Жоспар
1. Д. Истон мен Г. Алмондтың саяси жүйе теориялары
2. К. Дойчтың саяси жүйе теориясы
3. Саяси жүйелердің заманауй теориялары
1. Д. Истон мен Г. Алмондтың саяси жүйе теориялары
Заманауй ғылымда үш американдық ғалымдардың саяси жүйе теориясы кең тарау алған – Д. Истон, Г. Алмонд және К. Дойчтікі.
Д. Истон саяси өмір талдауында қоршаған ортаға енген жүйе туралы тезистан шыққан, ол қоршаған орта жағынан әсер етеді және оған пікір білдіреді. Сыртқы ортамен байланысты үнемі сақтап отырады (басты құрылым санында болғандар табиғат, экономика, мәдениет, әлеуметтік құрылым), саяси жүйе реттеу механизмдер арқылы сырттан түскен импульстерге жауапты реакциялар шығарады, сыртқы жағдай қызметтеріне адаптациядан өтеді. Д. Истонның саяси жүйе теориясы саясаттануға нақты сипаттағы ғылымды беруге бағытталды. Ғалымның міндетінен аса ойын қарапайым түрде қоғам өмірінің саяси жағын тұрақты және ауыспалы нақты факторлар жиынтық көмегімен сипаттауға болады. Ғалым ойлағандай, әлеуметтану мен психология ұсынып отырған адамдардың әрекетін зерттеу нәтижесін пайдаланып, саяси үрдістерге компьютерлік модельдеу жасауға мүмкіншілік береді.
Д. Истон саяси жүйенің теориялық моделін жасады, ол әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени детерминанттардан (факторлар) тәуелді емес еді және жалпы мен жан-жақты ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.
Д. Истон маңызды түрде саяси жүйені түрлі әрекеттердің өзара байланысты әр түрлі жиынтықтар ретінде қарастырды, олар шешім қабылдауына және орындалуына әсер етеді. Жүйенің қызмет ету үрдісін ғалым үш элементтердің әрекеттесу үрдісі ретінде сипаттады: «кіру», «конверсия» мен «шығу» (1 сурет).
«Кіріске» алуан түрлі (экономикалық, мәдени және т.б.) жұртшылық талаптары беріледі немесе ынтымақтастықты көрсетеді және әр түрлі сұрақтар бойынша азаматтар билеушілерді қолдайды немесе қолдамайды. Әрі қарай элитарлы топтар осы талаптарды қайта өңдейді, нақты бір құндылықтарға сәйкестіріп, шешімдер шығарады, олар жүйенің «шығысына» беріледі, онда олар мемлекеттік саясаттың әр түрлі актілеріне айналады, мысалы, танысып орындалуға арналған заңдар. Жүйенің соңғы элементі «қайта байланыс» механизімін енгізеді, саяси жүйеге өзін бақылау мен өзін дамытуды қамтамасыз еткізеді.
Г. Алмонд төрт онжылдық бойы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси жүйені қарастыруда басқаша көзқарас дамытты. Оның көзқарасы бойынша, саяси жүйе мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың саяси әрекеттерінің әр түрлі формалары болып табылады; ондай формалар әлеуметтік өзара әрекеттер факторларының табиғатымен келісілген, олар әлдебір универсалды жүйенің қызметіне сүйенбейді.
Д. Истонға қарағанда Г. Алмонд көбіне саяси жүйенің қоршаған ортамен байланысына көңіл бөледі, оның өзіндік құрылымдық элементтеріне емес (2 сурет).
Оның концепциясы үшін базалық болып табылатын ұғым «рөл» (институт, ұйым және топтар орнына). Дәл рөлден формалды және формалды емес әрекеттестіктің сипаты тәуелді болады, ол өз алдына қоғамның саяси мәдениетін шығарады, Г. Алмонд оны барлық билік қарым-қатынастар кешенінің дамуы үшін шешуші деп санады.
Оның пікірі бойынша, саяси жүйе үшін басты болып саналатыны қызмет көрсетудің мақсатты сипаты емес (яғни билік қызметін бөлу), қоғамдағы билікті тұрақтандыруға бағыталған легитимдік мәжбірлеуді қамтамасыз ету. Г. Алмонд бойынша саяси жүйе өзара әрекет ететін рөлдерден, құрылымдар мен жүйе бөліктерден тұрады және оның негізінде жатқан мәдениеттен құрылады. Г. Алмонд ерекше түрде саяси жүйенің құрылымын да көрсетті. Ол оған қолданыста жүрген құқықтық норма мен регламентация негізіндегі (парламенттер, атқарушы- басқаратын органдар және т. б.) элементтерді де, азаматтар мен топтар мәртебелерін де, агенттердің нақты рөлдерін де (тәжірибе мен әрекеттерінің түрлері) және олар арасындағы байланысты да енгізді. Жүйені бұлай түсіндіруі бұған партияларды, топ бірлестіктерін, жеке азаматтардың белсенділігін енгізуге мүмкіншілік берді, олардың өз арасындағы әрекеттестікті анықтауға және сол әрекеттестіктің нәтижесін білуге мүмкіншілік тудырды.
