Жоспар
1. Диктатураның ұғымы мен мәні
2. Тирания, олигархия мен деспотия диктатураның формасы ретінде
3. Римдік классикалық құқықта «диктатура» ұғымының мазмұны
1. Диктатураның ұғымы мен мәні
Диктатура – бұл тұлғаның немесе бір топ адамдардың мемлекеттік басқаруы, олар билікті иемденіп монополизациялайды, оны басқарылып отырғандар жағынан бақылаусыз жүзеге асырады. Диктаторлық режим дегеніміз монократия, әр түрлі негіздеулерде құрылған, бір партиялық немесе фюрердік жүйе, хунта билігі немесе абсолюттік монархия болсын. Кез келген жағдайда диктатура демократияның антиподы болып келеді.
Диктатура мен демократияның негізгі айырмашылықтарын 1 кестедегі мысалдан қарастырайық.
Диктатура мен демократия
(салыстырмалы кесте)
Кестеден көріп отырғандай, демократия азаматтар мен олардың бірлестіктері үшін жеке (тұлға құқығы) және саяси (плюрализм) кеңестікті кеңейтеді және билік әрекеттері үшін (кемшіліктер жүйесі мен заңның жоғары болуы) шектеулі шеңбер белгілейді. Ал диктатура ше, керісінше, азаматтар мен олардың бірлестіктері үшін жеке және саяси кеңестікті тарылтады, бірақ саяси билік үшін кең мүмкіндіктер ұсынады, сонымен бірге азаматтар мен олардың бірлестіктер мүддесінің залалына. Сипатталған диктатура мен демократияның қарама-қайшылықтарын абсолют ретінде қабылдамау керек, себебі ежелде де қазір де режимдер үйреншікті жағдай, онда демократиялық және диктатуралық элементтер қатар өмір сүріп жатыр.
2. Тирания, олигархия мен деспотия диктатуралардың формалары ретінде
Демократия сияқты диктатура көптеген тарихи және мәдени формаларды біледі, оларды барлық замандарда және барлық өркениеттерде табуға болады. Бүгінгі күні демократия мен диктатураға қарама-қарсы қоятын өзектіліктің тамырын антикалық саяси философиясында табуға болады. Ежелгі гректер тиранияны (бір тұлғаның өзіндік билігі) және олигархияны (біраздардың пайдасы үшін басқару) демократиядан айырған. Аристотель үшін тирания мемлекеттік құрылымның ең нашар түрлерінің бірі болып көрінді. Ол да тиранияны монархиядан айырған – барлығының қамы үшін бір адамның билеуі.
Тирания – мемлекеттік билігінің формасы, күштеу жолымен құрылған және жеке билеуде негізделген. Олигархия – мемлекеттік билігінің формасы, мұнда билік кіші бір топ адамдардың қолында шоғырланған (олигархтар) және жалпы қам үшін емес олардың жеке мүддесіне сәйкес болады.
Тирания мен олигархия тәртіп бойынша демократиядан пайда болды, бір адам (тиран) немесе бір топ адамдар (олигархтар) күшпен немесе қулықпен толық билікті қолға алды. Жиі жолы болған әскери басшылар тиран болатын, өзінің пайдасына халық пен аристократия қақтығысын айналдыра алғандар. Әлеуметтік дағдарыс жағдайы диктаторларды бақылаусыз билікке әкелді. Олар аристократиямен күресіп кедей тап жағынан кең қолдауға ие болатын. Мысалы, тиран Афин Писистрат (біздің ғ. дейінгі VI ғ.)жер иеленушілердің және саудашылар сословиесінің мүдделері үшін терең реформалар өткізді: несиені арзандатты, сотқа реформа жүргізді, салықты төмендетті және т.б.. Бұған қаражатты ол ауқатты азаматтардан алды және өзінің қарсыластарының мүлкін пайдаланды. Кейіннен тирания өзінің ашық бейнесін жоғалтты, себебі мәңгі жау Грекия – Персия пайдасына тирандардың көбі өздерін сатқындықпен, зұлымдылықпен және қайырымсыздықпен қаралады.
Деспотия – мемлекеттік билігінің формасы, жоғарғы мемлекеттік билік абсолюттік билеушінің немесе бір топ адамдардың қолында шоғырланады, олар өздерінің құзырындағы азаматтарының өмірін еркін басқара алады. Тиранияға қарағанда диспотия ежелгі гректер үшін әділетті болып көрінді, есеп бермейтін билік болса да. Персия патшалығы деспотияның классикалық үлгісі болды, бірақ көптің бірі ғана мұндай үлгілерге Ежелгі Шығыс тарихы бай. Грекияға қарағанда, онда еркін адамдар өз еркімен шексіз билікке бағынуға келісім бермеген, Азия халықтары, Аристотель айтқандай бостандықты бағаламайтын. Бұл констатациядан бостандық пен құлдық контраст ретінде Батыс пен Шығысты қарама-қарсы қою идесы бастамасын алады. Шығыс деспотиясының ерекше сипаты – кең чиновниктер табының болуы, кең байтақ мемлекеттік шаруаны басқарғандар. Шығыста мемлекеттік және қауымдастық меншіктік үстемділік етті, ең алдымен жерге, ал жеке иелену нашар дамыған. Мұнда зиялылар мен діни билігінің арасында бөліну болмады: дін, құқық және басқару деспот қолында болды. Оның билігі зор болғанымен билеушінің өзбырлығына жиі ақ сүйектер беделі, абыздар, халық жиыны және т.б. қарсы тұрған. Төменгі деңгейде, ауылдық қауымдастығының деңгейінде өзін-өзі басқару қағидасы басым болған. Деспот билігі ешқашан шексіз болмаған – ешкім дәстүрлі заңдарға және діни-этикалық нормаларға қарсы әрекет ете алмаған.
