Тақырып 10. ТОТАЛИТАРИЗМ XX ҒАСЫРДЫҢ ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ


Жоспар

1. Тоталитаризмнің дүниетану мен идеологиялық қайнар көздері

2. ХХ ғасырдың бірінші жартысының үшінші бөлігіндегі тоталитаризмнің пайда болу заңдылығы

3. Тоталитарлық режимдердің адамгершілікке қарсы мәні


1. Тоталитаризмнің дүниетану мен идеологиялық қайнар көздері

Тоталитаризм өзінің жаңашылдығымен дүниетанымдық доктриналарының революциялық ерекшелігімен міндетті, ескі тәртіпті толық жою талпынысы және оның қираған орнына принципиальды жаңа тәртіп орнату. Тоталитаризм көзін жаңа түрдегі көпшілікті саяси қозғалысынан іздеу керек, олар үшін ұйымдық монополия партия үстемділігі формасында және динамикалық революциялық рух тән болып келеді. Жаңашылдық, сонымен, режимнің революциялық пайда болуынан құралады, оның тұруы революциялық толқынның қайта құру жотасында болады. Егер демократиялық революция жаңа саяси жүйені құрумен аяқталса, онда тоталитарлық қозғалыстың революциясы олардың билікке келуімен аяқталмайды – революциялық қайта құру үрдісі жалғастырылады, бірақ «жоғарыдан» басшылық ету арқылы.

Тоталитаризмнің өзіндік ерекшелігін жүйелі түрде неміс-американдық саясаттанушы, тоталитаризм теориясының негізін қалаушы Ханна Арендт қорғады. Ханна Арендт пікіріне сәйкес, тоталитаризм «қозғалыс заңдарының» билеп-төстеушісі рөлінде шығады, тарих пен табиғаттың объективті нормалары, ол соларды қоғамға жандандырамын деп тырысады.

Бұл ұрандалған идеологиялық нормаларды, оппозицияның қарсылығына қарамай, тоталитарлық мемлекет өмірге әкеледі, ал қарсылықты террор көмегімен басады. Бұндай жүйенің ерекшелігі террор мен идеологияның байланысында болады, олар бір – бірін өзара толықтырады. Бұны бұрын мұндай ештеңе болмаған деп түсінуге болмайды, бірақ ХХ ғасырда екі элементтің қосылуы болып көрмеген тиімділікке жетті.

Тоталитаризм мен ХХ ғасырдың заманауйлығымен тікелей байланысы туралы келесі факт айтады, бұл саяси жүйе псевдодемократиялық легитимациялықсыз бола алмайды, демократиялық кейіпті болады. Тарихтың жаңа кезеңінде демократия атынан оның жақтастары да және күмәнсіз қарсыластары да шығады. Сонымен қатар демократия терминінің тікелей түсінігі альтернативтік түсінік беруге мүмкіндік береді, ол демократия мен тоталитаризмді теориялық межелеп көруге тырысқанда белгілі қиындықтар туғызады. Жүйенің диктаторлық мәні өкілетті мекемелер фасадында жасырынатын, сайлауға құқықсыз «сайлау» ұйымдастыратын бұл процедураға қатысушылардың 99% және басқада атрибуттармен, халықтың қалауын еліктеу үрдісімен көрсетеді. Бұның мәні билеушілер мен басқарылатындардың бірлігін формальдық түрде көрсету.

ХХ ғасырда техника көмегімен адам әрекетінің барлық салаларымен байланысты көптеген мәселелер шешілді. Техниканың құдреттілігі туралы дүниетанымдық миф туды. Әлеуметтік-саяси мәселе техникалық тәсілдер көмегі арқылы шешілуі мүмкін сияқты көрінді, ал саясаткер кәсібі «әлеуметтік инженерияға» жақын болды. Бұнымен басқа да иллюзия тығыз байланысты – бір идеалдық матрица бойынша қоғамды қалыптастыруға мүмкін, жолда кездестіретін барлық қиындықтарды ескеріп, уақытылы оларды шешуге болады. Егер әлеуметтік орта қарсылық көрсетсе, онда «жер жұмағы» проектісі террор көмегімен жүзеге асырылатын.