2. К. Дойчтің саяси жүйелер теориясы
Саяси жүйені түсіндірудің принципиалды басқаша тәсілді неміс саясаттанушысы К. Дойч ұсынды, ол ақпараттық-кибернетикалық моделін жасады.
Ол саяси жүйені саяси агенттердің деңгейімен, олардың атқаратын рөлдерімен, шешетін міндеттерімен, қайта өңдеу үрдісінің ерекшеліктерімен, хабарлама беру мен сақтау тізбегімен, сонымен қатар басқа себептер мен факторларымен анықталатын күрделі ақпараттық ағым және коммуникациялық байланыстардың жиынтығы ретінде ұсынды. Мұндай ақпараттық-коммуникативтік үрдістердің жалпы түрдегі әрекеттестік сызбасын ол негізгі төрт блокқа бөлді (3 сурет).
Оның ұсынысы бойынша қоршаған ортадан түскен сигнал саяси жүйе рецепторларымен қабылданып, олардан мәліметтерді өңдеу блогына түседі, кейін шешім қабылдау орталығына және құндылық пен есте сақтау блогына. Бірінші кезеңде мәліметтер блогі қалыптасады, билік институттарын мәлімдейтін негізінде қолданылатын әр түрлі сыртқы мен ішкі, үкіметтік пен қоғамдық, ресми мен агентурлық дереккөздерден құралады, олардың ақпараттары қатал түрде кейінгі мемлекеттік саясаттың мақсатын тұжырымдауға байланысты болмайды. Екінші кезең – мәліметтерді қайта өңдеу – басым құндылықтармен, нормалармен және стереотиптермен, қалыптасқан жағдаймен, билік жүргізіп жатқан топтардың қалауымен, және де бар ақпаратпен алынған мәліметтердің байланысын өзіне енгізеді. Кейіннен бұл сұрыпталған ақпарат ағымдағы жүйе жағдайын реттеу мақсатымен шешім қабылдау үшін негіз болады. Бұл шешім, өз кезегінде, қорытындылау кезеңіде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Алынған нәтижелер «жаңа» ақпарат түрінде бірінші блокқа қайта байланыс механизмдер арқылы түседі, жүйені келесі қызмет ету айналымына шығарады.
Сөйтіп, К.Дойч Д.Истон моделін сыртқы байланыспен ғана емес саяси жүйенің ішіндегі сигналдарының өту каналдары мен қайта өңделуін қарастырып толықтырды.
3. Саяси жүйелердің заманауй теориялары
Сонымен, Д. Истонның моделіндесаяси жүйе кіріс, шығыс және конверсиядан тұрады. К. Дойчта – рецепторлар мен эффекторлардан, мәліметтерді өңдеу, есте сақтау мен құндылықтар блогынан, шешім қабылдау орталығынан. Г. Алмонд саяси жүйені өзара әректтестер рөлінің жиынтығы ретінде қарастырады. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында қалыптасқан жүйелік тәсілдер бар танымдылығынан айырыла бастады. Бүгін осы модельдер әлі де қолданылып жүргенімен, әсіресе салыстыру сараптамаларында, ғылыми бірлестіктерде теориялар қалыптаса бастады, жүйелік методологияны тек зерттеудің жеке бір технологиялық әдісі ретінде қолданылады, немесе оны алмастыратын идеялар ұсынады. Ол, ең алдымен, девелопменталисттік (ағылшын тілінен development – дамыту) тәсіл, бұның жақтастары (ең әйгілісі – Д. Аптер) саяси билікті ұйымдастыру үшін маңыздылыққа назар аударады:
- саясаттың тәуелді сипатына (мысалы, әлеуметтік-экономикалық дамудың динамикасынан);
- құрылымдық дифференциация (қоғамның саяси жүйе бөлігінің автономдылығын қамтамасыз етеді);
- жүйенің жаңаруға қабілеттілігі (яғни мемлекетке уақыт ағымының нақты деңгейдегі адаптациялануына қамтамасыздандырады);
- мобилизациялау (нақты бір шешімдерді шешу үшін адам мен материалдық ресурстарды биліктегілер қатыстырады);
- өзін-өзі сақтау (билікке нағыз оппозиционерлерді жібермеу және саясатқа қатысушылардың теңдік тенденциясын қамтамасыздандыру).
Осындай жүйелік әдістің түсіндіруіне орай «жаңа институционализм» идеясы қалыптасты, ол мемлекетті орталық түрінде қарастырып, қоғамның саясатын жүйелейді, саясатқа мынадай билік институттарының ұйымдастыру әрекеттігінің өсу мүмкіндігін теріске шығармайды, корпарациялар, клиентелалар, қысым жасау топтары және т.б. сияқтылар.
