсер етеді, оның биологиясы мен генетикасына, психофизиологиялық қасиеттерінде – бұл фундаменталды маңыздылықтың сұрақтары, глобалды сипатқа ие болған. Адамзаттың аман қалу мәселелерінің күрделілігі мен көлемділігі халықаралық ынтымақтастықтың жедел қажеттілігін анықтайды. Қоршаған орта бойынша БҰҰ Конференциясының қорытындысы өзекті болды және даму бойынша (Рио-де-Жанейро, 1992) ХХІ ғасырдың босағасында «адамзат өзінің тарихында шешуші сәтті бастан кешіруде» туралы. Тұрақты әлем дамуының Концепциясында, халықаралық қауымдастық қабылдаған, келесі үш ереже орын алды: 1) адамдар назардың тең ортасында тұрғанын мойындау, олар табиғатпен үндесіп салауатты және жемісті өмірге құқықа ие болу керек; 2) қоршаған ортаны қорғау даму үрдісінің бөлінбейтін компоненті болу керек, ол соңғысынан бөлініп қарастырылмайды; 3) қазіргі және болашақ ұрпақты даму мен қоршаған ортаны сақтауда тең дәрежеде қажеттілікті қанағаттандыруды қамтамасыз ету қажет. Глобалды мәселелер өз бетімен, тіпті жеке елдердің күштерімен шешілмейді. Олар барлық әлемдік қауымдастықтың мақсатты және ұйымдастырылған күшті талап етеді. Глобалды мәселелердің шешілмеуі болашақта күрделі мүмкін қайтарымсыз нәтижелерге әкеп соғуы мүмкін.


Бақылау сұрақтары

1. Жаһандануға анықтама беріңіз.

2. Жаһанданудың негізгі факторларын атаңыз.

3. Мнтеграцияға анықтама беріңіз.

4. Глобальды және аймақтық интеграция жағдайында мемлекеттердің универсалдық және жеке мүдделері қалай қатар өмір сүреді

5. Дүниежүзілік саяси жүйелерге заманауй глобальды қауіптерді атаңыз.


Талқылауға арналған сұрақтар

1. Қандай интеграциялық бірлестік жаһандану жағдайында перспективті өмір сүру формасы болып келеді?

2. Сызба құрастырыңыз «Заманауй глобалды қауіптер және оның шешу жолдары». Сіз ұсынған шараларды дәлелдеңіз.