Тоталитаризм ерекшелігінің басқа маңызды аспектісі соңғы жүз жылда идеология атқаратын рөлімен байланысты. Заманауй өркениетінің, «көпшілік қоғамының» аяққа тұруы маңызды деңгейде өткеннен мұра болып қалған дәстүрлі әлеуметтік байланыстарының құлдырауымен байланысты: қауымдастық, діни және т.б. Осы кезеңде бұрынғы адам құндылықтарының тапшылығын оңай тоталитарлық идеология орнын толтыруы мүмкін, ол адамдарды кейбір «позитивтік» мақсатпен байланыстырады. Қоғам тобыр сипатына ие болған кезде, дәл идеологияның өзі, ұрандық форма кейіпіне еніп, кең халық көпшілігін әрекет еткізуге жағдай туғызады. Назарға алынып отырған тоталитарлық идеология, бір пікірлікті таратады, оның мақсаты түбегейлі жаңа идеалдық құрылым ғана емес, сонымен қатар жаңа адам. Тоталитаризм мәні ең анық дінмен күресінде байқалды. Сонымен, тоталитаризмнің дүниетанымдық және идеологиялық көздері екі негізгі аксиомадан тұрады: біріншіден, қоғамдық өмірді ұйымдастыруда идеалды және жалғыз жоспар бар, екіншіден, ондай идеалды жүзеге асыру екі адам арасындағы өзара әрекет етудің стийхиялық үрдісімен байланысты емес, бірақ жоспарлы құрылыспен, саяси мәжбүрлеумен байланысты.

Тоталитарлық саяси жүйенің жаңа идеялық және құрылымдық сапалары тарихи тұрғыда оның ерекшелігін қалыптастырады.

2. ХХ ғасырдың бірінші жартысының үшінші бөлігіндегі тоталитаризмнің пайда болу заңдылығы

Саяси және тарихи әдебиеттердегі ең пікірталас тудыратын сұрақтардың бірі: КСРО-да тоталитаризм қашан бекіді? Бұл сұраққа үш жауап алуға болады. Бір зерттеушілер (А. Л. Алюшин, Б. Бонвеч) бұл кезеңді 1937-1938 жж. жатқызады, Сталиннің нағыз және жалған қарсыластарына қарсы жаппай террор кезеңіне, осы кезде толығымен лениндік қолдау жойылды және жоғарғы партиялық және мемлекеттік қызметкерлердің көбі репрессияға ұшырады. Басқа авторлар (В. И. Михайленко, Т. П. Нестерова) «үлкен террор» эксцесстері бұрын да болған деп пікір айтады – 20-ші жылдардың аяғы – 30-ші жылдардың соңы, күшпен ұжымдастыру және ауылдағы жаппай ашаршылық кезеңі. Сол кезеңде советтік билік иерархиясында Сталин номер бірінші фигура болды және оның культі қалыптаса бастады. Бір уақытта ЖЭС-ті бір жаққа ысырып тастауы басталды және «социализмнің барлық майдан бойынша шабуыл бастауға» жол ашылды.

Дегенмен де, тоталитарлық заманды еш шүбәсіз ХХ ғасырдың бірінші жартысының үшінші бөлігінен бастап санау керек. Авторитаризм мен тоталитаризмге қарағанда, тоталитаризм сайлау нәтижесінде емес (демократия) немесе саяси дағдарыста және одан кейінгі төңкерістен кейін емес (авторитаризм) дүниеге келді, әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыстың жаппай билеу нәтижесінде пайда болды. Бұл дағдарыстың маңызды өлшемі – халықаралық. «Бірінші дүниежүзілік соғыс сол халықаралық фактор болып келді, бұл факторсыз большевисттік революция болмас еді, – кезінде неміс тарихшысы Ф. Боркенау жазды, – сондай-ақ дүниежүзілік экономикалық дағдарыс дәл сол халықаралық фактор болып келді, ол болмаса неміс революциясы болмас еді». Большевистік тоталитаризмнің жетістігі төтенше шараларды талап етіп отырған экономикалық күйзеліссіз және 1918-1920 жж. азаматтық соғыссыз мүмкін емес болар еді.

Коммунисттік тоталитаризмнің пайда болу белгілері болып келеді:

- қоғамның рухани саласына бақылау қою, басқаша ойлауға тыйым салу. Үлкен топ оппозиция зиялылары қудаланды, тыйым салынған кітаптар тізімі жасалды және театр репертуарына бақылау жасала бастады. Ленинді Православия шіркеуінің сазайын тарттыру ой қалдырмады;

- партия, яғни оның жоғарғылары, саяси жүйеде өзінің гегемонисттік рөлін нығайтты;

- жаппай террорға заңды жағдай қалыптастыру, яғни оны сот арқылы заңдастыру. Өлім жазасы жойылмады, ал контрреволюциямен күресу бойынша Төтенше Комиссия Бірлескен мемлекеттік саяси басқарма атымен тіршілік ете берді.