3. Римдік классикалық құқықта «диктатура» ұғымының мазмұны
Ежелгі Рим тарихы бізге диктатура феноменінің мәні мен пайда болуына қатысты көптеген сабақ боларлық нәрселерді береді. Ежелгі римдік құқығынан бізге «диктатура» (dictatur) термині жетті, оны латын тілінен аударғанда «шексіз билік» дегенді білдіреді. Осы мысалдан диктатура арасындағы айырмашылықты сөздің кең және тар мағынасында көруге болады. Бұл ұғымның бірінші мағнасы римдік құқықтың қағидасымен байланысты, яғни заңдалған нормамен, тирания мен олигархиядан айырмасы, онда жоғарғы тұлға немесе бір топ тұлғалардың билігі заңмен шектелмеген. Бұл соңғы құбылысқа диктатура ұғымының кең мағынасы сәйкес келеді.
Республикалық Римде (біздің ғасырға дейінгі VI-I ғғ.) диктатор өкілеттікте де, билікте болу мерзімінде де құқықпен байланысты. Диктатор болып алты ай мерзіміне сыртқы қауіптен қорғау үшін немесе ішкі бүлікті басу үшін консулдардың бірі болатын. Шын мәнінде ол үлкен өкілеттілікке ие бас қолбасшы болған, себебі ол заңдарды ауыстыруға құқықты емес, азаматтық сот өндірісіне араласпайды, соғыс жарияламайды, жаңа салықтар енгізе алмайды және т.б.
Ерте римдік диктатура заманауй жағдайындағы төтенше жағдай басқаруын еске салады. Бірақ нақты бір тұлғаға ерекше өкілеттік беру белгілі қиыншылықтармен ілесті болатын. Әдетте соғысты белгіленген уақытта аяқтау қиын болатын және диктаторды өз билігін кеңейтуден тоқтату оңайға түспейтін. Сонымен қатар римдік демократияның әлеуметтік фундаментін патрицтер мен плебеялардың қатал күресі әлсірететін, мемлекеттік ғимаратты құлдар көтерілісі де шайқайтын.
Заманауй диктатураның басты қарама-қайшылығы ол мәңгі болуға тырысады және оны шектейтін заң ережелерін аттап өтпекші. Белгіленген уақытқа әлдебір тұлғаға зор билікті бере отырып, объективтік жағдайлар және жеке амбициялар демократиялық құрылымды бұзуға мүмкін екендігін есте сақтау керек. Бірінші болып үлгі көрсеткен Сулла, римдік қолбасшы және плебс қарсыласы, ол билікті республикалық құрылым дағдарыс жағдайында және азаматтық соғыстар заманының басында (біздің ғ.д. 82-79 жылдары) заңсыз тартып алды. Плутарх бұл туралы былай дейді: «Халықтың толық бұзылғандығы кезінде және мемлекеттік өмірдің берекесі кеткенде, бірде біреуі бірде екінші күшті билуші пайда болады, мұндайда Сулла билікке келгендігінде таңғаларлықтай ештеңе жоқ... егер халық жиынында консул ұлдарын өлтріп жатса, қит етсе қолға қару алса, алтын мен күміспен жауынгерлерді сатып алса, от және семсермен заң орнатса, күшпен келіспеушілікті басса. Осындай жағдайда жоғары билікке келген адамды мен айыптамаймын, бірақ мемлекет істері соншалықты нашар болып жатқанда бірінші болу – ең жақсы болу деп санамаймын». Сулла мен Цезарь(б.ғ.д. 46ж. ол оны 10 жылға алды, ал екі жылдан соң – өмірлік, бірақ өлтірілді) билігінен бастап бірнеше рет диктаторлық өкілеттілікке ие болған, диктатура сипаты радикалды түрде өзгерілді. Сөздің кең мағынасында диктатураның аяққа тұруы болды – биліктің жаңа түрі ретінде, заңдарды өз мүдделерінде өзгертіп отырған, халыққа есеп бермейтін және уақыт шеңберіне шектелмейтін.
Бақылау сұрақтары
1. Диктатураға анықтама беріңіз.
2. Диктатура мен демократияның өзгешеліктерін атаңыз.
3. Диктатура формаларын сипаттаңыз.
4. Заманауй диктаторлық режимдердің басты қарама-қайшылығы неде?
5. Римдік классикалық құқығының көзқарасынан «диктатура» ұғымының мазмұнын ашыңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1.Сіздің ойыңызша, шығыс деспоттарының билігі неге шексіз болған?
2.Демократия мен диктатураның аралас түрін ойлап табыңыз және оны 1 кестеде үшінші қатар түрінде жасаңыз.