Неоинституционализмді зерттеудің ортасында – мемлекет базалық саяси институт ретінде. Негізгі тезис – саяси ақиқаттықта, заңдар мен конституцияларда, халықаралық құқықтық құжаттарда, онда сөз саяси жүйелер туралы емес, мемлекет туралы етіледі. Неоинституционалисттер (У. Розенау, Н. Пуланзас, М. Манн) институт ретінде мемлекеттік мекемелерді ғана түсінген жоқ, сонымен қатар осы аумақтағы адамдардың тәртібін реттейтін нақты жиынтық, нормалар мен тәртіптер жүйесі. Мемлекеттік институттарды олар құрылымдық бөліктерге бөлді және оларды бір саяси жүйе ретінде көрсетті. Неоинституционалисттер өз назарларын мемлекеттік емес білім беруге ерекше бөлді – саясатқа ықпал ететіндер қысым жасау топтары, корпарациялар, клиентелалар.
Саясат құрылымын ішкі ұйымдастыратын қайдағы бір басты рөл теріске шығаратын концепцияны француз әлеуметтанушысы және саясаттанушысы П. Бурдье (далалық тәсіл) ұсынды. Ол үшін саясат «әлеуметтік өрістің» бір түрі болып табылады, жеке субъектілердің (агенттер) көптеген тәжірибесінен құралады, анау не мынау «капиталдарға» (ресурстар) ие, «ұстанған жол» (саяси кеңестіктегі) орын, когнитивтік (танымдық) және мотивациялық әрекет негіздерімен. Саяси кеңестік, П. Бурдьенің ойынша, әр түрлі саяси күштер өкілдерінің арасындағы бәсекестік күресте саяси өнім пайда болатын орын: мәселелер, бағдарламалар, оқиғалар, коментариялар, концепциялар, теориялар. Саяси кеңестіктің агенттері болып кәсіби саясаткерлер, журналисттер, саяси комментаторлар мен теоретиктер шығады, олар саяси өнімнің өндірушілері болып табылады. Қатарлы азаматтар, қажетті бос уақыт пен мәдени капиталға ие болмағандықтан, саяси кеңестіктің тұтынушылары болып қалады. Саяси кеңестіктің өрісі екі өзек координатын құрайды: экономикалық пен мәдени капитал, және де капитал көлемі. Саяси кеңестіктегі әлеуметтік топ жағдайы жинақталған ресурстарға тәуелді, ең алдыңғы кезекте білім беру мен қаражаттық. Тұлғаның әлеуметтік, биологиялық қасиеттерін (әлеуметтік топ), оның әлеуметтік мәртебесін, экономикалық жағдайын, білімін және ақпаратқа қол жеткізуді енгізетін жағдайды – П. Бурдье габитус деп атайды. Габитус әлеуметтік жағдайды енгізе отырып, сол кезеңде саяси кеңестікте тұлға немесе әлеуметтік топтың жағдайын көрсетеді. Бұл ұғымның көмегімен П. Бурдье саяси кеңестіктің дифференциациясын жүзеге асырады: қоғамдағы барлық әлеуметтік топтардың жиынтығы және саяси кеңестік тудырады.
Басқа кеңестік тәсілдің жақтас авторлары бір кезеңде бірнеше кеңестіктерді қарастырады – әлеуметтік, электоралды, саяси, парламенттік және т.б.
Кеңестік әдіс саяси көлемді кеңейтеді, оған нақты барлық сайлаушыларды енгізеді.
Сонымен, саяси тәртіп кеңестік әдіске сәйкес қалыптасады, осы тәжірибелердің күрделі динамикалық әрекеттестік нәтижесінде, нақты саяси кеңестіктің сапасын үнемі өзгертіп отырады. Заманауй саяси жүйелердің теориялары динамикаға бағытталып ерекшеленеді, сондықтан саяси жүйелердің модернизациялану жолдарын зерттеу актуалды болды.
Бақылау сұрақтары
1. Д. Истоннің саяси жүйелер теориясының мәні неде?
2. Г. Алмондтың саяси жүйелер теориясының негізгі қағидаларын ашыңыз.
3. К. Дойчтың саяси жүйелер теориясының айқындама көзқарас жолын белгілеңіз.
4. Д. Истонның, Г. Алмондтың және К. Дойчтың саяси жүйелер теорияларына салыстырмалы талдау жасаңыз (жалпы мен ерекшелікті).
5. Заманауй саяси жүйелер теориялары осының алдындағылардан немен айырықшаланады? Салыстырмалы талдау жасаңыз.
Талқылануға арналған сұрақтар
1.Сіздің ойыңызша, Д. Истонның, Г. Алмондтың немесе К. Дойчтың саяси жүйелер теорияларының қайсысы ең дәлелді? Аргументтер келтіріңіз.
2.Өзіңіздің схема түріндегі (сурет) саяси жүйелер қызметінің теориясын жасаңыз.