- демократиялық формальдылықпен тоталитарлық мәнін жасырру. Партияның ұйымдастыру тірегі «демократиялық орталықтандыру» қағидасы болып келді. «Демократиялық орталықтандырудың» бірінші ережесі төменнен жоғарыға дейін партияның барлық басқарушы органдарының сайлаулығын бекітті, тәжірибе жүзінде ол өзіндік қарама – қарсылыққа айналатын, себебі іріктеу қағидалары тіркелмеген, ұсынылған кандидатуралар ғана дауысқа салынатын, жиі тізіммен, тіпті онда сайлауға қанша кандидаттар қажет болса, сонша болуы мүмкін еді. Кандидаттар іріктеуі жоғары тұрған органдармен келісілетін, олар сайлану туралы шешімді бекіту керек еді. «Демократиялық орталықтандырудың» екінші пункті партиялық органдардың жүйелі түрде олардың саяси ұйымдарының және жоғары тұрған комитеттер алдында есеп беруін бұйыратын. Бұл ереже, іс жүзінде, жоғары тұрған инстанциялардан тәуелді болуға әкеп соғатын. Демократиялық орталықтандырудың үшінші ережесі жоғарғы органдардың шешіміне шартсыз бағынуды талап ететін, бұл билікті жоғарыға тым ығыстыра түсетін. Бұл органдар кез келген уақытта төменгі органдардың шешімін өзгерте алатын. Сол уақытта Германияда нацисттік түрдегі тоталитаризм қалыптаса бастады. 1929 ж. бастап Германия өзінің тарихында болмаған экономикалық дағдарысты басынан кешіп отырды, ол 6 млн. дейін адамды жұмыссыздыққа ұшыратты. Бұл саяси күштердің радикализациялануына және саяси талаптары бар үздіксіз ереуілдерге әкеп соқты. 1930 ж. наурыз айынан бастап бірде бір партия көпшілік дауысқа ие болмады да тұрақты кабинет құра алмады. Экономикалық және саяси дағдарыс терең психологиялық зақыммен ұштасты, ол бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіссіздікке ұшырағаннан кейін елдің ұлттық қорлануымен байланысты еді. Германия территориялық келісімде көнуге және репарация төлеуге мәжбүр болды (1988ж. дейін).

ХХ ғасырдың бірінші жартысының үшінші бөлігіндегі оның пайда болу белгілері болып келеді:

- өмір сүруге үшін күресті шыдау идеясы; барлық немістерге жалпы бір күшке бағыну керек болды. Индивид немесе қандай да бір аз адамдардың құқықтарын қорғау туралы сөз қозғалмау керек еді. Бұл «ұлттың темірдей қажырлылығының» жұмсаруына әкелер еді. Тәжірибе жүзінде барлық индивидуалисттік тенденциялар, меншіктіліктің басым болуы террор арқылы жойылатын. Коммунисттер мен еврейлер қудаланды;

- басты рөл партияға берілді, ол элита түрінде барлық халықтың қалауын айту керек еді. Германияның социал-демократиялық партиясына тыйым салынды, қалған партиялар өздерін таратты, Германияның национал-социалисттік жұмысшылар партиясы жалғыз партия болып жарияланды. Оның саяси жүйедегі монополиялық жағдайы «Партия мен мемлекеттің бірлігін қамтамасыз ету туралы» (1933ж. желтоқсан) заңымен бекітілді. Мемлекеттік құрылымдар «партия қызметшісі» рөлін ойнады;

- репрессиялар заңдалды. «Халық пен мемлекетті қорғау туралы» декреті конституцияның жеті бабын іске асырмай тастады, олар адам құқығына кепіл беретін.

Ресейдегі большевизмге қарағанда, Германиядағы тоталитаризм көпшілік немістердің белсенді қарсылық көрсетпеуімен орнады.

3. Тоталитарлық режимдердің адамгершілікке қарсы мәні

КСРО-да репрессиялар болып көрмеген көлемге ие болды және үш түрлі қызмет атқарды. Біріншіден, реакционшыл деп жарияланған тұтас әлеуметтік таптарды физикалық жою болды. Екіншіден, Сталин атымен байланысты және коммунисттік басқаруда билік үшін күрес, партия ішінде бір қатар террор орын алды. Үшіншіден, репрессиялар өте маңызды рөл ойнады, халықтың бойында үрей туғызды және көпшіліктің бағынуын қалыптастырды.

Советтік биліктің бірінші онжылдығында террор контрреволюциялық әрекетпен күресу түрімен жүзеге асырылды, одан кейін социалисттік мемлекетке қарсы қылмыс жасағаны үшін жаза ретінде қолданды. Қылмыстық құқық жаппай репрессиялауға «жасалды».

Большевиктер кепілділік институтын заңдастырды, яғни айыпталғандардың отбасыларына және тұтас әлеуметтік топтарға қарсы репрессиялар, ол ешбір мәдениетке белгілі емес еді, тек Қытайдың цин кезеңіне ғана (б.д.д.ІІІғ.) мәлім. Қылмыстық жауапкершілік өзінің шектерін кеңейтті: 12 жастан сотқа тарту мүмкін болды, және де өз еркімен жұмыстан кеткені үшін, жұмысқа қалып келгені үшін (20 минуттан астам), оқу тәртібін бұзғаны үшін және өз қалауымен училище мен ФЗО мектептерінен кету.

Әр қоғам мемлекеттен және бар режимнен тыс өмір сүруге относительді бостандыққа ие. Бірақ тоталитаризм, бұл бостандықты жоюға және қоғамды өз бақылауына алуға тырысады. Сонысымен, тоталитаризм қоғамды өзіне тән ететін еркшелігін, өзіндік дамуын және қызмет ететіндігін жояды – таптарды, дәстүрлерді, дінді, еңбек этикасын, отбасыны және т.б. Өзін рационалисттік, механицисттік утопия ретінде көрсетіп, тоталитаризм авторитарлық тұлғаны жасауға тырысады – бос демократиялық тұлғаға тура қарама-қайшы келеді, әрекеті алдын-ала болжанатын және толық режимге бағынатын жүйенің адамы (КСРО) немесе солдаты (фашисттік Германия). Авторитарлық тұлға қандай да бір ішкі мазмұнға ие болмау керек, режимнің айтылғанынан ерекшеленбеу керек. Оның еңбектік талпынысы жоғарыдан берілген регламенттен шықпау керек, оның саяси белсенділігі саяси көсемдердің және иерархтердің әрекетімен келісілген болу керек. Ондай тұлғада жемісті еңбектенудің ешбір басқа стимулдары болмайды, тек моральдық-идеологиялық сипаттағы стимулдар ғана, себебі аскетизмді уағыздап, тоталитаризм жеке меншіктік пен материалдық сый ақыны мойындамайды. Күш құрылымдары мен БАҚ –ды толық бақылау, партия мен олардың көсемдерінің қалауын орындау және бағыну арнайы дайындықсыз болмайды. Мемлекеттің қуаты мен күшінің нығаюы мұнда басты императив ретінде қарастырылады, оның қызметіне қалғанның бәрі қойылу керек. Сонымен қатар, журналисттердің, редакторлардың және әскери адамдардың дүниетанымы мен көзқарастары режимнің дүниетанымы мен көзқарасына бірігетін. Әлем көрінісі билікте отырғандармен тым жеңілдетілетін кең қауым оны оңай қабылдау мақсатында. Бұл көрініс барлық туып жатқан сұрақтарға қарапайым, жай жауаптар ұсынатын, өзіндік ойлануға әр мүмкінділік пен қажеттілікті жоқ қылатын. Уақыт өте мұндай қажеттілік өзінен - өзі жойылды – инфантильдік сана оған болып жатқан жағдайды түсіндіруді және оның себебін айтуын қажеттілік етіп отырды. Бұлай айтуға болса «көптік қоғам» пайда болды, онда бұрын болған әлеуметтік қабырғалар әлсіреп қирай бастады. «Мұндағы ақиқат – Х. Аренд жазды, – көпшілік тым атомизмдалған қоғамның сынықтарынан өсті... Көпшілік адамның басты ерекшелігі – жауыздық пен дамымағаны емес, оның оқшалануы және қалыпты әлеуметтік қарым-қатынастың жетіспеушілігі».

Тоталитаризмге басты қауіп оның адамгершілікке қарсы мәнінде болып тұр, жүйеде,еш ұстаным мен қарама-қарсылықтың болмауы, арман мен шындықтың арасын қысқартуға үздіксіз талпынысы, жүйеде, шамасын сезу сезіміне жек көрушілікпен қарайтын және ғасырлар бойы адам тәжірибесімен дәлелденіп келе жатқан мынадай рақымшылдықтарды мойындамайтын, толерантность, дәстүрлерге берілгендік, шаруашылдық дербестігі сияқты. Оның нәтижесі қоғамның толық ыдырауы және оның суррогатқа құлдырауы болып келді, маргиналдар мен люмпенамдар орналасқан, өндіріс әрекетіне барлық қызығушылықты жоғалтқан, мемлекет есебінде өмір сүруге үйренген және бостандық пен тәуелсіздік жағдайында өмір сүруге икемделмеген.


Бақылау сұрақтары

1. Тоталитаризмнің қайнар көздері неде және оның пайда болу заңдылығы қандай?

2. Тоталитаризмнің пайда болуындағы қандай жағдайлар шарасыз алғышарттары болып келеді?

3. Коммунисттік тоталитаризмнің пайда болудағы негізгі белгілерін атаңыз.

4. Нацисттік түрдегі тоталитаризмнің пайда болу белгілерін атаңыз.

5. Тоталитаризмнің адамгершілікке қарсы мәнін сипаттаңыз.


Талқылауға арналған сұрақтар

1. Совет үкіметі қандай мақсатпен дін басындағылардың соңына түсіп және атеизмді қоғамдағы саяси жүйенің міндетті шарты ретінде жария етті?

2. Неге советтік тоталитаризм қарқындды дамыды? Не немесе кім бұл құбылыстың себебі болды?